Маңғыстау облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы


– 2018 жылдарға арналған экономикалық саясаттың негізгі шаралары мен бағыттары



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі8.68 Mb.
#12048
1   2   3   4

2. 2014 – 2018 жылдарға арналған экономикалық саясаттың негізгі шаралары мен бағыттары

Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – оны жаңғырту және әртараптандыру арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

Сондай-ақ, экономикалық саясаттың басымдықтары әлеуметтік жаңғырту, теңгерімді өңірлік даму, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, халықаралық интеграция мен өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
2.1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген мемлекеттік ақша-кредит пен салық-бюджеттік саясат және инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде ұстау есебінен қамтамасыз етіледі.


2.1.1 Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын реттеу саласындағы саясат


Қаржылық қызметтерді дамытудың негізгі мақсаты – халыққа және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықтың барлық жігіне бағытталған қаржылық қолдауды ұсынудың икемді жүйесін құру болып табылады.

Негізгі міндеттер:

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу және мемлекеттік қолдау практикасын одан әрі дамыту;

қаржы институттары арқылы (оның ішінде, «ҚазАгро» және т.б.) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және ауыл халқын кредиттеу практикасын дамыту;

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында, шағын кредит ұйымдары желісін дамыту және халықты шағын кредиттеу практикасын кеңейту.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттер көлемі 2013 жылғы 1 тамызда 11,4 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23%-ға артық.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 2380,9 млн. теңге жалпы сомасында 29 жоба, оның ішінде: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 2 352,5 млн. теңге сомасында 23 жоба, кредитті кепілдендіру бойынша – 16,4 млн. теңге сомасында 2 (оның мемлекеттік қолдау сомасы 3,28 млн. теңгені құрады), мемлекеттік гранттар беруге – 12,0 млн. теңге сомасында 4 жоба мақұлданды.

Барлық шағын кредит ұйымдары 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 451,2 млн. теңге сомасына 178 шағын кредит беріп, 412 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде:



«Маңғыстау облысының шағын кредиттеу орталығы» ШКҰ» ЖШС 248,9 млн. теңге сомасына 98 шағын кредит, оның ішінде:

өз бағдарламасы бойынша – 98,7 млн. теңге сомасына 22 шағын кредит;

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша – 150,2 млн. теңге сомасына 76 кредит берді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 202,3 млн. теңге сомасына 80 шағын кредит, оның ішінде:

өз бағдарламасы бойынша – 11,0 млн. теңге сомасына 4 шағын кредит;

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша – 191,3 млн. теңге сомасына 76 кредит берді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында ауыл халқын кредиттеуге республикалық бюджеттен 2013 жылы 200 млн. теңге бөлінді. Осы мақсатқа 2014 жылға – 200 млн. теңге, 2015 жылға – 200 млн. теңге, 2016 жылға – 200 млн. теңге бөлу көздестірілген.

Алдағы жылдары ауыл халқына әр түрлі шағын кредит ұйымдары арқылы шағын кредиттер беру, халықтың мейлінше әлеуметтік қорғалмаған жігін жұмыспен қамтуды және олардың табыстарын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.


2.1.2. Инфляция деңгейін тежеу
Алдағы жылдары ішкі рыногтағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляциялық үдерісті тежеу бойынша кешенді шараларды іске асыру жалғасады. Тұтыну бағаларының индексі 2014-2016 жылдары 106-105%, 2017-2018 жылдары 105-104% деңгейінде болжалдануда.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсуі реттелетін қызметтерге арналған тарифтердің инфляциясына шекті салыммен шектелетін болады. Кедендік-тарифтік реттеу тетіктерін қолдану жалғасады.

Азық-түлік рыногындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылығы облыстарынан негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алу, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ бағдарламасы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру, оларды «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сауда нүктелері арқылы рыног бағасынан 15-20% төмен бағамен сату, жергілікті ауыл шаруашығы өнімдері мен тауарларын өндірушілердің жәрмеңкелерін өткізу практикасы жалғастырылатын болады.

Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында, өзіндік ауыл шаруашылығын өнімдерін шығару дамыту, тамшылатып суаруды кеңейту, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын салу бойынша жұмыстар жалғасады.

Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларына арналған бөлшек сауда бағаларының рыногындағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактісі анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бөлшек бағаның шекті мәні мен бөлшек бағаның шекті жол берілген көлемін белгілеу бойынша жұмыс жалғасын таппақ.

Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.
2.1.3. Бюджет және салық саясатының негізгі басымдықтары

Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алу көлемі 2012 жылы – 16,1 млрд. теңгені, 2013 жылы – 24,6 млрд. теңгені құрады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бұрынғысынша, облыс бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар болып қала беруде. Мәселен, 2012 жылы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың түскен үлесі – 68,2%, меншікке салынатын салықтар бойынша түсімдер – 21,5%, 01.09.2013 жылғы жағдай бойынша тиісінше – 57% және 20,8 % құрады.

Салықтар бойынша бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС сияқты мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының жағдайы ықпал етеді. Мұнай секторынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне түсетін түсімдер 2008 жылғы 284,4 млрд. теңгеден 2012 жылы 568,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, 01.09.2013 жылға 446,3 млрд. теңгені құрады.

Облыс бюджетінің кірістері нақтыланған бюджет бойынша 01.09.2013 жылға жиыны 126,1 млрд. теңгені құрайды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер (бюджеттік кредиттерді есепке алмағанда) 2008 жылғы 13,1 млрд. теңгеден 2013 жылы 41 млрд. теңгеге дейін немесе 3,1 есе ұлғайды.

млн.теңге






2008

2009

2010

2011

2012

1.09.2013

I. КІРІСТЕР

64 730,1

75 844,5

93 169,1

104 769,4

113 862,8

126 107,7

Салықтық түсімдер

48 308,0

50 878,5

56 809,6

65 244,1

73 179,7

80 094,9

Салықтан тыс түсімдер

1 233,1

3 676,2

1 722,6

6 152,9

815,3

3966,4

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

3 559,9

960,3

1 317,8

1 534,1

1 013,5

1 003,1

Ресми трансферттердің түсімдері

11 629,1

20 329,5

33 319,1

31 838,3

38 854,3

41 043,3

Кірістердің жалпы көлеміндегі ҮЛЕС, %-да:



















өзіндік кірістер

82,0

73,2

64,2

69,6

65,9

67,5

трансферттер

18,0

26,8

35,8

30,4

34,1

32,5


2008-2013 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы

%-да





2008

2009

2010

2011

2012

1.09.2013

Кірістер, жиыны

105,9

100,9

101,7

101,4

96,7

121,6

Салықтық түсімдер

106,4

101,8

104,1

96,7

101,3

121,5

Салықтан тыс түсімдер

105,3

93,2

60,3

214,4

18,3

130,8

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

100,5

89,2

92,0

97,3

117,0

109,5

2012 жылы бюджеттердің барлық деңгейіне түскен салықтар мен өзге де төлемдердің түсімі 101,2% артық орындалумен қамтамасыз етілді. Облыс кәсіпорындары 2012 жылы мемлекеттік қазынаға (Ұлттық қорды есепке алғанда) 836,6 млрд. теңге аударды.

2013 жылдың қаңтар-тамызында бюджеттердің барлық деңгейіне 632,0 млрд. теңге салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті. Оның ішінде, жергілікті бюджетке 64,5 млрд. теңге түсті немесе есепті кезеңге 121,7%.

Қаражаттардың тұрақты түсуі 2012 жылдың ішінде облыс бюджетінің шығыстарын 107,9-дан 129,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, оның шамамен 46,3%-ы (60 млрд. теңге) әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды.



Облыс шығыстары 2013 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 139,7 млрд. теңгені құрайды. Жыл басынан бері шығыстар 12,5 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Жалпы сомадан білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 38,6 млрд. теңгені құрайды (2010 жылға қарағанда 10%-ға өсті). Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 18,4 млрд. теңгені құрайды (2012 жылға қарағанда 12,2%-ға өсті).

Салық-бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Экономиканың одан әрі өсуі үшін жағдайлар салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Салық саясатының шаралары орта мерзімді кезеңде мыналарға:

экономиканың шикізаттық емес секторын, ең алдымен экономиканың нақты секторлары кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамытуға ынталандыруға;

қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және ішкі, сондай-ақ сыртқы жеке инвестицияларды ынталандыруға;

бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға;

мемлекеттік функциялар мен міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясында неғұрлым қолайлы салық режимін қалыптастыру маңызды болып табылады, бұл капитал қозғалысына шектеу болмаған кезде экономиканың одан әрі өсуі үшін қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мыналарға:

1) халықтың әл-ауқатын арттыруға;

2) экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға;

3) мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталатын болады.

Бұл ретте, экономиканың өсуін ынталандыру макроэкономикалық тұрақтылыққа залал келтірместен жүзеге асырылатын болады.

Бюджет саясаты экономикаға оң ықпал ететін бюджет қаражатының оңтайлы шаралары мен көлемін айқындауға, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.

Мемлекеттік шығыстардың көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды, екінші жағынан мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.

Шығыстар саясаты да бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік жоспарлаудың тиянақты жігін құруға: мемлекеттік мақсаттарға - мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарына - тактикалық міндеттерге - іс-шараларға - ресурстарға - бюджетке сәйкес жүзеге асырылмақ.

2010 жылы шығыстарды оңтайландыру нәтижесінде қысқартылған бюджеттің ағымдағы шығындарының өсуін тежеу, басталған жобаларды аяқтау және жаңа жобаларды іске асырудың созылуын болдырмау арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруды реттеу бұрынғыша жалғаса бермек.



2.1.3. Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратуға, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлу, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты азаматтарға олардың тұрғылықты орындарына тәуелсіз, Конституция және заңнамамен кепілдендірілген мемлекеттік қызметтер ұсынудың сапасы мен жалпы қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бюджетаралық қатынастар орташа мерзімді кезеңде бюджеттік алулардың және төмен тұрған (аудандық, қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берілетін субвенциялардың белгіленген үшжылдық көлемін бекіту, сондай-ақ аудандық (қалалық) және облыстық бюджеттер арасындағы жеке табыс және әлеуметтік салықтарды бөлу нормативтерін жыл сайынғы белгілеу қағидатымен жасалады.

Сонымен бірге, орталық деңгейде бюджетаралық қатынастарды, Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін одан әрі жетілдіру, келесі орташа мерзімді кезеңге (2014-2016 жылдарға) арналған тиісті Заңды әзірлеу жоспарлануда.

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінде бюджеттік субвенциялар мен алударды ағымдағы шығындардың кемінде 10%-ы деп айқындау кезінде даму бюджетінің мөлшері бойынша норманы бекіту арқылы жергілікті бюджеттердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде қаржылық дербестігін күшейту болжануда.

Сондай-ақ, мыналар:

1) жергілікті бюджеттердің теңгерілімдігін қамтамасыз ету (жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау барысында ескерілген болжамға қатысты (мысалы қаржылық дағдарыс) кірістердің күтпеген төмендеу жағдайында өтм ақы тетігі;

2) мемлекеттік биліктің жергілікті органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қолдау шаралары (жергілікті атқарушы органдардың рейтінгілік бағасы нәтижелері бойынша көтермелеу) бойынша жаңа тетіктерді қарастыру көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет