Магний және Қоспалар



бет2/3
Дата09.03.2023
өлшемі19.55 Kb.
#470521
1   2   3
сабак жоспары

3.2 Магний алу әдістері

Қазіргі кезде магний екі түрлі электролиттік және термиялық жолмен алынады.

1. Магний алудың электролиттік жолы: Магний алудың; электролиттік әдісінде доломит немесе магнезит рудасы, 973-1073 градус К (700-800 градус C) температурада күйдіріледі. Күйдіру процесінің, нәтижесінде доломит пен магнезит мына реакциялар бойынша магний тотығына айналады:

MgCO3  MgO+CO2

MgCO3*CaCO3 MgO+CaO+2CO2

2. Магний алудың термиялық жолдары: Электролиттік әдісінің күрделігі, қымбаттылығы мен денсаулыққа зияндылығы оны алудың қарапайым және тиімді жолын іздестіруге мәжбүр етті. Силико-термиялық процессте тотықсыздандырғыш қызметін кремний атқарады. Бұл процесс жүру үшін доломит ферросилиций немесе кремний мен алюминий қорытпасы қажет. Магнийдің тотықсыздануы мына реакция бойынша жүреді:

2MgO+CaO+Si  2Mg+2CaO*SiO2+CaO

Тазарту. Электролиз тәсілімен алынғын магнийдін құрамында оның физика-химиялық қасиеттеріне зиянды әсерін тигізетін Fe, Na, K, CaCl2, MgCl2, NaCl, KCl, MgO сияқты қоспалар кездеседі. Осы зиянды қоспалардан магний екі түрлі жолмен тазартылады:

1. Флюс қосып қайта қорыту;

2. Сублимациялау.

4. Өскемен Титан-Магний комбинаты

Өскемен титан-магний комбинаты ААҚ – түсті металлургия кәсіпорны. 1965 жылы іске қосылған. Комбинат шығаратын сирек металл – титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады. Өндірістік цехтары мен қызмет ғимараттары жетілдірілген жабдықпен жарақтандырылған, технологияны өңдеу жүйелерінің жұмысы тұрақты, осы заманғы стандарттау және сертификаттау жүйелері енгізілген. Оның өнімі тек қана экспортқа бағдарланған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты дамыған шетелдерге шығарылады. Комбинаттың өнімін “Таймет”, “Прат енд Уитни” (мотор жасаушы) және “Боинг” (ұшақ жасаушы) сияқты беделді шетелдік фирмалар сатып алады. Кәсіпорынның халықаралық байланыстағы инвестиция әріптесі – Бельгияның “Спешиалти Метала Компани” фирмасы. Қазіргі таңда «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ әлемнің жеті титан өндірушілердің бірі, оған бүкіл өнімдердің 20%-ы тиісті. 1994 жылдан бастап метал толығымен дамыған шетелдерге экспортталады. Негізгі бөлімі ракета-космос өндірісінде (50%), одан кейін химиялық, биомедициналық, спорттық және зергерлік өнеркәсіптерінде қолданылады. Комбинат сапалы титан шығаратын тәуелсіз, интегралды зауыттардың бірі, ал бүкіл әлемде мұндай кәсіпорындар өте аз. Тіпті Қазақстанның ең қиын уақыттарында да ТМК ААҚ ғылыми қоғамдармен бірге байланыс үзген жоқ, бұл біріншіден техникалардың дамуына, екіншіден ұзақ уақыттық бағдарламалардың құрылып, титан-магний индустриясының дамуына әсер етті. Кәсіпорында жұмысшылардың, олардың жанұяларының, ардагерлердің қауіпсіздігі үшін де шаралар қолданылған. Оларға профилактикалық емге, арзан тағамға арнайы талондар беріледі. Мұнда 2 медпункт, 4 асхана және 2 буфет, спорт комплексі және балшықпен емделу қызметі де бар. Жыл сайын жұмыскерлердің спартакиядалары болады. Осындай бағдарлама оларға күш беріп, сонымен қатар өнімнің сапасын да жаксартады.

Тарихы

Өскемен титан-магний комбинаты — түсті металлургияның ірі кəсіпорны. 1965 жылдың 27 наурызында комбинаттың бірінші кезегі, ал 1966 жылдың 26 наурызында екінші кезегі іске қосылды. Кəсіпорынның 3 негізгі жəне 13 көмекші цехы бар. Негізгі өнімдері: кеуекті титан, магний, калий тыңайтқышы. Өндіріс қалдықтарынан ванадийдің бес тотығы, скандий тотығы, гипохлорит пульпі алынады.

Кəсіпорынның іргетасы 1952 жылы қалана бастады. Біраздан соң алғаш тəжірибе цехы іске қосылып, титан кеуегін өндірудің технологиясы сынақтан өтті. Негізгі цехтарға арналып тəжірибелі жұмысшылар даярланды. 1963 жылы кеуекті титан, ал 2 жылдан соң магний өнімі алынды.

1966-1970 жылдарда қосалқы материалдардың шығынын болғызбай өнім өндіру, титан жəне магний айыру жөнінде жобалық қуат игерілді. Комбинаттың цехтары мен қызмет коллективтерінің шығармашылық еңбектері нəтижесінде титан хлораторы қалыпқа келтіру жəне тұндыру пештері мен бірқатар агрегаттарда еңбек өнімділігі артты.

Комбинат еліміздегі тектес кəсіпорындардың тəжірибесіне қуатты магний электролиздерін, титан жəне карналлит хлораторларын қалыпқа келтіру, дистилляция аппараттарын енгізді.Комбинат қысқа мерзім ішінде өндірістік қуаттарды жедел меңгерді.

1971-1975 жылдары комбинат ағы өндірістік үдерістерді автоматтандыру мег механикаландыру іске асырыла бастады. Ғылыми-техникалық үдерісті жедел қарқынмен дамытуда өндіріс өнімділігін онан əрі арттыру міндеттерін жүзеге асыруға инженер-техник қызметкерлеріне ерекше рөл жүктелді. Өндіріске 5 мың рационализаторлық және 36 өнертабыстық ұсыныс енгізілді.

1967 жылы комбинатқа қазан төңкерісінің 50 жылдығы атағы берілді, ал 1971 жылы титан мен магний өндірудегі және жаңа технологиялық үдерістерді өндіріске енгізудегі жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады, комбинат шығаратын сирек металл-титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады. Оның өнімі тек экспортқа бағытталған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты беделді компаниялар сатып алады. Кәсіпорынның халыққаралық байланыстағы инвестиция әріптесі-Бельгияның фирмасы.

1993 жылы қыркүйек айында бұрын мемлекеттік кәсіпорын болып келген комбинат енді акционерлік қоғамға айналды. “Өскемен титан-магний комбинаты холдингі” құрылды. Өскемен титан-магний комбинатының ұжымы “Үздік әлеуметтік жоба” номинациясына Бағдат Шаяхметов атындағы медициналық орталыққа ұсынылып, “Парыз 2013” жобасының бас жүлдесін жеңіп алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет