М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Тақырыбы:Ішкі маркетинг. Әдебиет



бет2/6
Дата24.02.2016
өлшемі460.5 Kb.
#18001
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы:Ішкі маркетинг.

Әдебиет:№2.510-511беттер.

4.Пәннің әдебиетпен қамтамасыз ету картасы.



Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Н.И.Кабушкин,А.П.Дурович. «Организация туризма».Минск,2003г

2. И.А Рябова, Ю.В Забаев, Е.Л Драчева «Экономика и организация туризма: Международный туризм».Москва, 2005г



3. В.Н Вуколов «Халықаралық туризмнің тарихы мен теориясы».Астана . 2005 ж

Қосымша әдебиеттер.

1.В.А Квартальнов «Туризм» Москва 2002 г

2. И.И. Бутко, Е.А Ситников, Д.С. Ушаков «Туристический бизнес.»Растов-на Дону 2007 г

3. География между народного туризма. Стран СНГ и Балтии. Минск, 2004 г

4. География международного туриззма. Страны зарубежного мира. Минск. 2003 г.

5.География международного туризма втаблицах, графиках икартосхемах.



5. Дәріс кешені

1 Дәріс



Тақырыбы: Кіріспе.

  1. Туризмнің мәніне сипаттама.

2.Туризмнің статистикалық сипаттамасы.

Мақсаты: Туризм ғылымының зерттеу саласына сипаттама беру.

Тірек сөздер:туризм, саяхат

  1. Кіріспе

Тарихтан белгілі адамзат көптеген ғасырлар бойы, сауда-саттық жасау мақсатында жаңа жерлерді иелену үшін, басқа да адамзатқа қажетті ресурстарды табу мақсатында саяхат жасады. Саяхат жасау термині, адамзаттың алдына қойған мақсатына жету барсысында кеңістікке таралуы, араласуы. Саяхаттың түрлерін – туризм деп атайды.

Туризм (француз тілінен аударғанда- серуендеу, қыдыру немесе сапар, жол жүру) Туризмнің тарихын 4 этапқа бөліп қарастырамыз.

1-ші этап- 19-шы ғасырдың басына дейін. Таңдаулы туризм (элитарлық туризм). Бұл кездегі туризм жабайы түрде дамыды.

2-ші этап- 19-шы ғасырдың басына дейін. Бірінші дүние жүзілік соғыс, ұлы октябрь революциясына байланысты транспорттық өзгерістер 1-ші саяхат жасау бюросының пайда болуы.

3-ші этап. Екі дүние жүзілік соғыстың аралығындағы мезгіл. Жалпы туризмнің дами бастауы.

4-ші этап. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезең. Жалпы туристік мәлімет бойынша туризм тұрғылықты жер мен қызметке байланысты емес, халықтың көшіп-қону миграциясын қарастырады. Туризмді статисткалық тұрғыда индустрияның қалыптасуы.



2.Туризмнің статистикалық сипаттамасы.

Статистикалық зерттеу 20 ғасырдан қолға алынды. 1954 жылы БҰҰ берген анықтамасы бойынша – бұл үнемі белсенді қозғалыста болатын, денсаулықты нығайтату, адамның физикалық тұрғыда дамуын арттыру болып табылады. Туризмнің негізгі сипаттамалары:

- Күнделікті ортадан, басқа жерге кету.

- Уақытша орын алмастыру

- Саяхаттың мақсаты

Тексеру сұрақтары:

1.Туризм ғылымының зерттеу нысаны.

2.Туризм ұғымының анықтамасы.

3.Туризмнің даму тарихы.

4. Туризмнің статистикалық анықтамасы.

Қолданылған әдебиеттер: №1, 5-19; №2, 2-5 беттер


  1. 2 дәріс

Тақырыбы: Туризмнің маңызы оның әлеуметтік-экономикалық категориялары.

  1. Туризм әлеуметтік экономикалық жүйе.

  2. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар.

Мақсаты: Туризмнің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне анықтама беру.

Тірек сөздер: экономика, аймақ, жүйе

1.Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе.

Швейцариялық зерттеуші К.Каспардың зерттеуі бойынша туризм екі субсистемадан тұрады.

-туризм субьектісі-мұнда турист өзінің қажеттілігін өтеу үшін, мүмкіндіктер іздейді, жағдайын жасайды.маманданған туристік ұйымдардың қызметін алуға тырысады.

- туризм обьектісі – ол үш элементтен тұрады, туристік аймақ, туристік өнеркәсіп және туристік ұйымдастыру.

Туристік аймақ дегеніміз – бұл территория, саяхатшылардың сұранысын қанағаттандыратын , саяхатшыларды қызықтыратын, өзіне тартатын обьектілердің болуы шарт.

Қазіргі кезде Бүкіл әлемдік туристік ұйымдардың шешімі бойынша бес туристік макрорегион бар.



2.Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар.

Туризмге әсер етуші факторлар екіге бөлінеді.

-сыртқы (экзогендік)

- ішкі (эндогендік)

Туризмнің дамуына әсер етуші сыртқы факторлар:


  1. Табиғи географиялықжағдай ( теңіз, тау, орман, өсімдік, жануарлар, ауа-райы және т.б)

  2. Мәдени-тарихи ескерткіштер, архитектуралар, тарих және мәдениет дамуы.

  3. Экономикалық фактор мемлекеттің экономикалық дамуы, сол елде туризмнің дамуына негізгі әсер етуші фактор.

  4. Әлеуметтік фактор туризмді дамыту үшін 1-ші кезекте халықтың бос уақытын, демалыс уақытын көбеейту ұйымдастыру қажет. Бос уақыттың болуы туризмнің дамуына әсер етеді.

Тексеру сұрақтар:

  1. Туризм субьектісі ұғымына анықтама беру.

  2. Туризм обьектісі ұғымына анықтама беру.

  3. Экологиялық фактор дегеніміз не.

  4. Саяси факторға анықтама беру.

  5. Қолданылған әдебиеттер: №1, 15-30 беттер

3 дәріс

Тақырыбы: Туризмнің маңызы және оның негізгі әлеуметтік-экономикалық категориялары.

  1. Туризмнің классификациясы.

  2. Туризмнің міндеттері.

Мақсаты: Туризм классификациясы мен міндеттеріне анықтама беру.

Тірек сөздер: классификация, функция, категория.

  1. Туризмнің классификациясы.

Туризм өзінің ерекшеліктеріне қарай: үлгі, категория, түр және формаларға бөлінеді. Бүкіл әлемдік туризм ұйымдарының шешімі блйынша туризм келесі үлгілерден тұрады.

Ішкі- кез-келген елдің халқының өз елінде саяхат жасауы.

Кірушілер (кірме) – кез - келген елде саяхат жасаушы кісі, бірақ олелдің азаматы емес.

Шығушылар (шығып кетушілер) – кез-келген елдің тұрғындарының басқа елде саяхат жасауы.

Туризм категориялары:

-Кез-келген елдің аумағында туризм ішкі және кірушілер (кірме) туризмі.

-Ұлттық туризм, ішкі және шығушылар туризмі.

- Халықаралық туризм, кірушілер және шығушылар.

Туризм түрлері саяхаттың мақсатына қарай жіктелінеді.

-Рекреациялық – бұл туризм түрі ең кең таралған. Демалу, емделу, физикалық, эмоционалдық, психологиялық күштерді қалпына келтіру. Бұл туризм өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Онда көңіл-көтеру программалары театр-кино, фестивальдар, карнавалдар және қызығушыларға аңға шығу, балық аулау, музыкамен және творчествомен айналысуға болады.



2. Туризм міндеттері.

Маниль декларациясы бойынша дүние жүзілік туризм: мемлекет тұрғындарының халқының өміріне білім, мәдениет, әлеуметтік жағдайына және халықаралық байланысына әсер етуші өте маңызды фактор болып саналады. Туризмге: экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық функциялар тән. Экономикалық міндеттерге – туристердің қажеттілігіне қарай сұраныстың болуы.

Адам өмірі үш фазаға бөлінген- жұмыс, үй және бос уақыттың болуы. Соңғы кездері соңғы фазаның маңыздылығы артуда. Бос уақыттарға алдын-ала ақы төленеді.Гуманитарлық туризм – барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.Туризм адамның ой-өрісін дамытып демалы, қоршаған ортаны танып-білуге көмектеседі.

Сонымен қатар туризм халықтар арасындағы достық қарым қатынасты нығайтуға өз үлесін қосады.

Тексеру сұрақтары:


  1. Туризмнің классификациялары.

  2. Туризм категориялары.

  3. Танымдық туризмге анықтама беру.

  4. туризмнің негізгі атқаратын қызметтері.

  5. Қолданылған әдебиеттер: №1 30-55 беттер.

4 дәріс

Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы.

  1. Халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші географиялық факторлар.

  2. Әлемдік (Дүние жүзі)туристердің ағындарының географиясы.

Мақсаты: Халықаралық туризм географиясына сипаттама беру.

Тірек сөздер: халықаралық, , әлемдік, ағын, ландшафт.

1. Халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші географиялық факторлар.

Географиялық факторлар туристердің саяхат жасауында маршрут таңдау, ақысын төлеу барысынла маңызды рол атқарады. Бұл факторларға ара қашықтық, көлікпен қамтамасыз етілуі, рекреациялық ресурстардың бағасыжәне маусымға байланысты. Халықаралық туризмге әсерін тигізетін факторлар екіге бөлінеді: физикалық және экономикалық

Физикалық-географиялық, табиғат жағдайларыкез келген аймақта халықаралық туризмнің дамуына дамуына ықпалын тигізеді.Физикалық-географиялық факторларға табиғи рекреациялық реуурстар, эстетикалық ресурстар және климат, өсімдік, жануарлар, су, тау және т.б жатады.

Экономикалық факторларға туристік рыноктармен және негізгі туристік аймақтармен қарым-қатынасы, көлікпен қамтамасыз етілуі, бәсекелестікке тұрақлылығы жатады.



  1. Әлемдік туристік ағындардың географиясы.

Жыл сайын әрбір тұрғыны саяхатқа шығатын мемлекеттер негізінен Европада: Австрия, Швейцария, Финляндия, Дния, Германия, Солтүстік Америка.

    • Ірі туристік қызметтерді экспорттаушы мемлекеттер: Испания, Франция, Италия, АҚШ. Ал импорттаушы мемлекеттер:

    • Германия, Жапония, Ұлыбритания.

    • Дүние жүзі бойынша АҚШ халықаралық туризмге қаржы бөлуден алғашқы орында тұр.БӘТҰ-дың берген анықтамасы бойынша туристік ағындар, соның ішінде туристерді қабылдап алушы елдер Франция, Испания, АҚШ, Италия, Қитай, Ұлыбритания, Мексика, Венгрия, Канада, Польша

Тексеру сұрақтары:

  1. Халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші географиялық факторлар.

  2. Физика-географиялық факторлар.

  3. Экономика-географиялық факторлар.

  4. Туристік қызметтерді экспорттаушы мемлекеттер.

  5. Туристік қызметтерді импорттаушы мемлекеттер.

Қолданылған әдебиеттер: №2, 105-115 беттер

5 дәріс



Тақырыбы: Халықаралық туризм әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

  1. Қазіргі заманғы (жаңа заманғы) туризмнің жағдайы.

  2. Халықаралық туризмнің маңызы.

Мақсаты: Халықаралық туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайына сипаттама беру.

Тірек сөздер: құбылыс, аймақ, экономика.инвестиция

1. Қазіргі заманғы туризмнің жағдайы.

Бұл тақырыпта – халықаралық туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары әлемдік экономикадағы ролі қарастырылады.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, халықаралық туризм –өзінің жоғары даму сатысына көтерілді, 40 жылда (1950-1990) аралығында халықаралық туризм жылына 7,1 пайызға өсті. 1990 шетелде шетелде саяхат жасап жүрген адамдардың саны 1 млн-ға жетті.Егер 1950 жылы халықаралық туристердің саны 25 млн болса, 1990 жылы 455 млн-ға жетті.

Халықаралық туризмнің маңызы.

Шетелдік туристерді тарту мемлекет, ел үшін үлкен кіріс көзі болып табылады. Олар неғұрлым ақша көп жұмсаса, соғұрлым ұлттық табыс артады. Дегенмен кіріс пен қатар шығын да болады. Кез-келген туризм дамыған мемлекет туризмнен түсетін пайда мен шығынды үнемі есептеп отыру қажет, себебі пайда табу және дамуына үлес қосады. Қазіргі кезде туризм дамыған мемлекеттерде, туризм саласында қызмет ететіндер саны 11 пайызды құрайды.

Тексеру сұрақтары:


  1. Қазіргі заманның туризмінің жағдайы.

  2. Әлемдік туризмде алғашқы ондыққа ентін мемлекеттер.

  3. Әлемдік туризмде Францияның үлесі.

  4. Туризм дамыған аимақтар.

  5. Туризм дамыған орталықтардағы, экологиялық жағдай.

Қолданылған әдебиеттер: №2, 40-46 беттер.

6 дәріс



Тақырыбы: Халықаралық туризм әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

  1. Туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ролі.

  2. Халықаралық туризмді анықтайтын факторлар.

Мақсаты: Туризмнің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері, ықпалына түсініктеме беру.

Тірек сөздер: әлеуметтік, саясат, заң, транспорт

1.Туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ролі.

Халықаралық туризм 20 ғасырдың феномені болып саналады.Халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші фактор, көліктің дамуы авиация, өте алыс жерлерден көп көлемде кісі тасымалдап әкеледі. 20 және 21 ғасырларда туризм келесі факторлардың әсерінен дамиды:

Саясат және заң. Кез келген мемлекет туризм дамуы үшін, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс бағдарлап отыруы керек. Сонымен қатар туризм өркендеуі үшін, туризмге байланысты әртүрлі заңдар қабылдау.экономика,қаржы, инфраструктура, жол, қонақ үй мәселелерін шешіп отыру қажет.Саясаттың қауіпсіздігі – халықаралық туризмнің дамуына негізгі әсер етуші фактор. Яғни халықаралық қақтғыстар, әскери іс-қимылдар, сонымен қатар әртүрлі инфекциялық аурулардың таралуы, ауыз судың тапшылығы.БӘТҰ –дың 1994 жылы жүргізген сауалнамасы бойынша, туристердің 66 пайызы туризмнің дамуына кері әсерін тигізетін фактор саяси фактор екендігін көрсеткен.

2. Халықаралық туризмді дамуына әсер етуші факторлар.

Мемлекеттің экономикасы дамыған жағдайда, халықтың туризмге деген сұранысын арттырады.

Мәдениет. Мәдени орталықтар туристерді өзіне магнитше тартады. Ммысалы: Прада музейі- Мадридтегі, Париждегі-Лувр немесе Венаның симфониялық оркестрін тыңдау үшін арнайы барады. Мәдениет Рухани, материалдық, физикалық болып үшке бөлінеді.Туристер әсіресе қазіргі заманғы орталықтар, ошақтар. Мысалы: Париждегі Помпиду орталығына жылына 8 млн адам барады. Сонымен қатар туристерді жергілікті жердің әдет-ғұрпы, тілі, өмір сүру деңгейі, ұлттық мерекелері қызықтырады.

Сонымен қатар әлеуметтік – экономиклық өзгеру, көлік және инфрақұрылым, туристік инфрақұрылым, сауда орындарының дамуы, жаңа технологиялар халықаралық туризмнің дамуына ықпалын тигізеді.

Тексеру сұрақтары:


  1. Туризмді анықтайтын факторлар.

  2. Космосқа алғаш ұшқан Америка туристі

  3. Туризм дамуына,саясаттың тигізетін ықпалы.

  4. Қолданылған әдебиеттер: №2, 46-56 беттер

7 дәріс

Тақырыбы: Халықаралық туризм әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

  1. Халықаралық туризм және жергілікті халықтың жұмыспен, еңбекпен қамтамасыз етілуі.

  2. Жаңа заманғы туризмнің даму тенденциялары.

Мақсаты: Халықаралық туризмнің жергілікті халықты еңбекпен қамтамасыз етудегі ролі, маңызына анықтама беру.

Тірек сөздер: еңбекпен қамтамасыз ету, маусым, индустрия, қаржы

  1. Халықаралық туризм және жергілікті халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуі.

Халықаралық туризм халық шаруашылығында елді еңбекпен қамтамасыз ететін ең ірі секторлардың бірі. 1996 жылы есеп бойынша 225 млн адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. 2006 жылға дейін 130 млн-ға өседі деген болжам бар. Мысалы; Испания халықтың 8,8 пайызын, Барбодоста 10,5 пайызын, Мальтада-15 пайыздан жоғары, халық туристік агенттіктерде қызмет етеді.Туризм индустриясындағы еңбек келесі ерекшеліктерден тұрады:

- квалификациясы жоқ, шетелдік еңбек күштерін еңбек етуге тартады.

- еңбек ақы көп емес

- жұмыс графиктері мен режимдерінен, ұзақ аптадан тұратын жұмыс.

- әйел затын көбірек қажет ететін жұмыс.

- әртүрлі бағыттағы жұмыс кадрларының болуы.

Туризм индустриясы өте көп жұмыс күшін қажет етеді. Әсіресе қонақ үй және ресторан секторында. Механизация, автоматизация бұл секторда әлсіз дамыған, барлығы қолмен атқарылады, сондықтан квалификациясы жоқ қызметкерлер 80 пайызын алады.


  1. Жаңа заманғы туризмнің даму тенденциялары.

Туристік ағындардың артуына байланысты, әлеуметтік-экономикалық қаржыжәне экономикалық өркендеу, халықаралық қатынастың дамуына әсетін тигізеді. Қазіргі кезде халықаралық туристердің саны 1 млрд-қа жетті. (жылына) Қазіргі кезде туризм дамуының негізгі ерекшеліктері, туристік ағындардың әртүрлі аймақтарда, елдерде әркелкі болуына байланысты мынадай прапорцияны байқауға болады.

1. Жаппай немесе топпен саяхат жасау туризмнің 20-30 пайызын алады.

2. Қалған 70-80 пайыз жеке туристер.

Қазіргі кезде топпен саяхат жасауды, дамыту мақсатында жұмыстар істелінуде.

Тексеру сұрақтар:


  1. Туризм дамыған мемлекеттер.

  2. Туризмде халықты еңбекпен қамту қандай дәрежеде.

  3. Халықаралық туризмде, туристердің жалпы саны.

  4. Ресейдегі туризм мамандарын қай қалаларда дайындайды.

8 Дәріс

Тақырыбы: Туризмдегі орналасу және тамақтану қызметтері.

1.Туристерді орналастыру.

2. Қонақүйлер классификациясы.

Мақсаты: Туримдегі орналасу және тамақтану қызметтеріне анықтама беру.

Тірек сөздер: классификация, орналасу, тамақтану


  1. Туристерді орналастыру.

Туристерді орналастыру дегеніміз – келген туристерді қонатын жермен (қонақ үймен) қамтамасыз ету. Орналастыру орындары, коллективтік және жеке бағытта болады. Коллективтік орналастыру- қонақ үй, мотел, пансионат, жағажай қонақ үйлері, клубтағы номерлер, қонақтарды жіберетін арнайы үйлер бар.

Туристерді арнайы маманданған арнайы орындарға орналастыру: емделу орындарындағы қонақ үйлер, еңбек және демалу лагерлері, транспортқа орналастыру, конгресс орталықтар және тағы басқа.

Сонымен қатар трустік базалар, жастар жатақханасы, туристік деревнялар, кемппинг, бунгало және тағы басқалар.

Ал жеке туристер үшін орналасу орталықтары жеке үйлер, квартира, вилла, котедж.



  1. Қонақ үй классификациясы.

Қонақ үй өндірісі әр түрлі бағытта классификацияланады. Олардың ішінде көп қолданылатыны:

- компорттық деңгейдегі қонақ үйлер

- сыйымдылыққа байланысты

- қызметтік бағыттағы

- орналасу жағдайына

- жұмыстың созылу ұзақтығына

- тамақпен қамтамасыз етілуі

- клиенттердің келуіне

Жоғары деңгейдегі қонақ үйлер, қазіргі кезде бірнеше 30 аса классификациясы бар. Олардың ішінде ең көп таралғаны европалық (жұлдыз).Бес жұлдызды қонақ үйлер.Бұл системаны Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Ресей, Беларусия, тағы басқа да елдер қолданады.

Тексеру сұрақтары:



  1. Туристерді орналастыру орындары.

  2. Қонақ үйлердің классификациялары.

  3. Европалық немесе жұлдызды қонақ үйлер, қандай мемлекеттерде таралған.

  4. Қолданылған әдебиеттер: №1, 213-227 беттер.

9 Дәріс

Тақырыбы: Туризмде орналасу және тамақтану қызметтері.

  1. Қонақ үйлердің қызметтері.

  2. Туризмде тамақтануды ұйымдастыру.

Мақсаты: туризмдегі қонақүйлердің қызметі, тамақтану барысын ұйымдастыру.

Тірек сөздер: брон, қабылдау, қызмет ету, тамақтану жүйесі

  1. Қонақ үй қызметтері.

Қонақ үйлердің негізгі қызметтері: брондау, қызмет ету, қабылдаужәне есеп беру, номерлерді эксплуатация жасау.

Брондау қызметтері келесі қызметтерді атқарады, қонақ үйге өтініш беру орын алу үшін, қажетті құжаттарды реттеу ( әрбір күннің режимін, апта, ай, квартал, жылға) Қозғалыс картасын жасау. Әдетте брондау телофонмен, қонақүйлердің коммерциялық бөлімдері (турагент, туроператорлар арқылы жүргізіледі) почтамен, телефакс, электронды почтамен де жүргізіле береді.

Туристерге қызмет ету ең маңызды қызметке жатады. Қонақтарды қонақ үйде швейцарлар қарсы алады, олар қонақ үйлердің алдында тұрады.Қабылдау және есеп беру қонақ үйдің жүрегі немесе жүйкесі деп атайды. Қабылдаушылардың қызметі брондалған қағаздарды тексеру, анкеталарды толтыру, алдын-ала төлеу міндеттерін орындау.

2.Туризмде тамақтану жүйесін ұйымдастыру.

Тамақтану жүйесін ұйымдастыру маңызды шаруалардың бірі. Тамақтану жүйесі бойынша әр қонақ үйде әркелкі болады. Ол қонақ үйлердің деңгейіне байланысты. Мысалы: Қонақ үйлерде тамақтану орындары болмайды, екінше біреулерінде бір реттік тек таңертеңгілік ас беріледі. Ал үшінші қонақ үйлерде үш мезгіл ас беріледі және тамақтың түрлері де алуан түрлі болады. Яғни туристер өздерінің қаржысына байланысты бұл мәселелрді шешіп отырады.

Тексеру сұрақтары:


  1. Қонақ үйлердегі қызметтердің түрлері.

  2. Брондау қызметі жайлы түсінік.

  3. Туристерді орналастыруды ұйымдастыру жолдары.

  4. Тамақтану жүйесіндегі өзгерістер.

  5. Туристерді қабылдау және тамақтану жүйесін орындаудың түризмнің дамуына тигізетін әсері.

Қолданылған әдебиеттер: №1, 227-239 беттер.

10 дәріс



Тақырыбы: Туризді көлікпен қамтамасыз етудің маңызы.

  1. Туристік белсенділікті арттырудағы көліктің ролі.

  2. Автомобиль тасымалы.

Мақсаты: Туризмді ұйымдастыруда көлік түрлерінің атқаратын ролін түсіндіру.

Тірек сөздер: көлік, транспорт, автомобил, темір жол, әуе жолы, теңіз көліктері.

  1. Туристік белсенділікті арттырудағы көліктің ролі.

Туристік индустриясын көлікпен қамтамасыз ету, туризмнің қарқынды дамуына әсер етуші маңызды фактор. Көлікпен қамтамасыз ету негізгі кешенді қызмет ету бөліміне кіреді. БӘТҰ шешімі бойынша көлікті келесі топтарға жіктейді: су, ауа және құрлық көлігі.

Туризмде саяхатшылардың басым бөлігі құрлық көлігі автомобиль және темір жол көлігімен жүреді.

Автомобиль көлігі қызметі кеңінен таралған есіктен есікке жеткізеді. Ал темір жол транспорты барынша жылдам, бағасы да қымбат емес, туристер үшін тиімді. Су транспорты өзінің ерекшелігіне қарай бөлінеді: су асты, (су асты экскурсиялары) және су бетіндегі ( теплоходтар, теңіз паромдары, серуендеу кемелері, яхта, катерлер және т.б)


  1. Автомобиль тасымалы.

Автомобил тасымалы жылдам арзан және жүріп-тұруға ыңғайлы болғандықтан қолдануға тиімді. Авто қызметтер негізінен үш бағытта қызмет етеді: автобустармен саяхат ұйымдастыру, жек еавто көлікпен және авто көлікті жалға алу.

Автобустар көп мөлшерде қалааралық, қалалық бағыттақызмет атқарады. Көптеген елдерде мемлекеттік мекемелерге, жеке компанияларғатиеселі халықаралық автобустар қызмет етеді. Халықаралық автобус туризмі туризмнің жас түрлерінің бірі. Оның дамуы 20 ғасырдың 70 жылдарынан басталады. 1986 жылы темір жол және әуе жолы транспорттарымен бәсекелестікке байланысты, 33 европалық автобус паркінің иелері, компаниялар Евролиния деген ұйым құрды. Нәтижесінде Евролиния Европада 250 маршрутты қамтып, оған33 европалық автобус компаниялары енді.1992 жылдан бастап Евролиния Шығыс Европада да қызмет ете бастады.

Тексеру сұрақтар:


  1. Транспорт қатынастарының туризм дамуындағы маңызы.

  2. Көлік тасымалының классификацциясы.

  3. Авто көлік қатынастарының туризмнің дамуындағы ролі.

  4. Евролиния ұйымы қашан құрылды.

  5. Туризмде автобус тасымалынан түсетін жылдық табыс.

  6. Қолданылған әдебиеттер: №1, 239-252 беттер.

11 дәріс

Тақырыбы: Туризмді көлікиен қамтамасыз етудің маңызы.

  1. Темір жол тасымалы.

  2. Теңіз және өзен саяхаттары.

  3. Әуе жолы туристік саяхаты.

Мақсаты: Темір жолы және әуе жолы тасымалының туризмді ұйымдастырудағы маңызын анықтау.

Тірек сөздер: темір жол, әуе жолы, вагон, теңіз, өзен, параход, катер, круиз

  1. Темір жол тасымалы.

Туризмді дамытуда темір жолмен тасымалдау өті тиімді. Алыс және орта қашықтықтарда саяхаттағанда кісі көп сияды, жылдамдығы да көп, жол ақы да қымбат емес. Темір жолдарының пайда болуы, саяхат жасау ісіне нағыз революция болды.жылдар өткен сайын поезд қауіпсіз әрі жылдамдығы да арта түсті. 1900 жылдардың өзінде темір жолдар қазіргі заманға сай поездардың қызметін атқарды.Вагондарда электр энергиясы, жылу, жататын жайлы орындар, ресторан, ванна бөлмелері болды.1883 жылы Шығыс экспресі деген атпен белгілі поездар Парижден Стамбулға дейін, қалталы азаматтарды, 4күн жүрді әрі табиғаттың ең әдемі жерлерін тамашалауға мүмкіндігі болды.Жоғары дәрежедегі қызмет, тамақ уақыт жылдам өтті.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет