« гайденс» ҚЫЗМЕТІ
(АҚШ тәжірибесі)
«Гайденс» қызметі американдық мектепте мақсаттылы әлеуметтендіру жетекшісі болып танылады, 1910 жылдан бастап қызмет етеді. «Гайденстің» тарихи қызметі қоғамның балалар мен жастарды социумға бейімдеу қажеттілігі арқылы пайда болды. Оның қызметтері әлеуметтендіру факторы ретінде білім беру қызметіне барабар. Баланы мектепке даярлау «Гайденстің» басқа міндеттерге қарағанда тар және ерекше міндеті болып табылды.
Заманауи американдық мектебінде «Гайденс» қызметі құрылым бөлігі болып табылады да, оқу үрдісімен қандай байланыста болса, тәрбие үрдісімен сондай байланыста болады: бұл қызмет оқушы тұлғасын бейімдеу және басқарумен шұғылданады. Қызмет атауы ағылшын етістігі «to guide» (жетектеу, басқару, бағыттау) пайда болған. Кең мағынада «Гайденс» сөзін оқушылар да, ересектер де қиын жағдайларда таңдау қажеттілігі, шешім қабылдау немесе жаңа жағдайларға бейімделу қажеттілігі пайда болғанда көмек деп түсінеді.
«Гайденс» қызметі өзінің басты мақсаты деп тұлғаның дамуына ең жақсы көмекті атайды. Нақты көмек оқушының тұлғасы дамуында психологиялық кедергілерді айқындау: оқушылардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне кедергі болатын уәждің жеткіліксіздігі, өзін-өзі бағалаудың сай еместігі, қате бағыттық, ойластырмай жасаған талғау – және оларды жою немесе заласыздандыру болып танылады.
«Гайденс» қызметінің үш негізгі бағыты тұжырылымданды:
1) экономикалық – кәсіби бағдар беру;
2) оқу – оқыту бағдарламаларын таңдау;
3) әлеуметтік – оқушының тұлғасын зерделеу.
«Гайденс» қызметінің ұйымдастыру құрылымы
«Гайденс» психологиялық-педагогикалық қызметі АҚШ мектептік білім беру жүйесінің ажыратылмас бөлігі болып табылады. Оның қызметін министрліктер деңгейінде арнайы бөлім үйлестіреді. Штаттар мен округтар деңгейінде директорлар не қызметтің үйлестірушілері басшылық ететін бөлімдер бар. Әр мектептік округта және жеке сыныптарда өздік «Гайденс» бағдарламасы жасалады. Қауымның мүдделері негізінде оқу бағдарламалары қалай жоспарланса, солай тәрбиелік бағдарламалар да жоспарланады.
Мектептердің көбінде мектеп директоры, оның орынбасарлары, бас каунслер және бірнеше балалар алдында беделді педагогтардан құралған арнайы комитеттер бар. Мұндай комитеттердің міндеттеріне оқушылардың тілектерін зерттеу; шешуде ересектер көмегін қажет ететін мәселелер және «Гайденс» мектеп бағдарламасын онан ары өңдеуі кіреді. Мұндай жоспарлау әдісі оқушылардың даму қозғалысын есепке алуды үнемі жүргізуге және аталмыш дамуға басшылық ететін пелагогтардың әрекетін түзетуге мүмкіндік береді, бұл жүйе икемділігінің дәлелдейді.
«Гайденс» қызметінің ұйымдастырылуы туралы сызбанұсқа-түсінік (1-сызбанұсқа)
1-сызбанұсқа
Әдеттегі орта мектептегі «Гайденс» қызметін ұйымдастыру
«Гайденс» бағдарламасына қатысу үрдісінде мектеп қызметкерлерінің өзара әрекеттестігі жөнінде мәселені қарастыра келе, тәрбие үрдісі деп түсінетін «тәрбие объектінің әлеуметті көздеулі дамуында» олардың барлығы белгілі бір қызметтерді орындайтынын ескере кету жөн.
Мектеп директоры және бағдарлама жетекшісі (үйлестірушісі) бақылау қызметін орындайды. Каунслер мен бағдарламаның басқа қатысушылары арасындағы қарым-қатынас субъекттік-объекттік сипатты.
Каунслерден басқа «Гайденс» қызметінің қатысушылар арнайы тобына ресми қызметкер, психолог, оқушылардың сабаққа қатысуына жауап беретін қызметкер, дәрігер, мейірие, сотпен байланыс бойынша атташе, мұғалім-кеңесшілер, «үй бөлмесінің» мұғалімдері, клубтар мен командалар жетекшілері, ассистенттер-хатшылар.
Бағдарламаның негізгі тұлғасы – каунслер. Ол «Гайденс» қызметінің мақсаттарын жақсы білуге тиіс, балалар және ересектермен жемісті қарым-қатынас құруға қабілетті, зерттеу жұмысына бейімді болуға тиіс. Мектепте бірқатар жауапты міндеттер орындаудан басқа каунслер қоғамда көптеген жеке тұлғалар және ұйымдармен өзара әрекеттестікте болады. Балалар үшін ол кеңесші, жетекші сенімді тұлға, ересектермен келістіруші болып табылады. Педагогтар алдында ол әдіскер, кеңесші қызметін орындайды. Әкімшілік үшін ол – тұлға даму мәселелері бойынша маман, оқу-тәрбиелеу үрдісі басшыларының бірі, мектеп пен жұртшылық арасында байланыс бөлігі. Ата-аналар үшін ол – бала тәрбиесі мен даму мәселелері бойынша кеңесші.
Сонымен, «Гайденс» қызметінің маманы америкалық мектептің тәрбие әрекетінде оқушы тұлғасына әсер ету бүкіл құралына ие жетекші тұлға болып танылады.
«Гайденс» мектеп қызметінің үйлестірушісі қоғамда өз бағдарламасын белсене насихаттайды, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіре келе, беделді топтардың қолдауына жетуге тырысыды. Ол алуан түрлі қоғамдық ұйымдардың әрекетіне белсене қатысады, бұқара ақпарат органдарымен байланысын ұзбейді, себебі бұл да қоғам мен мектеп байланысын нығайту құралы болып табылады (2-сызбанұсқа).
«Гайденс» қызметі әрекетінің негізгі бағыттары және мазмұны
Американдық педагогикалық әдебиетінде «Гайденс» қызметінің сипаттамасы «қызметтер шоқжұлдызы» ретінде кездеседі, олардың ортақ мақсаты «оқушы тұлғасының дамуына жәрдем» болып табылады. Шыныда, каунслер және бағдарламаның басқа қатысушылары өзара әрекеттестігінің айтарлықтай күрделі жүйесінде бес тұрғы немесе құрамдастарын бөліп көрсетеді, оларға сай «Гайденс» бағдарламасы шегінде келесі қызметтер бар: өлшеу, ақпарат, кеңес беру, бағыт пен қызмет нәтижесін бақылау қызметтері. Қызметтің осы құрамдастары әр мектеп бағдарламасы үшін міндетті болып табылады.
1. Өлшеу қызметі (бағалау, кейде түгендеу деп те атайды) аталмыш мектептің әр оқушысы туралы ақпарат жинау және оны тұлғаның дамуын болжау тұрғысынан бағалаумен айналысады. Оны психонақтамалық және болжамдық қызмет деп те сипаттауға болады. Бала мектепке келгенде, оған досье ашады – ол оқушы мектепте болған уақыты бойы «Гайденс» бөлімінде сақталатын папка, карта, қиықшалары бар конверт сияқты құжат. Каунслер педагогтарды, ата-аналарды, қажет етсе, оқушылардың өздерін жүйелі түрде сондағы материалдармен таныстырып тұрады. Басқа мектепке бала ауысқанда, досье сонда жіберіледі.
2-сызбанұсқа
Каунслердің қоғамдағы ұйымдармен өзара әрекеттестігі
Білім бөлімі
Әлеуметтік өкілеттіктер
Жұмыстандыру бойынша өкілеттік
Жеке меншік ұйымдар
Медициналық ұйымдар
Оқушылар отбасы
Топтармен жұмыс бойынша өкілеттік
Бизнес пен өндірістік
Еңбек пен өндірістік бөлімі
Түзету орындары
Діни ұйымдар
Оқу орындары
2. Ақпараттық қызмет «Гайденс» қызметінің бүкіл мәселелері бойынша ақпарат таратуға байланысты. Алайда қызметтің бұл құрамдасы мақсаты тек статистикалық деректер тапсыру емес, оқушылардың қоршаған дүниенің факторларын тікелей жағдайларға немесе келешектегі жоспарларына байланысты түсініп, бағалауға көмектесу болып табылады.
3. «Каунслинг» қызметі (кеңес беру) «Гайденс» қызметінің, бәлкім, ең маңызды бөлігі болар, себебі тек сол ғана бала тұлғасына жекелеген әсер етеді. Қызметтің басқа түрлерімен салыстырсақ, бұнда жартылай мамандар болмайды. Каунслинг «каунслер мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестік үрдісі, ол тұлғаға өзін-өзі және қоршаған ортасын түсіне білуге көмектеседі, соның нәтижесінде келешектегі мінез-құлық мақсаты мен құндылықтары өңделіп, нақталады» деп белгіленеді.
Каунслинг келесі ерекшеліктермен сипатталады: оқушының ақпараттануда, кеңес, нұсқаулық, көмек алуда және ересектер тарапынан түсіністік қажеттілігі туындағанда қарым-қытынас пайда болады. Оқушыға пайда болған мәселені шешу үшін өзінің білімі мен машығы жеткіліксіз болғандықтан, көмек қажет. Каунслер көмекке әзір, себебі ол тек педагогика мен психология, тұлға және мінез-құлықтық ғылымдар саласында арнайы білімдерге ғана ие емес, ол өмірлік тәжірибеге ие. Өз мамандағы бойынша ол бала тұлғасының дамуына жәрдем көрсетуге бейімделген.
4. Жолдама қызметі оқушыларды жұмыстандыру немесе басқа оқу орнына орналастырумен шұғылданады. Жеке мектептерде мұндай әрекетпен кәсіби бейімдеу және жұмыстандыру бойынша арнайы каунслерлер айналысады. Оның міндеті мектепті бітіргендерді, сондай-ақ, оқығысы келмейтін не мүмкіндігі жоқтарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Талай оқушылар отбасылық немесе қаржылық себептермен күндізгі мектепте оқуды тоқтатады, оснау жағдайларда олар жұмыс істейді де, кешкілік қысқартылған бағдарламалар бойынша оқиды. Мұндай жағдайда каунслер өндірісте мамандығын шұғыл игеруге көмектесетін пәндерді таңдап береді.
Мектеп бітірушілерінің сәтті жұмыстануына каунслердің Жұмыстандыру бойынша қызметтің жергілікті бөлімшесімен тығыз байланысы көмек етеді.
Жолдама қызметінің оқушылар мектепті тастап кетудің алдын алуда маңызы зор, ол уақытылы үлгере алмаған оқушыны ауыстырып, мектепті машақатқа түсуден босатады. «Гайденс» қызметінің нәтижелілігі осы кезеңде алдыңғы үш кезеңде қаншалықты жемісті жұмыс жүргізілгеніне айтарлықтай дәрежеде байланысты.
5. Әрекет нәтижесін бақылау қызметі мектеп бітірушілердің болашағын қадағалайды. Ол іске мына түрде асырылады: мектеп бітірушілерге бір, үш, бес жылдан кейін сауалнама таратылады. Мектеп тәрбиеленушілерінің жоспары қаншалықты орындалғанына, «ересектер әлеміне» ауысқанда қандай мәселелер туындағанына, өмірге жеткілікті мөлшерде даяр болғандарына зер салып білуге тырысады. Сондай-ақ, сұрақтар еңбекақы, отбасылық жағдай, әскери міндеті және әлеуметтік, саяси мен діни ұйымдарға қатысын қозғайды.
«Гайденс» қызметкерлері жауаптарды талдай келе, жұмыстың қандай да болсын бағыттары нәтижелілігін қадағалай алады және уақытылы өзгертулер енгізе алады. Жастар мен ересектердің, мектепте болсын, мектептен тыс болсын, өз тәжірибесіне орай әрекеті туралы мәліметтердің көлемді қоры қолданыстағы білім беру жүйесінің осалдығы мен құндылығын бағалауға мүмкіндік береді. Материалдардың жалпы қорытындысы каунслердің ұсынымдары мен оқушының өмірлік жол таңдауы арасындағы байланысын тауып көрсетуге жағдай жасайды. Кей мектептерде Мектеп бітірушілер қоғамдастығы болады, оларда бақылау қызметінің нәтиже қадағалау бойынша міндеттері айтарлықтай жеңілдейді.
«Өмір мансабына даярлық» бағдарламасын бағалу өлшемі
Бағалау келесі параметрлер бойынша жүргізіледі:
-
мектеп бітіруші негізгі академиялық және еңбек дағдыларына ие болуы тиіс;
-
мектеп бітірушіде еңбек құндылығы туралы ұғым қалыптасқан болуы тиіс;
-
мектеп бітіруші мансап таңдап, тиісті жұмыс тауып оған орналасуы қажет;
-
әр мектеп бітіруші тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі бағалаудың бастапқы дағдыларын игеруі тиіс;
-
мектеп бітіруші демалу және сауық құру уақытын қайда және қалай өткізу туралы ұғымы болуы тиіс.
-
мектеп бітіруші саналы, мағыналы қимыл-әрекетке тырысуымен ерекшеленуі қажет.
-
мектеп бітіруші маман ауыстыру мүмкіндігін және осыған байланысты әлеуметтік пен тұлғалық сипатты салдарын сезінуі тиіс.
«Гайденс» американдық мектеп жүйесінде қалыптасқан қызмет мазмұны ғылыми басқару қағидаттарына сай қимыл-әрекетті нақты механизм болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік дамуына, өмірлік жол таңдауына, дүниетаным көзқарасына үнемі мақсатты қалыптастыру ықпал етуін қамтамасыз етеді.
«Гайденс» қызметі жұмысының қалыптары мен әдіс-тәсілдері
«Гайденс» қызметін ұйымдастырудың әр кезеңінде жеке жұмысының қандай белсенді қалып пен әдістері пайдаланылса, топтық жұмыстың да сондай қалып пен әдіс-тәсілдері пайдаланылады да, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты түрленеді (әдіс-тәсіл: сұхбат, тестілеу, өзін-өзі бақылау, өмірбаян, аяқталмаған сөз тікестерін аяқтау, бастауыш мектепте ойын мен ойыншықты жұмыстың жеке және топтық әдісі ретінде пайдалану және т.б.)
Жеке ықпал ету формасы – «ерекше балалар» каунслингі – қызықты. Бұл санатты топқа қалыптан ауытқыған балалар кіреді. Ол топқа ақыл-ес немесе тән кемшілігі бар балаларды, эмоционалдық бұзылыстары байқалған балаларды жатқызады, сондай-ақ, үздік қабілеттері бар, жоғары дарынды оқушылар да осында кіреді. Каунслер жұмысы олармен жеке сипатты болады. Ол жұмыс аталмыш балалардың ерекшеліктеріне қатысты арнайы бағдарлама құрудан, мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, ата-аналармен кеңесуден тұрады. Каунслер мектептен тыс, бірақ қоғам шегінде мамандар көмегіне жиі жүгінеді. Дарынды балалар үшін еі жайлы жағдайлар жасалады.
Американдық мектептерде сабақтан тыс әрекет клуб және үйірмелік әрекеті қағидаты бойынша құрылады. Жарыс-сайыс, музыкалық фестивалдер, пікірсайыстар, шешендер мүшәйрасы, «ғылыми жәрменкелер», кәсіптер жарысы бағдарламалары көпшілікке әйгілі. Мұндай жұмыстың ең көпшілік түрі – жоғары сынып оқушылары көмегімен өткізілетін мектеп конференциялары, ассамблеялар. Осы жұмыс түрлері оқушылардың арнайы мінез-құлқысының тәжірибелік дағдыларын бекітуге арналған нәтижелі құралы болып табылады.
Жұмыстың топтық әдістері тек оқушылармен жұмыс жүргізуге ғана көзделмеген. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс – каунслер жұмысының бір ғана бөлігі. АҚШ-та басылымнан «Ата-ана» атты арнайы жұрнал шығады. «Гайденс» қызметінің ата-аналамен жүргізілетін жұмысы бойынша әрекеті тәрбие жұмысының мақсаттарын түсіндіруге, балалардың жас психотәндік ерекшеліктерін танытуға, ата-аналардың олармен дұрыс қарым-қытынас құруды үйретуге бағытталған. Каунслер қызметінің ерекше тарауы «ажырасқан ата-ана балаларына көмек» бөлімі құрайды, оны іске асыруға дағдарыс ахуалда каунслинг бойынша орталықтар, «Серіктессіз ата-аналар» қоғамы, діни ұйымдар белсене көмектеседі.
«Гайденс» қызметі қызметкерлерінің кәсіби ұйымы АГҚ (Американдық «Гайденс» Қоғамдастығы) өз міндеттері есебіне ғылыми, педагогикалық әдебиет басып шығаруды, «Гайденс» мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қосады. «Гайденс» қызметінің нәтижелілігі, оның ықпалының артуына жұмыстың алуан түрлілігі, оқушылар тұлғасын қалыптастыруда жаңа тұрғылар іздеу себепші болып табылады.
№ 7 қосымша
мектептің отбасымен жүргізетін әлеуметтік жұмысқа сараланған көзқарас
(Ресей Федерациясының тәжірибесі)
Ресей мектебі бүгінгі күні әлеуметтік-педагогикалық жұмыста айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. «Эксперименттік алаңқай-шағын аудан» сандарына, сонан соң РБА әлеуметтік педагогика Орталығына енген Ставропольдағы №7 Буденов орта мектебінің тәжірибесі назар аударарлық.
Ескере кеткен жөн, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыру мәселесіне қатысты түптеп келгенде екі түрлі тұжырымдама бар:
1. қызмет шағын аудандардың арнайы әлеуметтік-педагогикалық орталықтарында ұйымдық түрде, қоршаған социумда тікелей жұмыс жүргізу барысында жас ұрпақ мүддесінің мәселелері шегінде мектеппен өзара әрекеттестікте құрылуы қажет;
2. әлеуметтік-педагогикалық жұмыс орталықтары әкімшілік-аймақтық басқармалар жанында ұйымдастырылған қызметтер емес, мектептер болу керек (№7 ОМ тәжірибесі).
Тұлғаның отбасындағы сапалы әлеуметтендіру ұйымдастыруының негізі – жұбайлар, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасында дау туғызатын себеп пен жағдайларды жою. Бұл мәселені отбасына әсерлі психологиялық-педагогикалық көмек көрсету арқылы шешуге болады. Тұлғаны әлеуметтендіруде отбасы рөлін жоғарлатудың ең бастысы әлеуметтік педагогтар жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру, қоғам мүмкнішіліктерін кеңінен пайдалану (мектептік ата-аналар комитеты, мектептік әкелер кеңесі, отбасы және мектепке жәрдем кеңестері, қамқоршылар кеңестері және т.б.) болып табылады.
Мұндай өзара әрекеттестікте – отбасының мекенжайы бойынша тәрбиелік жұмыс, оның ұйымдастырылуы мен мазмұны өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыру бірыңғай мақсаттармен жалпы педагогикалық қағидаттарына бағынады. В.Г. Бочарованың, Б.З. Вульфовтың, С.И.Григорьевтің, М.П. Гурьяновтың, В.М. Никитиннің, М.М. Плоткиннің, Г.Н.Филоновтың және басқалардың деректері бойынша шағын аудан, тұратын жер ата-аналар мен оқушылар өмір тіршілігінің ортасы ретінде педагогикаландырылғанда, отбасы үшін оның тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыратын мақсатты ізгілік ықпал ортасына айналады.
№ 7 орта мектепте әлеуметтік-педагогикалық жұмыс өзінде құрылған әлеуметтік қызметтер құрылымы негізінде жүргізілді:
-
медициналық- психологиялық-педагогиқалық отбасылық;
-
мәдени демалу мен сауық құру және педагогикалық анимация;
-
тұлға мен отбасын құқықтық және экономикалық қорғау; кәсіби бейімдеу және әлеуметтік бейіндеу;
-
әлеуметтік профилактика;
-
тұлға мен отбасының психологиялық және тәндік денсаулығы;
-
балалар мен жастар бастамасын қолдау мен дамыту.
Отбасылық медициналық-психологиялық-педагогикалық отбасылық қызмет. Бұл қызмет мектепте ең басты болып табылады. Келесі жұмыс жүргізілді: орта зерделенді, соның нәтижесінде шағын аудан сипаттамасы ресімделді; ізгілік-психологиялық ахуалы мен тәрбиелік әлеуетін анықтау мақсатында отбасы нақтамасы бойынша жұмыс жүргізілді. Жинақталған деректер негізінде отбасылар типтерге сараланып, сол типтеріне сәйкес түзету-тәрбиелік бағытты ықпал ету бағдарламалары әзірленді. Отбасылар әлеуметтік тарихтары құрастырылып, отбасылар картотекасы жасалды.
Мәдени демалу мен сауық құру және педагогикалық анимация қызметі - оның негізгі мақсаты балалар мен ересектерді алуан түрлі әрекеттермен (ортақ болуы жөн) қамту.
Осы мақсаттарға байланысты әлеуметтік тәжірибе алмасу балалар мен ересектердің ортақ мәдени-демалу және сауық құру әрекетінің социумындаға ұйымдар арқылы іске асырылуы керек. Бұл әрекеттердің ұйымдастыру формалары алуан түрлі: балалар мен отбасылар мерекелері мен фестивалдерінің түрлі нұсқалары («Ана күні», «Қоныс той» және т.б.), отбасылық ойын жарыстар («Спорттық отбасы», «Отбасы-білімдар», «Музыкалық бөлме» және т.б.), отбасылық ата-аналар газеті, отбасылық қолөнер жәрменкесі, «Еске алу кеші» сипатты оқырмандар конференциясы, «Ұмытқалған есімдер» немесе «Отбасымен демаламыз» - «Заря» халық театрының әртістерімен кездесу; «Ставрополье мое, Ставрополье» брейн-рингі және түрлі нұсқалы балалар, жеткіншектер, аралас отбасылық клубтар моделі мен әуесқойлық бірлестіктер, фольклор ұжымдары, өз күшімен ұйымдастырылған ансамблдер және т.б. Оқушылар мен ата-аналар, аталар, әжелер ортақ жұмыстарының бірі көпшілікке мәлім «Посиделки».
Музыкалық бөлме белсене жұмыс жүргізуде, оның негізінде кезекті кездесулер даярлаған кезде ата-аналар мен балалар біріне-бірі рухани бірлікте болмақ. Бұл үндер таңғажайып әлемі де: «Я помню вальса звук прелестный», «Романса чудное мгновенье», Ставрополь, Пятигорск, Кисловодск қалаларына драмтеатр, филармония, музыкалық концертер, өнер көрмелері мен мұражайларға бару мақсатындағы саяхаттар. Балаларымен бірге ата-аналар «Под музыку осеннего дождя» атты күз мейрамына қатысты. Күзгі гүл шоғы көрмесі ресімделіп, күзге арналған ойындар мен ең жақсы орындалған ән мен тақпақ жарыс-сайыстары жүргізілді.
Ата-аналар көмегімен «Гимназисттікке көтеру» салт жорасы әзірленді. Ата-аналар, педагогтар, оқушылар өсиеттер ойлап тапты.
Педагогтар, оқушылар мен ата-аналармен біріккен іс-шаралар өткізгенде іскерлік ойындар қолданылады, «Қарым-қатынас айналма қақпасы», «Пресс-центр», «Бенефис» сияқты. Олар тек тәрбиелік міндетті ғана орындамай, кеійн оқушылар не ата-аналар кеңестеріне, шығармашылық топтарына қатысатын озаттарды немесе құзіретті, мүдделі, белсенді адамдарды анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта әлеуметтік педагогтар балаларды спортсекцияларына, студияларға тартады. Қызмет мамандары балалар мен жеткеншектердің мәдени-демалу мен сауық құру және спорт әрекеттерінің түрлерімен қамтылуын үнемі есепке алып отырды.
Тұлға мен отбасын құқықтық және экономикалық қорғау, кәсіби бейімдеу және әлеуметтік бейіндеу қызметі оқушылар, ата-аналарға заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда бейінделуге және жаңа экономикалық қатынастарға қосылуға; оқушылардың әлеуеттік мүмкіндіктерін дамытуда өздерінің кәсіби тағдырын қамтамасыз етуге, өз бетімен өмір кешу үшін мамандыққа ие болуға көмек етті.
Негізгі міндет – қоғамдағы экономикалық үрдістерге қатысты белсенді өмірлік тұрғыдан алып қарау себеп тудыру, «мен бейнесі» мамандық бейнесімен ара қатынаста болуын дағдысын тудыру, нарық жағдайында өмірге психологиялық даярлығын ескере келе, кәсіби талғамға негізді қарау болып табылады.
Қызмет оқушылар, ата-аналар және шағын аудан тұрғындарымен белсенді жұмыс жүргізді.
Отбасы мен тұлғанының психологиялық және тәндік денсаулығы қызметі. Оның негізгі міндеті: саламатты өмір салтын насихаттау; балалардың психикалық және тәндік науқастығының себебін анықтау; тұлға, отбасы, дәрігерлер және педагогтар ара қатынасын ұйымдастыру; зиянды әдеттердің алдын алу.
Шағын ауданның оқушылары, мұғалімдері, ата-аналары және тұрғындарымен жүргізілді. Іс жүзінде саламатты өмір салтын қалыптастыру жүріп жатты. Жоғары сыныптарда аталмыш жұмыс тереңдетіліп, кеңейтілді.
Жеткіншек жастар арасында жыныстық тәрбиеге көп назар аударылды («Қыз бала - бойжеткен – әйел», «Ұл бала – жеткіншек – бозбала», «Соз аурулары» және т.б.), алкогольдік, темекі және есірткілік заттар зияндығына («Қалыптасып келе жатқан ағзаға алкоголь мен никотиннің зиянды әсері», «Есірткілі заттар және олардың зияны» және т.б.). 9-11 сынып оқушылары арасында отбасылық өмірге даярлық жағына ерекше назар аударылды (жұбайлар денсаулығының маңыздылығы, жұбайлар арсындағы үйлесімді қарым-қатынас негізі ретінде оны сақтау және нығайту; некесіз жыныстық қарым-қатынастың қауіптілігі және т.б.).
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері. Оқушылар мен ата-аналар үшін түрлі мамандандырылған дәрігерлермен кездесілер ұйымдастырылды (нарколог, венеролог, сексолог, гинеколог, педиатр және т.б.). шағын аудан, мектептерде көпшілікке мәлім денсаулық мерекелері мен күндері бар.
Оқуларды нәтижелі өткізу үшін тақырыпты кино мен бейнефильмдері, слайд және басқа да дидактикалық материалдар қолданды. Қабырға газеттері де белсенді шығарылды. Ересектер мен балаларға арналған «Денсаулық пен спорт» клубы қызмет етті.
Балалар және бозбалалар бастамасын дамыту мен қолдау қызметі әзірлеп іске асырған бағдарламасы – қызмет тұжырымдамасы.
Негізгі бағыт – денсаулық, оқу, өмір салты, бос уақыт, мынадай:
-
Демалыс аймағы, тән және жан күшін қалпына келтіру.
-
Қабілет пен мүдделерін дамыту.
-
Елеулі адамдармен еркін қатынаста болу.
Бірінші кезеңде қызмет мектеп социумында өзара қатынас бөлшектенген нақтамасын жүргізеді (мүдделер, шығармашылық белсенділік, референттік топтар және басқа да), микротоптармен, оқушы тұлғасымен, сынып ұжымымен, педагогтармен жұмыс жоспарын қалыптастырады. Қызмет іс-әрекеті түрлі шығармашылық формалары арқылы іске асырылады: демалу және сауық құру сабақтары, парасатты-тренингілік ойындар, педагогикалық лекторий, лагер оқу жиындары, әлеуметтік-психологиялық тренингтер және т.б.
Әлеуметтік профилактика қызметі.
Бұл қызметтің негізгі міндеттері:
-
гимназия оқушыларының арасында мектептік дезадаптациясының алдын алу;
-
ерекше педагогикалық қамқорға мұқтаж отбасылармен жұмыс жүргізу;
-
аталмыш отбасылардың қажеттілігін, мұқтаждығын, олардың түйінді мәселелерін анықтау, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеп, жұмыс барысында оларды ескере жүру;
-
отбасылық қатынас қызметін, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер ұйымдастыру, мектеп пен үйде жайлы жағдай жасау мақсатында балалар мен ата-аналардың ортақ әрекетін ұйымдастыру;
-
әлжуаз топтар отбасыларының балаларына жазғы демалыс маусымын ұйымдастыруда көмек көрсету, шипажайларға жеңілдікпен жолдама алуға, тегін немесе жеңілдікпен тамақтануға жәрдемдесу;
-
мектептік дезадаптацияны жою мақсатында балаларды жеке оқыту және тәрбиелеуді қамтамасыз ету бойынша пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізу;
-
ересектердің (ата-ана, мұғалімдер) озбырлығынан балаларды қорғау;
-
Достарыңызбен бөлісу: |