31
«Асыл мұра» сериясы
балаға да қымыз ішкізу мақұл емес. Қымыз баланың
тынышын алып, мең-зең беймаза қылады. Екі-үш жа-
сар балаға тәулікте тѳрт рет тамақ беру керек. Түнде
емес, күндіз, тѳрт сағатта бір. Балаға тамақты бѳлек
үйде беру артық (дұрыс). Үлкен кісілермен бірге ішіп,
бірге жесе, үлкендерді еліктеп, мѳлшерден
артық ас
ішеді. Мұның зиян екені белгілі.
Баланы шомылдыру. Баланы шомылдыру оны кір-
ден тазартады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін кѳтереді.
Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылы-
лығы үш айға дейін Рьюмер бойынша – 29 градус.
Үшінші айдан жыл аяғына дейін 28 градус, екінші жыл-
да 27 градус, мұнан былайғы жылдарда 26–25
градус
болып, бала ѳскен сайын тѳмендей берсін. Ең тѳмен-
дегенде 22 градустан кем болмауға тиісті. Жаңа туған
баланы су ішінде 5 минут, ай жарымдық баланы 8 ми-
нут ұстау керек. Бұдан артық ұстауға болмайды. Бала
әлсіреп қалады.
Әуелгі тоғыз күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға
дейін бір рет, 6 айға дейін жетіде 3–2 рет, екі жастан соң
жетіде бір шомылдырып отыру керек. Баланы тамақ
берердің, ұйықтаудың алдында шомылдыру артық. Ба-
ланы шомылдыратын үйдің жылылығы 17–18 градус-
тан жоғарырақ болсын.
Баланы
шомылдырып болған соң, әсіресе, қолтық-
тарын, мойнын, шабын жақсылап қарау керек. Кѳзін,
құлағын, басын таза ұстау керек. Былық қолыңмен ба-
ланың кѳзін тазалаушы болма. Неше түрлі кѳз ауруы
осыдан болады. Тамақ бергеннен кейін баланың аузын
тазалап отыру керек. Таза шүберекті қайнаған суға
малып, шынаяққа орап тазарт.
Есін білген баланы ас
ішкеннен кейін аузын шайқауға үйрету керек. Аузы
32
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
иісті болмайды, тісі бұзылмайды. Пісуіне,
шынығуы-
на тұзды судың пайдасы бар. Ал енді, баланы маймен
сылау тіпті де дұрыс емес. Май терінің тесіктерін бітеп
тастайды. Еңсені кѳтертпейді. Ауырайтады, кірлетеді,
терлетеді. Баланы «ѳс, ѳс, ѳс!» деп денесінің құрыс-ты-
рысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. «Ѳс, ѳс,
ѳс!» деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме.
Киім. Баланың дұрыс ѳсуінің негізгі бір шарты
киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін
деп орап, шымқап, үлбіретіп ѳсірудің де қажеті жоқ.
Бұлай ѳскен бала аурымпаз болады. Шынықтырамын,
денесін берік қыламын деп, жалаңаш-жалпы ұстау да
жарамайды. Шынықтырамын деп жүріп, ауруға шал-
дықтырып, жазатайым ѳлтіріп алуы да мүмкін. Киім
дененің жылылығын сыртқа,
сырттың суығын денеге
жібермейтіндей болуы керек. Сондықтан да, бала киімі
жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілуі қажет.
Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жа-
рамайды. Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе
жұғуға мүмкін. Жеткен адам денесіне зиян келтірме-
ген нәрсе жас баланың денесіне зиян келтіруі оп-оңай.
Баланың киімі қолпылдаған кең, денені қысып тұрған-
дай тар да болмасын, шақ болсын. Балаға биік ѳкшелі
етік кигізу, белін белбеумен қысып тастау жарамайды.
Жалпы
айтқанда, бала киімі әдемі болсын деп емес,
ыңғайлы болсын деп білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: