М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Теңіз, өзен және әуе тасымалы



бет3/6
Дата24.02.2016
өлшемі460.5 Kb.
#18001
1   2   3   4   5   6

Теңіз, өзен және әуе тасымалы.

Теңіз және өзен тасымалы саяхаттың ең көп таралған түрі. Теңіздерде саяхат жасау 20 ғасырдың 70 жылдарынан басталады. 1980 жыл мен 1990 жылдар аралығында АҚШ 3 млн долларға саяхат жасайтын кемелер жасап шығарды. Саяхат жасау маршруттары көбейді. Оның басым бөлігі Европа елдеріне грек, итальян, норвег, дания, ағылшын кемелері саяхат үлкен үлеске ие.

Әуе тасымалы туризмде алыс қашықтықтарға саяхатшыларды тасымалдауда маңызы зор. Қызмет ету бағасы қымбат, бірақ баратын жерге жылдам жеткізетіндіктен бұл көлік түріне сұраныс көп. Жылдан-жылға көбейе бермек.

Тексеру сұрақтары:


  1. Темір жол тасымалының туризмдегі ролі.

  2. Қазіргі заманға сай поездар қайжылдан бастап қызмет ете бастады.

  3. Шығыс экспресінің маршруты қандай болды.

  4. Әуе тасымалының туризм дамуындағы маңызы.

Қолданылған әдебиеттер: №2, 252-271 беттер

12 Дәріс



Тақырыбы: Әлемдік туризм индустриясының дамуының негізгі концепциялары және Қазақстан Республикасы үшін маңызы.

Мақсаты: Әлемдік туризм индустриясының дамуының негізгі концепцияларына сипаттама беру.

Тірек сөздер: индустрия, ұйым, саяхат

Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалықмаңызын баяғыда түсінген. Сондықтан 20 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап түрлі сипаттағы комиссиялар туристік ұйымдар туризмнің тиімді дамуын қарастырып, 2025 жылға қарай туризм қалай дамиды деген сұраққжауап іздеуде.

Европалық одақ комиссиясы туризм аясы дамыған көптеген мемлекеттердің іс-әрекетін қорыта келіп, 2000 жылға дейінгі кезеңде туризмнің дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасады. Онда төмендегі мәселелер қамтылды.


  1. Европаны туризмнен түсетін пайда үшін үлкен бәсекелестік күтіп тұр, сондықтан Европа туризм индустриясы көрсететін қызметтердің сапасын көтеру керек.

  2. Саяхаттың барлық түріне, әсіресе 1-ші кезекте көлік шығыны көбейеді.Саяхат жекелік сипат алады.

  3. Сапарлар саны Европада Америкаға, Азияғдан Океанияға секілді континентаралық саяхаттар есебінен өседі.

  4. Әуе көлігін пайдалану артады, ыңғайлы, тікелей рейстер саны артады.

  5. Топтық жанұялық демалыс азайып, адамдар демалудың әлдеқайда сан түрлі бағдарламалар таңдайды.

  6. Басқалардан гөрі егде жастағы кісілер мен жастар белсенді саяхаттайтын болады.

  7. Қоршаған ортаның тазалығы туристерді тартудың әсіресе ауылдың және су жағасындағы аудандардың басым факторы болады.

  8. Рынокта маркетингтік істі нақті жүргізу керек болады.

Тексеру сұрақтары:

1. Әлемдік туризмнің дамуында,алда күтіп тұрған мәселелер.

2. Қазақстанда туризм даму деңгейі.

Қолданылған әдебиеттер: №3, 494-496 беттер.

13-14 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында туризм индустриясының дамытудың концепциясын негіздеу.

Мақсаты: Қазақстанды туризмнің даму деңгейіне сипаттама беру.

Тірек сөздер: Қазақстандағы туризм, рекреация, комерциялық туризм, экономика.

Соңғы 10-12 жыл ішінде Қазақстан Республикасының туризмінің дамуын төмендегідей екі көрсеткішпен сипатталады.



  1. Экономикалықтуризм (оның тиімділігі туристік іс-шаралардан түскен табыстармен өлшенеді) бұрын сауықтыру, танымдық және қарым-қатынастық қызметтер атқарған әлеуметтік туризмнен тауы басым болып келеді.

  2. Туризмге арналған мемлекеттің және кәсіподақ қаржысының барынша қысқарғандығы яғни соның салдарынан ішкі туризмнің жойылуы.

Экономикалық туризмнің Республикада негізгі үш бағыты бар 1. Қазақстан азаматтарының шет елдерге комерциялық сапарлары. 2. Азаматтардың рекреациялық танымдық мақсаттағы шетелдік сапарлары. 3. Шет елдік азаматтардың Қазақстан және шекаралас мемлекеттермен саяхаттың тәсілімен турлар жасау. Комерциялық туризм 1990 жылдардың басында ерекше қарқынды дамыды. Бұл еліміздің экономикасына, әлеуметтік жағдайына қыруар зиян келтірді. Себебі шетелден алынып келген тауарлар, отандық өнімдерге бәсекелестік тудырады, ұлттық өндірістің қысқаруына, халықтың жұмыспен қамтылуына кедергі келтіреді. Мысалы:Араб әмірлігі Дубайға Жылына 100 мың турист барады. Яғни олардың әрқайсысы Дубайда 5-7 мың доллар қалдырады.мемлекеттік органдардың туризмді тиімді түрде үйлестіріп отырмауы туристік фирмалардың транспорттық және басқа ұйымдармен ынтымақтастығынаң болмауы. Әлі күнге дейін шет елден туристер қабылдайтын турфирмалар да, біздің шет елге жіберетін фирмаларда салықты бірдей төлейді. Бұл басқа елдің экономикасын дамытып, еліміздің экономикасы дағдаысқа әкелуде. Мамандардың пікірінше Қазақстан шетелге жылына 4 млрд доллар алып кетеді.

Әлі күнге дейін туризм экономиканың қосалқы саласы ретінде саналып, денсаулық, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне қоғамдық шығындарды жұмсаудың өсуін тежейтініне есепке алынбай келеді.

Тексру сұрақтары:


  1. Қазақстанда туризм даму деңгейі.

  2. Қазақстанда туризмнің дамуына әсер етіп отырған факторлар.

  3. Комерциялық туризмнің мемлекет экономикасына тигізетін кері әсері.

  4. Жақын шетелдермен туризмді дамыту мақсатында келісім шартқа қай жылы қол қойылды.

Қолданылған әдебиеттер: №3, 145-164 беттер

15 Дәріс



Тақырыбы: Қорытынды.

Мақсаты: Халықаралық туризмнің ғылымдар саласындағы маңызы.

Тірек сөздер: феномен, туризмтану, туризм индустриясы.

Туризм- басты феномен, оның потенциялы, басты әлеуметтік мақсаты адам өмірін ұзарту және сапасын жақсарту. Қазіргі туризмнің феномені- адамға қоршаған ортаның көзбен көру арқылы танымын кеңейтуге мүмкіншілік жасау, туристік саяхатқа шығушылардың санын арттыру. Туризмнің негізгі қызметтері уақыт өте келе маңызын жоғалтты, бірақ Жер бетіндегі адамдардың өміріне тиімді әсерін күшейтті. Туризмтану теориясының ең басты мәселлерінің бірі – адам баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруып тұруға әуелде неліктен талпынғандығының мақсат-мұратына түсіну. Бұл мәселені түсіну- шешу туризм тарихы саласын зерттеудің негізгі мақсаты, өйткені ол арқылы әлемдік және өңірлік туризм индустриясының өзара байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді.

Әлемнің және Қазақстанның туризмінің даму тарихын ұқыпты ғылыми негізде талдағанда ғана талдағанда халықаралық туризмнің теориясын жасауға, жетілдіруге болады. Толыққанды теориялық талдаулар ғана отандық туристік индустрияның тиімді болуына мүмкіншілік туғызады.

Тексеру сұрақтары:



  1. Феномен ұғымының түсінігі.

  2. Туризмтану теориясының басты мәселелері.

  3. Қазақстан туризмі неліктен дұрыс дамымай отыр.

6. Семинар сабақтарының жоспары,

1.Халықаралық туризм тарихы мен географиясы.

2. Адамзат тарихы және алғашқы саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері.

3. Көне және орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы.

4. . Көне және орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы.

5. Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасуы.

6. 20ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы.

7. 20ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы

8. Туризмнің Ресей империясында дамуы.

9. КСРо-да туризмнің даму тарихы.

10 Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің даму тарихы.

11. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің даму тарихы.

12. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және даму мәселелері.

13. ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және даму мәселелері.

14. Туризмнің қазіргі әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін арттырудың жолдары.

15. Туризмнің қазіргі әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін арттырудың жолдары.



7. Семинар- 1

Халықаралық туризмнің тарихы мен теориясы

Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері.Көне және отра ғасырлардағы туризмнің туу тарихы.Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасуы.1991 жылға дейін Ресей және КСРО жеріндегі туризмніңтдаму кезеңдері.Қазақстандағы туризмнің даму тарихы және оның негізгі сатылары.

ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оның дамуының мәселелері.

Курстың негізгі мақсаты – студенттер бойында әлемдегі, Қазақстандағы ұйымдасқан саяхаттардың даму тарихынан білімдер жүйесін қалыптастыру,соның негізінде қазіргі халықаралық туризмнің басты әлеуметтік құбылыс екндігінің даму теориясын сіңіру, алған тарихи және теориялық білімдерді отандық туризм индустриясын жетілдіруге жұмсауға үйрету.

Бағдарламалық материал

1-тақырып. Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік қызметтері.

Туризмнің әлеуметтік феномен ретінде түсіну.Ішкі және халықаралық туризм түсініктері.

Туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтеріне сипаттама: танымдық, денсаулық, әлеуметтік -қарым-қатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалдық- психологиялық, шығармашылық,қажылық.

2- тақырып. Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеметтік экономикалық себептері.

Туризм тарихы түсінігі, оның зерттеу пәні.Туризм тарихы мен қосалқы тарих пәндерінің байланысы.Адамзат тарихының негізгі кезеңдерінің жалпы сипаттамасы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеуметтік экономикалық себептері.

Адамның жануарлар әлемінен бөлінуі және адам ақылының қалыптасуы.Адамның өндірістік еңбегінің басталуы. Адам еңбегінің бөлінісінің 3 кезеңі және адамның құрлық пен суда ұйымдасқан саяхаттарының басталуы.

3-тақырып. Көне және орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы.

«Туризм» және «саяхат» түсініктерінің өзара байланыстылық негіздері.Алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың болғандығын айқындайтын деркетер Геродот, Страбон, Клавдий Птолемей

Семинар сұрақтары:

1. Курстың негізгі мақсаты

2. Курсты оқытудың материалы неше тақырыптан тұрады?

3. 3 тақырыпта туризмнің қай кезеңі қарастырылады?

Семинар-2

Адамзат тарихи және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың

әлеуметтік-экономикалық себептері

Туризм тарихы дегеніміз- саяхаттардың ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму заңдылықтары жатады.

Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография, этнография және т.б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді.

«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде ХІХ ғасырда ғана тұрақтала бастады.Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды.Қазіргі туризмтануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды.

Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм кеңестік кезеңде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық қаржы жұмсалды.Сол кезде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың туристік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттелді де, туризмнің қалыптасу тарихы ереше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырылды.

Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады.Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметтік-экономикалық себептерімен байланыстырмады В.Б.Сапрунованың басқалардан басты ерекшелігі-туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:

1-кезең «туризм тарихының алды» деп те атайды;

2-кезең элитарлық туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы;

3-кезең бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы;

4-кезең бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы;

Туризмнің дамуының әртүрлі кезеңде дамуының дәуірге бөлуге техникалық- экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.

Семинар сұрақтары:

1. «Туризм» термині қай ғасырдан бастап тұрақтала бастады?

2. В.Б.Сапрунов туризмді неш кезеңге бөлді?

3. Туризм тарихы қай ғылымдар салаларына сүйенеді?

Семинар-3

Көне және орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы

«Туризм» термині әлемнің түрлі халықтарының тілінде ХІХ ғасырға қарай ғана тұрақтады.Көне және орта ғасырларда адамдар «саяхат» деген терминді қолданып келді. С.И.Ожеговтың «Словарь русского языка» еңбегінде «жол» сөзіне кеңістіктегі қозғалыс болып жататын сызықты, қимыл-қозғалыстың бағыиы деген түсіндірме жасалады.Әуелде «саяхат» сөзі жолмен жүру,яғни уақыт пен кеңістікте белгілі бір бағытпен жаяу орын ауыстыру деген мағынада қолданылған.

Саяхат- адамның күрделі де сан салалы іс-әрекеті, сондықтан да «саяхатшы» болып көне заманнан бері саудагерлер, қажылыққа барушылар, теңізшілер, зерттеуші ғалымдар, авантюристер және табиғат ландшафтына қызыққандар саналған.Қазіргі туристер де саяхатты жоспарлау барысында күрделі мұраттар мен мақсаттарды басшылыққа алады.Түйіндей келгенде,іс әрекеті туризммен де,саяхатпен де байланысты адамдардың сыртқы да, ішкі де мұраттары сәйкес болады, яғни адамның маңызды қажеттіліктері болып табылады.

«Туризм» және «турист» ұғымдары қоғамдық санада ХVІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басында әбден орнықты.Шамамен осы кезеңде Францияда француз тілінің сөздігінде «турист» ұғымына «қызығушылықтан туындаған саяхатпен уақытты өткізу» деген анықтама берген. 1838 жылы Ф.Стеньдалдың «Туристің жазбалары» деген еңбегі шығады, сондықтан да «турист» деген сөзді ойлап тапқан Стендаль болып саналады.

Зерттеуші Г.С.Усыскиннің ойынша, «туризм» термині ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Англияда пайда болған.Бұдан басқа да зерттеушілер бұл ойды шет ел ғалымдарының еңбектеріне сілтеме жасай отырып түйіндейді.

Көне гректің б.д.д VІ –V ғасырлар шегіндегі географиялық түсініктерін Гекатей Милетскийдің «Обозрения Земли» атты еңбегінің сақталған үзінділері бойынша елестетуге болады. Атақты экономика тарихшысы А.М.Петровтың «Великий Шелковый путь» атты кәтабында Гекатей екі жарым мың жыл бұрын қамтығандеректердің қазіргі географиялық картасын жасалды.Бұл реконструкцияланған картада кіші Азияның , Қара және Азов теңіздерін шекаралары айқын көрінеді, Қызыл теңіздің аумағы, Араб түбегінің ,Тигр мен Евфрат өзендерінің контурларын шын шекаларына жуық.Гекатейдің картасынан Үндістанды табу қиын, дегенмен де оның батыс жақ бөлігінде Инд өзені белгіленген.Шығыс Индостан мен Қытай картада жоқ.

Семинар сұрақтары:

1.Көне және орта ғасырларда адамдар туризмнің орнына қандай терминді қолданып келді?

2. «Туризм» және «турист» ұғымдары қай ғасырларда әбден орнықты?

3. Турист ұғымын ойлап тапқан кім?



Семинар- 4

Көне және орта ғасырлардағы туризмнің туу тарихы

Геродотты «тарихтың атасы» деп атайды.Оны географияның да атасы деп есептесе еш әділетсіздігі болмас еді.Ол өз оқырманына атақты «Тарихынында» белгілі де, белгісіз де Көне Әлемді , кейде өз ойынан шығарылған дүниені , яғни өзіне белгілі болған әлемнің барлық үш бөлігін таныстырды.Геродот: «Менің бір түсінбейтінім –неліктен тұтас жерге үш атау берген ?!»-дейді. Ол үш атау: Европа, Азия және «Ливия» деп аталған Африка.

Геродот б.д.д 484 жылдың шамасында кіші азиялық қала Галикарнес қаласында дүниеге келген.Ол жан-жақты сауда байланысы бар, бай да атақты отбасында дүниеге келген.

Геродотты арманы өз замандастарына әлдеқайда кең көлемді болған, ол мықты мемлекет болған халықтар, гректерден өркениетті болған елдер жөнінде білгісі келді.оны сонымен қатар басқа елдердегі әр түрлі және жабайы көрінетін әдет-ғұрыптар қызықтырды.Осыдан келіп, ол сол кезде гректердің өздері аз білетін парсы соғысының тарихын, Грецияға шабуыл жасаған барлық халықтар туралы кең көлемді зерттеу жүргізді.

Ол Нілдің тасуы негізінде жасаған Египетте саяхатының маршрутының орнын толықтырды.Ол алыс өңірлерге көптеген саяхаттар жасап,өз көзімен көріп,өз аяғымен жүріп өтті, әрине,атпен,есекпен жүрген,қайықпен жүрген кездері де аз болмады.

Ол храмдардан жазуларды аударды, абыздардан перғауындар тарихы туралы сұрағыштады.Египеттіктердің діни мерекелеріне қатысып, олардың түрлі бояулы киімдеріне және шаш қою әдеттеріне таңырқады. Пирамидаларға тап болып, оның әрбір сатысын адамдарымен өлшеп, өз өлшемдерінде ешбір қате жібермеді.

Геродот өзінің «әлемді айналу» саяхатын Вавилониядан бастап, онда қлы қала Вавилонның квадрат пішінді қабырғалары мен қорғандарын көрді.Бұл қабырғалардың периметрлік ұзындығы сексен бес шақырым болатын. Геродот Вавилонды өте үлкен қала ретінде сипаттайды. Шындығында да Вавилон - ол көрген қалалардың ішінде болсын, көне әлемнің өз кезегінде ең үлкен, көлемді қала еді.Онда тікбұрыш болып қиылысатын түзу көшелер туралы әңгімеледі.Вавилондағы өз елінде көрмеген үш, төрт қабатты үйлерге сүйсінеді.Геродот Вавилонды зерделеп болған соң,Персияға аттанады.

Семинар сұрақтары:

1. Геродот Ніл мен жоғарғы жүзіп Эльфантина аралына қай жылдары барды?

2. Геродоттың : Менің бір түсінбейтінім –неліктен тұтас жерге үш атау берген ?!»-дейді. Ол үш атау қалай аталады?

3. Геродоттың туризмнің туу тарихына қосқан үлесі?

Семинар-5

Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасуы

Жалпы тарихтың орта ғасырлар дәуірінң соңғы кезіне ұлттық мемлекеттердің қалыптасуына байланысты зайырлы билік бекіп, феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар біртіндеп құрыла бастады.феодалдық және енді қалыптасып келе жатқан капиталистік укладтардың қайшылықтардың күшеюі европалық мемлекеттердің өз ішінде өнеркәсіптік өндірісті дамыту саясатын табанда түрде жүргізуіне әкеліп тіреді.

ХV ғасырдың ІІ жартысында европалық мемлекеттерде шексіз монархияның туындауы өнеркәсіптік тауарлардың ішкі және сыртқы рыноктары негізінің біртіндеп қалануына жағдай жасады. Дамудың буржуазиялық жолы адамдардың крепостнойлық тәуелділіктен ада болуына ғана емес, бастапқы капитал қорының , шикізаттың жаңа көздерінің және табарды өткізу рыногының еркін болуын талап етеді.Бірақ европалықтардың бұрынғы құрлық және теңіз жолдарын пайдаланып, оңтүстік шығыс Азияға шығуға түріктердің жаулап алуы мүмкіншілік бермеді. Сондықтан Потугалия ірі теңіз державасы ретінде Африканы айналып өтетін оңтүстік жолдарын, Испания мен Англия Европадан азияға Атлантика мұхиты арқылы баратын батыс жолдарын іздей бастады.

Ұйымдасқан саяхаттар тарихында «Теңізде жүзгіш» деген лақап атқа ие болған Португалия принці Генрихтің алатын орны ерекше. Оның жетекшілігімен көптеген тәжірибелі теңізшілер дайындалып, корабль жасау ісі дамып , Африканың батыс жағалауы 3500 шақырымға дейін зерттеліп , картаға түсірілді

Осы португалдықтар компасты, арабтардан алған ай мен күннің жайын,ендігін есептейтін бұрыш өлшегіш аспапты жетілдірді.

Испандықтардың зерттеушілік саяхаттардың дайындаушы басқа елдердің ғалымдары болды.Мәселен, неміс географы Мартин Бехайм 1492 жылы үлкен глобус, неміс ғалымы сонымен қатар күннің биіктігіне қарап бағдар алудың әдісін ойлап тапты.

Итальян астрономы Паоло Тосканелли де Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ілімді жақтады, ол Үндістанға ең қысқа батыс жолын ашты деген пікір бар.Сондықтан да америка жағалауларын алғаш ашушы Х.Колумб М.Бехайм және П.Тосканеллилермен саяхатқа шығар алдында хат жазысқан.

Х.Колумб бұл жаңалықтары португалиялықтарды дүр сілкіндірді.Сондықтан да болар, португал королі І Мануэль Үндістан экспедициясына жас дворянин Васко до Гаманы жетекші етіп тағайындады.

Семинар сұрақтары:

1. Итальян астрономы Паоло Тосканелли қандай ілімді жақтады?

2. Португал королі І Мануэль Үндістан экспедициясына жас дворянин етіп кімді тағайындады?

3.Х.Колумб Азияның жағалауы деп санаған арал?

Семинар – 6

ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық

туризмнің дамуы

ХХ ғасырдың басы жаппай туризмнің қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл процесс әсіресе І дүниежүзілік соғыстан аоң ұйымдаса түсті. Туризм тарихшылары мұны жалпы халықтық және әлеуметтік туризмнің пайда болуымен байланыстырады. Жаппай туризм деп мұнда туристік іс-әрекетпен халқының деншілігі немесе тең жартысы шұғылданатын елдерді санау қажет.

А.А.Крючковтың пікірінше, халықтық туризм дегеніміз – туристік іс - әрекетпен халықтың табыс көзі төмен өкілдерінің өз қаржылық мүмкіндіктеріне орай туризмнің ең арзан түрін таңдауы екен. Ал әлеуметтік туризм деп мелекеттік қазынадан немесе басқа көздерден қаржылық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаржыландыратын саяхаттарды атайды.

І дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризмнің жаппай сипат алуына әсер еткен ол – автомобиль, самолет секілді көлік құралдарының туристік деңгейде қызмет ете бастауы.Ал әлемде ХХ ғасырдың басында туризмнің жаппай сипат алуын кедергі болған басты себеп – халықтардың көпшілігінің кедей күйде болуы және төлемді еңбек демалысының болмағандығы. Осыдан көптеге адамдардың туристік іс-әрекеттерге қатысуы аз болғадығын байқатса керек. Тіпті экономикасы басқа елдерге қарағанда алдыңғы қатарда болған Англияның өзінде ірі өнеркәсіп орындарының жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек демалысы жылына 1903 жылы 1-2 апта ғана болады.Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек демалысы 1908 жылы бастап қызметі үш жылдан асса ғана 6 күн берілетін. Мұндай жағдай еңбекшілердің наразылығын тудырып, олар біртіндеп жұмыс берушілерге демалысын жақсартатын шарттарды орындата бастады.Сонымен қатар І дүниежүзілік соғыстан кейін жұмысшылардың туристік қозғаласы өрістеп, оларды кәсіподақтар мен социал- демократиялық партиялар ұйымдастырып, өздерінің туристік бюроларын құрып, туристерді жайғастыратын қаражаттар шоғырланды.Мұндай қозғалыстар әсіресе Германияда, Швейцарияда және Австралияда кең өріс алды.

Семинар сұрақтары:

1. А.А.Крючковтың пікірінше, халықтық туризм дегеніміз не?

2. ХХ ғасырдың басында туризмнің жаппай сипат алуын кедергі болған басты себеп

3. І дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризмнің жаппай сипат алуына әсер еткен жағдайлар?



Семинар- 7

ХХ ғасыр мен қазіргі кезеңге дейінгі халықаралық

туризмнің дамуы

Германияда национал-социалистер «ұлт бірлігі » идеясын демалу мақсатындағы жаппай туризм арқылы іске асырып, бұл іс-әрекетті национал-социалистердің «Қуаныш арқылы күш дарыту» деген арнайы ұйымы арқылы бағыттап отырды.1933 жылы иппериялық туризм жөніндегі комитет негізделіп,ол ағарту және үгіт –насихат министріне бағынышты болды.Герман мемлекеті демалу мақсатында ұйымдасқан толық сапарларға , круиздерге, теміржол саяхаттарына көмек көрсетіп отырды.Саяхаттардың қалта көтерерлік құны алғашқы «туристік серпелістің» өсуіне жағдай жасады.

ХХ ғасырдың ІІ жартысында қоршаған ортада көптеген өзгерістер болды.П.Г.Олдак айқындағандай, статикалық өмір типінің, яғни халықтың басым көпшілігінің тұрған жерінен жылжымай, отыра беруінің орнына жаңа динамикалық өмір салты ене бастады.Өзгермелі өмір салты миграциялық процестердің ерекше өсуімен сипатталады.

КСРО Ғылым академиясы географтарының деректеріне қарағанда, әлемдегі елдердің барлығын қоса есептегенде, шет елдерде 1950 жылы – 25,3 млн.адам , 1968 жылы – 141 млн.адам, яғни жер шары халқының 4 % - ы турист болыпты.

Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің ынтымақтасуында, өзара мәдени игі әсер етуде ерекше рөл атқарады.Туризмнің дамуы халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, өнеркәсібі дамыған және дамушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді шешуге де пайдасы зор.Туризм ісі дамыған елдердің туризмнен табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінің 10-нан 35-ке дейінгі пайызын құрайды.

БҰҰ мен ЮНЕСКО 60-70 жылдарда-ақ туризмді дамыту дамушы елдердің ең қиын әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешудің «таңғажайып әсерлі шансы» деп есептеген.Дамушы елдер жаңарып келе жатқан халықаралық туризм рыногына өз ресурстарын шығару арқылы өздеріне қажетті тұрақты валюта табудың, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, өз экономикасын жұмылдыра білудің жолын тапты.

Осылайша, халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін кеңейтті.Дамып келе жатқан туристтік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық аяда ғана емес әлемдік масштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті.Мұндай ұйым 1898 жылы Люксембургте алғаш рет ұйымдастырылды.

Семинар сұрақтары:

1. 1898 жылы Люксембургте алғаш рет қандай туристік ұйым ұйымдастырылды?

2. Туризм жеделдеуінің көрсеткіші дегеніміз не?

3. ХХ ғасырда халықаралық туризмнің дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет