42
Ажырайтын
қосылыстардың
жеткіліксіз
герметикалығы
гидрожабдықтардың
жұмыс істемей қалуы, жылу мен энергияны жоғалту,
оны жөндеу мен қызмет көрсету шығындарының артуы, апаттық
жағдайлардың туындауының анағұрлым жиі болатын себептерінің бірі болып
табылады. Ағу ысыраптар өсімінің негізгі себебі пластикалық деформация
және тығыздауыш беттердің тозуы болып табылады.
Жұмыс ортасындағы
қысымы көп жерлерден қысымы аз жерлерге тегіссіз саңылаулар, арналар
арқылы
өткенде
гидравликалық
қосылыстардың
бөлшектеріндегі
температура кезеңдік ауытқулар кезінде байқалады.
[11]
Гидрожетектің ішінде болып жатқан процестердің тұрақсыздығы
кавитация және гидравликалық соққы сияқты құбылыстардың пайда болуына
себеп болады. Гидрожетекте қысым төмендегенде кавитация пайда болады,
бұл сұйықтықтың қайнауына және одан еріген газдың шығуына әкеледі.
Сұйықтық ағынымен газ көпіршіктері қысымның жоғарылау аймағына, яғни
бу конденсациясы болатын ниппель мен
келте қосқыштың арасындағы
саңылауларға жеткізіледі. Бу көпіршіктерінің конденсациясы кезінде,
көпіршік ішіндегі қысым қаныққан бу қысымына тең болады, ал
сұйықтықтың қысымы көпіршіктің қозғалуына қарай жоғарылайды. Будың
толық конденсациясы кезінде қысымның лезде жергілікті жоғарылауы орын
алады. Кавитациялық процестердің әсерінен гидрожетек қосылыстарының
материалына зақым келеді. Кавитация шу,
жарықшақтар, соққылар және
дірілмен қатар жүреді, бұл құбырлар желісінің қосылыстарын зақымдайды
және әлсіретеді. Кавитация гидравликалық соққының пайда болуына әкеледі.
Гидравликалық соққы бұл қысымның кілт көтерілуі мен төмендеуінің
тербелмелі процесі, гидрожетектің герметикалығын бұзатын, қосылыста
микро және макро жарықтардың пайда болуына әкеледі.[15
Гидравликалық жүйелердің құбырлар желісінің қосылыстары үшін
материал ретінде пайдаланылатын тот баспайтын
болат герметикалығының
тығыздығын қамтамасыз етеді.
Тозу, шаршау, коррозиялық, эрозиялық және кавитациялық бұзылу
процесінде машина бөлшектерінің жұқа беткі қабатының күйі мен
қабылеттілігі маңызды рөл атқарады, оларға пайда болатын екіншілік
құрылымдардың сипаты және пайдалану
процесінде материалдардың
құрылымдық бейімделуі құбылысын дамыту,а байланысты болады, бұл
бөлшекті соңғы өңдеу кезінде іске асырылады.
Ажырайтын қосылыстарды дайындау мен пайдаланудың қазіргі
заманғы тәжірибесінде қосылыс элементтерін тартып қысу күшін азайту
үшін
қалдық
серпімді
деформациямен
оңай
деформацияланатын
материалмен плакирленген төсемнің негізгі материалы кеңінен қолданылады.
Бұл әдістер герметикалық элементтердің белгілі
конструкцияларын жұмсақ
металдардың никель, мыс, қорғасын, күміс, платина, флюоропластикалық
және эластомерлердің жабындарын қолдана отырып модификациялау кезінде
жүзеге асырылады.
Қосылыстардың
бірдей
құрылымдық
және
геометриялық
параметрлерін соңғы өндеуі үшін таңдалған тиімді әдісі қымтаулықтың
43
керекті күшін басқару мүмкінділігін және гидравликалық қосылыстардың
көтеріңкі жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: