Магистранттардың ЖӘне докторанттардың практикаларын және ғылыми


ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



бет3/7
Дата15.06.2022
өлшемі137 Kb.
#459258
1   2   3   4   5   6   7
каз 3Положение об организации и проведении практике и научных стажировок 2020-1

4. ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
4.1 Зерттеу/өндірістік практика мен ғылыми тағылымдаманың мазмұны диссертациялық зерттеудің тақырыбымен айқындалады.
4.2 Педагогикалық практиканың мазмұны:
Танысу:
-магистрант, докторант практикадан өтетін факультетте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және міндеттерімен (деканмен немесе декан орынбасарымен, меңгерушісімен әңгімелесу); студенттердің қатысуымен факультеттің және кафедраның мінездемесімен танысу);
- факультетте тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Зерттеу:
- факультеттегі оқу-әдістемелік құжаттамалар (өзінің білім беру бағдарламасы, модульдік білім беру бағдарламасы және т. б. пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламалары);
- әдістемелік тәжірибе, оқу тобының жүйесі және студенттерге қойылатын бірыңғай талаптарды орындау.
Әзірлеу:
- өз ББ пәні бойынша дәріс конспектілері, практикалық, семинар, зертханалық сабақтар;
- өткізілетін сабақтар бойынша дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар;
- пән бойынша аудиториядан тыс іс-шаралар сценарийлері (конференциялар, іскерлік ойындар, брифингтер, КТК, дөңгелек үстелдер және т. б.);
-Психология және педагогика кафедрасының және факультеттің жоспарына сәйкес қоғамдық-тәрбиелік іс-шаралар сценарийлері.
5. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
5.1 Магистранттар мен докторанттардың педагогикалық практикасы nеориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей: оқудың бірінші немесе екінші жылында жүргізіледі. Практика Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тиісті білім беру бағдарламасының магистранты бекітілген кафедра базасында өткізіледі. Бұл ретте магистранттар бакалавриатта, докторанттар бакалавриатта және магистратурада сабақ өткізуге тартылуы мүмкін. Магистранттардың педагогикалық практикасына 5 кредит немесе 5 апта, докторанттарға – 10 кредит немесе 10 апта жоспарланады.
5.1.1. Магистранттар мен докторанттардың оқу жүктемесі мынадай жұмыс түрлерінен құралады: дәрістер әзірлеу және өткізу; семинар сабақтары; зертханалық-практикалық; СӨЖ, ОСӨЖ, МӨЖ, МҒЗЖ (докторанттар үшін) басшылығы, кафедраның, факультеттің қоғамдық және тәрбие жұмысына қатысу.
5.1.2. Практиканы бітіртуші кафедра басшылары басқарады.
5.1.3. Практиканың бірінші аптасында магистрант (докторант):
- осы магистрантқа (докторантқа) бекітілген курста өз ББ пәні бойынша оқытушылардың сабақтарына қатысады;
- курсты жүргізетін жетекші мен оқытушының басшылығымен оқытылатын тақырып бойынша тақырыптық жоспар әзірлейді және практика соңында өткізілетін 2-3 сынақ сабақтарының тақырыптарын белгілейді;
- пән бойынша аудиториядан тыс іс-шараларды жоспарлайды;
- сынақ тәрбие іс-шарасының тақырыбын белгілейді (ұжымдық болуы мүмкін);
- докторант бірден сабақ өткізуге кіріседі.
5.1.4 Педагогикалық практика кезеңінде магистрант, докторант:
- басқа магистранттар (докторанттар) өткізетін кемінде 5-6 сабақты талдауға қатысады;
- заманауи оқыту технологияларын (эвристикалық және т. б.) пайдалана отырып, жобаланатын жоспарға сәйкес өзінің ББ пәні бойынша оқу және аудиториядан тыс жұмыстар жүргізеді;
- кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес аудиториядан тыс іс-шара ұйымдастырады және ұжымдық сынақ іс-шарасын әзірлеуге қатысады;
- дәріске, семинарға және аудиториядан тыс іс-шараға әлеуметтік-психологиялық талдау жасайды;
-студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық паспортын және студенттің жеке басының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын жасайды.
5.1.5. Педагогикалық практиканың қорытындылары бойынша магистранттар мен докторанттар тиісті кафедраға есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.
5.2. Магистратурада ғылыми тағылымдама мерзімі 14 күннен басталады.
5.2.1. Оқу жылы басталғанға дейін кафедра практикалар мен ғылыми тағылымдамалардан өтуге жауапты басшыларды көрсете отырып, практикалар мен ғылыми тағылымдамалардан өту жоспарын жасайды.
5.2.3 Практика жетекшісінің міндеттері:
- осы ережемен таныстыру
- оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес магистранттардың (докторанттардың) практикадан өтуін қамтамасыз ету;
- кафедра меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес бағдарлама мен жеке жоспарлардың уақытылы орындалуын, тәжірибе туралы есептер дайындау және оларды қорғау сапасын бақылау;
- магистранттардың (докторанттардың) практика бойынша есептерін қарастыру, олардың жұмысы туралы пікірлер беру және кафедра меңгерушісіне магистранттардың (докторанттардың) практикалық дайындығын жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстармен бірге практиканы өткізу туралы жазбаша есеп беру. Педагогикалық практика нәтижелері бойынша барлық магистранттар (докторанттар) бойынша қорытынды есепті кафедра меңгерушісі жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөліміне ұсынады.
5.2.3.Магистрант пен докторанттың міндеттері:
- Әрбір магистрант (докторант) практика мен ғылыми тағылымдаманың түріне байланысты кафедраға және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне практика жетекшісі қол қойған барлық тапсырмалардың орындалуы туралы күнделік және белгіленген нысан бойынша жазбаша есеп (1,2,3,4,5-қосымша) ұсынады.
- магистрант кафедраға 2 дәрістік және 2 практикалық сабақтарды, аудиториядан тыс іс-шараларды презентациялармен және 2 бейнедәрістермен ұсынады.
- докторант тиісті кафедрасына бейнедәрістермен және презентациялармен 5 дәріс және 5 практикалық сабақ ұсынады.
- практика бағдарламасын толық көлемде орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант (докторант) қайта оқу курсына қалдырылады;
- университеттің бухгалтериясына ғылыми тағылымдама бойынша есепті келгеннен кейін 3 күн ішінде тапсыру;
-келген соң 3 күн ішінде есеп пен тағылымдамадан өткенін растайтын құжатты (сертификат) тапсыру.
5.3 Докторанттардың ғылыми тағылымдамасы жұмыс бейіні диссертациялық жұмыстың тақырыбына сәйкес келетін шетелдік және (немесе) отандық ұйымдарда өтеді.
5.3.1 Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын докторанттың шетелдік ғылыми тағылымдамасына 1 000 000 тенгеге дейін қаржы көлеміндегі есеп беретін шығын нормасы бөлінеді.
5.3.2 Докторанттардың шетелдік ғылыми тағылымдамасы үшін ең қысқа мерзім 1 айды құрайды.
5.3.3 Шетелдік тағылымдамадан өту үшін докторант ЖООКБББ-не ұсынады
- шетелдік тағылымдама жоспары, тағылымдама орны және кезеңі қаралатын кафедра мәжілісінен көшірме;
- шетелдік тағылымдамадан өту жоспары (6-қосымша);
- қабылдаушы тараптың шақыруы.
5.3.4 тағылымдамадан келген соң докторант ЖООКБББ ұсынады
- қабылдаушы ұйым тарапынан фирмалық бланкіде ғылыми жетекшінің немесе тағылымдама жетекшісінің пікірі немесе шетелдік тағылымдамадан өткені туралы сертификат;
- тағылымдама нәтижесінде атқарылған жұмыс бойынша есеп.
5.4 Зерттеу практикасының бағдарламасы магистрант пен докторанттың ғылыми зерттеулерінің тақырыбына байланысты. Магистранттар мен докторанттарға арналған зерттеу практикасы 4 семестрге жоспарланып, 15 апта ішінде өткізіледі.
5.5. Өндірістік практика бағдарламасы магистрант пен докторанттың ғылыми зерттеулерінің тақырыбына байланысты.
5.6. Бейіндік магистратура бойынша оқу мерзімі 1 жыл және 1,5 жылдық өндірістік практика 15 кредит көлемінде жоспарлануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет