М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Зерттеу жұмысының практикалық мәні



Pdf көрінісі
бет10/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89
Бисенбаева

Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Ғылыми зерттеудің нәтижелері 
жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде жалпы тіл теориясы
диалектология, семасиология, лексикология салаларына қатысты пәндер мен 
тіл 
және 
мәдениет 
арақатынасы, 
тіл 
тарихы, 
этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, аксиологиялық лингвистика мәселелерін оқытуда 
теориялық материал ретінде қолданыс табады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 
 аймақтық лексиканы этномәдени мазмұнды бірліктер жүйесі құрайды. 
Ұлтты тануға негіз болатын ұлттық бояуы қалың да, айшықты, ұлттық 
мазмұнды тілдік бірліктер – лингвомәдени-этномәдени бірліктер болып 
табылады. Халық мәдениетінің тілде сақталған көрінісі, яғни лингвомәдени 
бірліктер, лингвокультуремалар – құрылымы, мазмұны мен қызметінде ұлттық 
мәдени компоненті бар тілдік және қатысымдық бірлік. Мәдениет тілде 
таңбаланады дегенде, мәдени мазмұнның тілдік таңбалар арқылы берілуін
оның тілдік таңбалардағы көрінісін айтады. Атау мазмұнында этнотанымдық-
сезімдік-этномәдени ақпарат жинақтаған тіл бірліктері жүйесі этномәдени 
лексиканы құрайды; 
 аймақтық сөз (диалектілік сөз), алдымен, аталым қызметін атқаратын 
лексикалық бірлік. Аймақтық сөз – таным нәтижесі, мәдениет жемісі. 
Аймақтық компонент, негізінде, ұлттық құндылықтар жүйесін бейнелі, 
айшықты мән-мазмұнмен кеңейтіп отырады. Құндылықтар жүйесінің киім-
кешек, ас-су, тағам, салт-дәстүр т.б. салаларының өзіндік таңбасы айқын 
түрлері де болады. Аймақтық лексикадағы этномәдени сипат пен этномәдени 
көріністі осындай аталымдар танытады. Аймақтық «сипат, көрініс» аталып 
отырған себебі қазақ тілінің біртұтастығы тәрізді этномәдениеті де біртұтас, 
өйткені мәдениет субъектісі – бірін-бірі емін-еркін түсінетін Тілдік тұлға, қазақ 
мәдениетінің өкілі; 
 аймақтық этномәдени бірлік – номинация нәтижесі, қарым-қатынас 
қажеті үшін пайда болған. Аймақтық сөз де өзге тіл бірліктерімен 
синтаксистік қатынасқа түсіп қатысымдық бірліктер қатарынан орын алады 
өйткені олардың мазмұнында қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын 
семантикасы бар. Осындай этномәдени бірліктердің атауыштық, сөзжасамдық 
ерекшеліктері анықталды. Аймақтық культуремалар қатысымдық қызметі 
тұрғысынан талданып, қатысымдық семантика анықталды;
 аймақтық лексиканы антропоөзекті бағыт парадигмалары аясында 
зерттеу оның даму, қалыптасу кезеңдерімен байланысты. Аймақтық 
этномәдени лексика – ұлттық лексиканың құрамдас бөлігі екені оның тарихи-


15 
танымдық қабаттарын зерделеу арқылы көрінеді. Сөйленістер жүйесіндегі 
этномәдени лексика: жалпытүркілік және төл қабаттан, әр алуан қарым-қатынас 
нәтижесінің куәсі – кірме қабат пен халық ақыл-ойы дамуының көрінісі – 
бейнелі қабаттардан тұрады;  
 аймақтық сөз – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністерін 
бойына терең жинақтаған, оны мәнер бояумен таныта алатын этномәдени 
мазмұнды бірлік. Аймақтық лексикадағы материалдық және рухани мәдениет 
көрінісі болып табылатын этномәдени бірліктер тақырыптық топ деңгейінде 
анықталды. Олардың этномәдени мазмұнынын ашу арқылы қазақ этносының 
тұтас бітім-бейнесін жасап, қазақ этносы табиғатын тануға болады. Ұлттық 
құндылықтың дәстүрлі түрлерін анықтау, қазіргі кезеңдегі «басты құндылық 
не?» деген сұраққа жергілікті сипаттағы этномәдени бірліктер семантикасын 
ашып, дәстүрлі мәдениет пен арақатынасын, біртұтас мәдениет өкілі өміріндегі 
үйлесімі мен мән-мазмұн сабақтастығын айшықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет