Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Хұкімдердің бѳлінуі. Хұкімдер былай бѳлінеді:
1) жасалуына қарап, 2) қомағы яки санына қарап, 3) іші 
яки сынына қарап, 4) ие мен айтылыс арасындағы бай-
ланысқа қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (мо-
дальность) қарап.
1) Хұкімнің жасалуына, яғни біз иеге айтылысты 
қайдан алып отырмыз, соған қарап екіге бѳлінеді;
а) шешетін хұкім (анализ хұкімі). Егерде иеге сол 
иенің ѳз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, ше-
шетін хұкім жасаған боламыз. «Кѳмір қара, қар суық» 
деген сықылды;
б) қоспа хұкім (синтез хұкім). Егерде біз иеге сол 
иенің ѳз ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, қос-
па хұкім жасаған боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары» 
деген сықылды.
2) Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бѳлінеді:
а) жалпы хұкім. Егерде ие қомағы таратылмай, ѳзіне 
бағынатын дербес ұғымдардың бәрімен кәдімгі күйін-
де алынып хұкім жасалған болса, мұндай хұкім жалпы 
болады. Адам ақылды деген сықылды;
б) дербес хұкім. Егер иенің бұрынғы қомағы тараты-
лып алынып хұкім жасалған болса, – бұл хұкім дербес 
болады.
«Кей адам ақын болады» деген сықылды;
г) жалқы хұкім. Егер иеміз жалқы болса, хұкім де 
жалқы болады. «Абай ақын болған» деген сықылды.
3) Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бѳлінеді:
а) бекітетін хұкім. Айтылыс сын иеге жапсырылып 
бекітілсе, бекітетін хұкім болады. «Жылқы шабады» де-
ген сықылды;


106
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
б) бекітпейтін хұкім. Айтылыс иеге бекітілмей, бе-
керленсе, бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпай-
ды» деген сықылды.
4) Ие мен айтылыс арасындағы байламға қарап 
үшке бѳлінеді:
а) кесімді хұкім. Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге) 
күдіксіз, шартсыз байланатын болса, «адам ѳледі деген 
сықылды;
б) шартты хұкім. Егерде сын затқа белгілі бір шарт-
тармен ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар 
жанады», «жаз жетсе, қар ериді» деген сықылды;
г) бѳлмелі хұкім. Егерде затқа бірнешесі жапсыры-
лып, бірақ қайсысы екені кѳрсетілмесе, яки бір айты-
лысқа бірнеше ие кѳрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, 
не қыз табар», «Я мақсұт, яки ѳлім – екіден бір» деген 
сықылды.
5) Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бѳлінеді:
а) мүмкін хұкім. Егерде айтылысты иеге байлаудың 
мүмкін екендігі ғана кѳрсетілсе, «мүмкін Марста халық 
бар шығар», «сар далада адасып, суық кебін жамылып 
қалармын, кім біледі» деген сықылды;
б) шын хұкім. Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы 
тәжірибе, бақылау, куәлік арқылы тексеріліп, шын деп 
табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсы-
нов – қазақ тілін кѳп тексерген», «Абылай – данышпан 
хан болған» деген сықылды;
г) міндетті хұкім. Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір 
сынның бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам 
сүйгіш келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» де-
ген сықылды.
Хұқімдер жоғарыда саналған бѳлімдерге бѳлінген-
мен, бір хұкімде әлденеше бѳлім табылуға мүмкін. Мы-
салы, «қар суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы, 
әрі бекітетін, әрі киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім.


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет