Мақалдар мен мәтелдер



бет4/5
Дата04.10.2023
өлшемі91.47 Kb.
#479776
1   2   3   4   5
file-2849 (1)

Қазақ халық ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетте 1879 жылы Орынборда шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ы.Алтынсариннің хрестоматиясының алатын орны ерекше. Бұл хрестоматияда берілген мақал-мәтелдер бірнеше тақырыптарға бөлініп, жүйелі түзілген.

Зерттеуші ғалымдар

. М.Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихында» , С.Сейфуллиннің «Таңдамалы шығармалар» жинағында мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы ретіне аталып, топтап мысалдар келтірілген. Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы ретінде қарастырған. М.Әуезов 1940 жылдардың басында «Қазақ халқының эпосы және фольклоры» атты зерттеуінде қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің тұлғасы өлең түрінде жасалатын, мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен байланысты болатын екі ерекшелігіне көңіл бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында «Қазақ әдебиетінің тарихында» басылған Б.Шалабаевтың «Мақал-мәтел» атты ғылыми очеркінен басталады (Алматы, 1948). Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді жинау, жариялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары әбден қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған дейін, көбінесе республикалық газеттер бетінде ғана жарияланып келсе, енді «Қызыл ту», «Оңтүстік Қазақстан», «Ленин жолы», «Есіл правдасы», «Коммунизм жолы» сияқты облыстық газеттерде де жиі жарияланып, жарық көре бастаған.

1001 мақал...

Білім гауһар, бағасы жоқ.

Надандық кесел, дауасы жоқ.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар.

Атаның құны, ананың сүті.

Ата-ананың қарызы,

Ұрпақтың өмірлік парызы.

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің;

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.

Ашаршылықты көп көрген



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет