Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ТІЛ 
Ж
анның жайын жарыққа шығару жолы. 
Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жан-
ның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы 
бар: біреуі – мимика, біреуі – сѳз. Мимика дегеніміз –
жанның сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, 
күлу, жылау сықылды). Мимика тілін әркім-ақ ұғады. 
Бірақ мимикамен бар нәрсені ұқтырып болмайды. Ми-
мика – ішкі сезім тілі. Мимика арқылы ойды жарыққа 
шығаруға мүмкін емес. Ойдың тілі – сѳз. Біз сѳз арқылы 
ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм 
басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сѳз болма-
са, адамда білім болмас еді. Атын атап, сѳзбен бекітіп 
тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сѳз 
болмаса, сѳзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса, 
жер жүзіңдегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұр-
мыс та болмас еді.
Қысқасы, жан кѳріністерінің ең қымбаты – ой, ой 
тілі – сѳз.
Тілдің адам ѳмірінде һәм ұлт ѳмірінде ұста-
ған орны. Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жү-
рек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл 


117
«Асыл мұра» сериясы
ойлар жарық кѳрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл
арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалар-
дың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шы-
ғарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. 
Жазушы, ақын деген сѳз – ойлаған ойын әдемілеп жа-
рыққа шығара алатын адам деген сѳз. Тілі кем болса, 
адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің 
жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы, адамның 
толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында.
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт 
үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дү-
ниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құры-
мақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. 
Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын 
кѳрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. 
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, 
мінезі айнадай кѳрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың 
сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біре-
се құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере кѳшкен 
тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – 
бәрі кѳрініп тұр. Казақтың сар даласы кең, тілі де бай. 
Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, 
орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сѳйлеймін деген 
түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тілі-
не келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ 
айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл 
сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн 
түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі 
қазақ тілі болса, сѳз жоқ, түрік елінің келешек тари-
хында қазақ ұлты тѳрден орын алмақшы. Келешектің 
осылай болуына біздің иманымыз берік.


118
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Жарық кѳрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім
Таза, терең, ѳткір, күшті, кең тілім. 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмең тарта аларсың сен, тілім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет