Сыртқы жадынықолдана отырып, жадыны үлестіру әдістері Жадыны беттік үлестіру (paging) – барлық ОЖ-да қолданы- латын жадыны басқару стратегиясы.
Беттік үлестіру (paging) – логикалық жады беттерге, яғни
бір өлшемдегі көршілес аймақтарға бөлінетін жадыны басқару стратегиясы, әдетте:
процеске бөлінетін физикалық жады үзілісті болады;
логикалық және физикалық адрестер арасындағы байла- ныс беттер кестесі арқылы іске асырылады, яғни ол про- цеске оның логикалық адрестерін физикалыққа трансля- циялау үшін бөлінетін жүйелік құрылым болады.
Жадыны беттік ұйымдастырудың мақсаты – процестер үшін физикалық жадыны көршілес емес үлестіруді қамтамасыз ету, сонымен қатар логикалық жады кеңістігін үлкейту.
Беттік үлестіру барысында логикалық адрес жүйеде ерекше
түрде өңделеді, мысалы (p, d): оның үлкен разрядтары беттің нөмірін, ал кіші разрядтары бет ішіндегі ығысуын көрсетеді.
Беттің нөмірі (p) – беттер кестесіндегі индекс, ал оған сәйкес
элементте физикалық жадыдағы беттің басталатын базалық ад- ресі сақталады. Бет ішіндегі ығысу (d) оның базалық элементіне қосылады. Соның нәтижесінде жадыны басқару құрылғысына берілетін физикалық адрес құрылады.
44
22-cурет. Беттік үлестіру барысында адрестерді трансляциялау сұлбасы
Келесі суретте беттік ұйымдастырудың мысалы келтірілген, ол үзіліссіз логикалық адрестермен салыстырғанда негізгі жады- дағы бетке сәйкес келетін фреймдер көршілес орналаспайтыны көрсетілген.
Беттер кестесі – физикалық жадының үзіліссіз аймағы.
Жүйеде беттер кестесінің базалық регистрі бар және беттер кесте- сінің ұзындығынан, сонымен қатар кестеге сілтемеден тұрады.
Сонымен, беттік ұйымдастыру барысында жадыға қол жеткі-
зу бір емес екі рет қатынауды талап етеді, олардың біреуі беттік кестеге, екіншісі тікелей мәліметтерге немесе командаларға ба- ғытталады. Осы айтылғандар жадыны басқарудың басқа қара- пайым әдістерімен салыстырғанда беттік ұйымдастырудың кем- шілігін және тиімсіздігін көрсетеді.
Мұндай мәселе беттің ассоциативтік жадысы (cache) түсіні- гін (адрестерді трансляциялау буфері (translation lookaside buffer – TLB)деп те аталады) келтіру арқылы шешіледі. Ассо- циативтік жады келесі түрдегі жұптардың ассоциативтік тізімі болып табылады: (бет нөмірі, фрейм нөмірі). Оның жылдамды- ғы негізгі жадымен және регистрлермен салыстырғанда жоғары.
45
24-сурет. Ассоциативтік жадыны пайдалана отырып, адрестерді трансляциялау сұлбасы
46
TLB пайдалана отырып, адрестерді трансляциялаудың өзгертіл- ген сұлбасы келесі суретте келтірілген.
23-сурет. Беттік үлестіру мысалы
47
Сыртқы жадыны қолдана отырып, үлестірудің келесі екі әді- сін (сегменттік, сегменттік-беттік) оқырмандардың үлесіне қал- дырамыз.