Магистранттардың ЖӘне докторанттардың практикаларын және ғылыми



бет2/7
Дата15.06.2022
өлшемі137 Kb.
#459258
1   2   3   4   5   6   7
каз 3Положение об организации и проведении практике и научных стажировок 2020-1

3 Жалпы ережелер
Ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілетін практиканың екі түрін қамтиды:
1) БП цикліндегі педагогикалық – ЖОО-да;
2) КП цикліндегі зерттеу практикасы – диссертацияны орындау орнында жүргізіледі.

3.1 Магистранттар мен докторанттардың педагогикалық практикасы оқыту мен оқыту әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте магистранттар мен докторанттар кафедралардың қалауы бойынша бакалавриат пен магистратурада сабақтар өткізуге тартылады.


3.2. Магистранттар мен докторанттардың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу мақсатында жүргізіледі.
3.3 Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы кәсіптендіру пәндер (КП) цикліндегі өндірістік практиканы қамтиды. КП цикліндегі өндірістік практика оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту, магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды, құзыреттер мен кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында жүргізіледі.
3.5. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті саладағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.
3.6 Докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы шеңберінде докторанттың жеке жоспарында инновациялық технологиялармен және жаңа өндіріс түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет салаларында, оның ішінде шетелде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.
3.6 Ғылыми тағылымдама серіктес ЖОО-ларда, ғылыми ұйымдарда және/немесе ынтымақтастық туралы келісім (меморандум) шеңберінде тиісті салалардың немесе қызмет салаларының ұйымдарында жүзеге асырылады.
3.7 Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және диссертация тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
3.8 Магистранттардың тағылымдамадан өту орнын кафедра анықтайды және бұйрық бойынша ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет