М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет2/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

ӘОЖ 004.415 (075.8)
КБЖ 32. 973. 202-018. 20 я 73
© Сапақова С.З., 2016
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016
ISBN 978-601-04-1349-8
Оқу құралында операциялық жүйелердің, орталардың және қабықшалардың басты функциялары мен анықтамалары, архи- тектураларының түрлері, есептеу жүйесінің тиімділік критерий- лері келтірілген. Процестер мен ағымдарды жоспарлау және жа- дыны үлестіру алгоритмдерін таңдау, синхронизациялау құрал- дарын, жадыны виртуализациялау және мәліметтерді кэштеудің ОЖ өнімділігіне әсері, файлдық жүйелерді басқару ерекшелігі сипатталған.
Есептеу техникасының даму тарихы мен негізгі кластары, ассемблерде программалаудың барлық негізгі сұрақтары толық және түсінікті талқыланған. Intel, 16- және 32-разрядты процес- сорлардың регистрлері, сопроцессормен жұмыс істеудің негізде- рі, жадыны нақты уақытта сегментациялау, пернетақтаны, эк- ранды және дисклерді басқару, т.с.с. қарастырылған.
Emu8086 эмуляторында ассемблер программасымен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын қалыптастыру мақсатында 10 зерт- ханалық және өздік жұмыс тапсырмасы берілген. Оқу құралын- да ұсынылып отырған практикалық тапсырмалар Emu8086 ком- пьютерлік модельдеу программалық пакетінің негізінде жүзеге асырылды. Emu8086 қуатты редакторында ассемблер, дизас- семблер, программалық эмуляторы (виртуальды ДК) жинақтал- ған. Бұл программа ассемблерді үйренушілерге өте пайдалы. Ол берілген кодты компиляция жасап, эмулятор арқылы орын- дайды. Интерфейсі өте қарапайым. Программаның орындалуы барысында регистрлерді, флагтарды және жадының жұмысын бақылауға болады. Арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) орталық процессордың ішкі жұмысын көрсетеді. Эмулятор программаларды виртуальды ДК орындайды, сондықтан прог-
3
КІРІСПЕ
рамманы жазу барысында нақты аппараттық құрылғыларға, мы- салы, қатқыл дискіге және жадыға қатынау болмайды. 8086 ма- шиналық коды микропроцессорлардың барлық модельдерімен үйлесімді жұмыс істейді. Бұл программаның командалар жиыны шағын, сондықтан зертханалық жұмыс барысында студенттерге үйрену жеңілдеу болады.
Төртінші тарауда цифрлық электрондық сызбаларды Simulink ортасында модельдеуге байланысты практикалық жұмыстардың әдістемесі берілген. Бұл жұмыстар студенттерді логикалық функ- цияларды, регистрлерді, триггерлерді, санағыштарды және мультиплексор мен демультиплексор, шифратор мен дешифра- тор жұмыстарының ұйымдастырылуымен таныстырады.
Бесінші тарауда желілік ОЖ-ның қазіргі уақытта кең тарал- ған LINUX ОЖ-ның сыртқы құрылғыларымен байланысы, жүйелік және орнату дискілерін құру айқындалады. Процестер- дің көптапсырмалы орындалу режимі, сонымен қатар ОЖ-ны қолдану және программалық интерфейстері игеріледі. Жүйенің басты ерекшеліктері мәліметтерді өңдеу барысында қолданыла- тын қарапайым және күрделі командаларды пайдалану мысалы арқылы көрсетіледі.
Бұл ОЖ серверлерге және жұмыс станцияларына арналған, оларға қосымша терминалдарды қосуда графикалық қабықша- ларды пайдаланады. UNIX-серверлері үлкен көлемдегі ақпарат- тарды сақтау мен өңдеу үшін қажет. Оларды мәліметтерді үлес- тіре отырып, өңдеу барысында пайдаланған ыңғайлы. Сондық- тан CORBA стандартына сәйкес үлестірілген есептеулерді орындайтын жүйелер дайындалған. Ондай жүйелерге мәлімет- тер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ Oracle типіндегі, Informix), файл-серверлер, FTP-серверлер, СЫЗБА-серверлер және Linux ОЖ-ны қолдайтын жүйелер де жатады. Үлестірілген жүйелерде ақпарат әртүрлі жұмыс станцияларында, дискілерде орналасады, ал программалық модульдер әртүрлі компьютерлерде жұмыс іс- тейді, соған қарамастан бұл жүйе біртұтас болып есептеледі жә- не қызмет атқарады.Үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу бары- сында клиент-серверлік технология қолданылады, мұнда қолда- нушы тек өзіне қатысты ақпараттармен жұмыс істейді. Бұл тех- нологияның дамыған түрінің мысалы ретінде интеллектуалды
4
5
агенттер технологиясын атап кетуге болады. Желілік Linux ОЖ 32- немесе 64-разрядты платформаға арналған.
Жалпы, ОЖ компьютердің белгілі бір моделімен байланыс- ты емес. Оның ядросы жоғары деңгейлі тілде жазылғандықтан,
бұл жүйені бір платформадан басқасына жеңіл көшіруге мүмкін-
дік береді. Жүйе GNU лицензиясы бойынша таратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет