Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет58/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Баланың тілі. Бала а дегенде іңгәлауды ғана біледі, 
яғни мағынасыз бір дыбыс.
Іңгәлау – баланың жанында болған жағымсыз әсер-
ленулерді дыбыспен жарыққа, сыртқа шығарғаны. 
Екінші айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты ды-
быстарға бірте- бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бас-
тайды. Ең алғаш ерінмен айтылатын дауыссыз дыбыс-
тарды қосады. Сол кезде баланың жанында суреттеу-
лердің, һәм ұғымдардың ұшқындары да бола бастай-
ды. Яғни, маңайындағы заттарға қарап, олардан әсер 
алып, әсіресе олардың күшті бір сынынан күшті әсер 
алады да, сол затқа сол баланың қарауыңда күшті сыны 
бойынша ат қояды. Яғни сѳз жасайды. Мысалы, сиыр-
ды «мѳ» дейді, мысықты «мияу» дейді. Екінші түрлі 
айтқанда, бала затқа атты сол заттан шыққан дыбысқа 
еліктеп қояды. Бір жылдың аяғында бала кѳп сѳздерге 
түсінетін болады. Бірақ ѳздері айта алмайды. Бір жасар 
баланың білетін сѳздері 10–15-тен артпайды.
Ал енді бала жаңа жүре бастаған кезде (2-нші жаста) 
оның сѳз үйренуі біраз тоқтап қалады. Жүріп үйреніп 
алған соң, тағы сѳзге кіріседі. Бір жарым жас кезінде 
бала бірталай сѳз айта алатын болады. Бірақ түгел айта 
алмайды. Сѳздің не басын, не аяғын ғана айтады. Мы-
салы, баланың ішем дегені де – «іш», ішеді дегені де – 
«іш», іш дегені де – «іш». Ал енді бала айта алмайтын 
дыбыстың орнына екінші дыбыс қолданады. Мысалы, 
«р» орнына «и» жүргізеді. Кейбір адамдардың баланың 


«Асыл мұра» сериясы
ѳз тілінше сѳйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы 
еркелетіп әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжыңдап 
сақау болып сѳйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Бұлай 
сѳйлеу баланы түземейді, бұзады. Баланы адастырып, 
оның сѳзді дұрыс сѳйлеп үйренуіне бѳгет болады. Бала 
сѳзін дұрыс сѳйлеген үлкен кісінің сѳзіне қарап дұрыс-
тайды ғой. Бала бастап заттардың атын (зат есімдерді), 
онан соң заттардың ісін (етістіктерді), онан соң заттар-
дың сынын (сын есімдерді) айтып үйренеді.
Екінші жылдың аяғында бала қысқа сѳйлемдерді 
айта алады. 3–4-інші жылда бала жап-жақсы сѳйлейтін 
болады.
Бала тілінің дұрыс ѳркендеуінің бірінші шарты ба-
лаға сѳзді бұзып сѳйлемеу керек. Және балаға ұқпай-
тын жат сѳз үйретпеу керек. Екінші – баланы ѳзі теңді 
балалармен бірге ойнату керек. Баланы ешбір уақыт 
сѳзден тыймау керек. Былдырласын, шолжыңдасын – 
сѳйлей берсін. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға 
салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп.


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет