129
SUB командасының бірінші операнды ретінде регистрді көр- сетуге болады (сегменттіктен басқа) немесе жады ұяшықтарын, ал екінші операнд ретінде регистрді (сегменттіктен басқа), жады ұяшығын немесе тікелей мәнін көрсетуге болады, бірақ бір мез- гілде екі операндты жады ұяшықтар ретінде көрсетуге бол- майды. Операндтар байт немесе сөз және таңбалы немесе таңба- сыз сандардан тұруы мүмкін. SUB командасы әдеттегі бүтін сандарды, екілік-ондық сандарды қосу үшін пайдаланылады (АХ регистрін нәтижелерді сақтауға қолданамыз). Команда OF, SF, ZF, AF, PF және CF флагтарына әсер етеді.
Команда
|
Міндеті
|
Процессор
|
SUB қабылдаушы, шығарушы
|
Азайту
|
8086
|
Мысалы:
mov al,10
sub al,7 - -->al = 3; al – қабылдаушы, 7 – шығарушы mov ax,25000
sub ax,10000 - --> ax = 15000; ax – қабылдаушы, 10000 – шы-
ғарушы mov cx,100 mov bx,15
sub cx,bx - --> cx = 85, bx = 15 (bx өзгермейді); cx – қабыл-
даушы, bx – шығарушы
Инкремент (1 арттыру).
INC (Increment – инкремент) операндқа 1 қосады, мұнда операнд ретінде регистрді көрсетуге болады (сегменттіктен бас- қа) немесе байттық өлшемдегі жады және сөзді де. Тікелей мән- дерді операнд ретінде пайдалануға болмайды. Операндты таңба- сыз сан ретінде түсінуге болады. Команда OF, SF, ZF, AF және PF флагтарына әсер етеді. Команда CF флагына әсер етпейді, бұған әсер ету үшін Add Op,l командасын пайдалануға болады.
INC командасы (Increment – инкремент) регистрдің мәнін не- месе жады операндының мәнін бірге арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |