М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


-сурет. Электрондық шам 37-сурет



бет28/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

36-сурет. Электрондық шам
37-сурет. «Эниак» компьютері (1946 ж.)
38-сурет. «Эниак» компьютер (1946 ж.)
63
39-сурет. Перфокарта
Екінші кезең – транзисторлар (1955-1965 ж.)
Компьютерлік техниканың екінші кезеңі электрондық шам- дар және дискретті транзисторлы логикалық элементтерді пай- даланумен сипатталады. Олардың жедел жадылары магниттік өзекшелерде сақталды. Енгізу-шығару құралдарын пайдалану аясы кеңіді, магниттік таспалармен жұмыс істеуге арналған маг- ниттік барабандар және алғашқы магниттік дискілер пайда бол- ды.
40-сурет. ҮЭСМ-6. Екінші кезең
41-сурет. Транзистор
42-сурет. Магниттік өзек
Жоғарғы деңгей тілдері пайда болды, олардың құралдары есептеу тізбегінің іс-әрекетін көрнекі, түсінікті тілде сипаттауға мүмкіндік берді. Алгоритмдік тілде жазылған программа тек өзі- нің командаларын қабылдайтын компьютерге түсініксіз, сон- дықтан трансляторлар деп аталатын арнайы программалар да- йындалды, олар жоғарғы деңгейде жазылған программаларды машиналық тілге аударады. Әртүрлі математикалық есептерді шешуге арналған кітапханалық программалардың кеңейтілген жиыны дайындалды. Мониторлық жүйелер құрылды, олар прог- рамманың трансляциялау және орындалу барысын басқарды. Мониторлық жүйелерден кейінірек қазіргі уақыттағы опера- циялық жүйелерге дейін дамыды.
Үшінші кезең – интегралды cызбалар (1965-1980 ж.)
Кремнийлі интегралдық сызбаның 1958 жылы ойлап табы- луы (Роберт Нойс) оншақты транзисторды бір шағын микро- сұлбаға орнатуға мүмкіндік берді. Интегралдық сызбаларға не- гізделген компьютерлердің көлемдері кішірейіп, өнімділікте- рі артқан. Үшінші кезең компьютерлері 60-жылдардан кейін пайда болған. Компьютерлік техниканың дамуы үздіксіз про- цесс болғандықтан, оған әртүрлі мемлекеттерден көптеген адамдар тобы қатысқан, сондықтан әр кезеңнің басталған уақы- тын анықтау аса маңызды емес. Екінші кезеңдегі компьютер- лерден басты айырмашылығы – архитектура түсінігіне негізде- луі.
64
45-сурет. IBM-360 компьютері. Үшінші кезең
Бұл кезең машиналарының операциялық жүйелері дамыған, олар мультипрограммалау, яғни бірнеше программаның бір ме- зетте орындалу мүмкіндігіне ие. Жадыны, басқа құрылғыларды және қорларды басқаруға байланысты көптеген тапсырмаларды операциялық жүйенің өзі немесе тікелей машина орындады.
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет