Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет51/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ОЙ ШЫҒАРУ 
О
й шығару қалай жасалады? Біз бір ұғымды 
екінші ұғымға байлап қойып, яғни хұкім жасап 
қана қанағаттанбаймыз, бәлки осы хұкімді басқа хұкім-
дермен салыстырып, осы хұкімді анықтаймыз. Мыса-
лы, біз «Сәрсембай» һәм «ѳлу» деген ұғымды аламыз 
да, осы екеуінен жасалатын «Сәрсембай ѳледі» деген 
хұкімді анықтау үшін басқа хұкімдермен салыстыра-
мыз, яғни «Сәрсембай һәм ѳлу» ұғымдарын «адам» 
деген ұғымға байлап қараймыз, яғни былай ой жүргі-
земіз: «Адам ѳледі. Сәрсембай – адам. Ендеше Сәр-
сембай да ѳледі»,– дейміз. Осында біз «Сәрсембай 
ѳледі» деген жаңа хұқімді ана бізге бұрыннан белгілі 
екі хұкімнен шығардық, туғыздық. Міне, осы бір яки 
бірнеше хұкімдерден жаңа бір хұкім туғызу ой шығару 
деп аталады.
Ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1) дедукция, 
2) индукция, 3) аналогия.
Дедукция – ойдың бір жалпы заңнан дербес бір 
кѳрініске кѳшуі, екінші түрлі айтқанда, жалпы ойдан 
жалқы бір ой шығару дедукция деп аталады. Мыса-
лы, жалпы адамзат ѳледі деген ойдан Сәрсембайдың 
ѳлетінін шығарамыз. Кѳп пәнді, әсіресе математика-


108
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
ны үйренгенде, дедукцияның кѳп пайдасы тиеді. Жай 
тұрмыс үшін де дедукция кѳп қолданылады. Мысалы, 
доктор әрбір аурудың жалпы сындарын білген соң
ауырып жатқан бір адамның ауруы не екенін табады.
Силлогизм – дедукцияның кѳп қолданылатын түрі. 
Силлогизм бағыты – екі хұкімнен жаңа бір хұкім шы-
ғару. Жаңа шығарылған хұкім нәтиже деп аталады. 
Нәтиже шығарылған екі хұкім қазба деп аталады. Қаз-
балар һәм нәтиженің ішіндегі ұғымдар термин деп 
аталады. Былайша нәтиженің айтылысы – зор термин, 
нәтиженің иесі – кіші термин. Ал енді қазбалардың 
ішінде болып, нәтиже болмаған ұғым орта термин деп 
аталады. Орта термин зор термин мен кіші терминді 
байлайды. Ал енді ішінде зор термин бар қазба зор 
қазба деп, ішінде кіші термин бар қазба кіші қазба деп 
аталады. Мысалы, «адам ѳледі, Сәрсембай – адам, ен-
деше Сәрсембай ѳледі» деген сықылды. Силлогизмде 
«ѳледі» деген ұғым – зор термин. «Сәрсембай» ұғымы –
кіші термин.
«Адам» ұғымы – орта термин. «Адам ѳледі» – зор 
қазба, «Сәрсембай – адам» – кіші қазба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет