26
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Бала бѳлмесінің ішінде 6–5 куб сажын ауа болсын.
Және ауа жиі-жиі жаңартылып тұрсын.
Бала жатқан
үйде кір жуу, кір кептіру, кірлеген киім тастау жара-
майды. Себебі, кірдің кірі бу болып, ауа болып баланың
ішіне кіріп, саулығына зиян келтіреді. Бала бѳлмесінің
жылылығын да бақылап тұру керек. Жаңа туған бала
жатқан бѳлменің жылылығын Рьюмер бойынша 17–18
градус, бір жеті мен алты жеті арасында 17–16 градус,
мұнан соң 15–16 градус болуы тиіс. Қандай үйдің, әсіре-
се, бала бѳлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы
үйде тәрбиеленген баланың ѳсуі шабан болады. Тама-
ғы қанша жақсы болса да, зағып, нашар болып ѳседі.
Сондықтан бала жатқан бѳлменің жарығы мол болуы
керек. Бѳлменің жарығы мол болу үшін терезелері оң-
түстік күн шығысқа, не оңтүстік күн батысқа қарауы
шарт.
Терезелері тура оңтүстікке қараған бѳлме қыстыгүні
жарық, жылы болғанымен жаздыгүні ыстық, қапа бо-
лады. Ал енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қара-
ған бѳлме қашан да қолайсыз. Сѳз
аяғында қазақтың
үйінде бала ѳсіруі, асырауы туралы бір-екі ауыз сѳз ай-
тып ѳтейік.
Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге
болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың
жел тиіп, суық тиіп ауру болуына кѳп себепші. Бірақ
баланы киіз үйден біржола бездіріп кетуге орын жоқ.
Киіз үйдің зиянды болғаны сықылды, пайдалы жағы да
бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде.
Таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегін-
де жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдында-
ғы малымен бірге жүріп, бірге ѳскен қазақ
баласын аса
нәзік етіп, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар
еді. Бұл сѳзбен мен балаңды баяғыдай «шалбардың
27
«Асыл мұра» сериясы
ішіне салып асыра» дейін деп отырғаным жоқ. Ол за-
ман озды ғой. Әйткенмен де қазақ баласының тәрбиесі
қазақ тұрмысына қабысуы мақұл.
Достарыңызбен бөлісу: