29
«Асыл мұра» сериясы
4-айға шейін 7–8 рет, жарты жасқа шейін 7 рет, 9 айға
шейін 6 рет.
Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде си-
рек емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы
түнде бір емізу жетеді.
Баланы қолдан тамақтандыр-
ғанда да тамақтандыру тәртібі осы. Бірақ қолдан та-
мақтандырғанда тамақ белгілі бір мѳлшермен беріліп
отыруға тиісті. Бала тамағының мѳлшері баланың ас-
қазанының зорлығына байлаулы. Жаңа туған баланың
асқазанына бастапқы жетіде 3 қасық ас сыяды, екінші
жетіде – 6 қасық, екінші айда – 9–10 қасық. Міне, осы
асқазанның зораюына қарай балаға берілетін тамақ
мѳлшері де зорайып отыруға тиісті.
Балаға тамақты тәртіппен беру оның дұрыс ѳсуіне,
аурулы
болмауына, мінезінің дұрыс болуына да кѳп
пайдасы бар. Балаға тамақ тәртіпсіз, ретсіз, былапыт
берілсе, бала аурулы болады. Асқазаны бұзылады, іш-
кен-жеген тамағын сіңіре алмайды. Жер жүзінде ба-
лаға тәртіпсіз
тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі –
қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да, бір жері
ауырып, яки тѳсегі тынышсыз болып жыласа да, оны
шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың
аузына сала қояды. Түнде ың етсе, бесікті албастыдай
басып отырып алады. Емшек – балада, ана – ұйқыда.
Баланың аузынан емшегін алса, баланың қолына басқа
бір тамағын ұстатады. Сорлы баланы бір минут тамақ-
тан босату жоқ. Яки мынандай іс те болады.
Шеше не бір жұмыспен, не жай қыдырып кезіп ке-
теді, мана кеткен шеше әлі жоқ.
Ерте күн түс болды. Түс кеш болды. Бала аштан аш
жатыр. Қарны ашады. Шырқырап,
ішегі қатып, жы-
лайды. Бишара бала жылап-жылап әлсіреп, талып ба-
рып ұйықтайды. Кешке келіп ұйқылы-ояу талып жат-
30
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
қан баланы кѳріп: «Құлынымның тамақ іздемей, жы-
ламай, тәтті ғана ұйықтап жатқанын қарашы!» – дейтін
шешеге не дерсің?
Қазақ қатыны! Ѳзіңде ѳзіңнің қастығың болмаса, ба-
ланың аузын астан алмай, аспен ұрып жығып, болмаса
тамақ бермей, аштан қатырып, талдырып ұйықтатып
бала асырауыңды қой. Тамақты беріп-беріп балаңды
қарнын қапақтай, бұтын таяқтай кѳк қарын, ши бор-
бай қылма. Балаңды аурулы қылма. Асты мезгіл-мезгіл
беріп, тәртіпке үйрет.
Тамақты тәртіппен берсең, ба-
лаңның дені сау болады. Құр ас иесі қомағай болмай-
ды. Аузынан ас түспейтін мешкей болмайды. Тамақ-
ты тәртіппен ішіп үйренген баланың мінезі де дұрыс
болады.
Достарыңызбен бөлісу: