Мақалдар мен мәтелдер

Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар

бет2/5
Дата04.10.2023
өлшемі91.47 Kb.
#479776
1   2   3   4   5
file-2849 (1)

Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар.
Мысалы, Олақтан салақ жаман; жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме деген мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар жанар – деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз.

Мұның алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал соңғысы «ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды» дегенді білдіреді.
Мақал - мәтелдердің көпшілігі образды, бейнелі түрде келіп, астарлы, ауыспалы мағынасында ұғынылады. Мысалы: Темірді қызған кезде соқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.

Мақал мен мәтелге бай халықтардың бірі – қазақ халқы. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда–ақ европа халықтарына мәлім бола бастаған. Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. “Мақалды тудырушы – еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазынасы”, — дейді атақты қазақ фольклористика ғылымының білгірі профессор Мәлік Ғабдуллин.

Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш.Уалиханов, В. Радлов, А.В. Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә. Диваев, Ө.Тұрманжанов, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор.

Белгілі бір жүйемен берілген, өте көлемді еңбек деп 1899 жылы Орынборда басылып шыққан В. Катаринскийдің “Сборник Киргизских пословиц” деген кітабы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет