51
көтерілу себебін тілдік жағдаят айқындайды. Коммуниканттар – ауылға ат ізін
салмағанына көп болған осы жердің тумалары. Науқасына туған жерден дауа
іздеп келген туыстарына үй иелерінің көрсетіп отырған құрметі
қазанжаппа
аталымы арқылы көрінеді. Осы орайда, Ғ.Хасановтың «Лексикалық құрамды
зерттеу барысында көптеген зерттеушілер қолданылмай тұрған сөз бен
қолданылған сөздің мағыналарының әртүрлі өзгерістерге түсе бастайтынын
байқайды. Мағынаның сөйлеу кезінде құбылып,
әр алуан бояуларға қаныға
бастауынан оның осы ерекшеліктерден тұрақталатынын, сонымен бірге,
мағыналық түрлену жүйесіне ұшырау ізін байқаған тілшілер «тіл және сөйлеу
тілі» ұғымдарын енгізген болатын» [55, 79-б.],-дейді. Бастапқыда күнделікті
қоректену құрамындағы «нан» жүйесіне кіретін
қазанжаппаның уақыт өте
келе, тіл иелерінің тұрмыс-тіршілігіндегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға
байланысты қолданылу өрісі тарылуы мүмкін. Алайда ежелгі ата-бабадан
қалған ұлттық дәстүр көріністері жаңғырады. Аталған мәтінге тірек болып
тұрған
қазанжаппа аталымы
нән керсен сөздерімен
байланыста мәтін
мазмұнын аша түседі.
Қарым-қатынас тек хабар алмасу емес, жоғарыда айтылғандай құрамы мен
құрылымы болатын құбылыс, ол коммуниканттың белгілі мақсатын көздейді.
Қатысым – үдеріс, адамдардың қарым-қатынас жасауының басты тетігі.
Қатысым қызметі – ақпаратты хабарлау мен тасымалдаудың тәсілдерін
анықтап, байланыс мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асыру. Н.Ильясова:
«ақпараттық қызмет атқаратын атауыш сөздерді қатысымдық бірліктер деп
атаймыз» дей келе, оларды берілетін ақпараттық дәрежесіне қарай:
1)дараланған заттар мен құбылыстар туралы ақпарат беретін қатысымдық
бірліктер; 2) белгілі заттарға тән ортақ белгілер туралы ақпарат беретін
қатысымдық бірліктер; 3) белгілі заттар мен құбылыстардың мөлшері туралы
ақпарат беретін қатысымдық бірліктер және 4) заттар мен құбылыстардың
қозғалысы туралы ақпарат беретін қатысымдық бірліктерге [56,6-б.]
тармақтайды. Тілдік қатынастың құрамы
мен олардың мағынасы тілдік
қатынасты жүзеге асыратын құрал – қатысымдық бірліктер мағынасына
байланысты. Қатысымдық бірліктердің қызметінен туатын мән-мазмұн
қатысымдық мағына деп аталады, этномәдени мазмұнды айқындап танытатын
осы қатысымдық мағына.
Ф.Ш.Оразбаева тілдік бірліктерді тілге және сөйлеуге қатысты
тұрғысынан салыстыра отырып, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді
қарастыра келе, қатысымдық бірліктерге тән қасиеттерді төмендегіше
саралайды:
сана мен ойға қатысты мазмұнның тиянақтылығы;
баяндау ғана емес, хабарлау жеткізу, ақпаратты қайта шығару қасиетіне
де ие болуы;
ми жүйесі арқылы қабылданып, қайта айналымға түсуі;
белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жұмсалуы;
тіл мен сөйлесім әрекетіне байланысты қарым-қатынаста қызмет
атқаруы. Осындай қасиет пен ерекшелік белгілерге ие бола алатын қатысымдық
52
бірліктерге:
сөз, фразеологиялық тіркес, сөйлем мен
мәтінді жатқызады [50,
242-б.].
Осылайша, тілдің қатысымдық бірліктері –
тілдік бірліктер, яғни тілдік
жүйенің оқшауланған элементтеріне қарағанда – сөйлеу әрекетінің фактілері
болып табылады. Тілдік бірліктер қолданыс барысында ғана өзінің нақты
функционалдық міндеттерін көрсету арқылы мағыналық жүйелікке түседі.
Мағыналық тұтастық деңгейінде келіп, қолданысқа енген сөз семантикалық
бояу мен тілдің қолданыстық нақыштарын береді. Осы қолданыстық деңгей
ғана жеке тұлғаның өзіндік дара келбетін ашады.
- Қаладан келген төре осылай жата ма екен? Қыдырмайсың ба?
- Қайда барамыз, қыдырғанда?
- Халқыңды аралап, «қазан» шегелеп» дегендейін...
- Онда сіздің үйден бастайық, - деді Естай әзілдеп.
- Біздің үйдің қазаны шағын ғой. Оны бір қалт еткенде шегелей саласың.
Алдымен соғымына ту сиыр, ту бие сойған жолдастардан бастайық
(Қ.Жұмаділов). Қазан шегелеу – Арыс сөйленісінде «қонақ үшін тамақ істеу»
дегенді білдіреді. Ал мәтінде – Шығыс сөйленістеріне тән, «түстену, түскі ас
ішу»
мағынасында, ол үй иелерінің күнделікті түскі асы емес, алыстан келген
туыстарына не қонаққа берілетін сыйлы ас. Кейіпкелер – Ұзақ пен Естай. Қазан
шегелеуге шақырылған не қыдырған адам жалғыз бармайды, өйткені мақсат
тамақ ішу ғана емес. Қазан шегелеу мазмұнында қазақ дәстүріндегі қонақты
құрметтеу әдебі, мәдениетін танытатын семантика бар. Бұл Ұзақтың «біздің
үйдің қазаны шағын ғой, оны бір қалт еткенде шегелей саларсың» дегенінен
байқалады.
Тіл – адамдар қарым-қатынасының негізі, сонымен қатар,
тіл арқылы
жүзеге асатын адамдар арасындағы қарым-қатынас – жеке адамның өзіндік
тұлға ретінде қалыптасуының негізгі жолы болып табылады. З.Ш.Ерназарова
тіл біліміндегі коммуникативті функционалды бағытты – сөйлеу әрекетінің
лингвистикасы деп атауға болады деп есептейді [57, 25-б.], өйткені адамға тән
қарым-қатынастың бір түрі ретінде сөйлеу әрекеті еңбек әрекетімен тікелей
немесе жанама түрде байланысып, тіл және сөйлеу бірліктері арқылы жүзеге
асады. Сөйлеудің ең төменгі бірлігі сөйлеу актісі болып табылады. Сөйлеу
актісі теориясының негізін салушылардың бірі Дж.Серльдің пайымдауынша,
тілдік қатынастың негізгі бірлігіне тілдік таңбалар: сөз, сөйлем емес, олардың
сөйлеу үстінде қатысымдық бірлік ретінде дүниеге келуі жатады [58, 152-б.],
сөйтіп ғалым сөйлеу актісін ережелер мен шарттарға бағынып,
солар арқылы
анықталатын әрекеттің көрінісі деп қарайды. Сондай-ақ, қатысымдық
бірліктерді қолданудың да өз нормасы бар. Ә.Болғанбаев бұл мәселеге қатысты
«Кімде-кім мәндес сөздердің нәзік мағыналық ерекшелігін дұрыс аңғарып,
керекті жерде лайықты қолдана білген болса, ондай адамның сөйлеген сөзі
немесе жазған еңбегі барынша нақышты, келісті, мәнерлі болмақ. Қаламы
жақсы төселген, тілге шебер кісінің жазғаны үнемі өте тартымды,
көркем
болып келуінің тетігі олардың тілдік құралдарды сондайлық орынды, асқан
шеберлікпен пайдалана білуінен» [48,35 б.],- деген пікір айтады. Бұл тұжырым