Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Бекітемін»
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры
__________ Л.Ч. Карабасова
«____ »____________ 2022 ж.
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ПРАКТИКАЛАРЫН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ
ТАҒЫЛЫМДАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
г. Актобе 2022 ж.
Ереже Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы
Н.Н. Жантуринамен жасақталды
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Академиялық Кеңесімен 2020 жылы 28 тамызда бекітілген Ереже орнына бекітілді (Хаттама 2, 25 ақпан 2022)
1 Қолдану аймағы
Осы ереже магистранттар мен докторанттарға арналған практикалар мен ғылыми тағылымдамалардың барлық түрлерін өткізуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Ереже білім алушы магистранттарға, докторанттарға, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жетекшілеріне, кафедра меңгерушілеріне, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің (бұдан әрі - университет) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің қызметкерлеріне арналған.
2 Сілтеме құжаттар
2.1 Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңы, 27.06.2007 ж., №319-III ЗРК (19.04.2019 ж. өзгерістермен).
2. 2 Қазақстан республикасының «Ғылым туралы» заңы, 18.02.2011 ж., № 407-IV (10.04.2019 ж. өзгерістермен).
2.3 Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 31.10.2018 №604 (05.05.2020 ж. өзгерістермен).
2.4 Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, 20.04.2011 г. № 152 (12.10.2018, № 563).
2.5 Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы, 17.06.2015 ж. №391 (16.11.2018 ж. өзгерістермен).
2.6 Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы, 30.10.2018 № 595.
2.7 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, 23.11.2015. №414-V. (01.01.2019 ж. өзгерістермен)
Достарыңызбен бөлісу: |