М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі


бала құқықтары туралы Конвенцияға



бет6/7
Дата19.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#147932
1   2   3   4   5   6   7

бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес баланың құқықтарын қорғау

болып табылады.

Әр баламен, оның отбасымен жеке жұмыс істеу өте маңызды, алайда топтық жұмыс формаларын қарастыру да жөн: ата-аналарға арналған заңгерлер қатысуымен, қалалық әлеуметтік қызмет қызметкерлерімен, аумақтық өзін-өзі басқару Кеңесінің жанындағы қоғамдық ұйым мен қоғамдар қызметкерлерімен топтық кеңестер ұйымдастыру, психолог кеңестерін ұйымдастыру сияқты. Әлеуметтік психологтар және түрлі қызмет мамандары күшімен «Сенім телефоны» жұмысы ұйымдастырылды.

Әлеуметтік қызметтер жүйесі тұлғанын бала, ересек ретінде әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуге, тұлға мен қоғам, отбасы, тұлға мен қоғам арасында қатынасын үйлестіру кешенді амалдарын табуға мүмкіндік береді. Отбасыішілік өзара қатынастарын қалыпқа келтіру мәселелері ұйғарылады.
Осы мектептің әлеуметтік қызметтері келесі жұмыстарды жүргізген және жүргізуде:


  • социумның әлеуметтік-педагогикалық жағдайлары зерделеніп, шағын ауданның, оның тұрғындарының әлеуметтік суреті құрастырылды;

  • отбасының өнегелік-психологиялық ахуалын және оның тәрбиелік әлеуетін анықтау мақсатында отбасылар нақтамасы жүргізілді;

  • отбасыларды типтері бойынша саралау жүргізілді, бұл түзету-тәрбиелік бағыттағы бағдарламалар әзірлеуге мүмкіндік берді;

  • отбасылардың әлеуметтік тарихтарын құрастыру және картотека жасау бойынша жұмыс басталды;

  • баланың тұлғасын, мүддесін, қажеттілігін, құндылық бағдарларын зерделеу жүргізілуде;

  • әлеуметтік маңызы бар бастамалар айқындалып, дамуда.

Әлеуметтік педагогтар мектептегі жағдай, көрші-отбасылық, отбасылық қоршауды сауықтыру, жайлы психологиялық жағдай жасауға зер салады, бұл бала тұлғасының дамуына, өзін-өзі дамытуына, өзінің мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған гимназияның үйірмелер және клубтар жүйесі себепші болады.

Жұмыс нәтижелері бойынша халықпен сұрақ-жауап жұмысы тәрбиеге қатысу бойынша шағын аудан және мектепте түрлі топтарының белсенділігін, ата-ана жұртшылығының балалармен ортақ іс-әрекеттегі эксперимент алды және соңында белсенділігін анықтау мақсатында жүргізілді. Цифрлар мынадай: қалалық мектептерде ата-ана жұршылығы оқушылардың әлеуметтену факторы ретінде жұмыс басында 43,37% , аяғында 66,7% құрады. Ауылдық мектептерде бұл көрсеткіштер 49,2% және 71,9% сәйкес болды. Ата-аналар әрекеттің ортақ түрлеріне қатысу пайызы да жоғарлады (оқу-танымдық, мәдени-демалу және сауық құру, спорттық-сауықтыру, қоғамдық-пайдалы) шағын ауданда: 20,8% -дан 43,2% -ға дейін қалалық мектептерде және с 31%-дан 57,9% -ға дейін ауылдық мектептерде. Жүргізілген жұмыс нәтижелілігі балаларды оқыту сапасының жоғарлауымен, қылмыс деңгейінің төмендеуімен, оқушылар тәрбиелілігі деңгейінің өсуімен, жайсыз отбасылар санының азаюымен дәлелденеді .

8 қосымша


БОС УАҚЫТТА ОҚУШЫЛАР ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Шеңберлер неғұрлым сыйстырылса, соғұрлым әлеуметтендіру факторының оқушы тұлғасына әсері көбірек, ол ұйымдастырылмаған немесе мақсатты болуы мүмкін.



Мысалы: оқушының ата-анасы дәстүрден тыс бір діни ұйымның белсенді мүшелері, онда шығармашылыққа, сауық құруға т.б. байланысты іс-әрекеттерге тыйым салынған. Бұл жағдайда сызбанұсқа келесі болады:

  1. Мектеп ықпалы барынша азайтылған.

  2. Клубтардың, құрдастар тобының және басқа да әлеуметтік қоршауы әрекетінің әсері жоқ.

  3. Отбасы мен діни ұйымының әсеру үстем.

9 қосымша


елді мекен инфрақұрылымының Картасы
Елді мекен инфрақұрылымының картасы (шағын ауданның)

______________________________________________________

(атауы, облыс, қала және т.б. көрсете келе)
Мақсаты: елді мекен (шағын аудан) инфрақұрылымын нақтылау
Міндеті:

  1. Елді мекенде мекемелер, ұйымдар, әлеуметтік институттар және т.б. өзара әрекеттестік жүйесін белгілеу;

  2. Елді мекенде балалар мен жастар үшін қызмет ететін мекемелер, ұйымдар, әлеуметтік институттар және т.б. анықтау.

Карта 2 бөлімнен тұрады:



  1. Елді мекенде, шағын ауданда тікелей инфрақұрылымның бары

  2. Идарааралық әрекеттестік




  1. Елді мекендегі инфрақұрылым







































































Шартты белгілеулер:

Басқарма (Б)

Ә – әкімдік

К бс. – басқа (көрсету)
Білім беру мекемелері (БбМ)

ББ – бала бақша

БҮ – балалар үйі

М – мектеп

Г – гимназия

Л – лицей

КЛ – колледж

КМ – кәсіби мектеп

ЖОО – жоғары оқу орындары

ҚБбМ– қосымша білім беру мекемелері

БбМ - басқа (көрсету)
Мәдени мекемелері (ММ)

КХ - кітапхана

М –мұражай

КЗ – көрме залы

КТ – кинотеатр

Т – театр

МС – мәдениет сарайы (үйі) (нақтылау)

ИК – интернет-клуб

К – клуб

ПР – парк

ММбс. – басқа (көрсету)
Спорт мекемелері (СМ)

С- стадион

СҚ – спорттық құрылыстар (қандай екенін көрсету)

БС – бассейн

СА– спорт алаңы

ДСА- балалар спорт алаңқайлары

СЗ – спорт залы

ТЗ – тренажер залы

ФТ – фитнес

СМбс. - басқа (көрсету)


Діни ұйымдар (ДҰ)

МШ – мешіт

Ш - шіркеу

ДҰбс. - басқа (көрсету)



ҮЕҰ (Ү)

ҮЕҰ – қызмет бағыты, атын көрсету

ЖҰ – жастар ұйымдары

Үбс. - басқа (көрсету)



2. Идарааралық әрекеттестік
1. Елді мекен инфрақұрылымын зерделеу барысында зерттеуші аталмыш мекеменің кіммен әрекеттес екенін нақтылап, (ұйым және т.б.) сол әрекеттестіктің сипаттамасын анықтайды: ынтымақтастық әлде қағаз жүзіндегі.

2. Егер мекеме қызмет етсе, онда ол нобайлап «елді мекен, шағын аудан аясында» шартты белгілеу арқылы бейнеленеді.

3. Бір мекеменің екінші мекеме негізіндегі қызметі бөлек бейнеленеді (мысалы, мектеп негізінде клуб қызмет көрсетеді).
Мысалы:
Шартты белгілеулер:








































Идарааралық әрекеттестік картасы

10 қосымша


оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттардың ынтымақтастық жоспарының сызбанұсқасы




р/с




Күні / уақыты

Іс-шара (атауы, ұйымдастыру түрі)


Мақ

саты


Жас тобы






























































Демалу мен сауық құру іс-шарасының әдістемелік әзірлемесінің үлгілік сызбанұсқасы [2].

  1. Іс-шара тақырыбы.

  2. Жас тобы.

3. Іс-шара мақсаты.

4. Іс-шара міндеті.



  1. Іс-шара ұйымдастыруының түрі.

  2. әдістер мен амалдары.

  3. Жүргізу орны мен уақыты (ұзақтылығы).

  4. Техникалық жабдықталуы.

  5. Рөлдік міндеттер.

10. Іс-шара құрылымы (жоспар).

  1. Іс-шара барысы (толық).

  2. Пайдаланған әдебиет (қажеттілігі бойынша).

  3. Қосымшалар.



11 қосымша
балалар, жеткіншектер мен жастарға арналған әлеуметтік қызмет

(Қостанай облысының тәжірибесі)


Бала-жеткіншектер және жастар ортасында қалыптасқан ахуал әлеуметтік қызмет құру туралы мәселені көкейкесті етті. Әлеуметтік қызмет 2005 жылы қызметін бастады да, БжЖҰ Қауымдастығынан (Қостанай ауд.) бастап «Ауыл жастарының одағы» ҚҰ, «Азаматтық бастамаларды дамыту» ҚҰ аяқтап, түрлі жастар қоғамдық ұйымдармен іске асырылды. Сонымен қатар жоғарыда атап өткен әкімгерлердің әр қайсысы қызметке өзінің көзқарасы мен тұрғысын енгізді.

Ескере кететін жайт, қызмет әрекеті демалу мен сауық құру әрекетін ұйымдастырып, дұрыс құқықтүсіну, әлеуметтік-пайдалы дағды және мүдделер қалыптастыру, әлеуметтік белсенділік пен саналы азаматтық ұстаным дамыту, өз мәселелерін шешу жолдарын іздеуге ынталандыру арқылы жастар ортасында ауытқу мінез-құлқының пайда болу қауіпін жоюға бағытталған.



Әлеуметтік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері
Көздеулі топтар: балалар, жеткіншектер, жастар.

Әлеуметтік қызметтің негізгі қағидаттары келесі:

  • еріктік, ыңғайлылық, тілектестік.

  • құпиялылық, төзімділік, кәсіби кодекс, уақытылылық, жеткіліктік.

  • адамгершілік қағидатына сай әрекетінің бүкіл түрлері мен қызмет құрылымы тұлғаның медициналық-әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын есепке алу негізінде, тұлғалық ыңғаймен белгіленеді;

  • жан-жақты көмектің қажетті шараларын қамтитын пәнаралық кешенді тәсіл;

  • көмек көрсетуді саралау және даралау;

  • әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық және құқықтық жұмыстың ғылыми дәлелденген қағидаттары мен технологиялары;

  • әр жас тобының ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін қолдана келе, қызметті мақсатты ұсынуды қамтамасыз ететін тәсілдеме;

  • мамандарды балалар, жеткіншектер, жастарға бойға біткен даму сана-сезімді субъект ретінде қатысуға міндетті ететін тұлғалық көзқарас;

  • табиғатқа сәйкес қағидат қызмет әрекеті табиғи және әлеуметтік үрдісті ғылыми түсінікке негізделіп, табиғат, қоғам және тұлғаның дамуының жалпы заңдылықтарымен ұйғырылыуын талап ету;

  • мәдениетке сәйкес қағидат қызмет әрекеті жалпы адамзаттық мәдениет құндылықтарына негізделіп, жалпы адами қалыптарына қайшылық туғызбайтын нақты ұлттық және аймақтық мәдениет құндылықтары мен қалыптарына сай жоспарлануын талап ету

болып табылады.
Жастар әлеуметтік қызметінің мақсаты






ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ МАҚСАТТАРЫ











1 Ақпараттық- талдау орталығы:


  • облыстың балалар және жастар ұйымымен, Қазақстанның жастар Конгрессімен, министрліктер және идаралармен өзара әрекеттесу.

  • девиантты мінез-құлықтың алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау бойынша арнайы бағдарламаларды әзірлеу мен мақұлдау;

  • қызметтің іс - әрекетін насихаттау;

  • балалар мен жастар девианттық мінез-құлқының алдын алу озық әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесін зерделеу және тарату;

  • девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктер күштерінің үйлесуі;

  • девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Өмірді қалай қызықты ету?» анықтамалығын баспадан шығару;

  • девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша, облыстық оқу орындарында саламатты өмір салты бойынша ақпараттық-талдау бюллетендерін дайындау мен шығару;

  • жастардың әлеуметтік мәселелерін, жастар саясатын іске асыру жолдарын мониторингілеу және талдау;

  • жастар мәселелерінің әлеуметтік зерттеу:

- девиация – себеп немесе салдар;

- ЖОО бітірушілердің жұмыстандыру мәселелері;

- ООО бітірушілердің жұмыстандыру мәселелері;

- маңызды демалу және сауық құру;

- озаттық әлеуметтік феномен ретінде;


  • БАҚ-пен жұмыс;

  • Ақпараттық қорды толықтыру.

2. Волонтёрлік орталық:

  • «Волонтерлер мектебі» бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту;

  • «Волонтерлер мектебі» бағдарламасы бойынша оқушыларды оқыту;

  • Семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, форумдар, көрмелер даярлап өткізуге қатысу;

  • демалу және сауық құру бірлестіктерінде оқулар өткізу;

  • ҚР балалар сауықтыру орталықтарына волонтерлерді жұмысқа орналастыру.

3. Демалу және сауық құру бірлестіктері:

  • тәжірибелік психология клубы (девианттық мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде әлеуметтік жастар қызметі бағдарламаларын іск асыруға даярлау);

  • «Парасат» клубы (балалар мен жастар құқықтарына қысым жасау кезінде нақты көмек көрсету бойынша жас студент-заңгерлер клубы).

4. Көпшілікке арналған іс-шаралар жүргізу:

  • балалар мен жастар ұйымдарының форумы;

  • «Шапағат» облыстық жарыс-сайысы;

  • мектеп командалар арасында «Біз жаспыз! Біз көңілдіміз!» саламатты өмір салтын насихаттау бойынша бейнеклиптар жарыс-сайысы;

  • балалар ұйымдарының күні;

  • Балаларды қорғау күнінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын бағдарламасы;

  • «Шама-шарқыңа лайық!» жарыс бағдарламасы;

  • студенттер арасында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша сабақтар;

  • бірінші сынып оқушыларының әлеуметтік бейімделуі бойынша ойын бағдарламалары;

  • балалар үйі мен жетімдер үйлеріне арналған «Радуга» акциясы;

  • мектеп активін оқыту бойынша мектеп негізінде көшпелі жиындар өткізу;

  • саламатты өмір салтын насихаттау үшін студенттер мен оқушыларға арналған дискобағдарламалар;

  • МШ, балалар үйінің және мектеп-интернаттарының балаларына арналған қайырылымдылық шыршалары.


Әлеуметтік қызметтің тәжірибелік іс-әрекеттері келесі бағыттар бойынша жүзеге асырлады:
Ақпараттық орталықтың іс-әрекеті: кәмілетке толмағандардың девиантты мінез-құлық, жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдік таралуының алдын алу бойынша ақпараттық қор құру, саламатты өмір салтын насихаттау, балалар және жастар ұйымдарының іс-әрекеті бойынша балалардың және жастар ұйымдарының ақпараттық қорын кеңейту; жастар саясаты саласындағы әлеуметтік зерттеулер жүргізу; ақпараттық-талдау мен тұсаукесер материалдарын дайындау; ақпараттық бюллетендерді, әдістемелік ұсынымдар мен әлеуметтік жобалардың жетекшілеріне көмекке жинақтар басып шығару; көрмелерге, жоба сайыстарына қатысу.

Кеңес беру орталығының іс-әрекеті, мұнда психологтар, заңгерлер, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік жоба үйлестірушілері, волонтерлік орталықтарының басшылары қабылдау жүргізеді.

Орталықтың қызметін оқушылар мен студенттер, ата-аналар, сынып жетекшілер, басшылар, тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорларының орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, балалар және жастар бірлестігінің көшбасшылары мен басшылары, жастар саясат бөлімдерінің қызметкерлері қолданады.



Работа досуговых объединений позволяет разрабатывать новые программы по развитию содержательного досуга:

Демалу бірлестіктердің жұмысы мазмұнды сауық құру әрекетін дамыту бойынша жаңа бағдарламаларды өндіруге мүмкіндік береді.



  • компьютерлік клуб, ақпараттық дизайнмен уәестенетін жастарды біріктіреді, олар баспа және таныстыру материалдардың техникалық термесін әзірлеп шығаруға қатысады

  • студия игры на гитаре – это возможность самовыражения, это клуб единомышленников, любящих бардовскую песню;

  • гитарада ойнау студиясы - бұл өзін - өзі көрсету мүмкіндігі, бұл ақын өлеңін сүйетін пікірлестер клубы;

  • «Парасат» пікірталас клубы – студенттерді біріктіреді, мамандығы бойынша қосымша білімдерді иеленгеннен басқа, тренинг, семинар, ток- шоу, конкурстар мен мейрамдар арқылы балалар мен жастардың мәдени құқықтарын дамытуға бағытталған «Жанды құқық» мақсатты бағдарламасын белсенді түрде әзірлеп, жүзеге асырады.

  • тәжірибелік психология клубы «Сұхбат» құрамына «Психология» факультетінің студенттері кіреді, мұнда олар қатынас жолы және әлеуметтік-психологиялық тренингтер саласында қосымша білімдер алады. «Бейімдеу» (оқушылар мен студенттердің әлеуметтенуіне, нарықтық қарым-қатынас жағдайларына бейімделуіне көмек) «Саламатты бірлестік» бағдарламалары бойынша оқушылар мен студентерге психологиялық денсаулықты насихаттауға бағытталған сабақтар өткізледі,.

Оқыту бағдарламалары: оқушылар мен студенттерге, әлеуметтік жобалардың кеңесшілеріне, жеткіншектердің ата- аналарына, басшылар мен белсенділерге, тәлімгерлерге, әлеуметтік педагогтарға, мектеп тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларына, студенттік топтардың кураторларына арналған семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары. Оқыту барысында қолданылатын интербелсенді бағдарламалар, бағдарламаға қатысушылардың барлығының тиімділікке қол жеткізуге, тұлғалық ретінде қатысуына мүмкіндік береді. Психологтар, ойын техниктері алуан түрлі тренингтер мен психологиялық жаттығуларды қолданады. Тұлғалық өсу мен команданы құрастыратын тренингтер блогы ерекше сұранысқа ие. Командада жүргізілген оқытулар, топтың әрбір қатысушының жасырын күшін нәтижелі пайдалануға мүмкіндік береді және психологқа айқындалған мәліметтерді ескере отрып, жеке кеңес беруге мүмкіндік береді.

Девиантты мінез-құлық мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, саламатты өмір салтын насихаттау, балалар және жастар ұйымының қызметтерін жетілдіру және дамыту.



Конференциялар. Форумдар. Жиындар

Девиация мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдарының қызметкерлерімен кездесу, қылмыстық мәселелер және СӨС-ті насихаттау жүйесін құру бойынша облыстық мәслихаттар сессиясы мен қалалық және облыстық комиссиялар мәжілістеріне қатысу.

Қызметтің іс-әрекетінде салааралық және идарааралық амал қолданылады – сындарлы сұхбат жүргізуге, маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жастар ұйымдары мен барлық өкімет салалары арасында байланыс орнатылған.

Қызмет іс-әрекеті балалар мен жастардың шығармашылығын дамытуға, мәдениет деңгейін жоғарлатуға, жеткіншектердің құқықтық сауаттылығына бағытталған түрлі ұйымдармен ынтамақтастыққа, әрдайым саламатты өмір салтын насихаттау жұмысын жүргізетіндерге бейімделген.



Клубтық іс-әрекет
Жеткеншектер ортасында клубтық іс-әрекет танымалы, жеткіншек топ ішіндегі өзінің тәуелсіз адам мәртебесін «сынайды», ал топ өзінің тарапынан осы тәуелсіздікті қабылдайды.

Клубтық іс-әрекетке қатысуға деген жеткіншек пен жастардың қызығушылығының басты ынтасы:



  • табысқа қол жеткізуге және жалпыға қадірі артуға ықыластану;

  • өзінің осал және күшті жақтарын түсіну, өзінің даралығын көрсету мүмкіндігі;

  • қарым – қатынас саласын кеңейту

  • болашаққа пайдалы, өздігінен жұмыс істеу құштарлығы мен қызығушылығы,

  • шығармашылық қабілеттіліктерін ашу, нақты экономикалық, кәсіпкерлік және кәсіби іс-әрекеттің ептілік пен дағдысына ие болу.

  • қайғыға ортақ болу, мейрімділік көрсету мүмкіндігі, шынайы өмірмен жанасу, әлеуметтік саласы мекемелерімен, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдармен шешілетін мәселелермен, олардың еңбек жағдайларымен танысу.

  • әлеуметтік терапия және дау- дамайды шешетін әдістерді игеріп алу.

  • өзіңнің күшін қолданатын саланы таңдауға мүмкіндік

болып табылады.

Клуб, жастардың аздаған әлеуметтік институтарының бірі бола тұрып, өзінің іс-әрекеті мен әлеуметтену үрдісінің тиімділігін едәуір жоғарлатуға қабілетті, әлеуметтік-сындарлы іс-әрекет үрдісінде ең алдымен жеткіншектер мен жастарға өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігін береді.



Клубтың айтарлықтай артықшылығы: тұлға үшін микроорта бола тұра, ол жауапкершілікті, ыңғайлы, қорғалған, социумға сақтандыра ендіруді қамтамасыз етеді, әлеуметтік және мәдени жетістіктер деңгейінде өмірдің әлеуметтік тәжірибесіне ие болуына, әлеуметтік мәдени тәжірибеге ие болғаны үшін өзінің тұлғалық өзгешелігімен борышынан арылусыз социумға ену мүмкіндігін береді.

Қалыптасқан ұжым болып танылатын клуб мамандар клуб мүшелерімен бірігіп отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарын белгілейді, белгілі бір соңғы нәтижеге көздей келе. Клубтың белгілі бір жұмыс кезеңінде мамандар әзірлеген бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігін бақылауға болады. Клубтың іс-әрекеті еріктік, тілектестік және сыйластық қағидаттарында құрылады. Жұмыстың әдістері мен түрлерінің мазмұны осы немесе өзгеше түрде жеткіншектердің қызығушылықтарынан шығады.



Жұмыс түрлері:

  • ойын техникаларын қолданылған тренингтік жаттығулар;

  • топтық өсіңкілік

  • сюжетті – рөлдік ойындар;

  • жеке- психологиялық кеңес беру;

  • мәдени – демалу іс-әрекеті;

  • волонтерлік қызмет;

  • театр – актерлік іс - әрекет;

  • акциялар ( әлеуметтік, саламатты өмір салты және т.б)

Клубтың іс-әрекетін халыққа әйгілі ету мақсатында жеткіншектердің өзі ақпараттық қағаздарды, буклеттерді әзірлеп шығарады. Осындай ақпарат өлең түрінде де көрсетілуі мүмкін, ол ерекше құнды болады.
Клубтық іс-әрекетте қолданылатын ережелер.

1. Ұжымдық шешімдерді қабылдау үшін, өзіңнің ұсыныстарыңды батылырақ енгіз.

2. Қарапайым ойларды енгізіп жатырмын деп қорықпа, ойлар қорынан алтынын теріп аламыз.

3. Өзгенің ойын сынға салма, сынасаң – идеялар болмайды.

4. Ойыңды нақты түсіндір, қажет болса, қайтала.

5. Уақытыңды босқа өткізбе, ұсыныстарыңды қысқа, нақты айт.

6. Нақты түсіндірсең – жақсы істейсің.

7. Оңай қабылдаған – терең қабылдады дегенді білдірмейді.

8. Белгілі бір нәрсе бойынша достарыңнан жоғарымын деп ойлама, мұрныңды да шүйіруге құқың жоқ!

9. Сенімділікті келесідей түсіну керек: барлығы іспен, қамқорлықпен және достықпен тексірледі.

10. Шешім қабылдар алды, оларды мінсіз орындауға үйрен.

11. Барлық істі нәтиже көркіндетеді. Істе қателесу ұят емес, білмеу және білуге тырыспау ұят.

12. Ескертулер қабылданады, ұсыныстар орындалады.

13. Жаса, ізден, батылырақ қиялдан – шешімдердің орындалу жолдарын ізде.

14. Бүгін шешуге мүмкін және қажет сұрақтардың шешімін ертеңге қалдырма.

15. Шешім қабылдадың ба – орында! Өзгелерге тапсырдың ба – сен! Сене отырып – тексер! Тексере отырып – көмектес! Көмектесе отырып - алмастырма!

Осындай қиын емес ережелерді сақтау басқару мәдениетінің шеберлік пен дағдыларын қалыптастырады, өзіңнің күшің мен әрекеттеріңді өлшемдестіруге көмектеседі, шешімдерді орындауға жауаптылық әдеттерін тәрбиелейді.
12 қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет