М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі



бет7/7
Дата19.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#147932
1   2   3   4   5   6   7

сЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Сенім телефоны (СТ) – бұл телефон арқылы балаларға және жастарға шұғыл психологиялық көмек көрсететін қызмет. Ол дағдарыс жағдайындағы адамдарға бағытталған, психопрофилактикалық жұмыстың, әлеуметтік терапевттік көмектің бір түрі болып табылады,.

Елімізде 2009 жылдың қазан айынан 211 сенім телефоны істейді.

Телефон арқылы кеңес беру көмек берудің ерекше түрі ретінде келесі ерекшеліктерге ие:


  • біріншіден, қызметке жүгінген адам, эмоционалды шиеленісте, қызу күйінде болады;

  • екіншіден, клиентпен сөйлесу тек бір мәртелік болуы мүмкін

Үшіншіден, ақпараттық каналдың (есту) біреу болуы, бұл ақпарат алу ерекше техникалық амалдарын пайдалануын, оның кейінгі нақтылануын және абонентке әсер етуін талап етеді



Сенім телефоны арқылы көмектің кезеңдері

Зерттеулердің нәтижесі бойынша, ақпараттың тек 7% сөз арқылы, 38%- дауыстың ырғағы және модуляциясы арқылы, ал қалған 55%- дене қимыл-қозғалысы арқылы вербалды емес жолдармен келеді, телефон сұбатында ол жоқ болған соң, дауыстың әр түрлі сипаттамалары ерекше мағынаға ие болады: екпіні (сарыны), әуез, көлемі, өзгеру қарқыны. Сұхбат барысында әңгімелесушінің вербалды және сарын көрністерінің сәйкестігін бақылау қажет.

Сенім телефон арқылы кеңес беру жүйелі қатарлардан құрастырылған кезеңдерден тұрады, оның әр қайсысы ерекше міндеттерге бағынады және белгілі бір психотерапевттік техникаға сүйеніп құрылады.

Бірінші кезең (әңгіменің басы) екі мақсатқа бағытталған:

1. Адамда оны түсінетін және қолдайтын жерге хабарласқаны туралы сенімділік тудыра білу. Белсенді тыңдау бұл кезеңде үлес салмаққа ие және ең алдымен түсіністікте, қамқорлықта, ашықтықта білінеді.

Тек бейтарап ілікпе сөздер айтылуы мүмкін, абонент ойындағыны айтып шығуын қолдайтын «мақұлдаушылық»,.



Екінші кезең абонентпен қарым-қатынасты дамытуға негіз салуы қажет. Кеңесші К. Роджерс әзірлеген көмек жағдайындағы ұстанымдардың іргетасына сүйенеді:

  • көмек көрсетіліп жатқан адамның тұлғасын және оның ішкі қайғыларын шартсыз қабылдау;

  • оған деген қатынаста бағалаудың болмауы;

  • эмпатия, яғни адамның ішкі дүниесін түсіну, қайғысына ортақ болу.

Сауалы нақтыланып, қалыптасқан соң, үшінші кезең басталады, оның мақсаты – абонентке мәселені парасатты және құндылықты меңгеруге көмектесу. Ол сезім мен мәселені анықтауды қолдап, дем береді, мүмкіндігінше оларды нақты анықтау, оларды өзгерту немесе түзету жолдарын ойланып талқылайды. Алдынғы сатыдағыдай, әңгімелесушіге түсіністік, қамқорлық, ашық және эмпатиялық қарым-қатынас сақталып тұрады.

Төртінші кезең – тікелей психотүзету жұмыс бөлігі, кеңесшіден әңгіме барынша психотерапиялық әлеуетті талап етеді. Бұл жерде қоңырау шалушының барлық оң, жағымды жақтарын қолдап, сонымен қатар оған қалыптасқан жағдайда жәрдемдесетін жақындарын белгілей отыра, өзінің бағасын жоғарлату және өзіне деген сенімін нығайтуға айналдыру қажет.

Бесінші кезең – бұл сын жағдайды жеңуге бағытталған іс-әрекеттің жоспарын өндіру. Бұл үрдіс кеңес алушының белсенділігін көздеген. Іс-әрекет жоспарын әзірлеуге қатысу оған қойылған мақсатты орындауға көмектеседі. Кеңес беруші «енжар» белсенділік көзқарасты: кідіріс «ұстайды» ( белсенділікті абонентке бағыттау мақсатында әдейлеген үнсіздік), егер бір нәрсе ұсынса, онда сыпайы және дайын емес шешімдер түрінде, тек оның болжамы ретінде ұсынады. Белсенді тыңдаудың барлық бөліктері осы кезеңде міндетті жағдай ретінде сақталады. Шешуші мағынаға «ми шабуылы» ие болады – шиеленістен шығу үшін шешім мен оның баламасын іздеу барасында бірігіп жұмыс істеу. Оларды талқылау абоненттің мәселеге деген эмоционалдық және тиімді қатынасы өзгереді. Нәтижесінде оның таңдауын кеңесші міндетті түрде қолдайды.

Соңғы кезең – әңгімелесу кезеңі – бұл тағы да абонентке қолдау және барынша мақұлдау білдіру. Әңгіменің нәтижелерін қысқаша және анық қортындылап және жағымды болашақты көрсете отырып, абоненттің жақсы эмоционалдық өзгерістерін нығайту.

Көптеген авторлар телефон арқылы дағдарыс «интервенциясында» ішкі қисын барын айтады, және олардың кездерінің алмасуын жалпы алғанда көрсетеді. Сонымен қатар кеңесшінің алдын ала дайындаған белгілі бір нұсқамен жұмыс істеу, абонент пен жоғары деңгейде і жақындықты орнатуға және сенімділік ахуалын құруға кедергі болатынын еске сақтаған жөн.


«Балаларға және жастарға арналған ұлттық сенім телефон желісі» бағдарламасы № 150- балалардың және жастардың әлеуметтік жайсыздығының индикаторы, Алматы қаласында іске асырылды.
Бағдарлама «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» ОЮЛ арқылы жүзеге асады
БжЖАҰСТ бағдарламасы бағытталған:

  • отбасылық жағдайсыздықтың алдын алу жүйесін ұйымдастыру;

  • телефондық кеңес беру және психологиялық көмек арқылы балаларды, жастарды және олардың отбасын әлеуметтік қорғау.

БжЖАҰСТ мақсаттары:



  • БжЖАҰСТ балалар мен жастарға шұғыл психологиялық көмек және балалық жайсыздығының нәтижелі индикаторы ретінде, отбасылық жайсыздығының алдын алу жүйесінің маңызды буыны;

  • БжЖАҰСТ мамандарын кәсіптендіру және кәсіби түрде өзін-өзі тану жолдары арқылы балаларға және жастарға шұғыл психологиялық көмектің сапасын жоғарлату;

  • кез келген баланың құқығын қамтамасыз ету - кез келген сәтте талабы бойынша естілуіне мүмкіндік беру, әр балаға ыңғайлы қызмет ұсыну;

  • дағдарыс жағдайында балалардың пікірін ескере келе, мұқтаждықтары мен қажеттілігіне сай тиісті көмек көрсету.

БжЖАҰСТ тің міндеттері:



  • бала құқықтары туралы Конвенция жолымен жұмыс істеу, ерекше назарды баланың «тыңдап шығу» және қорғауға аудару керек.

  • күтім мен қорғауды қажет ететін әр баланы қамту, қоңырауларға жауап беру арқылы және төтенше жағдайларда көмек көрсету арқылы.

  • қаладағы және ауылдағы ең маргиналдандырылған топтарға телебайланыстық қызметтерді ыңғайлы ету.

  • балалық қызметтерді насихаттау

  • ерекше күтім мен қорғауды қажет ететін балаларға сапалы қызмет көрсету үшін күресу, және ең маңызды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету

Іс әрекеттің өлшембелгілері

Ыңғайлылық:

  • Тәулігіне 24 сағаттық қызмет

  • Балаларға ақысыз ( тек қана стационарлық телефондардан)

  • Трехзначный номер, легко запоминающийся.

  • Үш мәнді, есте оңай сақлатын сан

  • Бүкіл елді қамтитын қызмет, еліміздің кез келген жеріндегі бала жәрдем алуға, әсіресе ауыл аймақтарында тұратын балаларға ммүкіндік

  • Балаларға және жастарға қол жетімді, интернет: электрондық почта, веб сайт www.telefon150.kz) сияқты бұқаралық ақпарат арқылы.

Балалардың құқықтарына тоқталу

  • Бала жасы: 21 жасқа дейін

  • Мақсатты топ: барлық балалар және жастар, ерекше назарды зорлыққа, трафикке, НФДТ ұшыраған балаларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, нашақор, заңмен қайшылықтағы, АТВ\ ЖТТС науқас, дағдарыс жағдайындағы отбасыларының балалары.

  • Баланы қорғау: қауырт желі, балалардың құқығын қорғауды іске асыру үшін инфрақұрылым құрады, мысалы, сенім телефонының қауырт желісі жеңсіктік емінуден сақтап қалуы мүмкін.

  • Балалардың қатысуы: қауырт желігіне қоңырау шалған бала өзінің қатысуға құқығын пайдалданады және баланың белсенді қатысуының негізінде шешім қабылданады.

2009 жылғы 1 қазанд 16263 қоңыраулар келіп түсті, соның ішінде 4094 балалар және жастардан.

  • 6% өзбырлық қатынас мәселесі бойынша, жеңсіктік қанаушылық

  • 47 % қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас мәселесі бойынша,

  • 22 % ақпараттық мәлімет сұрақтары бойынша түсті.

Қоңыраулар талдауы:

  • 2,5% уақытынан бұрын жүктілік мәселесі бойынша

  • 2 % өзін-өзі өлтіру көңіл-күйдегі балалар

  • 2 % зиянды заттарды теріс пайдалану мәселесі бойынша

БжЖАҰСТ қызметі – жеткіншектер ортасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесін күшейтудің және олардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың нақты механизмі. Осының дәлелі Алматы қ. жеткіншектер құқықбұзушылығының 2009 жылы 5 ай ішінде 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11% төмендеуі болып табылады.




Бурганова Роза Ильдаровна, п.ғ.к., доцент, «Қазақстан әлеуметтік қызметкерлер Қауымдастығы» ҚБ басқарма мүшесі, «Психологтардың қазақ қауымдастығы» ҚБ сарапшысы
Оспанова Ярослава Николаевна, п.ғ.к., ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері, Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының әлеуметтік жұмысы бойынша аймақтық тренері, «Психологтардың қазақ қауымдастығы» ҚБ вице-президенті
Абдрашитова Татьяна Анатольевна, пс.ғ.к., «Психологтардың қазақ қауымдастығы» ҚБ вице-президенті, тәжірибелі жоғары санатты психолог, аккредиттелген тренер-психолог, «КПЛ» Ресей Кәсіби Психотерапевттік Лигасының кеңесшісі
Радионова Ксения Вячеславовна, әлеуметтік жұмысы бакалавры, «Психологтардың қазақ қауымдастығы» ҚБ психологиялық орталығының директоры, ЗДРАВ ПЛЮС/ USAID жобасының тренер-кеңесшісі.
Тәрж. Федора Мағзұм

Басуға қол қойылды __.11.09г. Пішімі 60х84 1/16. кітап-жұрнал қағазы.

Шартты баспа табағы...... Таралымы 100 экз. бағасы келісім бойынша Тапсырыс ….

«……» баспаханасында басылып шықты

Астана қ., …......................... көш.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет