Мақалдар мен мәтелдер


Белгілі бір жүйемен берілген, өте көлемді еңбек деп 1899 жылы Орынборда басылып шыққан В. Катаринскийдің “Сборник Киргизских пословиц” деген кітабы



бет3/5
Дата04.10.2023
өлшемі91.47 Kb.
#479776
1   2   3   4   5
file-2849 (1)

Белгілі бір жүйемен берілген, өте көлемді еңбек деп 1899 жылы Орынборда басылып шыққан В. Катаринскийдің “Сборник Киргизских пословиц” деген кітабы.

В.Катаринский жинағына мың жарымнан артық мақал-мәтелдер енгізілген. Олар бірнеше тақырыптарға жіктелген. Түркі тектес халықтар мақал мен мәтелді былайша атайды. Өзбекше-мақал, қырғызша мақал мен лақаптар, татарша – мәкаль һәм әйтем, әзірбайжанша – аталар сөзі, ұйғырша – мақал вә тәтсил, түркіменше – нақылдар ве аталар сөзи, чуваштар- ватнисем калани.

мақал – мәтелдердің тақырыбы

Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің тақырыптары әр алуан: туған жер, ел-отан, еңбек, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік кәсібі, ынтымақ, достық ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал мен мәтел құстың екі қанаты секілді бір-бірімен байланысты, бірақ олардың араларында аздаған өзгешеліктері мен айырмашылықтары болды. Мәселен, мақал сөзде адамның нәзік сезімдері мен терең ойлары ашық айтылады, дәлме-дәл көрсетіп, бейнелейді. Мысалы: “Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар”, “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, “Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты”.

Ал, мәтел сөздің сыры: белгілі бір құбылысты астарлап, жұмбақтап, бейнелеп айтады. Мәтел сөзге бір мысал: “Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты”. Сөз сауысқан туралы емес; сауысқан тектес, әсіре қызыл, еліктегіш, әсершіл адамдарды сынаған. Біреулер бар: өзінің дербес қасиеттерін жоғалтып, ықпалды адамдардың әуеніне төңкеріліп, соның көлеңкесіне тасаланады, өмірдің ағысынан өзін-өзі таба алмай әуре болады. Аталған мәтел сол образды бейнелеген.

Зерттеуші ғалымдар

Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. Ш.Ахметовтың құрастыруымен шыққан «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясында» бірнеше тақырыптағы мақал-мәтелдер берілген. Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, И.Гродеков, А.Васильев, П.М.Мелиоранский, Ә.Ә.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, Н.Төреқұловтарды атап көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет