Мінездеме
Магистрант Куанышбаева Нурсулу Кайратқызы 17.10.22-12.11.22ж аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатика институты «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында педагогикалық практикадан өтті. Осы уақыт аралығында Физика мамандығының 1-курс магистранттарына дәріс сабақтарын жүргізді.
Магистрант педагогикалық практикадан өткізу барысында «Зерттеулердің ядролық физикалық әдістері» (3 кредит) және «Наноматериалдарды зерттеу әдістері» (3 кредит) пәніне байланысты оқу жоспарымен, силлабус, типтік бағдарламаларымен танысты. Магистрант осы 2 пәннен сабақ өтті.
Куанышбаева Нурсулу 1-курс «Физика » мамандығы бойынша оқитын МФОК-222 және МФОК-221 топтарына педагогикалық және психологиялық бақылау жүргізе отырып, топты игере білді. Аудиториямен қарым-қатынасы, пәнді игеру деңгейі, әділ бағалау, магистранттармен кері байланыс жасау сияқты іс-әрекеттерді өз деңгейінде жүргізді.
Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практика кезінде магистрант оқу процесіне аса жауапкершілікпен қарады: әрбір сабаққа тыңғылықты дайындық жасап, магистранттарға пән бойынша түрлі презентациялар дайындап келіп сабақ өткізіп отырды. Сонымен топпен жақсы тіл табысып оларға білім қорын жетілдіру мақсатында бағыт бағдар беріп, өз білгенімен бөлісіп түрлі тақырыптарда пікірталас жүргізді.
Куанышбаева Нурсулу сабақты ұйымдастыру мен өткізу қабілетін, шығармашылық ізденісін, кәсіби шеберлігін ескере отырып: келешекте білімді де, сауатты жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбек ететініне сенім білдіруге болады. Педагогикалық практиканы жоғары деңгейде өткізді.
Педагогикалық практиканың қорытындысы: ______________
Педагогикалық практиканың жетекшісі:___________ ф.м.ғ.к. профессор
Шоқанов Ә.Қ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Келісілген Бекітемін
Институт кеңесінің төрағасы Кафедра меңгерушісі
Бекпатшаев М.Ж. Әбілқасымова.Ә.Е
(аты-жөні) (аты-жөні)
____________________________ ________________________
(қолы) (қолы)
«___»_________________2022ж. «___»_________________2022ж.
Достарыңызбен бөлісу: |