М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі


балаға ынтымақтас қалаға бет алған Саран



бет4/7
Дата19.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#147932
1   2   3   4   5   6   7

балаға ынтымақтас қалаға бет алған Саран
Саран қаласы облыстық қала болып табылады, Қазақстан Республикасының Қарағанды облысына жатады, облыс орталығына бағынышты. Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. 1954 жылғы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласының бөлігінен құрылған.

Бүгінгі күні қала аумағы 168 ш.км. құрайды. Халық саны – 52,9 мың адам, оның ішінде 8866 – 18 толмаған балалар. Қала аумағында 74 ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Білім беру саласында қалада 8 жалпы білім беру мектебі, 1 кешкі кезекті мектеп, қосалқы мектеп-интернат, колледж бар. Қазналық мемлекеттік өнеркәсіп есебінде қалада 6 мектепке дейінгі балалар мекемелері, 6 мектептен тыс мекемелер қызмет көрсетеді. Қала және оған жанаса орналасқан кенттерде 7 мәдениет нысандары бар. Соның ішінде 5 кітапхана және 2 Мәдениет үйі.

Саран қаласының экономикасы индустриалдық мамандандырылған, көбі қазып шығаратын өнеркәсіп, мұнайхимиялық сала, құрылыс материалдар өнеркәсібі, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібі салалары.

2009 жылғы 1 қазан күні бойынша Саран қаласында 369 шаруашылық жүргізуші субъект бар деп саналады.
Кіріспе
«Балаға ынтымақтас қалалар» – бұл ЮНИСЕФ-тің ғаламдық бастамасы. Ол 1996 жылы БҰҰ елді мекендер жөніндегі Екінші Конференциясында жарияланды (Хабитат II). Кез келген қала немесе кез келген жергілікті өзін-өзі билеу жүйесі болып табылатын жоба, мұнда баланың пікірлері, мұқтаждықтары мен құқықтары мемлекеттік саясат, бағдарлама, шешімдердің ажыратылмас бөлігі болады. Әлемнің әр еліндегі 857 қала оны әлдеқашан қабылдаған. 2007 жылы осы қадамымен кез келген шешім әзірлегенде балалардың аман-есендігінің және олардың мүдделерін сақтаудың басымдығын мойындап, аталмыш бастамаға Саран қаласы да қосылды. Бұл жауаптылығы күшті шешім болды. Жобаны енгізу үрдісінің барлығы ұйымдастыру және талдау іс-шаралардың бүтін бір кешені болып табылады, баланың мүдделеріне сай қала басқару жүйесін қайта құру болып табылады. Аталмыш материалда Саранның «Балаға ынтымақтас қаласына» бет алуының негізгі қадамдары бейнеленген.
1. Даярлық кезең
1-ҚАДАМ. Қаладағы балалардың жағдайын бағалау, түйінді мәселелерді айқындау

Балаға ынтымақтас қалаға бет алудағы негізгі бағыттарды белгілеу үшін, сол жолдың қай бөлігінде қала бүгін тұрғанын білу қажет еді. «Сәредегі» алғашқы қадам хал-ахуалды зерделеу болып табылды. Социологиялық деректер және әлеуметтік зерттеулер негізінде қаладағы балалар жағдайы талданды. Күшті және осал жақтары белгіленді, бар түйінді мәселелер айқындалды. Нәтижесінде басымдылықтарды әрі қаладағы балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеуге және балалар құқықтарын қорғау саласындағы мүдделі құрылымдар арасында ақпарат алмасуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық деректер қоры жасалды.




Саран қ. әкімшілігінің Әлеуметтік бағдарламаларын талдау мен мониторингілеу бөлімі


Сұрақ-жауап парақтарын әзірлеу



Қала мекемелері



Қада кәсіпорындары

Азаматтық қауым

Сұрақ-жауап жүргізу







Саран қ. әкімшілігінің Әлеуметтік бағдарламаларын талдау мен мониторингілеу бөлімі


Алынған қорытындыларды өңдеу-талдау




2-ҚАДАМ. Меморандумдар қорытындысы:

Қала әкімі, директорлар және мектептің өзін-өзі басқару кеңестерінің төрағалары арасында. «Балаға ынтымақтас қалалар» Халықаралық бастамаға қосылудың алғашқы қадамы қала әкімі, мектеп директорлары мен мектептің өзін-өзі басқару органының озаттары арасындағы меморандум жасасу еді, бұл жоба шегінде қолданған шаралар мен әрекеттердің барлығы балалар құқықтары мен мүдделеріне сәйкестілігінің өзгеше кепілі болып отыр.

Саран қаласының әкімі, Қарағанды облысының балалар құқықтарын қорғау бойынша Департаментінің және «Саран қаласының білім беру бөлімі» ММ. Саран қаласының әкімі, Қарағанды облысының балалар құқықтарын қорғау бойынша Департаменті және «Саран қаласының білім беру бөлімі» ММ арасында барлық заңды құқық сақталу негізінде бәсекелікке қабілетті бала тұлғасын қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында меморандумға қол қойылды.

Саран қаласының әкімі, «Саран қаласының білім беру бөлімі» ММ және мемлекеттік қызметшілер мен білім беру қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау Институтының арасында. Саран қаласының Әкімі, «Саран қаласының білім беру бөлімі» ММ және мемлекеттік қызметшілер мен білім беру қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау Институтының арасында баланың көптілдік тұлғасын қалыптастыру үшін меморандумға қол қойылды.
3-ҚАДАМ. «Балаға ынтымақтас қала» жобасы бойынша жоспарды іске асыруды үйлестіру жөнінде топтар қалыптастыру.

«Балаға ынтымақтас қала» – жалғыз ғана бір мекеме жұмысының нәтижесі емес. Бұл бастама қаладағы балалар мүдделерін кешенді қамтамасыз ету үшін идарааралық кедергілерді жоюға себепші болып, барлық қалалық идараларының міндетті түрде қатысуын көздейді. Сондықтан бірінші кезеңнен бастап «орындардағы» жұмыс жүйесін қалыптастыру қажеттілігі пайда болды. Мемлекеттік органдарының басшылары мен жастар озаттарын енгізілетін жобаның негізгі қағидаттары жөнінде хабардар ету үшін сапа менеджментін жетілдіру және ИСО 9001: 2000 стандартының сапасын қамтамасыз ету Мектебінің шеңберінде 2008 жылғы сәуір-мамырда «Балаға ынтымақтас қала» Жобасын енгізу бойынша Саран қаласында бірқатар семинарлар жүргізілді.

Орындарда жобаны іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін әлеуметтік саланың барлық мекемелерінде «Балаға ынтымақтас қала» жобасы бойынша жоспарды іске асыруды үйлестіру жөнінде топтар қалыптастырылды, ішкі бұйрықтармен жобаны енгізуге жауаптылар тағайындалды.

Әкім о/басары

Ұйымдар, мекемелер басшылары

Үйлестіру бойынша топтар






4-ҚАДАМ. Балалар және отбасылар мәселесі бойынша Қоғамдық Кеңес құру.

Жобаны іске асыруды идарааралық үйлестіру және қаладағы балалардың жағдайын тәуелсіз бағалау мақсатында, шешім қабылдау және Бағдарламаны орындауға балалардың қатысуын қамтамасыз ету үшін балалар және отбасылар мәселесі бойынша Қоғамдық Кеңес құрылды.


Қоғами кеңес


Жастар озаттары



Мектептің өзін-өзі басқару Кеңесінің Төрағалары

Жобаны үйлестіру бойынша топтарының басшысы

ҮЕҰ, БАҚ

Ата-аналар жұртшылығы




5-ҚАДАМ. Жобаны енгізу бойынша стратегиялық бағдарламаны әзірлеу және қабылдау

Жобаны іске асыру бойынша мақсаттарды айқындау, басымдылықтар мен негізгі бағыттарды құрылымдандыру үшін маслихат сессиясында «Қазақстан балалары. Саран, балаға ынтымақтас қалаға бет алу» іс-шаралар жоспары, Тұжырымдамасы, Бағдарламасы және «Саран, балаға ынтымақтас қалаға бет алу» Стратегиясы әзірленіп, бекітілген. Нәтижесінде жобаны іске асыру шегінде мекеменің жұмыс бағыттары және қаржыландыру көздері белгіленді.


Қоғами кеңес


Жобаны талқылау



Мәслихат сессиясында қарастыруға ұсынысты шығару

Бағдарламаның Тұжырымдамасын, Стратегиясын бекіту



2. Іске асыру кезеңі
1-ҚАДАМ. «Балаға ынтымақтас қала» Жобасының негізгі қағидаттарына сай қалалық бағдарламаларды түзету.

«Балаға ынтымақтас қала» Жобасының негізгі қағидаттарына қолданылатын бағдарламаларды сәйкестендіру үшін әкімгерлер оларға түзету енгізді. Бағдарламаларды іске асыру бойынша жоспарларға балалар мен жастар тіршілік әрекетін жақсартуға бағытталған іс-шаралар енгізілді.



Қолданыстағы бағдарламаларды талдау, бағдарлама әкімгерлеріне ұсыныстар енгізу

Әлеуметтік бағдарламалардың талдау мен мониторингі бөлімі


Бағдарламаларды әкімгерлер түзетуі





2-ҚАДАМ. Бағдарламанының мониторингілеу жүйесін қалыптастыру және іске асырылуын бағалау.

«Балаға ынтымақтас қала» бастамасы ниеттер туралы мәлімдеме болып қала бермеу керек. Үрдісті үнемі қадағалап байқау қажет, сол үшін мониторингілеу жүйесі қалыптастырылды. Бағдарламанының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау жүйесі бағдарламаны үйлестіру бойынша топтардың тоқсан сайынғы есеп берулеріне, әлеуметтік сұрақ-жауаптар қорытындысына және статистикалық деректерге негізделеді. Қала әкімінің «Саран, балаға ынтымақтас қалаға бет алу» Стратегиясын іске асыру үрдісіндегі жобаны іске асыру сапасын мониторингілеу үшін объективті және субъективті өзгерістерін белгілейтін 8 бағыт бойынша индикаторлар әзірленген: жалпы мәліметтер, денсаулық сақтау саласы, білім беру, мәдениет, отбасы амандығы, әлеуметтік қорғау, қылмыстық, бюджет шығындары жағдайлары.

Индикаторларды есепке алу статистикалық деректер және әлеуметтік сұрақ-жауаптар негізінде жүргізіледі.








Жобаны іске асыру қорытындылары мүдделі жобаға қатысушылар-тараптар қатысуымен жыл сайынғы Форумда қарастырылады. Келешектегі жұмыстың негізгі бағыттары бейнеленген Форум қатысушыларының үндеуі қорытынды құжат болып табылады.
3-ҚАДАМ. Жұртшылықты тарту

«Балаға ынтымақтас қала» - бұл тек қана қала өкіметінің жұмысы емес. Қаладағы балалар жағдайы, олардың дамуы ең алдымен оларды қоршаған балалар мен ересектерге байланысты.

Жоба шегінде жүргізілетін жұмыс келісім-шарт жасасу, меморандум қабылдау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру сияқты дәстүрлі формаларды пайдалана келе әлеуметтік серіктестік қағидатында іске асырылады. Аталмыш жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-бірлестіктер, БАҚ тартылған.

Қиын өмірлік жағдайға душар болған балаларға жәрдемдесу мақсатында қалада «Жасыл бұтақша» жобасы қызмет көрсетеді, бұған бүкіл қала құрылымы қатысады. Жобаны іске асыру бойынша ұсынымдар жасау үшін қала ұйымдары мен мекемелерінде «Пікіріңіз, сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз» атты пошта жәшіктері орнатылған. Құқықсақтау органдарының, кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау бойынша комиссиясының, «Білім бөлімі» ММ, «Жұмыстандыру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Саран қаласының емханасы» МКҚК өкілдерімен бірлесіп, БАҚ, ҮЕҰ, ата-аналар жұршылығы қатысуымен «Жеткіншек», «Балалар түнгі қалада», «Денсаулық», «Бала еңбегі» және т.б. профилактикалық рейдтер жүргізіліп жатады. Жеткіншектер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында, жазғы демалысты ұйымдастыру, жазғы кезеңде балалар мен жеткіншектерді сауықтыру және бос уақытын қамту мақсатында дәстүрлі қалалық «Ескерту – қорғау» акциясы шеңберінде қала мектептері мен ата-аналар жұртшылығының қала құрылымы өкілдерімен кездесулері жүргізіліп жатады.


4-ҚАДАМ. Шешім қабылдауға балалардың қатысуын қамтамасыз ету механизмін әзірлеу

«Балаға ынтымақтас қала» бастамасының маңызды қағидаты шешім қабылдауға балалардың қатысуы болып табылады. Бүгін қалада қабылданып жатқан балалыққа қатысты шешімдер балаларды осы мәселені шешуге кеңінен қатыстыруды көздейді. Бұл балалардың мүдделері мен құқықтарына сәйкестігінің кепілі болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмысты жүйеге келтіру үшін қала мектептерінің өзін-өзі басқару кеңестері бастамасы бойынша 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 қалалық мәслихаттың шешімімен қала мектептері оқушыларының ішінен балалар мәслихаты бекітілді. Балалар мәслихаты – бұл балалардың азаматтық бастамасын қолдау және дамыту, олармен жүргізілетін жұмыстың болашақты формаларын ендіру механизмі. Қала басқаруға қатысудың басқа түрі өзін-өзі басқару мектептік кеңестер жұмысы болып табылады. Балалар қаладағы барлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тікелей қатысушылары мен кеңесшілері болып табылады, мектептік кеңес пен балалар мәслихаты арқылы іс-шаралар жүргізу жоспарларына ұсынымдар жасалады. Қала деңгейінде балалар мен жастарды шешім қабылдау үрдісіне қатыстырудың, менеджмент негіздеріне оқытудың тағы бір механизмі мектептік өзін-өзі басқару мүшелері, орта арнайы оқу орындарының оқушылары мен жұмысшы жастар қатысатын «Жас озат мектебі» қалалық жобасының іске асырылуы болып табылады. Мектеп оқуларын жыл сайын қала әкімдігі ұйымдастырады. Оқу курсын табысты аяқтаған тыңдаушыларға қала әкімінің сертификаты тапсырылады.

Осының бәрі қала өкіметінің саясатын қалыптастырғанда балалар пікірін есепке алу механизмдерін әзірлеуге мүмкіндік берді, сондай-ақ, балалар мен жеткіншектердің қаладағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды әзірлеп, іске асыруға қатысуын қамтамасыз етті.


5-ҚАДАМ. «Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі» жобасын енгізу

Баланың қажеттілігіне сәйкестендірілген, мектеп, отбасы және көпшілік ынтымақтастығы үшін жағдай жасалған, балаға бейімделген білім беру ортаға көшуді қолдау мақсатында қаланың 4 мектебінде (50%) «Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі» жобасы енгізілді; аталмыш мектептер оқу үрдісінде оқушылар арасында міндетті түрде тілектестік қарым-қатынас орната келе, балалардың жоғары сапалы негізгі білім алу құқығын қамтамасыз етуге себепші болады.



«Балаға тілектестік қарым-қатынас бала бақшасы» Бағдарламасын ендіріп, аталмыш бастаманы қаланың бала бақшаларының бірі қолдады.

Жоғарыда айтылған жобаларды үйлестіру мақсатында «Саран қаласының білім бөлімі» ММ және жоба енгізген мектептерде «Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі» жобасының кеңесші-үйлестірушінің қосымша мөлшерлемелері енгізілді.


6-ҚАДАМ. Жобаның ресми белгісін әзірлеу

Саран қаласы өзінің рәміздеріне ие: қалалық мәслихат сессиясында бекіткен «Балаға ынтымақтас қала» белгісіне, әнұранға. Бүгін белгі жоба бойынша жарнамалық және ақпараттық материалдарды ресімдеу үшін қолданылады. Омыраубелгілер, белгісі бар блокноттар, қағаз қапшықтар жасалды.


7-ҚАДАМ. Балалар мен жеткіншектерді әлеуметтік қорғау, психологиялық қолдау және денсаулық сақтау жүйесін жасау

Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін іске асыру үшін қалада орындаушы органдармен, құқықсақтау органдарымен, білім беру, денсаулық сақтау және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара әрекеттестіктегі, үнемі қолданыстағы ақпараттық-кеңестік органдар болып табылатын Қоғамдық қабылдау бөлмесі және сенім телефоны құрылған. Отбасылық жағдайсыздығының алдын алуға қалалық білім бөлімінің жанындағы Жағдайсыз отрбасы орталығының жұмысы бағытталған. Жұмыстандыру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында Отбасын қолдау орталығы қызмет көрсетуде. Емханалық гинекология орталығында Жас ана мектебі құрылған. Көмекті қажет ететін ана мен отбасын қадағалау және қолдау мақсатында, сондай-ақ, баланы мұнан әрі де сүйемелдеу үшін «Саран қ. емханасы» МКҚК «Дені сау бала» кабинеті қызмет көрсетеді.


8-ҚАДАМ. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету

Қалалық өкімет органдары қала тұрғындарын үнемі бастама туралы хабардар етіп, балаларға тілектес қоғам қалыптасуына себепші болады. «Саран, балаға ынтымақтас қалаға бет алу» жобасы жөнінде жұртшылықтың дұрыс пікірін қалыптастыру мақсатында буклеттер, кітапшалар, ақпараттық парақтар әзірленіп, таратылады. Балаларды отбасыларға орналастыру бойынша кітапшалар әзірленіп, таратылды («Патронаттық тәрбиешілерге арналған оқу құралы», «Қамқоршыларға арналған оқу құралы», «Асырап алған ата-аналарға арналған оқу құралы», «Бала асырап алушыға арналған оқу құралы»). Кәмелетке толмағандардың құқық және міндеттері бойынша төлқұжаттар әзірленіп, таратылды.

Аталмыш жобаны іске асыру бойынша көпшілікті хабардар ету мақсатында қалада балалар-жастар сайты, «Сіздің газетіңіз» қалалық газеті бетінде «Жастар калейдоскопы», «Саран, балаға ынтымақтас қалаға бет алу» айдарлары ұйымдастырылды .
Жоғары атап айтқан әрекеттерді іске асыру мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктерінің, бизнес-бірлестіктерінің және басқа да мүдделі ұйымдарының балалық жас түйінді мәселелерін шешуде күшін біріктіру бойынша, балалар мен жеткіншектер құқықтарын іске асыруға тең мүмкіншіліктер жасау бойынша жұмыстың нәтижелілігін жоғарлатуға мүмкіндік берді. Аталмыш жұмыс келешекте жаңа мүмкіндіктер қарастыруға және жұмыс барысында туындаған түйінді мәселелерді кезең-кезеңмен шешуге жағдайлар туғызады. Алдағы кезеңдерде қала қатысушы мүдделі органдар, құрылымдар және тұлғалар тобын кеңейте келе, біздің балаларымызға лайықты өмір сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыра түседі.

4 қосымша


балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі
Балаларға жылы шырайлы мектептер алғаш рет Таиландта 1997 жылы пайда болды. Олар сыныптарда оқу іс-әрекеті мен мектепті басқару деңгейінде бала құқықтары туралы Конвенцияны іске асыру амалы ретінде ниет етілген. Қазақстанда ең әуелгі балаларға жылы шырайлы мектептер идеясы (БТҚҚМ) Қазақстан үкіметінің [7] Негізгі операциялар жоспарында (2000-2004 жж) тұжырымдалған. Аталмыш операциялар жоспарындағы бағдарлама келесіні көздеген:

  • баланың өз қажеттілік талаптарына сай бейімделеген білім беру ортаға көшуді қолдау;

  • мектеп, отбасы және жұртшылық әрекеттерінің ынтымақтастығы үшін жағдай жасау;

  • мектепті өзін-өзі басқаруды жергілікті бірлестікте құрылған, орталықсыздандырылған тұрғыдан нығайту;

  • сабақ босату жағдайларын анықтау жүйесі мен мониторингін әзірлеу.

Денсаулық сақтау халықаралық ұйымы «Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебінің» 9 бағалау өлшемін ұсынды:



  1. Физикалық қоршаған орта.

  2. Ғимарат және ыңғайлылық.

  3. Оқу материалдары және жабдық.

  4. Психоәлеуметтік ахуал.

  5. Оқушының қатысуы.

  6. Белсенді білім беру.

  7. Мектеп-үй қарым-қатынасы.

  8. Мектеп-бірлестік қарым-қатынастығы.

  9. Денсаулықты мадақтау және сақтау.


«Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебін» бағалау бойынша әдістемелік пен индикаторларды әзірлеу» жоба шегінде білім беруге тартылған барлық тараптарға (мектеп әкімшілігі, мұғалім, оқушылар, ата-аналар) сұрақ-жауап жүргізілді, соның қорытындысы негізінде «Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі» туралы ұғым белгіленді [7].

БТҚҚМ-де оқу үрдісінде қатысушылардың арасында тілектестік, өзара сыйластық қарым-қатынасын, сондай-ақ, мектептен тыс ұйымдар тарапынан да сыйластық білдіреді.

Оқушыға мұғалімнің жылы тілектестік қарым-қатынасы өте маңызды, мұғалім қамқорындағыларға сабырлылық және түсіністік көрсету қажет. БТҚҚМ-і оқушының құқықтарын сақтауды негіз етіп алған.

Уәжлің жетілдірілген жүйесінің маңызы зор. Мұғалімдер оқушының жоғары көрсеткіштеріне мүдделі, ол үшін қалай өз біліктілігін көтерсе, солай өз оқушыларына жақсы нәтиже көрсетуіне дем беруі қажет. Өз жұмысының түрлі жайларымен қанағаттануда мұғалім уәждемесінің маңызы зор (еңбекақы, өз мақсатын жүзеге асыру мүмкіндігі).

Оқу үрдісі барлық қажетті материал және құралдармен, ыңғайлы жиһазбен, ал мұғалім болса – тегін әдістемелік материалмен қамтамасыз етілген.

БТҚҚМ мұғалімдері жоғары деңгейлі дайындықтары мол. Айтарлықтай мәселе, әсіресе ауыл мектептерінің – кадрлар жетіспеушілігі. БТҚҚМ-де оқытушылар құрамы қандай жоғары қамсыздандырылған болса, сондай әкімшілік штат және басқа да қажетті қызметкерлермен қамсыздандырылуы қажет.

Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебінде ата-аналар балалының тәрбиесі мен оқуына тартылады.

БТҚҚМ-де балаларға саламатты өмір салты дәріптеледі, қосымша білім ыңғайлы түрде беріледі.

2010 жылы «Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі» жобасының тұжырымдамасы іске асырылу мүмкіндігі бола қалса, стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің әзірлемесі жоспарланған.

Айта кетерлік жәйт, балаға тілектестік қарым-қатынас өлшемдерін сақтау, мектепке бүкіл шағын ауданың нәтижелі демалу және сауық құру орталығына айналуға мүмкіндік береді.

5 қосымша


балалар мен жастарға қамқор Клиника
Балалар мен жастарға қамқор клиника (мұнан әрі - БЖҚК)а – бұл жас ерекшелігіне сай денсаулық сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету мекемесі. БЖҚК иделогиясын іске асыру балалар, жеткіншектер және жастардың түйінді мәселелеріне түсіністікпен қарау, жағымсыз мінез-құлықтарын өзгертуге бірге жол іздеу арқылы көмек көрсету болып табылады. Қызметтің барлық түрі БЖҚК келермендеріне тегін көрсетіледі.
Қызмет мақсаты балалар, жеткіншектер және жастардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады.

Өз қызметінде БЖҚК келесі міндеттерді іске асырады:



  • аурушаңдықтың, түйінді мәселелер және олардың қайталануының алдын алу;

  • емдеу және сауықтыру;

  • ақпараттық және кеңестік сүйемелдеу;

  • заңды азаматтық құқықтарын зерделеу және қорғау;

  • клиниканың әр клиенті үшін емдеуді, әлеуметтік және психологиялық мәселелердің шешілуін жеңілдететін психологиялық жайлы жағдай жасау, бұл көрсетілетін қызмет түрлері жиынтығын нәтижелілігіне себеп болады;

  • балалар мен жастардың мүмкіншілігіне сай медициналық-психологиялық-әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру үшін денсаулық сақтау технологияларының асқан тәжірибелерін пайдалану, жетілдіру;

  • саламатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру.

Қызметтің негізгі қағидаттары келесі:



  • еріктілік, ыңғайлылық, тілектестік;

  • құпиялылық, төзімділік, кәсіби кодексін ұстану, уақытылылық, жеткіліктік болып табылады.


Еріктілік қағидаты БЖҚК өздігінен, жете түсініп келуге тартатын және оның қызметіне араласуға, сондай-ақ, өзінің қалауымен қызмет түрлерін таңдауға жағдай жасауды көздейді.

Қол жетімділік қағидаты балалар, жеткіншектер және жастарға қызметтерді нақты пайдалануға мүмкіндік береді: қатынас тәртібінің жеңілдігі, қызмет тегіндігі немесе оның бағасының қолайлылығы, көрсетілетін көмектің кешенділігі, қызықтырған ақпаратты алу мүмкіндігі.

Тілектестік қағидаты клиника қызметкерлері тарапынан балалар, жеткіншектер және жастардың ерекшеліктерін түсіну, білу және дұрыс қабылдауға негізделген, сыйластық, төзімділік, құпиялылық сақтау және олардың пікірін қолдау арқылы асқан тілектестік қарым-қатынасты көздейді.

Балалар және жастарға тілектес Клиникаларының басқа медиицналық ұйымдардан айырмашылығы [9] келесіде, БЖҚК қызмет түрлері кеңейтілген, келерменге кешенді көмек көрсетіледі (медициналық қана емес, психологиялық та, әлеуметтік те).

БЖҚК дәстүрлі медициналық мекемеден айырмашылығын төмендегі кесте бойынша қадағалауға болады:















































БЖҚК жұмысының негізгі әдіс-тәсілдері мен формалары психологиялық, құқықтық кеңес беру (соның ішінде «сенім телефоны» арқылы), зиянды заттарды теріс пайдаланудың алдын алу, репродуктивтік денсаулық бойынша кеңес беру, көпшілік қатысқан іс-шаралар (акциялар, митингілер, шерулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б.), семинар-тренингілер, рөлдік ойындар болып табылады.

БЖҚК құрылымында жастармен ұрпақ жаңғырту (репродуктивтік) денсаулығы, зиянды заттарды теріс пайдаланудың алдын алу, әлеуметтік мәселелер бойынша маман-кеңесшілер, волонтерлік қызмет жұмысын үйлестіруші, психолог, заңгер, тіркеу және талдау қызметтері, дәрігерлер жұмыс жүргізеді.

БЖҚК үлгісі 2003 жылы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының жобасы шеңберінде Қазақстан өңірінде, атап айтсақ, Астана қ. «Демеу» МОДА негізінде жастарға қамқорлық қызмет көрсету бойынша іске асырылды.

Әлеуметтік тәжірибе әйгілегендей, адам өміріне топтарға бірігу айтарлықтай ықпал етеді. Клуб – бұл адамдардың мүдделері бойынша ерікті бірігуі, клуб мақсаты көлемді, ал клуб қызметі бос уақытты ұнамды ұйымдастырудың үлгісі болып табылады. «Демеу» МОДА әкімшілігі және әлеуметтік қызметі емхана пациенттерінің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын зерделей келе, бірқатар ынталы клубтардың құрылуына себепші болды, олардың мақсаты СӨС дағдыларына машықтандыру және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы денсаулық пен өмір сапасын жақсарту болып табылады. «Демеу» МОДА жанында келесі клубтар қызмет көрсетеді: «Достойный возраст» клубы, «Грамотные родители – здоровое потомство» клубы, девиантнтты мінез-құлықты жеткіншектер клубтары «Эврика», «Анонимные наркозависимые», жеткіншектер клубы «Сенім», «Безопасное детство», ерекше мұқтажды тұлғалар клубы «Үмiт», кардиологиялық клубы «Жансая».

2004 жылдан бастап Астана қ. тәжірибесі Өскемен, Семей қалаларында кең таралды.
6 қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет