117
«Асыл мұра» сериясы
ойлар жарық кѳрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл
арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалар-
дың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шы-
ғарып,
басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар.
Жазушы, ақын деген сѳз – ойлаған ойын әдемілеп жа-
рыққа шығара алатын адам деген сѳз. Тілі кем болса,
адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің
жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы, адамның
толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында.
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт
үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дү-
ниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құры-
мақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу.
Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын
кѳрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті.
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы,
мінезі айнадай кѳрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың
сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біре-
се құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере кѳшкен
тұрмысы,
асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі –
бәрі кѳрініп тұр. Казақтың сар даласы кең, тілі де бай.
Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай,
орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сѳйлеймін деген
түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тілі-
не келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ
айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл
сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн
түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі
қазақ
тілі болса, сѳз жоқ, түрік елінің келешек тари-
хында қазақ ұлты тѳрден орын алмақшы. Келешектің
осылай болуына біздің иманымыз берік.
118
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Жарық кѳрмей жатсаң да ұзақ,
кен тілім,
Таза, терең, ѳткір, күшті, кең тілім.
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ
қолыңмең тарта аларсың сен, тілім.
Достарыңызбен бөлісу: