М. Ш. Тойғанбекова жоо-ға дейінгі дайындық факультеті шетелдік тыңдаушыларғА мемлекеттік тілді



Дата13.06.2016
өлшемі71.98 Kb.
#134085
М.Ш.Тойғанбекова

ЖОО-ға дейінгі дайындық факультеті
ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРҒА мемлекеттік тілді

оқытудың ЖОЛДАРЫ
« … қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға қақылы» Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мен халқымды сүйемін» атты кітабынан.

Адам өзі өмір сүретін өлкенің халқымен жұмыс істеп, олармен қарым-қатынаста болатыны белгілі. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу - адамның сол халыққа деген құрмет сезімін оятып, шынайы достық қарым-қатынасқа жетелейді. Сондықтан Қазақстанда оқып, білім алғысы келетін тыңдаушылардың достық қарым-қатынасының, бір-біріне сый-құрметінің құралы қызметін қазақ тілі атқаруы тиіс. Қазақ тілін осындай құралға айналдыру үшін қазіргі білім берудің парадигмасына сай, тілді оқытуды жақсартып, оның әдістемесін дамытып, жаңатәсіл-құралдарды қолдануымыз керек. Тіл проблемаларын шешу - еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді. Қазір мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс-шаралар жан-жақты жүргізілуде. Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, яғни оның қоғамдық қызмет аясының кеңеюі, тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту, тілдерді оқытудың жаңа технологиясының озық практикасын пайдалану қазақ тілі оқытушыларының бүгінгі таңдағы мақсаты мен міндеті болып отыр. Қазақ тілі – өз ішінде салаларға бөлінетін, өзіндік сыры мен қыры көп, күрделі және бай тіл. Оның барлық сыр-сипатын, салаларын бірден тану, білдіру мүмкін емес, сол себепті тілдік материалдар өз жүйесі бойынша жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген ұстанымдарды есепке ала отырып үйретіледі.



Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алып отырғанда, басқа ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету екі бағытта жүргізілуі тиіс, біріншісі – олардың ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бағытында, екіншісі – осы ауызекі сөйлеу тілін сауатты жаза білу бағытында. Тыңдаушылардың сауаттылығын дамыту мақсатында көптеген жұмыс түрлерін өзіміздің іс-тәжірибемізде кеңінен қолданып келеміз. Ондағы мақсат – тыңдаушыларды сауатты жаза білуге үйрету. Қазақ тілінде сауатты, жақсы жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуге үйрету арқылы оқытушы тыңдаушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін де дамытады. Тыңдаушыларды сауатты, көркем жазу мәдениетіне үйрету үшін оқулықта берілген жаттығу, тапсырмаларды орындап қана қоймай, тілді қабылдау ерекшелігіне сәйкес түрлі жазылым жұмыстарын түрлендіре жүргізіп отыру қажет. Ол үшін ең алдымен сөздікпен жұмыс түрлерін жүйелі және қызықтыра меңгерте білу шарт. Күнделікті сабақта қолданып, үйретілетін жаңа сөздерді ауызша қайталатып, түсіндіріп, аудармасын айтқан соң, сөздік дәптерлеріне жазғызып, келесі сабақта сол сөздерді сұрау керек. Жаңа сөздерге байланысты мәтінді оқытып, сол сөздердің жанына синонимін, омонимін, антонимін көрсетіп жаздыру қажет. Мысалы: сұлу, әдемі, көркем, ажарлы. Жас - адамның жасы; көздің жасы; Бас – адамның басы; бұлақтың басы; сөздің басы; аяғыңды бас. Жақсы-жаман; биік-аласа; жоғары-төмен; т.б. Бұндай әдісті қолдану кезінде әрбір тыңдаушының мәтінді оқуға қызығушылығы артып, орындауға деген ынта-жігері байқалады және танымдық белсенділіктері күшейеді. Өйткені сөздік жұмысын жүргізу арқылы жаңа сөздерді естерінде сақтайды, ұтымды жерінде пайдаланады, осы арқылы олардың сөздік қорлары молаяды. Тілді үйрететін негізгі құралдардың біріне – жаттығулар жатады. Тәжірибеміз көрсеткендей, жаттығуларды күрделендіріп, кейде керісінше жеңілдендіріп, тыңдаушының белгілі дәрежесіне сай, түрлендіріп, өзгертіп пайдаланамыз. Жоғарыдағы қарастырып отырған жаттығуларды екі топқа бөлуге болады: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары. Тілдік жаттығулар тілдік нұсқалар туралы алғашқы білімді бекітуге арналады. Қазіргі оқулықтардағы жаттығулардың көбі – осы тұрғыдағы жаттығулар. Ал бұл жаттығулар ауызекі сөйлеу нормаларына сай дағдыны қалыптастырып қана қоймай, олардың жазбаша сауатына да жақсы әсер берері сөзсіз. Тілді үйретудің алғашқы қадамы тілдік жаттығулар арқылы тілдік нұсқалардың мағынасын, қолданылуын үйретуден басталады. Негізінен тілдік жаттығуларға қойылатын талаптар тілдік нұсқаларға, материалдарға арналуы керек. Осыған орай сөйлемнің барлық мүшелерін сөйлемде қолдануға жаттықтыру, соңында сөйлемдерді біртіндеп қысқарту, біртіндеп толықтыру арқылы жазба тілді дамытудың маңызы зор. Айталық, «Әке келді» деген қысқа сөйлемді бірте-бірте кеңейту үлгісін беріп, оны кеңейтуге тапсырма беріледі. Үлгі:Әке келді. Менің әкем келді. Менің ең үлкен әкем келді. Менің ең үлкен әкем біздің үйге келді. Менің ең үлкен әкем біздің жаңа үйге келді. Менің ең үлкен әкем біздің жаңа үйге сағат бесте келді. Сонымен бірге керсінше, осы соңғы сөйлемді беріп, оны бірте-бірте жоғарыдағыдай сөз қосудың орнына бір сөзден қысқарттырып үйретуге болады. Тапсырмалардың осылайша кең көлемде, ауқымды берілуі оқушылардың білім деңгейіне қарай міндетті деңгейде де, мүмкіндік деңгейде де жазу жұмыстарын жүргізуге тиімді екендігін көрсетеді. Жазба сөйлеу тілін дамытуда жазба жұмыстарының тағы бір түрі суретпен жұмыстың маңызы өте зор. Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын суреттер тыңдаушылардың ойлары мен сезімдерін қамтыған, оларды толқытқан және осының салдарынан өздерінің алған әсерін айту ықыласын тудырған жағдайда ғана, эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне және тілді дамыту үшін қызмет атқарады. Сондықтан суреттерді таңдауға әсіресе мұқият қарау керек. Қандай суреттер қызықтырады? Тілді дамыту бойынша жұмыс істеу үшін суреттерді іріктей отырып, қандай жалпы принциптерді басшылыққа алу керек? Қандай суреттер эмоциялық қабылдаудан бейненің құрылымын ашуға жетелейді? Суреттің тақырыбы мен идеясы, сюжеті,тыңдаушының өз ойын білдіру үшін пайдаланған, бейнелеу құралдарының рөлі ретінде айқындалады. Құрылымдық талдау қабылдаудың эмоциялылығын жоғарлатады, сезім мен сананы жаңа сатыға көтереді.Сурет арқылы тілді дамыту үшін олардың ойлап тапқан атауларын талдау және салыстыру, аса лайықтысын таңдау; суретшінің берген атауымен салыстыру сияқты жаттығулар да өте пайдалы.Суреттерді іріктеу ең алдымен суретпен жұмыста күрделендіріліп, үйренген сөздік қорларына қарай дамып отырады. Суретпен жұмысты үлестірме қағаз ( карточка) түрінде немесе, үлкен сюжетті тақырыпты көрсетіп, іліп қойып орындауға болады. Әсіресе заттық суреттер таратылып, оны әр қырынан суреттету де тіл дамытудың нәтижелі түрінің бірі болып табылады. Мысалы: Мынау нелер? Мынау гүлдер. Гүлдер қандай? Гүлдер әдемі. Ыдыста қандай гүлдер бар? Ыдыста қызыл, сары, ақ, көк гүлдер бар. Келе-келе бұл жұмыс сюжеттік суреттермен жұмыс жасауға ұластырылады. Суретпен сөз, сөз тіркесі, сөйлем, әңгіме, шығарма жаздыру өте тиімді. Өйткені суретке қарап тыңдаушы өз ойын, көргендерін тиянақты көркем тілмен жеткізе білуге үйренеді.Суретпен жұмыс жүргізгенде суретті ребус, сөзжұмбақтар шешкізу де өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жазған зат атауларын, сөйлемдерді келесі кезекте қатесіз жазуға және естерінде берік сақтауға әдеттенеді.Сурет бойынша жұмысты ұйымдастыра отырып, сабақтың мақсатына, білім деңгейіне, нақты шарттарға байланысты салыстыру тәсілін әр түрлі пайдаланамыз. Жоғарыдағы баяндалған жазба жұмыстары өткеннен соң, қатемен жұмысқа көп уақыт бөлеміз.

Тыңдаушыларға қазақ тіліндегі жалғаулардың түрлерін, етістіктің әр түрлі формаларын меңгерткеннен кейін сұраулы сөйлем құраудың әдістерін үйретеміз. Мұндағы басты мақсат - ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық қорын молайту. Өйткені, диалог - тек екі адамның сөйлесуі ғана емес, сөйлеу мәдениеті, тыңдата білу, пікір айта білу, түсінікті сөйлей алу, сөйлемді дұрыс құрап, дауыс ырғағын ой мағынасына сәйкестендіру. Сондай-ақ сұрақ қойып, жауап бере алуға үйретудің мақсаты - ойлау қабілетін жетілдіре отырып, тілін дамыту. Бұған қоса көргенін әңгімелеп беруге баулып, табиғат көріністерін суреттеп айтқыза отырып, ауызша тіл дамыту жұмысына дағдыландырамыз. Белгілі бір жағдаятқа байланысты мысал келтіру, сөйлем құрастыру, дұрыс талдау жасай алуына қол жеткізуге тырысамыз. Тек сонда ғана өтілген тақырыптардың ерекшелігін терең игеріп, пайдалана алатын болады. тіл дамыту, жаттықтыру; дағдыландыру жұмыстары игерілгеннен кейінгі міндет сол алған білімдерін іс жүзінде, күнделікті өмірде еркін қолдана білуіне дағдыландыру болып табылады. Мысалы «Етістіктің шақ формаларын», «Болымсыз етістік», «Қалау рай», «Шартты рай», «Тұйық рай» т.б. формаларының «атауын айтпай» игертіп, сөйлем құрай білуге дағдыландырғаннан кейін осы формаларды пайдаланып сұрақ қойып, жауап бере алуға үйретуге болады.Мысалы:

1. – Ибрахим, сен қазір дәрісханаға барасың ба?-деген сұраққа бірнеше әдістерді қолдана отырып, жауап беруге үйретеміз. Мысалы:

1)– Иә, мен қазір дәрісханаға бара жатырмын.

2) –Жоқ, мен қазір дәрісханаға бара жатқан жоқпын, кітапханаға бара жатырмын.

2. - Нұрахмад, сен ертең кешке театрға барасың ба?-деген сұраққа төмендегідей жауап беруге үйретемін.

1) - Иә, мен ертең кешке досыммен бірге театрға барамын.

2) –Жоқ, мен ертең кешке театрға бармаймын.

Келесі бір сұрақтың формасы:

2. – Әли, сен кеше жатақханада Фейрузаны көрдің бе?-деген сұраққа

1) - Иә, мен кеше жатақханада Фейрузаны көрдім.

2) –Жоқ, мен кеше жатақханада Фейрузаны көрген жоқпын, өйткені мен жатақханаға бармадым, - деп жауап бере алуға дағдыландырамыз.

Жоғарыда келтірілген мысалдар етістіктің шақ формаларын, болымды, болымсыз етістік тақырыптарын жете меңгергеннен кейін іс жүзіне асырылатын талаптар. Кез-келген сұрақтарға тыңдаушыларды құптап немесе құптамай жауап беруге үйретудің маңызы зор. Сөздік қоры молайып, грамматикалық ережелерді сауатты меңгерген тыңдаушылардың қазақ тіліне ынтасы артып, одан әрі үйренуге деген қызығушылығы оянып, мемлекеттік тілде сөйлей алатынын мақтан етері сөзсіз. Сабақтың қызықты өтуі –жұмысымыздың нәтижелі болуының алғы шарты.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Н.Ә.Назарбаев. Мен халқымды сүйемін.

  2. Д. Әлімжанов., Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1998.

  3. К.Ы.Сариева. Қазақ тілі, Оқу, жаттығу құралы. – Алматы: Білім,2011 ж.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы

2014 жыо 3 наурызда 2 топ тыңдаушыларымен өткен жиналыстың

ХАТТАМАСЫ


Жиналысқа қатысқандар: 2 топ кураторы Тойғанбекова М.Ш. және 2 топ тыңдаушылары: Фахиди Файсал, Набизада Вахидулла, Хемат Самидулла, Фавад Ахмад Фавад, Сардарвали қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 2014 жылдың 1 наурыз , сенбі күні №14 жатақхана меңгерушісі Г.А.Абиловадан түскен шағымға сәйкес 28 ақпан күні жатақханада қонбай, таңертең арақ ішіп келген Хемат Самидулланың мәселесін қарау.
Тыңдалды: Аталған тыңдаушы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет