сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді» [50, 28-б.],-деп,
тілдік қатынастың жүзеге асуындағы сөйлеудің маңызын көрсетеді. «Сөйлесім»
терминін
енгізудегі
мақсаты
«сөйлеу»
ұғымының
әрекет
ретінде
қабылданатынын айтады. «Тіл сөйлеу арқылы өмір сүреді, тілдің өмірі –
сөйлеуде» т.б. тәрізді тұжырымдарға назар аударғанда, аталған түйіннің
біржақты ғана емес, жалпы тіл теориясына, оның әлеуметтік лингвистикадағы
«тіл өміршеңдігі (витальонсть языка)» теориясымен байланысып жатқанын
аңғаруға болады [51,131-141-бб.]. Ф.Оразбаева: «...сөйлесім», «сөйлеу» түбіріне
ортақ етістің «-с» жұрнағы қосылуы арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік
қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік
қатынас жүзеге асу үшін айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған
жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы басты шарт. «Сөйлесім» – осы
басты шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз» [50, 229-б.],-дейді.
47
Бұл тұжырымнан сөйлесімнің – әрекет екенін аңғаруға болады, сөйлесім әрекеті
арқылы тілдік қатынас жүзеге асады.
Тілдік қатынастың дыбыс арқылы жеткізілуі мен әріп арқылы
таңбалануына қарай лингвистикада ауызша тілдік қатынас және жазбаша тілдік
қатынас болып бөлінеді. Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей
қарым-қатынасы нәтижесінде белгілі хабардың дыбысталуы мен естілуі арқылы
жүзеге асады, сонымен қатар, ауызша тілдік қатынас – тілмен қатар пайда
болып, адам қоғамымен бірге өмір сүріп келе жатқан құбылыс. Ал жазбаша
тілдік қатынас тіл бірліктерінің таңбалық қызметімен байланысты, сондықтан
адамдардың бір-бірімен тікелей араласуын аса қажет ете бермейді деп
есептеледі. Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын – тіл бірліктерінің
таңбалық көрінісі, жазбаша тілдік қатынас ауызша тілдік қатынастан кейін
пайда болатын құбылыс саналады. Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік
қатынас өзара тығыз байланыста болып біреуі екіншісіне ұласады [50,235-б.].
Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынастың тілсіз қатынастан ерекшелігін, оны іске
асырушыларды, ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастың,
сонымен қатар, тілдік қатынастың теориялық және ғылыми негізін сипаттай
келе, тілдік қатынасты: «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік
бірліктердің таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге
асатын, қатысымдық бірліктердің семантикалық бірлікпен байланысу
заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз
ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс» [50,
236-б.],- деп анықтайды. Бұл тұжырымды таратып түсіну арқылы былайша
ойтүйін жасауға болады:
тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің бірлігінен құралады;
тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті арқылы
жүзеге асады, яғни, тілдік қатынас ауызша және жазбаша болып екіге
бөлінеді;
тілдік тұлғалар бір-бірімен мағыналық бірлікте болады да, әртүрлі
грамматикалық байланыстарға түсу арқылы нақты ойды білдіреді;
тілдік қатынас тек адамзатқа ғана тән, олардың ойын еркін жеткізуіне,
ұғынысуына тікелей жол ашатын құбылыс.
«Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес,
ол бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана,
тіл мен сөйлеу – бір-бірінен ажырамас жүйелі құбылыстар» [50, 236-б.],- деп
тұжырымдайды. Тілдік қатынас – адамдарға тән ойлау мен сөйлесім үрдісінің
белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі. Тілдік
қатынастың басты ерекшелігі – оның үздіксіз қозғалыста болатындығында. Тіл
– адам ойын білдіретін қарым-қатынас құралы. Қатысым барысындағы тілдің
рөлі лингвистикалық коммуникация теориясының нысаны, ал субъектісі –
сөйлеуші адам. Ол сөйлеу арқылы қарым-қатынас орнатады. Қатысым
теориясы сөйлеу актісі теориясымен тікелей байланысты.
Қатысым барысындағы тілдің маңыздылығын Ф.Ш.Оразбаева: «Қарым-
қатынас – тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-
48
қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы
– тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да – тіл» деп көрсетеді [50, 259- б.].
Бұл лингвистикада тіл мен сөйлеудің арақатынасына байланысты азды-
көпті сөз болып жүр. «Психологтардың тілімен айтқанда, сөйлеу дегеніміз –
әрекет. Әрекет белгілі нәтижеге жету үшін бағыты, мақсаты бірлігі арқылы
топтасқан күрделі жиынтығы». Айырмашылығы – сөйлеудегі әрекет тілдік
таңбалардың жанама қатысы арқылы іске асады. Сөйлеу тілдік материалдар
арқылы жүзеге асады. Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас бірлікте. «Сөйлеу
дегеніміз – тілді қатынас процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның
ойын білу мақсатында қолдану деген сөз». Адамдар ойлау процесінде өздерінің
сезгендерін, түйгендерін тілдік тұлғалармен білдіреді [5,34-35-бб.].
Лингвистикада тіл мен сөйлеудің арақатынасы жайлы мәселе ертеректе-ақ
басталған, алайда тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп көтерген Ф.де Соссюр
болды. Ф.де Соссюрдің пайымдауынша, тіл дегеннен ондағы бүкіл
дыбыстардың, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек,
сөйлеу дегеннен сол тілдік элементтердің өзара қарым-қатынасқа келуін, яғни
тілдің қимыл үстіндегі күйін түсінеміз Бұл жағынан алғанда, тіл сөйлеуге
қажетті материалдардың жиынтығы, ал сөйлеу – қоймадағы материалдардың
жанданып іске қосылуы, адамдардың қатынас айналымына түсуі [6,48-51.].
Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы яғни тіл сөйлеу арқылы өмір
сүреді. Қарым-қатынас сөйлеу арылы қалыптасады. Сөйлеуді тілдік жағдаят
туғызады, тілдік қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Тіл ғылымының әр саласында тілдік қатынас ұғымына байланысты
«сөйлеу актісі», сөйлеу әрекеті» терминдері қоладанылатыны белгілі әрі бұл
терминдер қолданысында бірізділік жоқтығы байқалады. Сөйлеу әрекеті –
психолингвистика ғылымына көбірек тән, осы мағынамен орайлас сөйлеу актісі
термині
прагмалингвистикалық
зерттеулерде
кең
қолданылады.
Ал
лингвистикалық зерттеулерде, оның ішінде тілдік қатынас, қатысым
теориясымен айналысатын ізденістерде «сөйлесім», «қатысым», «дискурс»
терминдерінің қолданыс аясының кеңдігі байқалады. Бұл зерттеу жұмысының
тақырыбы мен мақсатына орай, аталған терминдер аймақтық сөздің
қатысымдық бірлік екендігін айқындап көрсету тұрғысынан алынады.
Сөйлеу (сөйлесім әрекеті) – тілдік қатынасты жүзеге асырушы тетік,
сондықтан оның өзіндік құрылымы, құралы болуға тиіс. Бұл мәселеге орай,
Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынастың белгілерін саралай келе, оның төмендегідей
құрамын ажыратады:
тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар;
тілдік байланысқа қатысушылардың қызметі;
сөйлеу мүшелерінің бірлігі;
қатысымдық бірліктердің жиынтығы. Тілдік қатынасқа түсушілер
қатысымдық, байланыстырушылық және экспрессивтік қызмет атқарады деп
есептеледі [50,237-б.]. В.Б.Кашкин қатынас (тілдік) теориясына байланысты
ойларында: «Вся жизнь человека – непрерывный процесс общения с
окружающей средой, с самим собой и себе подобными. Разумеется, сам по себе
49
коммуникативный процесс представляет собой континуум, непрерывное
взаимодействие участников коммуникации» деп, қатынастың ең кем дегенде,
екі адамның (коммуниканттың) қатысы арқылы жүзеге асатынын осы саладағы
беделді тұлғалардың бірі Р.О.Якобсонның «коммуникативтік моделі» бойынша
көрсетеді. Тілдік қатынасқа қатысушылар – коммуниканттар. Хабарды
жіберуші – адресант-баяншы, хабарды қабылдаушы – адресат-қабылдаушы
[52,36-75-бб.]. Пікірлесу, хабар алысу екі коммуникант арасында ғана бола
бермейді, коммуникант жеке тұлға, қоғамдық институттар т.б. болуы мүмкін.
Осыған орай, пікірлесу мен хабар алмасудың да мазмұны, көлемі, шеңбері т.б.
ерекшеліктері мәселесі пайда болады. Ол – шындық өмірдегі зат, құбылыстың
адам санасындағы жалпы белгілері, ұғымның бейне-таңбасы – Сөз арқылы
жүзеге асады. Сөздің негізгі қызметі – атау, зат, құбылыс, әрекетті, олардың
белгілерін атап білдіру. Сөз – заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін,
шындық өмірдегі қатынастарды атап білдіретін, тілдің өзіндік құрамын
қалыптастыратын негізгі бірлігі, дербес бөлшегі болып табылады. Тілдің
лексикалық жүйесінің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып, сөз жеке
тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады [48,67-74-бб.].
Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады, сондықтан екі жақты
құбылыс, фонема, морфема, сөз тіркесі мен сөйлемді айқындайтын – басты
тілдік таңба [6,98-103-бб..]. Ә.Болғанбаев зат, құбылыс
ұғым
сөз
мағына
арақатынасы туралы: «Сөздің дыбысталуы оның материалдық сыртқы көрінісі
болып табылса, ал ұғымды білдіріп мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын
білдіреді. Мағынасыз сөз жоқ. Сөздің дыбысталуы мен білдіретін ұғымы
(мағынасы) оның лексикалық единица екендігін танытатын екі жақты қасиеті
болып табылады» [48,67-74-бб.],-дейді. Зат, құбылыс туралы басты белгілердің
адам санасында жинақталып, қорытылып берілген бейнесі – ұғым, ал осы
белгілер ұғым болып тек сөз арқылы қалыптасады. Ұғым мен сөз таңбаның
арасындағы дәнекер – мағына. Ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады, сол
арқылы жарыққа шығады. Сөздің ішкі мазмұндық байланысы оның мағынасы
мен ұғымның арақатынасына көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет
жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Сөз бен ұғымның
байланысы адамдардың қоғамдық өмірде бірлесіп еңбек етуі, әрекеттенуі
негізінде іске асады, сондықтан тарихи бір дәуірде туған сөздер бір тілде
сөйлейтін қоғам мүшелерінің бәріне дерлік түсінікті болады. Сөздің осы қасиеті
оның лексикалық бірлік екендігін көрсетеді, бұл қасиет сөздің «басты тілдік
таңба» дәрежесіндегі қасиетімен байланысып жатады. Әр атаудың пайда болуы
– адам танымының жемісі, үздіксіз әрекет, даму. А.А.Потебняның
пайымдауынша, «Тіл – әзір тұрған ойды білдіруші құрал емес оны жасаушы»
[53,258-б.]. Бұдан адам баласының тіл арқылы жинақтаған ақыл-ой байлығы
тілде Сөз арқылы таңбаланады деген ой тұжырымдалған. Сөз ұғымды таңбалап
қана қоймайды, сөздің ішкі мазмұнындағы ақпарат оны қатысым әрекетіне
бастайды.
50
Тілдік бірліктер негізінен сыртқы қалыбы және ішкі мазмұны жағынан
қарастырылатыны белгілі. Иерархиялық қатынас бойынша, ең кіші тілдік бірлік
– фонема, одан бір саты жоғары тұратын – морфема жатқызылады, ал сөз, сөз
тіркесі, сөйлем екі жақты бірліктер болып табылады. Дегенмен, қолданыс
барысында қатысымдық мағынаға өзек бола алатын бірден-бір тілдік бірлік –
сөз. Қ.Жұбанов сөздің қатысымдық табиғаты туралы: «Сөз белгілі тәртіппен
тізіліп барып, хабар болады. Сөздер жеке-жеке жүреді, бірақ жекелік үшін
жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып жасалған. Өз басы
атау болуға жаралған сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бөлшек емес. Сөйте тұра,
олар құрамды бөлшек болып барып, материал болып, тұтас ой
туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі
дейміз» [10,100-б.],- дейді. Тілдік таңбалық тұрғыдан алғанда, сөз – басты
таңба, қызметіне қарай атауыштық таңба. Сөз бен сөз тіркесінің сөйлем ішінде
құрылымдық түрде келуін К.Аханов: «Сөйлем ойды айтып жеткізудің негізгі
құралы болып саналады. Мұнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті
қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауға тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара
алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара
күйінде емес, сөйлем арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің
құрамында
қолданылғанда,
оның
құрылымдық
элементтері
ретінде
қарастырылады» [54,270- б.],– деп көрсетеді. Тіл бірлігі сөз атауыштық қызметі
арқылы қатысым әрекеті қажетіне қарай «басқамен жанасып байланысқа
түседі», синтаксистік қатынас жасайды, синтаксистік тұлға деңгейіне
көтеріледі. Сол себепті қатысымдық жағынан қарастырғанда, сөз – адамзат
баласының қарым-қатысына қызмет етуші қатысымдық таңба саналады. Тілді
қолданушы санадағы дайын тілдік бірліктерді өз керегіне жаратады. Оны
Ғ.Хасанов:«Жазба әдебиетті шыңдап отыратын, яғни жазушы не ақын
ойындағы «тілдік қоймадан» үнемі жарыққа шығарып, әр түрлі тілдік
бірліктермен қатынасқа түсетін жалпы сөздік қордағы сөздер жиынтығын
басқаратын күш – тілдік қатынастар» [55, 91- б.],- деп түйіндейді. Оның себебі
сөз «басқамен жанасым тауып, түрленіп, байланысқа түседі синтаксистік
Достарыңызбен бөлісу: |