Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау.1Бастапқы1материалдарға, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарға қойылатын талаптар



бет2/5
Дата08.07.2016
өлшемі260 Kb.
#185272
1   2   3   4   5

3-тарау.1Бастапқы1материалдарға, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарға қойылатын талаптар

36. Магнийді және магнийден жасалған бұйымдарды, олардың сақталуына кепілдік беретін кез келген ғимараттарда және ыдыстарда сақтауға және тасымалдауға болады.

37. Магний өндіруге қолданылатын материалдар дайындаушының нормативтік техникалық құжаттамасына сәйкес келеді және сапа сертификаты болады.


38. Ыдыстарға (қапшық, темір жол цистерналары, бөшкелер) жеткізілетін материалдарда заттың, материалдың атауын және технологиялық өндіріске қатысты сақталуы көрсетілетін жазу болады.

39. Бастапқы, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарды сақтау және тасымалдау:

1) қауіпсіздік құралдарын, тиеу-түсіру жұмыстарын және көліктік операцияларын;

2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуына мүмкіндік бермейтін қойма әдістерін қолдана отырып, жүргізіледі.

40. Магний өндірісінің жартылай дайындалған және дайындалып қойылған барлық материалдары шаң болуға жол бермейтін ыдыстарда сақталады. Жартылай дайындалған және дайындалып қойылған барлық материалдармен жұмыс істеу респираторда жүргізіледі.

41. Қышқылдар мен сілтілер жеке ғимаратта сақталынады. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу қышқылға шыдамды киімде, көзілдірікте, респираторда жүргізіледі.




4-тарау. Бастапқы материалдарды, дайындап қойылған, жартылай дайындалған және дайын материалдарды сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар

42. Технологиялық материалдар жабдықталған ғимараттарда қоймаларда, бөліктерде, бункерлерде сақталады. Бұл кезде оларды араластыруға болмайды.

43. Технологиялық материалдарды түсіру және тиеу, оларды әрі қарай қайта өңдеу үшін тасымалдау, жинақтау, қоймалау, дайын материалдарды түсіру механизацияланған.

44. Ұйымда магний өндірісі үшін материалдарды тасымалдау қоршаған ортаны ластауға мүмкіндік бермейтін ыдыстарда жүргізіледі.

45. Материалдарды сақтау үшін жабық түрдегі қоймалар көзделеді.

46. Шихта дайындау процесі кезінде шихталы материалдарды беру және түсіру механизацияланады. Негізгі және аралық қатты шаңданатын өнімдерді бір цехтан екінші цехқа тасымалдау герметикалық ыдыста пневотранспорт, вибротранспорт арқылы іске асырылады.

47. Магний өндірісі кезінде технологиялық процесте қолданылатын флюстер жеке орындарда тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады, ал балқытуға салар алдында құрғатылады.

48. Дайын өнімдер осы мақсатқа арналған алаңда құю бөлімшелерінде сақталынады. Дайын өнімдер штабелдерінің биіктігі және штабелдер арақашықтығы технологиялық регламентпен анықталады.

49. Дайын өнімдерді сақтау қоймалары жылы және құрғақ болады. Бұл ғимараттарда жылыту пештерін қолдануға, магний шаңының жиналуына, жылдам жанатын материалдарды (бензин, керосин, май және басқалар) және химиялық белсенді заттарды (қышқыл, сілті және басқалар) сақтауға болмайды.

50. Құймаларды қайта өңдеуге арналған бастапқы материалдар арнайы орындар мен ғимараттарда фабрикалық қорапта сақталады.

51. Калий бихроматын жұмыс қоспасын жасау орнына тасымалдау жабық ыдыста жүргізіледі.

52. Жазық беттерді қорғаныс өңдеу кезінде ваннадағы құймаларды тиісті қоспалармен қозғау механизацияланған (конвейермен немесе жүк көтеру механизмдерімен) түрде жүргізіледі.

53. Кез келген мақсаттағы ғимараттарда жұмыс орындарында технологиялық материалдарды сақтау, ауаның және өндірістік ғимараттардың ластану мүмкіндігін болдырмайды.

54. Өндірістік аулаларда магний өндірісінің шикізаттары мен жартылай фабрикаттарын сақтау, көрсетілген өнімдерді сақтау орындарына бөтен адамдардың кіруіне, аумақтың қоршаған ортасы мен атмосфералық ауасының шаң басуына және ластануына жол бермейді.

55. Өндірістік аулаларда магний өндірісінің қалдықтары мен жартылай өнімдерін сақтау, сұрыптау орындары осы орындарға адамдардың баруын, жер, жер асты суларының және атмосфералық ауаның өндіріс қалдықтарымен ластануына жол бермейтін бөлінген және жабдықталған немесе оқшауланған ғимараттарда орналастырылады.

56. Өндіріс қалдықтары мен жартылай өнімдерді сақтау орындары қоршалған және қоршауларға осы орындарда бөтен адамдардың болуына тыйым салынатын тиісті плакаттар немесе белгілер ілінген.

57. Өндіріс қалдықтарын тасымалдауда өндіріс аумақтарын, жолдарын өндіріс өнімдерімен ластауды болдырмау үшін ыдыстар мен көліктер пайдаланылады. Бұл мақсатқа жабдықталмаған көліктерді пайдалануға болмайды.

58. Жұмыс орындарынан өндіріс қалдықтарын герметикалық контейнерлермен шығаруға рұқсат етіледі.



5-тарау.1Өндірістік1қондырғыларға, оларды орналастыруға және жөндеуге қойылатын талаптар

59. Магний өндірісінде қолданылатын қондырғылар оңай тазартылады. Осы мақсатта оның беті тегістелген, дәнекерлеу тігістері қорғалған, үшкір, шығыңқы ұштары , қиын қол жеткізілетін орындар болмайды.

60. Магний алу жөніндегі жаңа өндірісті жобалау және қолданыстағы өндірісті реконструкциялау, өндірістік ғимараттарды жоспарлау технологиялық процестердің бірізділігі мен ағынын ескере отырып жүргізіледі.

61. Зиянды заттарды тастауға байланысты пайдалану барлық технологиялық қондырғылар газ тазарту құрылғыларымен жабдықталған.

62. Пайдаланудағы қондырғыны іске қосу алдында:

1) қондырғының дұрыс жұмыс істеуі;

2) қоршаулардың, сигнализацияның және бақылау - өлшеу құралдарының болуы мен жағдайы;

3) жарықтандыру және желдету құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі.

Анықталған барлық ақаулар қондырғыны іске қосқанға дейін жойылады. Тексеру нәтижесі журналға жазылады.

63. Агрегаттарды, машиналар мен механизмдерді іске қосу, оларды басқаруды оларға қызмет көрсететін және осыған рұқсаты бар тұлғалар жүргізеді.

64. Көру өрісінен тыс орналасқан қондырғыларды іске қосу кезінде басқару пультінен іске қосу сигнализациясы (жарық, дыбыс) көзделеді.

65. Электр қозғалтқыштарды іске қосу құрылғылары қондырғының көрінетін аумағында орналасады.

66. Жөндеу жұмысынан кейін электр қозғалтқыштарды іске қосу бақылау тұлғасының қадағалауы арқылы жүргізіледі.

67. Машиналар мен механизмдердің ашық қозғалмалы бөліктері (ремендік, тісті, тізбекті берілулер және тағы басқа) тұтас терімен немесе 2020 мм артық емес ұялары бар торлармен қоршалады.

68. Қозғалатын бөліктерді жөндеу және тазарту, қоршауларды орнату қондырғының жұмыс істеп тұрған уақытында жол берілмейді.

Агрегаттардың бөлшектерін майлау - автоматты. Қауіпсіздік құралдары жоқ кезде машиналар мен механизмдерді қолмен майлауға жол берілмейді. Машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету кезінде қолданылатын майлау және сүрту материалдары жабық металл жәшіктерде сақталады.

69. Еден деңгейінен жоғары және 2 м биіктікте орналасқан жабу, реттеу, қоректендіру және басқа да арматуралары бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету үшін стационарлық аулалармен оларға баратын сатылар орнатылады.

70. Еден бетінен 0,6 м артық биіктікте орналасқан барлық қызмет көрсетуші аулалар, өтетін өткелдер, зумпфалар мен сатылар төменгі жағынан биіктігі 0,14 м кем емес, тұтастай жабылған биіктігі 12 м кем емес қанаттармен және биіктігі 0,5 м тіреуіштермен қоршалады.

71. Қондырғының тұрақты қызмет көрсету кезінде жұмыс аумағының ені шығып тұратын бөліктерінен 1 м кем емес, ал мерзімді қызмет көрсету кезінде 0,8 м кем емес. Қондырғыға барлық жағынан қызмет көрсету кезінде оның айналасындағы аула ені тиісінше 1 м және 0,8 м болады.

Электролиздердегі қызмет көрсету ауласының ені 0,4 м кем болмайды.

72. Конвейерлер конструкциялары және орналасуы МЕСТ 12.2.022 «Конвейерлер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сәйкес келеді.

73. Аулалар мен сатылар МЕСТ 23120 «Маршты сатылар, болат сатылар мен қоршаулар. Техникалық шарттарына» сәйкес келеді.

74. Еденнен 2,2 м биіктікте орналасқан аулалар және олардың бүйір беттері МЕСТ 12.4.026-2002 «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал белгілеулерге» сәйкес сигналды түстерге боялады.

75. Жұмыс ауласында жұмыс ауласына есептелген жалпы және орташалаған жүктеме көрсетілген тақтайша орнатылады.

76. Қондырғыны қолмен басқару органдары және ақпараттарды бейнелеу құралдары МЕСТ 12.2.032 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Отырып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар» және МЕСТ 12.2.033 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Тұрып жұмыс істеу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптарға» сәйкес орналастырылады.

Басқару органдары МЕСТ 12.4.040 «Өндірістік қондырғыларды басқару органдарының символдарына» сәйкес символдармен белгіленеді.

77. Пневмосымдар МЕСТ 12.3.001-85 «Пневмосымдар. Монтаждау, сынау және пайдалану қауіпсіздігінің жалпы талаптарына» сәйкес келеді.

78. Балқытулар болатын ғимараттарда, су құбырларын орнату мен конструкциялау балқытуларға ылғалдылықтың түсу мүмкіндігіне жол бермейді.

79. Іске қосу құрылғыларын, жабу және реттеуші арматураларды, шиносымдарды және машиналардың қозғалмалы бөліктерін ажыратушы бояулар мен маркировкаларсыз қолдануға жол берілмейді.

80. Қондырғыны түсті безендіру және қауіпсіздік белгілерін орнату МЕСТ 12.4.026-2002 «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал белгілеулерге» сәйкес келеді.

81. Қорытпасы және сұйық металл құйылған ковштарды тасымалдауға арналған көліктерде шашырандының жүргізушіге тиюін болдырмайтын құрылғы болады.

82. Магний өндіру жөніндегі ұйымдарда электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу және МЕСТ 12.3.003 «Электр дәнекерлеу жұмыстары» осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

83. Тиеу - түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу МЕСТ 12.3.009 «Тиеу-түсіру жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сәйкес келеді.

84. Су құбыры және кәріз ғимараттары мен желілерін пайдалану МЕСТ 12.3.006 «Су құбыры және кәріз ғимараттары мен желілерін пайдалануға» сәйкес келеді.

85. Шаңдану және газ бөлетін материалдарды қайта өңдейтін айналмалы пештерді, қайнайтын қабат пештерін, СКН электр пештерін, электролиздер мен басқа да қондырғыларды пайдалану кезінде барлық люктер мен қақпақтар тығыз жабылады. Люктер мен қақпақтарды ашуға қорытпаларды құю, металды алып шығу, қоқыстарды және өңделген электролиттерді алып тастау және технологиялық регламентте көзделген басқа да жұмыстарды орындау кезінде жол беріледі.

86. Аппараттардан сынамалар алу сол үшін арналған құрылғылар және орындарда сынама алу құралдары арқылы жүргізіледі.

87. Тұтынушы цехтарға берілетін қысылған ауа құрғақ болады. Ылғалдылық құрамы минус 20°С температурада тепе-теңдігін жоғалтпайды.

88. Шиносымдар салу кезінде жұмыс аулаларында немесе өту жолдарында еденнен (ауладан) шиносымға дейінгі арақашықтық 2,2 м кем болмайды.

89. Ұйымдарда еденде жүретін дөңгелекті рельссіз жүретін көлікті қолдану кезінде құрылғылар мен көлік жолдарын ұстау, жүктерді тасымалдау процестері МЕСТ 12.3.020 «Кәсіпорындарда жүктерді тасымалдау процестері» осы Талапқа сәйкес келеді.

90. Барлық учаскелерде қауіпті орындарға жақын орындарда қауіпсіздік жөніндегі ескерту және нұсқаулық плакаттары (жазулар) немесе жарық немесе дыбыс сигналдары орналастырылады.

91. Магний өндірісі жөніндегі цехтарды жабдықтау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестелерде көзделген мерзімде қаралады және жөнделеді.

92. Магний өндірісі жөніндегі цехтардың негізгі қондырғыларын күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестелерге сәйкес келеді.

93. Әрбір цехта ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен тізім жасалады:

наряд-рұқсат беру бойынша жүргізілетін қауіпті жұмыстар;

жұмыстарды ұйымдастыру жобасын ресімдеу.

94. Жөндеуден кейін негізгі қондырғыны қабылдауды қабылдау комиссиясы жүргізеді және тиісті актімен рәсімделеді.

95. Қолданыстағы өндірістік цехтарда орындалатын жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстары мердігерлік ұйымдар арқылы жасалады және наряд-рұқсат берумен рәсімделеді.

96. Жөндеу жұмыстарының тәртібі мен әдістері барлық жағдайда пайдаланушы персоналмен келісіледі.

97. Механизмдерді жөндеу және тексеру жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

98. Жөндеу жұмыстарын бастау алдында жөндеумен айналысатын жұмыскерлер жұмысты ұйымдастыру жобасымен таныстырылады, жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқаулық жүргізіледі. Нұсқаулық наряд-рұқсат беру арқылы жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары немесе монтаждау жұмыстары кезінде еңбек жағдайы өзгергенде жұмыскерлер нұсқаулықпен қайта таныстырылады.

99. Жөндеуге, ішкі қарауға немесе агрегаттарды тазалауға тоқтатылған қондырғылар мен коммуникациялар қолданыстағы қондырғының барлық труба құбырларынан және электр энергия көздерінен ажыратылған, оларда болатын материалдардан босатылған. Электролиздердің газ соратын патрубкалары бітегіштермен сөндірілген.

Іске қосу құрылғыларында «Адамдар жұмыс істеуде! Қосуға болмайды!» плакаты ілінеді. Плакаттарды алу және қондырғыны іске қосу бақылау тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.

100. Жөндеу жүргізу орындары және барлық өтетін орындар жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады. Жарықтандыру электр құрылғыларын орнату талаптарына сәйкес орнатылады.

101. Биіктікте жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде сатыларды, ілмелі аулаларды, люлкаларды және осыған ұқсастарды орнату өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді. Көрсетілген құрылғыларды оларды орнатқаннан кейін бақылау тұлғасы қабылдап алады.

102. Сақтандырғыш белдіктерін қолдану арқылы биіктікте жұмыс істеу кезінде тізбекті (жіпті) байлау орнын жұмыс басталғанға дейін жауапты жетекші көрсетеді.

103. Құтқару белдіктері, карбин белдіктері және құтқару жіптері қоймадан алынғаннан кейін жылына екі реттен кем емес сыналады. Сынаулар актімен ресімделеді. Белдік пен жіптің келесі сынау мерзімі көрсетілген инвентарлық нөмірі болады. Құтқару белдігінің, карбин белдігінің және құтқару жібінің жарамдылық дәрежесі жұмыс алдында және әрбір қолданғаннан кейін сырттай қараумен қамтамасыз етіледі.

104. Металл конструкцияларды монтаждау және демонтаждау кезінде оларды ілінген қалыпта және тұрақсыз қалыпта қалдыруға болмайды. Демонтаждалатын конструкциялар мен қондырғылар қажетті өту жолдарын қалдыра отырып берік орнатылады.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қажет емес конструкциялар мен қондырғылар, сондай-ақ қоршаулар алынып тасталынады, сақтау және желдеткіш құрылғылар толық қалпына келтіріледі. Материалдарды, қондырғыларды және басқа да заттарды жоғарыдан тастауға жол берілмейді.

105. Ілмекті, тросты, кран дөңгелектерін ауыстыру және кран ілмегін оқшаулау жөндеу жұмысына арналған аумақта жүргізіледі.

106. Электр көліктерін (электрокар, электротиегіш, ауыр жүк тартқыштар және тағы басқа) жөндеу жеке ғимараттарда жүргізіледі.

107. Электрқұрылғылар қондырғылар түрлерін таңдау, орналастыру, пайдалану және жөндеу Электр құрылғыларын орнату, Тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалануы, тұтынушылардың электр құрылғыларын пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздігі осы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

108. Цехтағы ток қабылдаушының қоректендіру жеке тұрған, қоса салынған және ішіне орналастырылған тұйық қосылған бейтарап трансформаторлық кіші станциялардан жүргізіледі.

Магнийдің электрлиз цехында ток қабылдаушыларды қоректендіру үшін оқшауланған бейтарабы бар трансформаторлық кіші станцияларды қолдануға болады.

109. Электролиздеу сериялары, хлорлы компрессорлы, газ тазарту ғимараттарының электрқондырғылары, түрлендіргіш кіші станциялардың өз қажеттіліктерін тұтынушылар электр қамсыздандырудың сенімділігі жағынан бірінші санатына жатады. Қалған технологиялық тұтынушылар электрмен қамсыздандырудың екінші санатына жатады.

110. Электролиздеу цехтарында тұрақты токтың электролиздері мен шиносымдардан 6 м артық қашықтықта орналасқан электр аппараттары және ауыспалы тоқтың басқа қондырғылары, электр дәнекерлеуші қондырғыларынан басқалары құрылыс конструкцияларынан электрлік оқшауланған және жерге тұйықталған.

111. Химиялық белсенді ортасы бар ғимараттарда қолданылатын электр қондырғылары осы ортаның әсерінен қорғалады. Көрсетілген ғимараттарда қолданылатын электр сымдарының барлық элементтері ортаға қатысты берік немесе ортаның әсерінен қорғалған.

112. Қондырғыларды ұстау, тексеру және тазарту Қазақстан Республикасы Индустрия, энергетика және сауда министрінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген «Металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған қауіпсіздіктің жалпы ережелеріне» және осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

113. Жөндеу және монтаждау кезінде ауыр бөлшектер мен детальдарды көтеру және қозғалтуды талап ететін қондырғылар үшін тиісті жүк көтеруші және көліктік құрылғылар көзделген.

114. Айналмалы пештер мен қайнау қабаты пештерінің хлораторлары ішін қару және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олар барлық коммуникациядан бітеуіштер арқылы ажыратылады, газдар, булар, шаңдар және басқа да зиянды заттардың шектік жіберілетін концентрациядан артық емес деңгейіне дейін желдетіледі.

Пештер ішіндегі ауа температурасы жөндеу кезінде 40°С артық болмайды.

115. Бітегіштерді орнату және алып тастау бітегішті орнатқан немесе алып тастаған тұлғаның қолы қойыла отырып, журналда белгіленеді. Барлық бітегіштер нөмірленген және белгілі бір қысымға есептелген. Нөмір және жұмыс қысымы бітегіштің артқы ілмегінде жазылады.

116. Газ өтетін орындар мен пеш көмейлері ішіндегі барлық жұмыстар оларды жалпы пеш көмейін агрегаттан ажыратқаннан және желдеткеннен кейін жүргізіледі, соңынан ауадағы зиянды заттар мен оттегінің болуына талдау жасалады.

117. Жұмыс процесі кезінде аз мөлшердегі ауа қысымында болған аппараттар, ыдыстар мен басқа да қондырғылар ашу алдында (бітегішті алу және тағы сол сияқты) қалдық қысымның болмауына тексеріледі және ол туралы наряд-рұқсат беруде жазылады.

118. Ыстық жөндеу жұмыстары кезінде жұмыс істеушілерді жылу шағылысудан сақтау үшін экранды құрылғылар мен ауамен себезгілеу құрылғысы қолданылады.

119. Қышқылдар мен хлор тасымалданатын труба құбырлар жөндеу жұмыстары алдында қышқылдардан тазартылады, ал хлор құбырлары соңынан талдауға сынама алу арқылы газдан тазартуға ауамен үрленеді.

120. Хлор құбырлары күрделі жөндеуден кейін газ тығыздығы мен мықтылыққа сыналады.

121. Электролиз корпустарында көпірлі электр крандарын жөндеу бөлінген жөндеу аумақтарында жүргізіледі.

122. Хлорды тазартуға арналған фильтрлерді жөндеу оларды хлор құю құбырларынан ажыратқаннан кейін бітегіштер және шектік жіберілетін концентрацияға дейін олардан хлорды алу арқылы жүргізіледі.

Жөндеу кезінде хлорды фильтр коммуникациясынан және басқа аппаратурадан алу аспирациялық жүйеге қосылған сору құрылғылары арқылы жүргізіледі.

123. Құдықтарда, бұрғылар мен газ жүретін орындарда жұмыстар үш адамнан кем емес бригадалармен (соның ішінде бақылаушы) жасалады. Бұл орындардағы жұмыстар сақтандыру белдіктерін сақтандырғыш жіптерін қолдана отырып, наряд - рұқсат беру арқылы противогаздармен жүргізіледі.

124. Электролиздерді шиналауды жөндеу және ауыспалы тоқ шиносымдарын оқшаулау осы Талаптың 213-214-тармақтары сақталғанда жүргізіледі.

125. Ковштар бұрылысы сымдарын жөндеу жөніндегі жұмыстар ковш траверсін фиксациялау үшін құрылғымен жабдықталған тақтайшада жүргізіледі.

126. Дәнекерлеу жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

127. Электролиз корпустарында электр дәнекерлеу қондырғыларын қоректендіру сызбасы персоналдың электр тогымен зақымдану мүмкіндігін болдырмайды. Дәнекерлеу кабельдерін жерге қосуға жол берілмейді. Әрбір дәнекерлеу агрегатынан, оның қуаттылығына қарамастан, бір уақытта бір дәнекерлеушінің жұмыс істеуіне жол беріледі. Электролиздердің бір қатары бойынша тартылған кабелі бар дәнекерлеу постын басқасына пайдалануға жол берілмейді.

Дәнекерлеуші трансформатор диэлектрикалық негізде орнатылған және диэлектрикалық материалдан жасалған терімен жабылған.

Электролиз корпусында корпустармен жерге қосылған және екінші реттегі орамалармен жерге қосылған дәнекерлеуші трансформаторларды пайдалануға жол берілмейді.

Электр ұстағышқа тоқты қосу үшін иілгіш шлангілі кабель қолданылады. Кабель оқшаулануы дұрыстығын тексеру айына бір реттен кем емес, ал сырттай тексеру дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында жүргізіледі.

Кабелдердің оқшаулануы дұрыс жағдайда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

128. Жабық металл ыдыстарда және ылғалдылығы жоғары орындарда дәнекерлеу жұмыстар өндірісі үшін электр дәнекерлеу аппараттары бос жүріс кернеулігінің автоматты ажыратылу немесе оларды 0,5 с артық емес уақытқа ұстау арқылы 12 Вольт кернеулікке дейін шектеу құрылығысымен жабдықталған.

129. Электролиз корпусында газбен кесушімен жұмыс істеу кезінде сығымды газы бар баллондар корпустан тыс орнатылады.

6-тарау. Технологиялық поцестерге қойылатын талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет