Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі география пәні мұғалімі Отеулиева Онайгул Жолдиевна Ашық тәрбие сағаты


Әке үйде мықтағанда отын жарып, малға қарайды, қатты қайырым шаруаны тындырады, баланы кейде қыдыртады, болмаса ол да жоқ



бет2/4
Дата19.04.2024
өлшемі29.18 Kb.
#499329
1   2   3   4
Әке - шаңырақтың тірегі тақырыбында ащық тәрбие сағаты

Әке үйде мықтағанда отын жарып, малға қарайды, қатты қайырым шаруаны тындырады, баланы кейде қыдыртады, болмаса ол да жоқ.
Бала көшеде кіммен, не ойнап жүр? Тентек, бейпіл ауыз, бейбастық біреулерге үйір болып жүр ме? Әлде, ол өнерін ұштап, ой әлемін жетілдіретін, пайдалы, өнегелі бір іспен әуестеніп жүр ме? Онымен көп әкенің ісі болмайды немесе көңілді аз аударады.
Ер жетіп қалған баланың әлдебір нашар топтармен араласып, жат қылықтарға бой ұрғаны әйгіленіп қалғанда ғана оған «мұныңыз қалай, балаңызды неге дұрыс тәрбиелемегенбіз?» деп талап қоя бастасаңыз, «қайдан білейін,баланың соңынан еріп жүре аламын ба, жұмыс, жиналыстан қол тимейді» деп ақталғысы келеді кей әкелердің. Бұған не айтасыз? Қазақтың «Еріншекке сөз айтсаң, адам таппас жауап айтады» дегені осындайларға дөп келеді.Кейде тәрбиеге шындап араласып келген кейбір әкелер қатаңдық танытып, баланың қателігін әбден зерттеп алмай жөнді- жөнсіз жәбірлеп, шамадан тыс шектеп ұстауға бой ұрады. Бұл да біржақты, жете ойластырылмаған әрекет.
Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса, пайдалы өнерге баулыса, жақсы, өнегелі орталармен үйір етсе, бала соғырлым жақсыға қарай бейімделе береді. Музыкаға, ән-күйге , сүрет салуға әуестік, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға құштарлық т.б. өнердің бәрімен де баланың қабілетіне қарай ата-ана таныстырып, достастыруы парыз.
Жақсы әкелер сондай алуан өнермен табыстыра жүріп, өзі де баласының жан дүниесін, көңіл күйін, қабілет- қасиеттерін жақсы сезетін болады. Баламен өмір жайлы, көрген кино, оқыған кітаптар, адамдар, достар жайлы әңгімелесіп, сыр алысу- әке мен баланың достығын нығайтып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін шыңдай түседі. Ондай жағдайда әке мен баланың арасында ешқандай қырғиқабақтық, салқын көзқарас, жасырын, жұмбақ нәрселер болмайды.


II. Көрініс көрсету.
1. Көрініс.видио ролик.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

«Қазақ биі
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады делінген

III.«Қызықты сұрақтар» айдары. Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз?


Сұраққа - жауап:
1. Балаңыздың парталас көршісі кім?
2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
3. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
4. Балаңыз кеше қандай баға алды?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың туған күні?
11. ) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет