54
В.В.Виноградовтың пайымдауынша, стилистика аталатын саланың зерттеу
нысаны оның көлеміне қарай бірімен-бірі өзектес үш арнаға тарайды. Алдымен,
тіл стилистикасы немесе құрылымдық стилистика, екіншіден, тілдің қоғамдық-
әлеуметтік қызметі мен түрінен, әрекетінен туатын сөйлеу стилистикасы,
үшіншіден, көркем әдебиет стилистикасы. Сөйлеу стилистикасы тіл
стилистикасына сүйенеді, себебі тіл жүйесі «сөйлеуді» туғызып қана қоймайды,
сөйлеу арқылы, сөйлеудің әсерімен нәрленіп әрі оны реттеп отырады [59,20-31-
бб.]. Бейне жасауға жарамайтын, материал бола алмайтын сөз,
тілдік бірлік
жоқ, тек қолданылуындағы көркемдігі мен бейнелілігі стилистикалық және
эстетикалық жағынан нанымды болуы қажет. Бұл жағынан алғанда жергілікті
ерекшеліктер функционалдық стильдердің бәрімен ұштасады деуге болмайды,
оның ішінде публицистикалық стильде кездесіп қалатыны, кей ғылым
саласының (салалық терминология) терминдері диалект есебінен толығып
жататыны шындық. Сонымен қатар, жергілікті ерекшеліктер белгілі сөйлеу
әрекетін толық құрай алмайды, өйткені «диалектілік тіл» жоқ, болған күнде, ол
өзінің диалектілік сипатынан айырылып, басқа деңгейге өтеді. «Сөйлеу
стилистикасы тіл стилистикасына сүйенеді» дейтін тұжырымды негізге алсақ,
жергілікті ерекшеліктер тек көркем әдебиетте қолданылатын тіл дерегі болып
шығады., бұл олардың қызметін, маңызын шектеу болып табылады. Жергілікті
ерекшеліктер тілдің жүйесіне енеді, ұлттық тілдің құрамдас бөлігі. Жергілікті
ерекшеліктердің көркем шығарма тілінде қолданылуы стилистика салаларының
басын біріктіреді, өйткені тіл элементтерінің қайсысының да «жанданатын жері
– көркем шығарма [41,145-146-бб.].
Стилистика мәселесіне қатысты зерттеулерде
диалектизмнің көркем
әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі – авторлық ремаркада, екіншісі –
диалогта, яғни кейіпкер тілінде, авторлық ремаркада кейіпкер тілімен
салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады деп есептеледі [60,47-б.]. «Көркем
сөзбен жазылған әдеби шығарма – өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын
жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та – бәрі қатысады.
Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларының қалпы, даму жолдары
көрсетіледі» [61,34-б], сондықтан көркем шығармада әдеби тіл нормасымен
қатар, жергілікті ерекшеліктер, ауызекі тіл элементі т.б. қолданылуы қалыпты
жағдай. Бұл мәселеге қатысты О.Нақысбеков: «Әсіресе қазіргі кездегі әдеби
тілдің даму процестерін тереңірек зерттеу мәселесі күн тәртібіне қойылып
отырған кезде, әдеби тіл мен диалектінің қарым-қатынасына зер салмай тиісті
қорытынды шығару мүмкін емес» [62,10-б.],-дейді. Өткен ғасырдың сексенінші
жылдары айтылған бұл тұжырым қазақ әдеби тілінің даму
қазіргі кезеңінде де
өзекті,
сонымен қатар, жергілікті ерекшеліктерді прозалық шығарма мен
поэзиялық шығармаларда қолданудың өзіндік ерекшелігі болатыны байқалады.
Е.Қасенов І.Жансүгіров поэзиясының тілі бойынша зерттеуінде белгілі
аймақтағы жекелеген сөздердің поэзиялық туындыларда қолданылуын зерделеу
жергілікті тілдік өзгешеліктерді әдеби тілмен сабақтастыра зерттеудің
маңыздылығын арттырады [63,115-б] деп есептей отырып, І.Жансүгіров
шығармаларында көрініс тапқан диалектизмдерді қарастыруда екі мәселеге
55
назар аударады: біріншісі – ақын туындыларындағы диалектизмдердің
қатысымдық мәні мен ақпараттық сипаты; екіншісі – ақын қолданысындағы
диалектизмдердің мағыналық өзгеріске түсуі не түспеуі. «Ақын тіліндегі түрлі
диалектілік сөздер тіл дамуының белгілі бір кезеңінен мағлұмат береді. Ақын
поэзиясында көрініс тапқан диалектілік лексиканың мағынасындағы
ақпараттың таралу аумағының шектеулілігі байқалады және тілді
тұтынушылардың белгілі бір бөлігінің ғана ақпарат алмасу құралы ретінде
қызмет ететін қатысымдық бірлік болып табылады» [63,115-б].
Аймақтық сөздің тіл дамуының белгілі
кезеңінен мағлұмат беретіні
шындық, сондықтан ол тіл тарихына, этнос тарихына қатысты зерттеулерде,
этнолингвистикалық ізденістерде өте маңызды дерек болып табылады. Ал
көркем мәтін құрамындағы аймақтық сөздің тіл иесінің «белгілі бөлігінің ғана
ақпарат алмасу құралы» ретіндегі қатысымдық бірлік қызметінің өрісі кеңейеді
деуге болады. Көркем мәтіндегі аймақтық сөз белгілі мақсатта қолданылып, сол
өңірге тән мәдени ақпарат береді, дәстүрлі мәдениет арнасына этномәдени
мазмұнды ақпарат қосады.
Демек, көркем шығармадағы диалектизмдер осы «жанды организмнің» бір
тетігі, онсыз «жанды организм» туралы түсінік тұтас, ақпарат толық болмайды
[41,144-б].
... Жұмыстан әуелі келіні қайтты есікті аша бере, жұқа танауы дір ете
қалды. «Қап бәлем, солай ма екен... Ауылдан келген көл етек кемпір бір-екі
жілікті суға салып, тасырлатып қайнатқаннан басқа не біледі дейсіңдер ғой
сендер!»
Келіні бөлмесіне барып шешініп қайта шықты. Кухняға кіріп,
таңсық иістің
қайдан шығып жатқанын біле алмай біраз тұрды. Сол екі ортада қоңырау
ызыңдап, баласы кірді.
-
Мынау бір тәтті иіс қой!- деді аяғын шешпей жатып... (Ә. Кекілбаев).
Жазушы оқырманын кейіпкердің бет-бейнесі мен психологиялық ахуалы
арқылы үйдегі өзгеріс, жағдаятқа қалай ынтыққанын суреттейді. Тілдік
жағдаяттың кілтін баласы мен келінін таңғалдырып барып ұстатты:
Бұл орнынан сонда барып көтерілді. Жайқалып барып дастарқан әкеп
төседі. ...
Салпы етек қара кемпір булықты ашып жіберіп, ішінен қызыл күрең
кісе
нанды суырып алды.
Сол күні үшеуінің де қабағы ашылды. Сол күні үшеуінің де маңдайы
жіпсіді.
Үндемес келін қайта-қайта:
- Қандай тәтті дей берді (Ә. Кекілбаев).
Қара кемпірдің баласы да сол өзі өскен ортаның өкілі, жалпы қазақ
мәдениеті мен өзі өскен ортасының құндылықтары оған да қымбат, сондықтан
таныс иіс оның жанына жақын. Кісе нан – қазақ сөйленістерінде екі түрлі
мағынада кездеседі:
1) жайылған қамыр ішіне туралған ет салып пісірген бәліш. Бұл мағынада
негізінен Батыс сөйленістерінде кездеседі «Кісе нанды адам сүйсініп жейді
56
(Маңғ.). Кісе нанның еті шала піскен сияқты (Түрікм., Ашх.). Кісе нан табада
тұмаланып піседі (Көкш., Қ.-ту);
2) етке салатын нан (Еттің кісе наны өте көп болып кетіпті (Қ.-орда,
Қарм.). Осы екінші мағынасында жарыспалы қатар құрайды: жұқа нан/ жайма
/іңкәл/ қамыр/ құлақнан/ күлшетай/ күртік/ шелпек. Ғылыми әдебиеттерде
дыбысталуы әртүрлі, мағынасы жағынан тепе-тең сөздерді абсолют
синонимдер немесе дублеттер деп атау қалыптасқан, сонымен қатар, вариант,
параллель қолданыс, қазақ тілінде жарыспалы сөздер термині де ұшырасады.
Мұндай құбылысты ерекшеліктеріне орай, әдеби тіл мен диалектілік
лексиканың байланысы шегінде «әдеби сыңары анықталған варианттық
қатарлар және әдеби сыңары анықталмаған варианттық қатарлар» деп екіге
бөлушілік бар [32,164-170-бб.]. Кісе нан – екі мағынасында да этномәдени
бірлік. «Етке салатын нан» мағынасындағы қатардың «жайма» нұсқасы қазіргі
күні әдеби нормаға жуықтап келеді деуге болады. Аймақтық сөз көркем
шығармада қолданылғанда, сөздікте байқалмаған мағынасын да көрсетеді. Ол
мағынаның бояуы қалың, сондықтан әсер ету күші де жоғары болады. Г.Клаус
қарым-қатынастағы қатысымдық бірліктердің маңызын басты тілдік
таңба –
Достарыңызбен бөлісу: