Магистранттың педагогикалық практикадан өту құжаттамасы Аты-жөні


ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



бет2/13
Дата23.11.2023
өлшемі0.49 Mb.
#484295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
практика есебі соңғы вариант (копия) (копия)

ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ЕСЕБІ


Педагогикалық практикадан өту уақыты: 17.10.2022-12.11.2022 ж.
Педагогикалық практикадан өту орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатика институты, «математика, физика және информатика оқыту әдістемесі» кафедрасы
Педагогикалық практика жетекшісі: ф.м.ғ.к. профессор Шоқанов Ә.Қ.

Абай атындағы ҚазҰПУ,


Математика, физика және информатика институты
«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы
7М01504-физика мамандығының 2-курс магистранты
Куанышбаева Нурсулу Кайратқызының педагогикалық практика
ЕСЕБІ
Мен 17.10.2022-12.11.2022ж аралығында «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында педагогикалық тәжірибеден өттім. 2022 жылдың 17-қазан айында кафедрадағы педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру конференциясына қатыстым. Ұйымдастыру конференциясында PhD аға оқытушы Қырықбаева Ә.А. педагогикалық тәжірибенің мақсаты және міндеттерімен, атқарылатын жұмыс түрлерімен таныстырды.
Кафедрадан ф.м.ғ.к. профессор Шоқанов Ә.Қ. практика жетекшісі болып бекітілді. Практикалық сабақтың тақырыптарын және сабақ кестесін алып сабаққа дайындалдым. Педагогикалық тәжірибе барысында МФОК-222 және МФОК-221 топтарына барлығы 4 сағатты құрайтын дәріс және магистранттың өздік жұмыстарын қабылдап сабақ өтілді, сондай-ақ олардың өзіндік жұмыстарына әдістемелік бағытта көмек көрсетілді.. Практикалық сабақты өту барысында дәрістерге презентация жасап, сабақ барысында магистранттардан анықтамаларын және заңдылықтарды сұрап сабақ өткіздім. Әрбір сабақта академиялық тәртіп ережелерін қатаң сақтауға тырыстым.
Педагогикалық тәжірибеден өту барысында жоғары оқу орнындағы педагогикалық қызметке қойылатын әдістемелік талаптарды толық орындап, кәсіби мамандардың үлкен мектебінен өттім десем болады.

Магистрант-практикант Куанышбаева Н.


Абай атындағы ҚазҰПУ,
математика, физика және
информатиканы оқыту
әдістемесі кафедрасының
7М01504-Физика мамандығының
1 курс, МФОК-222 топ магистранттарына
МІНЕЗДЕМЕ

МФОК-222 тобы 7М01504-Физика білім бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Топта барлығы 22 магистрант бар, оның 5-уі ұл бала, 17-і қыз бала.


Магистранттардың жастары әртүрлі, бірақта көбісінің жасы 21-23 жас аралығын қамтыды. Сабақта өздерінің белсенділігін көрсете білді. Олардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, ұстаздарға деген сыйластығы жақсы. Магистранттардың қандай қызығушылықтары бар және бос уақыттарында қандай кітап оқитындарын сұрастырып, пікірлерімен бөлісіп ой өрістерінің және ойлау қабілеттерінің жақсы дамығандығын көрсетті.
Магистранттардың сабаққа деген қызығушылықтары жақсы деңгейде, ортаға берілген сұрақтарды талқылап, барлығы өз ойларын, пікірлерін ашық айтуға бейімделген. Магистранттар жеке тапсырылған өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде орындап, арнайы презентациялар жасап өз қабілеттерін көрсетті. Топ өз арасында жақсы қарым-қатынаста және бір-біріне сыйластығы өте жоғары.
Магистранттар өз арасында жақсы тіл табысады, бір-бірін сыйлайды, тыңдайды, берілген тапсырманы дер кезінде ордыуға тырысады. Жалпы топта психологиялық ахуал жақсы. Топпен жұмыс жасау жеңіл әрі қызықты өтті.
Магистрант-практикант Куанышбаева Н.

Абай атындағы ҚазҰПУ,


математика, физика және
информатиканы оқыту
әдістемесі кафедрасының
7М01504-Физика мамандығының
1 курс, МФОК-222 топ магистранты
Кошбаева Тансулу

МІНЕЗДЕМЕ


Кошбаева Тансулу МФОК-222 тобының магистранты. Тансулу-көңілді,өте білімді, ізденімпаз, сыпайы қыз. Физикаға деген қабілеті өте жақсы: берілген тапсырмаларды өте тиянақты орындайды. Сабақта үнемі жақсы жағынан көріне білді: сабаққа әрқашан дайындықпен келеді, қосымша ақпараттармен жұмыс жасап, олармен топпен бөлісіп талқылайды, еңбекқор әрі тиянақты жұмыс жасайды. Логикалық ойлау қабілеті жақсы, өз пікірін еркін білдіріп, оларды дәлелдей алады, өз ойын жүйелі түрде жеткізе алады.


Тансулу қыз бала болғандықтан мінезі ашық, жайдарлы әркез көңілді қыз. Тәртібі жақсы, үлгерімі жақсы. Достарымен қарым-қатынасы жақсы, ортада өзін еркін ұстай алады және әрдайым көмектесуге дайын тұрады. Өз тарапына айтылған сын-пікірді дұрыс қабылдап үйренген, сондықтан ол ортада басқа да топ мүшелерімен тез тіл табыса алады. Өзіне айтылған сынды қабылдай алады. Кошбаева Тансулу кәсіби маман иесі бола алатындығына сенімім мол. Қажырлы еңбегігің арқасында өз ісінің шебері болып, білімді жастарды тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады деп сенім білдіре аламын.

Магистрант-практикант Куанышбаева Н.


Абай атындағы ҚазҰПУ, математика, физика және информатика институты
«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының
7М01504-физика мамандығының 2-курс магистранты Куанышбаева Нурсулу Кайратқызына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет