АТ стандарты
АТ – компьютердің қоректендіру блоктарында пайдаланыл- ған бірінші стандарт, ол алғашқы IBM-үйлесімді компьютер- лермен бірдей пайда болды және 1995 жылға дейін пайдаланыл- ды. Бұл қоректендіру блоктарының шығысында төрт тұрақты кернеу болды.
ATX стандарты
ATX жаңа стандарт, онда шығысындағы кернеу жолақтары- ның саны артқан, мысалы, AT стандартына +3,3 В шамасындағы кернеу қажетті болса, сәйкесінше, сол жолақ қосылған және оған қоса +5 В SB (Stand-By) жолағы да қосылған.
63-сурет. Жүйелік плата құрылымы
ДК жүйелік платасы құрылымдық түрде көп қабатты тексто- литтік баспа платасы түрінде орындалады. Қабаттардың саны – 12, бірақ әдетте 8=i пайдаланылады (егер бояу мен лакты есепке алмаса). Әр қабаттың арасында басылған металл фольгадан жа- салған өткізгіштер орналасқан, олар микросұлбалардың, резис- торлардың, кондесаторлардың шығыс контактілерін және ойық- тарды өзара байланыстырады. Төменде Gigabyte компаниясында өндірілген жүйелік платасы қиылып көрсетілген, бұл компания мыс қабаттардың қалыңдығын көбейтуді ұсынды.
Процессормен жедел жады, сыртқы құрылғылар модульдері арасында чипсет (chipset) орналасқан. Чипсет (chipset) – бұл микросұлбалардың жиыны, олар барлық блоктардың арасында сигналдарды таратудың қызметтік функцияларын атқарады. Қуат көзі берілгенде чипсетте белгілі бір командалар тізбегі өң-
деліп, процессорды белсенді күйге көшіреді. Процессор өз кезе-
гіне BIOS программасы арқылы жүйелік платаға қосылған басқа құрылғыларды қосады және тестілеуден өткізеді. Егер компью- тер сәтті қосылса, чипсет микросұлбалары процессор, жады, пе- рифериялық құрылғыларды тұтастырып, бүтін есептеу құрыл- ғысына айналдырады. Бұл құрылғы қолданушының командала- рын орындауға дайын тұрады. Процессордан жедел жадыға жә- не керісінше чипсет арқылы өтеді.
Форм-фактор АТХ
Бір ерекшелігі дербес компьютер (ДК) үшін ең тұрақты түсі- нік – форм-фактор түсінігі, элементтерінің орналасуымен габа- риттік өлшемдеріне байланысты термин. Бұл түсінік жаңа модельдер мен ескі модельдерді жақындастырады. Жүйелік пла- таларды және периферияны өндірушілер ортақ платаларды бекі- ту және түйіндерді корпуста орнатуға байланысты ережелерге бағынатындықтан, қолданушылар өз бетінше компьютерлерін жаңалай алады (мысалы, ескі процессорды жаңасына ауыстыру немесе қажетті перифериялық құрылғыларды орнату). Жүйелік платаларға арналған екі негізгі стандарт бар, олар – AT және АТХ. Бірінші – AT форм-факторы – бұл ескі процессорлы ком- пьютерлерге арналған стандарт. Екінші – АТХ форм-факторы – бұл стандарт негізінде жаңа компьютерлер дайындалды. Бұл екі стандарттың айырмашылығы процессордың және интерфейстер-
98
Достарыңызбен бөлісу: |