Махат садық деректі фильмнен үлкен киноға дейін астана 2004 ж



бет6/13
Дата08.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#122959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Автор: Совет Одағы кезінде Мәскеуде жоғары лауазымды қызметте болған қазақтардың қатары саусақпен санарлықтай еді. Қ. Тұрысов Мәскеуде жоғары білім алды. Кейін Халық шаруашылық Академиясында оқыды. Совет Одағы кәсіподақтарында басшылық қызмет атқарды. Бірнеше рет СССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ешқашан да мызғымас болып көрінген Совет Үкіметі 80-жылдардың аяғында ыдырай бастаған. Алдымен, Коммунистік тоталитаризмнен Балтық елдері бөлініп шықты. Міне, осы тұста, Қ. Тұрысов Мәскеудегі үлкен қызметін тастап, Алматыға қарай ат басын бұрды.

Мәскеу – Қ. Тұрысов өмірінің 12 жылын, яғни, ғұмырының үлкен бөлігіне жуығын алды. Фильмде автор Мәскеу өзенінің үстінен салынған көпір үстімен келе жатып, осы тәсілімен Қ. Тұрысовтың Қазақстанға оралу жөнінде түпкілікті шешімге келгенін аңғартады.

Кадрда «Труд» газеті.

СНХ: С. Шалаев

(Совет Одағы кәсіпоақтарының 1982-1991жж. төрағасы)

Мы не хотели отдавать Каратая. Он всегда был готов вернуться в Республику. Но когда Нурсултан Абишевич снова обратился ко мне, и на этот раз я уже не мог помешать и мы договорились с Каратаем Турысовым, что он вернется в Республику. Тогда его взяли на должность Вице-Премьера по вопросам экономики в Правительстве Республики.



Кадрдағы С. Шалаевтың сөздері Қ. Тұрысовтың Қазақстанға қайту жөніндегі шешімін орталықтың қолдамағанын байқатады.

Фото қатар. Қ. Тұрысов Елбасы Н. Назарбаевпен бірге отыр.

СНХ: Қ. Тұрысов

Қазіргі Елбасы болып отырған азамат Нұрсұлтан Назарбаевты мен сонау 63 ші жылдан бері Қарағандыдағы кезімнен білемін. Сол 63 ші жылы партия жұмысына ауысып, Қарағанды облысының партактивінде істедім. Өмір деген қызық қой, 79 шы жылдың желтоқсанына дейін оны мен тәрбиелегендей болсам, енді ол мені тәрбиелей бастады. Мен Мәскеуден оқу бітіріп келіп, министр болдым. 90 шы жылға жылға дейін Мәскеуде болған мен қайтып елге оралғанда, сенесің бе, қайран қалдым: керемет өскен, жан жақты, терең білімді, саяси қайраткерлігін айтсаңшы. 90 шы жылдардан осы кешеге дейін Назарбаев болмаса қазақ елін осы биікке кім көтере алар еді. Әсіресе 93-95-ші жылдар арасындағы ауыртпалықтан аман есен, адаспай өткенімізге қазір өзім де таң қаламын...



Қ. Тұрысовтың монолог-эпизоды фильмнің негізгі драматургиялық шешіміндей әсер береді. Ол Қазақстан тарихының белесті және шешуші кезеңдері, сондай-ақ, Президент Н. Назарбаевпен жеке кездесулері мен қарым-қатынастары жайлы толғанады.

Мәскеудегі кадрлары.

Автор: «Жас өркен» аулының 16-жасар бозбаласы 1950-ші жылы Мәскеуге алғаш аяқ басқан кезі. Албырт жүректі жас Қаратай өмір жолын берідегі Тараз мен Алматы емес, әрідегі әлем әміршісіне ұмтылған Мәскеуді мойындатудан бастауға бел буған. Бұл фашизмді жеңіп, соғыс жарасынан жазыла бастаған Советтер елінің ерекше қарқынмен қанаттанған тұсы еді.

Қ. Тұрысов тұлғасының, көшелі кісілік кескінінің қалыптасу жолдарын фильм баяны арқылы қадағалап отыру қызғылықты.

Кадрде автор Панфилов паркіндегі мәңгі алау жанында. Монолог (стенд ап)

Автор: Ұлы Отан соғысы кезінде бір үйден бесеуі кетіп, бәрі де аман оралып жатса, келесі отбасынан жетеуі кетіп, бәрі де опат болғаны кездеседі. Осы тағдыр жазуын шын жақындарынан көрген Қаратай, бала кезінен-ақ қайғы мен қуаныш, жақсылық пен жамандықты ажыратып, тұла бойымен сезініп, көңілге түйіп өседі.

Кейіпкердің әке-шешесі кімдер болған, соғыс тылындағы ауыр жылдар ахуалы мен соғыстан соңғы елдегі шаруашылықты қалпына келтіру кезеңдері туралы бейнеқатарлар фильмде қанық бояумен беріледі.

Пауза. Мәңгілік алау.

СНХ: Қ. Тұрысов

Менің өзіммен бірге туған үш ағам соғысқа кетті. Артынша біздің үйде тәрбиеленіп өскен әкемнің ағасының үш баласын алды. Сол алты ағамның төртеуі ерлікпен қаза болып, екеуі елге мүгедек боп оралды, кейін аурулары асқынып, олар да өмірден өтті. Тірі қалғанымыз тіршілік жасап, жер жыртып, жүгері егіп күн кештік, құдайға шүкір.

Біздің халық кең халық қой. Есімнен бір кетпейтіні – сол кезде біздің үйді кішкентай екі қызымен немістің әйелі паналады. Құрбақа теріп жеп, қаңғып жүрген жерінен шешем шақырған болу керек. Анамның өзі нанға карточка алу үшін мектепте сыпырушы боп істейтін. Өз балалары немістің қолынан опат болса да, анам байғұс әлгі неміс әйелімен нанын бөлісті, сондай халықпыз біз...

Пауза. Хроника. Соғыс жылдарын бейнелейтін архив көріністері. Халықтың 50-ші жылдардағы тұрмысы.

Диктор: 65 жастағы Тұрыс ақсақал шиеттей бала-шағаны аман алып қалу үшін, бір жыл қырғыз жерінде мал бағып, жан сауғалайды. Сәл ес жиған соң еліне оралып, пошташы болған Тұрыс ақсақал жұрттың қайғысына жұбаныш айтып, тағдырына ортақтасып, көз қуаныш қариясы атанады.
СНХ: Қ. Тұрысов

Біз қазір бәрін ашық айтамыз, ол кезде артық әңгіме айтуға болмайтын заман. Соғыс кезінде де, одан соң да ауыл тіршілігі тым ауыр болды. Ертеңнен қара кешке дейін колхоз жұмысы бір бітпейтін еді ау. Айлық деген атымен жоқ, тек жазып қояды әйтеуір. Ел соғыстың біткеніне мәз болды.



Кадрда соғыстан кейінгі жылдар. Мұрағат бейнекадрлары.

Диктор: Ауылында 7 жылдық мектепті тәмамдаған Қаратай Тараздағы орта мектептен дәріс алу үшін, күніне 25 шақырым жаяу қалаға қатынап жүреді. Бағы жанып, 1947 жылы мектеп-интернатқа қабылданады. Содан бастап, оның барлық ғұмыры замандастарының көз алдында қатталып қала бермек.

Қ. Тұрысовтың оқуға талап қылуы кезінде оның мақсатына жету жолындағы табандылығы көрініс береді.

Архив. 50-ші жылдардағы жастар. Көрініс Ш. Мұртазаның кабинетіне ауысады.

СНХ: Шерхан Мұртаза:

Алғашқы кездесуіміз 8-ші кластан бастап бірге оқыдық. 10-шы класты бірге бітірдік. Сол кезде оқу министрінің орынбасары Әди Шәріпов деген кісі болған. Ол әрқайсысымызға 200 сом берді, мынау жол қаражаттарың деп.



Кейіпкер өмірінің ерте уақтағы кезеңдері туралы оның 1947 жылдан бергі досы және қазіргі Парламенттегі әріптесі Шерхан Мұртаза естелік айтады.

Кадрда автор. Мәскеу университеті.

Автор: Осылайша екі дос бел буып Мәскеуге аттанады. Мектепті күміс медельмен бітірген Қаратай Ордженикидзе атындағы Геология институтына қабылданады. Ал, Шерхан полиграфия институтының студенті атанады. Кейіннен баспагерлер Ломоносов атындағы Мәскеу университетіне қосылады.

Мәскеу қаласының көріністері. Кремль алаңы. Мәскеу өзеніне сыпаттама.

Диктор: Өткенге көз жіберсек, қазір Ел ағасы атанған Қаратай ақсақалдың бір мүшелдік ғұмыры Мәскеудегі өмірбаянымен толықпақ. Сол үлкен шаһардан алған дәрісі, кейінгі еңбек жолында Отанының өркендеуіне жұмсалады.

Кадрда автор монологы Мәскеу өзенінің фонында.

Автор: Әке мен шеше үкілеп үміт артқан ұл әлемді билеген мемлекет орталығынан 5 жыл дәріс алды. Осы жылдар аралығында Сталин өмірін үзіп, билік Хрущевтің қолына көшкен. Кішкентай ауылдан келіп, 10 миллиондық Мәскеуден білім алған Қаратай Тұрысов, партия тапсырмасымен Қазақстандағы ірі өндіріс орны Қарағанды облысына қызметке аттанады.

Қ. Тұрысовтың Мәскеудегі студенттік кездері, одан кейінгі ВЦСПС хатшылығы қызметі мен КСРО Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылымына депутат болған тұстарынан деректі құжаттар.

СНХ: Қ. Тұрысов:

Ертеден қара кешке дейін геология картасын салатынбыз. 1-ші сәуірден сонау 1-ші қарашаға дейін қолымызда балға, мойнымызда керек жарақ салынған дорба жаяудан жаяу тау­ тасты кезіп, далада қаңғып жүретінбіз.



Қазақстанның геология барлау жұмыстарын бейнелейтін көріністер.

СНХ жалғасы.

Сол кездерде партияға өту үлкен жетістік саналатын. Биік мақсатқа жету үшін партия мүшесі болу шарт еді. Мен де сол 1958-ші жылы партияға өттім.



Кадрда Тұрыс ақсақалдың зираты. Солай қарай кейіпкер балаларымен келеді.

Диктор: Осы жылы 80-ге аяқ басқан Тұрыс ақсақал о дүниеге озды. Ешқашан суретке түсіп көрмеген, дінге берік әке жүректе жатталған. Білетіндер оны басының жүзімен салыстыратындығы сондықтан.

Күнпарақ мезгілдерін шендестіру – 1958 жыл. Қ. Тұрысов КПСС қатарына өтеді және осы жылы 80-ге келген әкесі – Тұрыс ақсақал өмірден өтеді. Кадрде: зират. Тұрысовтар әулеті аталарына құран бағыштайды.

СНХ: Қ. Тұрысов:

Үйден құран оқытып, әкемді қазақша жерледік. Біреулер “ойбай арыз жазылмасын” - деп үркітті. Құдайға шүкір, шу шыға қойған жоқ. Бірақ, осы ғұрыпты ұстанбағандар да болды ғой.



Қ. Тұрысов әкесін мұсылман дәстүрімен жерлейді. Бұл қадам КПСС мүшелерінің отбасылары үшін ол кездерде аса қолайлы емес еді. Осы арада да Қ. Тұрысовтың алға қойған мақсатын орындау жолындағы табандылығы аңғарылады.

Қ. Тұрысов өміріндегі әкесінің алған орыны туралы эпизодтар. Адал да, өзінің бұлжымас пікірі мен көзқарасы бар әкесінің баласы Қаратайдың дүниетанымының қалыптасуына өзек болғаны анық. Тұрыс ақсақалдың ұлын көшбасшылық беделге көтергені, Ел ағасы атандырғаны анық болатын.

СНХ: Ш. Мұртаза:

Әкесін көріп едім, қоржынменен баласына талқан, тамақ, керек жарақтарын әкелеп тұратын. Сонда көріп едім ол кісіні, қасына дейін ағарып кеткен. Шашы ақ, сақал-мұрты да ақ кісі еді.


СНХ: Қ. Тұрысов:

Менің әкем осы күнге дейін елдің есінде. «Тұрыс атам былай айтып еді, Тұрыс атам солай айтып еді» дейтіндер әлі кездеседі. Соғыс кезінде де біздің үйге талай адам келіп-кететіні жадымда қалыпты: – «Анау ақымақ былай істеп жатыр, соған бір ауыз бірдеңе айтыңыз» деп. Сондай адамдар әр ауылда да болған ғой, әлі де бар.



Геология мұражайының сыртқы көрінісі. Кадрде автор ойын жалғастырады.

Автор: 8 жыл геолог болған Қаратай Тұрысов Орталық Қазақстанның геологиялық картасын толықтай әзірлеп шығады. Сол 1963 жылы оған әйгілі Ақшатаудағы геологиялық кеніште партия ұйымын басқару тапсырылады. Оған дейін 350 рубль жалақы алып жүрген ол, 150 рубльдік партия жұмысына ауысады. Енді ғана үйленіп, анасы, екі жиенін бағып отырған отағасы ғұмырындағы бұл өзгеріс келесі партия билігін алуға бастады. Сөйтіп, геолог – ғалым – идеолог атанды. Бұл кезде Қаратай Тұрысов жасы әлі 30-ға тола қоймаған.

Тұлға ретінде және маман тұрғысындағы Қ. Тұрысовтың өсу жолдары. Жаңа да жасампаздық қадамдар кезеңдері хақындағы эпизодтар.

СНХ: Ш. Мұртаза:

Қарағанды облысында кен шығаратын «Қаражал» деген қала бар, соны басқарды. Жезқазғанның бер жағында, Қарағандының ар жағында орналасқан қала. Бәленбай жыл соны басқарды. Мен сонда барып көзіммен көріп жүрдім, жұмыстары ол кезде шынында да қиын еді. Соған қарамастан жақсы басқарды.



Кадрда: Мәжіліс депутаты Мақтай Сағдиев

СНХ: М. Сағдиев:

Қарағанды облысында істеген жұмысынан Торғай облысына обкомның хатшысы болып ауысып келді. Бюрода жол салу, 300 километр жерге электр жарығын өткізу Тұрысовқа тапсырылды. Сол жұмыстарды маңайына бір топ адамды ұйымдастырып, өзі қасында басқарып, күндіз-түні жүріп, жарықты берді. Көпір салды, жол салды. Сол тұста бүкіл малшылар жарықты бірінші рет көрген болатын.



Көрініс Атамекеннің жазиралы даласы, өндіріс орындарын бейнелейтін көріністерге ауысады.

Диктор: Оны білетіндер жүрекжарды жылы пікірлерін тізбелеп жалғастыра бермек. Біздің байқағанымыз, оның айтқандары дуалы ауыздан шыққан даналық дерегі екендігі. Көптеген оқиғаларға қатысты Қаратай Тұрысовтың көзқарасы ұлттық ұғыммен орайлас және ондайды елден бұрын айтады және оған куә де болғандаймыз.

Қ. Тұрысов облыс орталығы – Тараз қаласына, өзінің кіші Отанына келіп, жұртшылықпен жүздесіп, туған мектебінде болады. Барлық жерде дерлік, шағын ауылдан облыс орталығына мәдени-әлеуметтік нысандарға дейін Қ. Тұрысов салдырған ғимараттар көрініс береді.

Кадрда: Қ. Тұрысов Амангелді газ кенішінде.

Диктор: Бір рет пікірімді өзгерттім дейді,   Қайрекең. Ол – Амангелді газ кешеніне қатысты жай. Көп қаржы жұмсадық. Бірақ, ел намысы үшін қажет екен. Бұл шешімге мен экономист емес, мемлекеттік мүддені мұрат еткен депутат ретінде бел будым. Жастарымыз жалынбауға үйренсін. Түтініміз түзу шықсын.

Қазір де депутат Қ. Тұрысов Амангелді газ өндіру орыны құрылысының барысына алаңдаулы. Бұл да оның Отанының бір бөлшегі.

Тараз университетінің оқу корпусы. Оқытушылар мен профессорлар Қ. Тұрысовпен кездесу сәті.

СНХ: Қ. Тұрысов:

Енді біз де біраз жасқа келіп қалдық қой, бірталай марапатталдық та. Бірақ, өзінің туған елінің, туған жерінің атынан осы облыстың “Құрметті азаматы” деген атақ алу дегенің бөлек нәрсе екен. Шын жүрегіммен толқып отырмын. Сіздермен бірге болашақта қуанып жүре берсек, маған одан артық бақыт жоқ. Елім аман болсын, жұртым аман болсын, сіздер аман болыңыздар.



Кейіпкер туған жерінде жастар, балалар және қарапайым жұртшылықпен кездесу сәттерінен көріністер.

Диктор: Қаратай ағаның ұрпаққа ұлағаты – білімді мыңды жығады. Ол үшін қазақтың салт-дәстүрін қағыс қалдырмас, ұғымтал жүрек керек. Кейінгі жылдары өзі секілді Мәскеуден оқып, елге оралып басшы болған кейбір жастардың жіберген қателігін ол ұлттық үрдіспен ата-салтын сақтай алмаумен байланыстырады. Бұл кір жуып, кіндік кескен топырақтан ажыраумен бірдей. Ойлап отырса, туған жерге, ағайын туыстарға зәредей жақсылық жасамаған адам, елін қарық қылады дегенге сенудің өзі қиын. Сонау 1985 жылы Республикалық Орталық комитет хатшысы кезінде өзі оқыған Жамбылдағы жалғыз қазақ мектебі жанында заман талабына сай спорт кешенін салдырды. Жас өрімталдар қиындық көрмей, озық елдің оқушылары секілді білім алуын мақсат қылды.
Диктор: «Жас өркен» ауылында тұрып жатқан туған әпкесі Айымжан – осы көз қуаныштың куәсі. Туған жерді сағындыратын темірқазық. Ауылдағы ағайыны да, қаладағы өзі секілді бар жиғанын баласынан аямақ емес. «Іштен шыққан шұбар жылан» менен мықты болып өссін дейді. Ұрпақ өркендеп қанат жайса, мемлекет те мығым. Ақсақал мәртебесінің марапаты осы емес пе?

Қ. Тұрысов далада келе жатыр. Ойлы қалпы. Көрініс Астана қаласының көшелеріне ауысады.

Диктор: Астана – Ел ордасы. Ал, Алматы ұлт мәйегінің бесігі ғой. Жыл сайын ел бюджетін бекітер кезде Алматыға, ақ басты Алатауға қарайды. Нәзік талантты мәпелейтін Алматы қырдан келетін қазақтың ұл-қыздарына қамқоршы болып қала берсе деп тілейді.

Астана, Алматы қалаларының көріністері. «Жастар» спорт кешені. «Медеу» мұз айдыны. Кейіпкердің табиғат аясында немерелерімен серуендеп жүрген сәттері.

Диктор: Әкімге айтатын тілегі де, талабы да сол. Бір жылдары әйгілі «Медеу» спорт кешені салынғанда өзі де соған атсалысқан. Қазақ спортының қанаттануында бұл мұз айлынының ерекше үлесі бар. Тау шатқалында немерелерімен демалып жүргенде сол бір үлкен спорттағы сәттер де еске оралады. Көзайым ұрпақ жаралы жүректі жебеп-жігерлендіреді.

Қ. Тұрысов отбасының эпизодтары. Кейіпкер тұлғасын тану үшін, жанұяның әсері мол. Адамдық ажарың отбасының қасиетімен, балаларыңа берген тәрбиеңмен ашылады.

Кадрда: кейіпкер балалары мен немерелері арасында. Дастархан басында. Отбасы. Баянды болашағы бар немерелер. Ерке шөберелер.
СНХ: Әскергүл жеңгей

Мен өзім де мұғалімнің жанұясында тәрбиеленгенмін. Әкем ұстаз болған адам. Көп балалы отбасындағы 9 баланың үлкенімін. Сол себептен де шығар біз сөзге тоқтап, жағдайға қараймыз. Анамыздың айтқан тәрбиесі бар: бір жанұяда екі адам би болса, жақсы өмір болмайды. Біреуі ашуланғанда, біреуі басу айту керек. Семья болғаннан кейін «ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды» - дейді ғой қазақ. Бізде қандай қиындық болмасын бір шешімін табамыз. Сөйтіп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырдық. Қайрекең қанша тез ашуланшақ болса да, бір жарты сағаттан кейін жадырап шыға келетін кең мінезді кісі...


СНХ: Қ. Тұрысов:

Құдайға шүкір, кемпіріміз екеуіміз 40 жылдан аса бірге өмір сүреміз. Бір ұл, төрт қыз бар. Құдай көп көрмесін, 11 немереміз бар. Алды 16-17-ге келіп қалды... Құдайдың жазуы шығар, балам мен келінімнің қазасы. Қатты батып кетті. Балам өте ақылды, Құдай бере салған адам еді…



Кейіпкердің қайтыс болған ұлының фото суреті. Пауза.

Диктор: Оның қайғысы еліне ортақ естілді. Екі ай бойы не болып, не қойғанын түсінуден қалған. Ұрпақ үшін өмір сүру – қазақ қағидасы. Қайғыдан қабырғасы қаншама қайысса да, отағасы отбасының ертеңі үшін, елінің келешегі үшін тәубә тілеп, еңсесін көтерген.
СНХ: Ш. Мұртаза:

Ең тұңғышы, желкілдеп өсіп келе жатқан, үзеңгіге аяғын салып, мемлекеттік қызметте істеп келе жатқан баласы келіні екеуі оқыста дүниеден кетіп қалды. Адам баласы ғой, соған қатты күйзелді. Бірақ рухы мықты екен. Содан қасқайып, бұрынғы жұмысын атқарып келе жатыр.



Қ. Тұрысов қызметінде, әріптестерімен бірге жұмыс үстелінде. Кадрда Мәжіліс депутаты М. Кемел.

СНХ: М Кемел:

Қалай дауыс берерімізді білмей сасып, бір-бірімізден сұрайтын қиын мәселелер болады. Өзіміздің ішкі сеніміміз бола тұра, жан-жағымызға қараймыз. Сонда үлгі алып жүрген ағамыз, ақылын айтып отырады. Сонау 91-ші жылғы мақалаларын оқып отырсаң, бүгінгі күннің талабына сай келеді. Сол секілді бүгінгі мақалаларын оқып, 10 жылдан кейінгі азаматтар үлгі алсын, жетілсін деп тілек айтамыз.



5.5. Елдің бүгінгі саяси өміріндегі Қ. Тұрысовтың орынын Парламент Мәжілісіндегі әріптестерінің пікірлері аңғартып тұрғаны анық.

СНХ: Қ. Тұрысов:

1984 жылдан 1991 жылға дейін СССР-дің жоғарғы Советінің депутаты болдым. 89-шы жылы сайланған КСРО халық депутаттарының съезіне қатыстық, сондағы айқай есіңізде шығар, соның бәрін бастан кешкен жағдайымыз бар. Қазіргі кезде де мынау Парламентте айқай сүйетін 5-6 депутатымыз бар арамызда. Тыңдап отырасың, шектен шыққан уақытта айтасың: - «Әй, қарағым, қойсаңшы, жетеді ғой енді, айқайыңмен біраз жерге бардың»   деп. “Оппозициямыз” дейтін партиялар да бар ғой бізде. Олардың кей кезде сын айтқандарына таң қаламын. Осы “бюрократия, анау-мынау”   деп жүргендерге “қойсаңдаршы, мына түрлеріңмен демократиядан түк қалдырмайтын болдыңдар ау дегім келеді. Мені осы күнге дейін бірталай партияға шақырған, секретарь болыңыз деп. Бірақ мен айтамын: – «бір рет партияда болдым жетеді»   деп. Айқай салып партияны құрып алады, жоқ жерден. Не оның ісі жоқ, не жұмысы жоқ. “Мінеки менің бағдарламам. Ура! Алға!” – дейді бар болғаны.



Қоғамдағы тұтастық, бірліктің қажеттігі жөніндегі Қ. Тұрысовтың берік ұстанымдары. Оның пайымынша, оппозиция болса, бір ғана мақсатты, тұрақтылықты қайықша теңселтуді көздейді. Сөйте тұра, Н. Назарбаевтың бүгінгі қарымды саясатының орынын басар байыпты ешнәрсе ұсына алмауда.

СНХ: Ф. Оңғарсынова:

Баяғы кезде билер, батырлар, айтқан сөзі халықтың құлағына пайғамбардың сөзіндей кіретін ақсақалдар болған ғой. Осы біздің заманымыздың ХХ-ХХІ ғасырлардың тоғысында сондай кісілердің біреуі деп мен Қаратай Тұрысовты атар едім.


СНХ: Қ. Тұрысов:

Құдайға шүкір, мен Қазан төңкерісіне дейінгі адамдардың тәрбиесін көргенмін, жолын көргенмін. Қартайған кезінде де әкемнің ол 1879 жылы туған, 1958 жылы дүниеден қайтты. Шешем де сол 1979 жылы 81 жасында қайтты, 1909 жылы туған, солардың тәрбиесін көрдім. Ал енді, қанша жерден Компартия тәрбиелесе де, сол баяғы өзімде қалыптасып қалған тәртіпті балаларыма бердім. Қазақ баяғы Құдайдың беріп қойған ақ ісі мен жолы бар, соған сенеді. Сол баяғы ата-бабамыздың бізге тастап кеткен Ұлы жолын ұстап, сол жолмен адаспай жүрсек, ел боламыз, жұрт боламыз. Әйтпесе, біз ел бола алмаймыз. Сөзбен шешілетін нәрсе емес, іспен шешілетін мәселе болады. Осы қиын заман өтеді, сосын бәрі ойдағыдай қалпына келеді.



Коммунистік құрылыстың тәрбиесінен өткен Қ. Тұрысовтың философиясын, ұлттық идеологияға көзқарасын білу бізге қызғылықты. Дегенмен, коммунистік тәрбие Қ. Тұрысовтың бойына ата-анасы сіңірген халықтық тағылымдар мен тәлімдер тегеуріні жанында әлсіз болып шықты. Тұлға тәрбиесінің тұрпаты – халықтық философия жемісіндей әсер береді.

Қ. Тұрысовтың пайымдауынша, еліміздің өзіндік даму жолы мен қалыптасу кезеңдерінің қиыншылықтары артта қалып, ұлттық идеологиясы айқындалуда. Кейіпкердің пікірінше, ұлттық идеологиямыз діліміздің тамырында жатыр.

Кадрда: Астана көшелері. Парламент үйі. Үш бидің ескерткіші.

Диктор: Тарихта қалу үшін әр іс-әрекетін қадағалайтындар бар. Өнегелі атану үшін, өсиет сөзді жаттайтындар да жетерлік. Құмырсқаның қадамына дейін қадағалайтын құдіретті жаратқан пиғылы парасатты, ниеті аққа ғана жақ. Ұлы дәуірді санасына сыйғызған заңғарлар сезінер қадамға уақыт төреші. Тәңірінің осы іріктеуінен пенде аса алмасы хақ.

Парламент терезесінен төмендегі қалаға қарап тұрған кейіпкердің ойлы бейнесі. Кадрда Кенесары ескерткіші, өтіп жатқан өмірдей баяу аққан есіл өзені. Төре билердің Жоғарғы Сот жанындағы монументі.
Фильмді дайындаған шығармашылық топтың аты жөні беріледі.
Фильмнің соңы
Фильм-портреттер жасау үшін кейіпкердің өмірлік тәжірибесін, оның естеліктерін, өмірінде болған өзгерістерді, ойларын, белгілі бір оқиғалардың адамдар тіршілігіне тигізетін ықпалын білу керек.

Көп жағдайларда, егер адамның басынан кешірген оқиғалар, өзек өртейтін өкінішті халдері төңірегінде сұхбаттар жасалатын болса, әңгіме арқауы ауыр жүрері сөзсіз. Сіз мұндай жғадайда тек ақпар алып қоймай, сол ақпардың тасасында тұрған адам тағдырын да аңғаруға күш саласыз. Ең бастысы – неге көңіл бөлу керектігін, яғни, фактілерге ме, әлде көңіл-күй-эмоциясына ма, осыны саралап алғаныңыз жөн. Әдетте, екеуі де Сізді өз иірімімен алып кетуі ықтимал.

Дегенмен, тағы да көңіл аударар жәй бар. Әдетте, бүгінгі күн оқиғасын әңгімелеу мен кешегі өткен жайларды сараптаудың арасында бір бірімен қабыспайтын үлкен алшақтық, идеяны ашуға кедергі келтіруі жағдай болуы да мүмкін.
Деректі фильмді жасау жолдары
Әрбір фильмнің түсірілу мерзімі, мазмұны, жолы бір-біріне үнемі ұқсамасы анық. Шет елде идея әуелі қағазға түсіріліп, продюсер, өз тарапынан режиссер, сценарист, әрине бастысы тапсырыс берушіні іздейді. Грант үшін тендерге таласқа түседі. Қазір бізде де еліміздің экономикалық жағдайы түзелген сайын, осы бағыт басымдылық алатын ыңғай танытуда. Ал, әзірге нақты тапсырыстан кейін барып, идея іздеп сараңға түсеміз. Межеден ауытқымай, болашақ фильмнің тақырыбына ықылас білдірген сценарийшіге анықталған идеяны ұсынып, іске бел буа кіріскеннен басқа амал жоқ. Әдетте, өзіңе тосын тақырыпты бірден қатырып жасап беремін деу, тапсырыс беруші тарапынан күдік туғызары анық. Шығармашылық ой-өріс пен қиялға еңбек табандылығы қосылғанда ғана кез-келген тақырыпты толық игере бастайсың.
Идеяны игеру
Тақырып айқын. Бірінші кезекте ойдағы идеяны таспада бейнелеп беруге ықылас білдірген тәжірибелі режиссерлермен пысықтап алу – алғашқы алынған асу. Мұндайда әріптестердің ақыл-кеңесі де артықтық етпейді. Осы аралықта отыра қалып, уақыт өткізбей фильмнің қарадүрсін жобасын жазып тастаған жөн. Көздеген мақсаттан жаңылмас үшін, фильмге қатысы бар-ау деген болжамдарға негізделген аңыздар мен тарихи тұспалдарға да арқа сүйеп, болашақ кейіпкермен молырақ сұхбат жүргізу қажет. Бұл   негізгі міндетіңіз. Қызықты идеяның ұшын ұстағаныңызды, фильм жасауға үміткерлер арасында сіздің талпынысыңыздың, шеберлігіңіздің бағалануына жол ашады. Сонда ғана тапсырыс берушінің сенімін нығайтып, оның келісілген мөлшерде қаражат бөлетін шартқа қол қоюына көзін жеткізесіз.

Продюсер (ағылшын сөзі “producer” - өндіруші) – қазіргі ұғымда өнердегі бизнесмен анықтамасына жақын сөз. Өндіріс саласын жетік игерген, нарықтағы сұранысты толық түсінетін және жасалған жұмысынан өзіне ғана емес, шығармашылық топқа да табыс таба білетін ұйымдастырушы. Продюсер өзінің бар қайрат-жігерін көздеген нысанасына жету үшін жұмсап қана қоймай, тәуекелдің желқайығына белді буып мініп, көздеп отырған ісі мен алар асуынан ерекше қанағат сезіммен қатар, ерекше мархабатына бөленгенді де мақсат етеді.

Фильмнің продюсеріне – кинематографияның кәсіпкері деген балама лайықты. Ол фильм жасаудағы ең басты тұлға. Фильмнің аяғына дейін бақылау жүргізіп қадағалайды. Шығармашылық топты құрады, өнім шығару мерзімін белгілейді және қаражатқа толық жауапкершілікті мойнына алады. Продюсердің бірінші міндеті – дайын өнімнен таза пайда табу. Бірақ оны қазақстандық жағдайда жүзеге асыру мүмкін емес секілді. Экономикалық есептеулерге жүгінген статистикалық деректерге қарағанда, фильм өзін-өзі қаржылай ақтауы үшін ол бір тілде ғана сөйлейтін 40 миллион көрерменнен аз емес аудиторияға арналуы тиіс. Демек, қазақстандық кинематография табыс табуы үшін сыртқы рыноктағы бәсекелестікте ерекше басымдылық көрсетпесе, ауызды шөппен сүртіп, қарап отырмақпыз. Көршіміз, 150 миллион тұрғыны бар Ресейде, 1,5 миллиард халқы бар Қытайда өнер мен мәдениет көпшілік сұранысына ие болса, продюсер сәтті бір туындысымен-ақ байып шыға келеді.

Сондықтан да, еліміздегі тәуір деген кино-телетуындыларды шетелге шығарып таныстыру ісі Сыртқы Істер және Мәдениет министрлігіне тапсырылуы тиіс. Әйтпесе, жеке таныстық арқылы жасалып жатқан шаралар бір күндік, әрі нәтижесі де көңіл тоғайтарлық емес. Ұсақ-түйек жүлделерді ұтып жатқан кинофильмдеріміз жетіліп артылады. Бірақ, соны қарқ қылып көріп, тамашалап жатқан жандарды көргеніміз жоқ. Ондайда сірә, режиссер фильмді өзі үшін түсіреді, 4-5 адамдық жюриі бар конкурстан бәйге алады. Сонымен барлық шаруа тәмәм болады деп түйіндеуге болар.

Ал, орасан зор табысқа жету үшін тіптен американдық продюсерлер де ежелден-ақ бір отауға біріккен. Голливудтағы алғашқы кино 1896 жылы түсірілген. Продюсерлер болса тәй-тәй басқан түңғыш қадамдарын нығайту үшін әу бастан-ақ банкроттық пәледен құтылу жолында фильмнің прокатымен және өндіріспен айналысатын сегіз ірі студияға бас біріктірген.


  1. Юниверсал – 1912 ж. құрылған

  2. Парамаунт – 1914 ж.

  3. Юнайтед Артистис – 1919 ж.

  4. Метро-Голдвин-Майер – 1924 ж. (Майер – 1912 ж., Голдвин – 1914 ж., Метро – 1915 ж.)

  5. Уорнер Бразерс – 1923 ж.

  6. ХХ ғасыр-Фокс – 1935 ж. (Фокс – 1914 ж.)

  7. Коломбиа – 1924 ж.

  8. RKO (Radio-Keith-Orpheum) – 1928 ж. құрылған.

ХХ-ғасырдағы американдық кинематографиядағы барлық жетістік жемісі – Голливудтың ұлы продюсерлерінің іскерлігімен тарихта таңбаланып қалды. Жүздеген фильмдер банкроттыққа ұрынғаны хақ. Бірақ соңғы онжылдықта Голливудтың жыл сайынғы таза табысы екі миллиард доллардан төмен түспепті. Ал 2001 жылы Голливуд рекорды 7,3 миллиард доллар таза пайданы құрады.

Халықаралық ғаламат корпорацияға айналған Голливуд кино өнерімен-ақ, ғаламдық идеологияға үстемдік орнатты. Әлемдік капитал қожайындары Голливудқа қаражат құюға құмар. Өйткені бір-екі жылда түсетін таза пайда, онжылдық еңбекті орап әкетеді. Әсіресе, “Титаник” фильмі түсірілгеннен кейін Голливуд төрткүл дүниені толық табындырды. Ондағы продюсерлер кино бәсекелестігінің бас бәйгесін енді ешкімге бермесін айғақтады.

Жалпы әр фильмде бас продюсерлерден басқа түрлі салаға жауап беретін бірнеше продюсер болады. Оларды Бас продюсердің орынбасарлары не көмекші-кеңесшілері деп атауға болар. Біздің елімізде продюсер термині біртіндеп қалыптасуда. Кеңес заманында фильм директоры қызметін атқарғандардың кейбірі продюсер мамандығын игерді. Негізінен ондай фильмнің бұрынғы директорлары мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты ғана қадағалап, тек ұйымдастырушылық шаруамен шұғылданғандықтан бизнес негізін түсіне алмай, ескіше іс жүргізіп, продюсерлік деңгейіне жетпей жатты. Керісінше режиссер, актер, драматург-сценаристер, яғни шығармашылық мамандықтың өкілдері продюсерлікті тез меңгеріп үлгерді. Өйткені оларды биліктегілер, қаржысы бар спонсорлар жүзбе-жүз таниды. Қабілеттеріне сеніп қаражат бөледі. Танымал тұлғалардың білімі мен тәжірибесі, табиғи таланты демеуші үшін белгілі жобаны жалтақтамай қолдауға жетерлік жәйт. Халқы сүйсінген азаматты сүйеу кімге де болмасын зор ғанибет. Өйткені осының өзі-ақ фильм қаржылай пайда түсірмесе де, талантты тұлғаның көрермен сүйсініп қарайтын табысты жоба жасайтындығына толық сенім туғызады.

Продюсерлік мамандықты таңдау үшін: адамды тани білу, тәуекелге бел буу, талап ету, жинақы болу, қайтарымсыз жақсылық жасау, күмәнсіз сенім арту, жасқанбай, жалтақтамай шешім қабылдау, үнемшіл болу, иландыру, әзіл-қалжыңмен көңіл көтеру, ақша табылса алынбайтын асудың, орындалмайтын арманның болмайтындығына сендіру, қажет болса жағымсып-жалпақтау, қилы сәтте тығырықтан қиналмай шыға білу… қойшы толып жатқан қабілетке сай болуың тиіс. Жігітке жеті өнер де аз дегендей – продюсер – сегіз қырлы, бір сырлы адам. Егер әке-шешең мықты, бай қайың жұртың арқаңнан тіреп тұрса, ақшаны шытырлатып санап, шалқайып жүріп-ақ бар шаруаны тындырасың. Бұл некен саяқ жағдай. Тек төмендегі қағидаларды сақтай білетін нағыз продюсерді қызметке қателеспей дәл тауып алсаң болғаны. Әйтпесе сары ауыз продюсерді әккі режиссер жарға жығып алдап, кетпесі не ешкім кепілдік бере алмайды.

Продюсердің білуге міндетті қағидалары:


  • Тақырыпты дұрыс таңдау;

  • Мықты режиссер табу;

  • Қаржымен жобаны толық қамтамасыз ету;

  • Идеяны тамаша жеткізетін сценарийшіге тапсырыс жасау;

  • Бизнес-жоспарды қатесіз толтыру;

  • Студиямен келісім-шартқа отыру;

  • Шығармашылық топ құру;

  • Фильмнің жобасын жасау;

  • Күнделікті түсірілген материалға бақылау жүргізу;

  • Монтаж өнерін танып-білу, сезіну;

  • Авторлық құқықты жатқа айту;

  • Фильмді қандай эфирге беретініңді алдын-ала жоспарлау;

  • Фильмнің саясатын, идеясын сезіну;

Бірақ осы қағидалар толық түрде сақталғанымен де егер продюсер өз режиссерін дәл таңдай алмаса, фильм көздеген нысанасына жете алмайды. Сәтті туынды жасауға шамасы жетпеген кейбір режиссерлер жол айырықта жобаны тастап, кетіп қалуы да ықтимал.

Немесе мен кәсіби шебермін, продюсер ештеңені түсінбейтін, өнердің иісін сезбес, тас керең біреу деп таусылмас дауға бастауы да әбден мүмкін. Сондықтан да продюсердің ерекше іскерлігімен қатар киноөнеріне махаббаты шексіз болғаны құба-құп. Ол тума талантпен қоса еселі еңбек, білім мен өнерге құмарлықтан туындайтын тәжірибе мектебі.


Продюсерлік пайым
Бұрындары фильмнің директоры, көркемдік жетекшісі болашақ туындыға жауапкершілікті толық мойнына алатын. Қазір бұл міндеттерді продюсер атқарады. Кей-кезде есімі белгілі режиссерлер жоғары жалақы алу үшін, продюсер де, сценарийші де, режиссер де, камерагер де, монтаждаушы қызметін де өз мойнына жүктейді. Тегінде жігітке «сегіз қырлы, бір сырлы» сай құбылыс бірен-саран екені белгілі. Баршаға ортақ тағылымға тоқталсақ, басшылық Продюсер жетегімен жүрмек.

Сонымен, фильмге керекті тапсырыс қалай жазылып, мазмұнын нендей ақпараттармен толтыру керек? Бұл тұрғыда қатып қалған ереже жоқ. Дегенімен, тапсырыстың белгілі бір тұлғаға немесе ұжым-мекеме басшысына арналатыны анық. Олармен алдын-ала ауызша келісіп алсаңыз, мақсатыңыздың толық орындалатынына сенім мол. Сөйте тұра демеуші мен тапсырыс берушіге хат жолдағанда ескеретін мәселе:

- Мекеме немесе ұжым басшысы ұзақ-сонар хатты аяғына дейін оқып жатпайды. Көңілі аумаса орынбасарына ысыра салады. Оның аяғы белгілі. Сіз ешкімді ренжітпейтін, тек “қаражат қиыншылығы болмағанда қолдар едік” деген шенеуніктердің әдеттегі хат жауабын аласыз.

Ал керісінше жеке тұлғаға ұсыныс жазғанда қаламды құлаштай серпіген ләзім. Жылы сөз жүрекке жылы, көңілге жақын келеді. Ықылас ниеті қаражатқа зәруліктің енжар пиғылын жеңеді. Түбі келіссөз басталса, үміт ұлғаяды.

Енді Сіздің демеушіге арнайы хатыңыздың ұзын-ырғасында мына мәліметтерді сұрыптағаныңыз дұрыс болар еді:


  1. фильмге ұсыныс;

  2. нақты дәлел-дәйектеріңіз;

  3. фильм мазмұны, стилі, көркемдігі;

  4. түсірілім жұмыстарының мерзімі;

  5. көрсетілетін аудитория, телеарналар тізімі;

  6. фильмнің режиссері, бұрын жасаған ең сәтті туындысын атап өткен жөн.

  7. тарихи мәні, қоғамға әсері;

  8. қаржы сметасы.

Соңғы қаржы сметаға келсек, тапсырыс берушінің мүмкіндігін алдын-ала зерттеп алған дұрыс. Демеушіні білмей тұрып, оның ынтасын фильмнің құнымен шошытып жіберуіңіз әбден мүмкін. Тапсырыс берушіні тамаша идеяңызбен қызықтыра алатыныңызға сенімді болсаңыз, баға мөлшерін бетпе-бет кездесуде жеткізе аласыз. Егер мекеме қаржысы мол құрылым болып жатса, сұрайтын қаржыны толық мөлшерде көрсетіп, дәлелдеп беруіңіз қажет.

Тегінде ең бастысы – фильмнің қажеттілігін демеушіге дәлелдеу үшін оның тарихи мәні мен қоғамға тигізер әсерін ерекше маңызбен, салмақты жеткізе алсаңыз, басқа ақпараттарыңызға тапсырыс беруші өз тарапынан қосымша ұсыныс енгізіп, екі жақ тіл табысып, игілікті іске білек түре кірісіп кете аласыз. Тәуелсіздігіне бір мүшел толған егемен елімізде қазір халыққа титтей де болса ықпалы бола алатын көркемөнерге жанашырлық танытар азаматтар баршылық. Қысқасы, сіздің ұсынысыңызды оқып отырған адам «фильм үшін бұл ғаламат, ғажап идея» екендігіне сенуі тиіс. Содан кейінгі кезекке фильмді қалай түсірмекшісіз сауалы шығады. Демеушілердің дені сауатты. Олардың Сізге қояр міндетті сұрақтары:



  1. Фильм қандай камераға түсіріледі?

  2. Сапасы қандай болмақ?

  3. Телеарналар эфирге қоя ма (күндізгі әлде, кешкі уақытқа)?

Осы тақылеттес тақырыптардың басын ашып алғаннан кейін, демеуші, ақшасын текке шығармасына сенеді. Алғашында өзі де фильм жасауға ерекше ынтамен кіріседі. Бірақ ол нағыз шығармашылық толасыз талап пен қиын еңбек екеніне көзі жеткен соң, уақыт өте келе бүкіл билікті Сіздің қолыңызға береді, жауапкершілікті Сізге артады. Осындайда екеу-ара түсіністік орнаса, алда әлі де бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік туатынын ұмытпаңыз. Ешқашан да қалай да болса көбірек ақша табу үшін ғана емес, қалай да болса жақсы туынды жасау үшін күш салыңыз.

Баспасөз және фото-бейнематериалдар

Еліміздегі халықаралық қалыптарға сай авторлық құқық туралы заң қабылданғанын ескерсе отырып, ыңғайсыз жайларға тап болмас үшін фильміңізде көрсетілетін бейнеқатарлардың рұқсатын алдын-ала алған жөн. Әйтпесе, фильміңізде бірнеше секунд қана пайдаланылған фото-бейнематериалдар үшін фильмге кететін қаражаттың мөлшеріннен де көп айыппұл төлеуге душар болып, енді-енді авторлық құқық тәртібі қалыптаса бастаған тұста, ешкім байқай қоймас деп, торға тұтылып қалуыңыз ықтимал.

Әр жылдар бедерінде баспасөзде жазылған деректерге, мәліметтерге сүйенгенде, пікір құндылығына, дәрежесіне, ақпараттардың күмән туғызбасына ықтиярлықпен зер салыңыз. Статистикаға да абайлап қарап, жіті ден қойыңыз. Себебі кейінгі кезде баспасөзде тексерілмеген, жобамен алынған мәліметтер жетіп артылады.

Зерттеу тақырыбына түсірілетін фильмдердің қиындықтары жетерлік. Мұндай кездерде түпнұсқа мен ақпарат көздеріне үңілген жөн. Мысалы, Ұлы Отан соғысы туралы фильм түсірерде бірнеше тарихи немесе көркем кітаптар оқу жеткіліксіз. Ондай жағдайда фильміңіз кеңестік тұрғыдағы қалыптасқан көзқарасынан аса алмайды. Сол уақыттың құжаттарымен, жауынгерлер күнделіктерімен, майдан баспасөзімен, үнпарақтармен танысуға тырысыңыз. Соғыстың зұлмат екенін айта салу оңай. Соғыстың құжаттарына, сол тұстағы мемлекеттік меморандумдар мен Бас қолбасшының ұрандарына үңілсеңіз, құнды дүние қолыңызға ілігуі нақ. Мұнсыз ештеңе шықпайды, бұрынғыны қайталап қана қоясыз.

Ал фото-бейнематериалға келсек, біздегі архивтен жалықпай іздесеңіз құндылығы көп дүниені міндетті түрде қолға іліктіресіз. Әсіресе, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары жинақталған мұрағаттарда ашылмаған дүние көзі орасан. Қазына қасымызда, тек тер төгіңіз. Мұнымен Сіз әзірге қалыпты жүйеге түспеген мұрағат қорындағы каталогтарды реттеуге көмектесесіз. Қалап алған тақырыбыңызға ерекше қатысы бар оқиғалардың қай жылдары маңызы зор болғанын білсеңіз, түптің-түбінде сезу түйсігіңіз және интуицияңыз Сізді қажетті материалға адастырмай жолықтырады. Мұндай мысалмен көптеген режиссерлер өз тәжірибесінде жиі ұшырасатынын жасырмайды. Әсіресе күнделікті газет-журналдарды қалт жібермей қадағалап отырыңыз. Өзіңіз зерттеп жүрген тақырыпқа қатысы бар материал кездестіретініңізге өз тәжірибеммен кепілдік бере аламын.
Табиғат тақырыбы
Қазақтың кең жазира жазық даласы. Кімдер келіп, кімдер кетпеді десеңізші. Тарихи деректі фильмдер жасағанда оқиғаны кез-келген жерде түсіре бер, өйткені қазақтың қай жері, мейлі даласы мейлі қыраты болмасын бір-біріне егіздей ұқсас деген ұғым көзқарасын кейінгі жылдарда түсіріліп жатқан фильмдерде жиі байқалуда.

Салт атпен жүріп, осынау кең сахараны ақыл айласы, білек күшімен қорғай алған бабалар аруағы алдында қазақтың даласы мен тауларына осылайша күпірлік көзбен қарау шатасқан кадрларды экранда көрсету – кешірілмес күнә. Сондықтан да демеушімен келіскен кезде жаңылмас үшін құшағыңыз жетпесті, құшпаңыз. Батыс Қазақстанда түсірілетін оқиғаны, Орталық Қазақстанда бейнелеп түсіріп, сөйтіп қаржы үнемдеймін деген алдамшы ойдан ада болыңыз. Тегінде мұндай салғырттық көзқарас фильмді асығыс жасаудан туындайды. Ақырында ол көрерменді, әсіресе кейінгі жастардың түсінігіне кері әсерін тигізіп, Жер-анаға деген махаббат сүйіспеншілігінен гөрі, бейғам, босбелбеу ұлттық құндылықтан тас керең сезімсіздерді көбейтеді.

Елім, жерім деп ән салатын әншілеріміздің бейнеклиптерінен өз атамекенімізді емес, өзге республиканың жерін, кейіпкерлерін көргенде, ішің удай ашиды. Амал жоқ «бармақ тістеп, бас шайқап» күрсінесің.

Мұндай оқиғалар деректі фильмнің сәтті шығуына кілт табудың қиындығынан туындайды. Абстрактілі тақырып негізінде белгіленген идеялар топтамасында құрылған:



  1. көне сәулет өнері,

  2. тарихи дәуірлер,

  3. жағрафиялық аумақтарға

қатысты фильмдерді түсіру күрделі-ақ. Онда образды анықтай алмасаң, ондаған идеялардың бірінен соң бірін таңдап, қателікке ұрынасың. Нәтижесінде белгілі бір қисынға келетіндей ақ әсер беретін, бірақ ешбір тартымдылығы жоқ қызықсыз бейнеқатарларды көреміз. Сайып келгенде әр фильм үшін оның кілтін тапқанша ізденуге тура келеді.

Қазақстан табиғатын салт-дәстүрлермен байланыстырып ұсынған “Лик души” атты бір тамаша фильмде жалғыз бейнеқатардың ұлттық салт-дәстүрді теріске шығаратын тұсы бар. Танымал режиссер табиғат сұлулығын әспеттеген осы фильмінде ешкім әлі суреттей алмаған әдемі әдісті тапқан. Бір кілтипан, фильмді шыншылдықтан адастырған. Ол – жаздыгүні бүркітшінің түлкі аулауы. Міне, осы көрініс, сәтті фильмді бүлдіріп тұр.

Қан сонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға...

Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Ұлы Абайдың осы Ұлы сурет жолдары кімнің болмасын жадында жатталып қалған. Бәлкім фильмді түсірген режиссер мұнымды ешкім байқай қоймас деп ойлар. Бірақ, деректі фильмнің атқарар жүгі тек ақиқат, шындық, нақтылықты қалайды. Соны есте ұстаңыз. Егер осы саланы кәсіп еткен деректі киноның майталман шеберлері өз тәжірибелерінде осындай қателіктер жіберсе, жастардан не күтпексің. Сондықтан да фильмнің өн бойында кейіпкер мен оқиға орнын толық зерттеген жөн. Кей мәселеде біліміңіз осалырақ болса, көпті көргендермен кеңескен абзал. Ешқашанда қарапайым шешімдермен сиқырлы формулалар құрылмайды. Түйіндей айтсақ, табиғат байлығы туралы деректі фильм түсіру – бейнеті бітпейтін шаруа. Көп уақыт пен қажымас қайратты қажет етеді. Мұндағы қатаң талап кез-келген роман мен повестегі көріністердей суреттелген тарихи орын мен көрікті жерлердің нақтылығы.

Асылында, бұл тақырыпта фильм түсіргіңіз келсе, көрерменнің жан дүниесіне, сезіміне әсер ете алу жолдарын жадыңыздан шығармаған абзал. Әрбір эпизод өзінің тікелей міндетімен қоса, фильмге тереңдік бере түсетін эмоциялық, көңіл-күйлік әсершілдігімен де құнды. Нәтижесінде көрермен фильмнің осындай сәттерін есте сақтап қалады. Фильмдегі әрбір кадрдың режиссер үшін алтыннан да қымбат көрінетіні сондықтан.


Фильм түсіруге дайындық
Әдетте, жақсы фильм үлкен еңбек, көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде туады. Дайын фильмді көргенде барлық бейнеқатар, диктор мәтіні, музыка, өзінен-өзі тізіле қалғандай көрінеді. Алайда, деректі фильмді жасау үшін жиналған материалдардың оннан бірі фильмге пайдаланылса, қанағаттанушылық сезіміне бөленесіз. Осы халді американ режиссері Джим Беверидж: - «Зерттеу ісінің сегізден жеті бөлігі су астында және сол қабаттарды айдын бетінде ешқашан көрінбейтін Мұзтауға теңеуге болады», - деп айқындайды. Бұл “жақсы журналисттің жазған мақаласының сөз тіркестері қатпарында қалың ой жатады” деген ұғымға жақын дүние. Деректі фильмнің құндылығы да осында.

Көп жағдайда автор фильмді қалай бастап, немен аяқтарын алдын-ала пішіп те қояды. Бірақ материалдар тасқыны тоқтаусыз жиналған сайын алғашқы ой саязданып, тақырыпты терең зерттеуге ұмтыласың. Мұндайда басты мақсатты нақты анықтасаң - іс оңға баспақ. Қиындықтар, негізінен, жалпы тақырыптарға түсірілетін фильмдерді жасау кезінде туындайды.

Өндіріс немесе ауыл тақырыбын мысалға алайық. Елімізде бұл саладағы жағдай, барлық жерде біркелкі болмағандықтан, бірден ұстанар бағдар-бағытты анықтап алған дұрыс. Әйтпесе, тақырыптың аясы, шегі аңдалмайды. Тақырып шекарасы анықталса ғана, нақтылық пайда болады. Фильмде көрсетіп, айтпақ ойыңыздың шеңберін шектеу арқылы үш-төрт бағытты таңдап аласыз. Осының нәтижесінде жалпы тақырып нақтылана түспек. Мысалға:


  • ауыл және ауыз су мәселесі;

  • ауыл және несие (шағын, орта бизнес);

  • ауылдағы әлеуметтік жағдай;

  • ауылдағы жол мәселесі;

  • өндірістегі бәсекелестік;

  • өндіріс және әлемдік рынок;

  • өндіріс және қазіргі экономикалық саясат.

Жалпы фильм тақырыбын жан-жақты зерттеп “біттім” деген түйінге келгенде, бәрін жылы жауып қойып, демалғаныңыз жөн. Уақыт өте келе бірқатар ақпараттар ұмытылады. Әу баста “миыңызда дайын тұрған фильмнің тұрпаты” тұтастай өзгеруі әбден мүмкін. Күтпеген материалдар, тосын кейіпкерлердің қызықты оқиғалары әдемі сюжет болуға сұранып тұратын жағдайлар да кезігеді. Міне, осы сәтте бір деммен фильмді жасауға кірісу керек. Көрермен де фильмді бір деммен қарап шығарына шын ниетпен сеніңіз. Тек, деректі фильмнің басты принципі – адам мен қоғам арасындағы өзгерісті көрсетуде. Бояу жалған, жалпылама болмасын. Өмір қаз-қалпындағыдай таспаға төгіліп, түсіп жатса фильмнің көркемдік құны арта түседі.
Фильмді бастау немесе алғашқы бейнеқатар
Шет елдерде телевизия арналарында дәріс алған тележурналистер ондағы қалыптасқан дәстүрлі мектептің бізден өзгешелігіне бірден назар аударады. Ондағы киношындық немесе ақпаратттық фильм жасау тәсілі:

- бейнеқатарларды монтаждап алғаннан кейін ғана дикторлық мәтін жазылады. Яғни, оқиғалар камераға түсіріле береді. Содан кейін бейнекөріністер қисынына сай монтаждалады. Кейіпкерлер монологы бірін-бірі толықтырып, оқиға бірте-бірте сабақтала түседі. Арасында сұрақтар туындап, жауаптар кезегімен беріле бастайды. Дикторлық мәтін монологтардың арасын жалғастыратын дәнекер. Егер оқиғаны баяндайтын адам, ел танитын Тұлға болса, ол бүкіл фильмнің жүгін өзі алып шығады. Бастысы - фильмге әзірлік барысында тақырыпты жан-жақты зерттеген кезде айтылатын жәйттерді жіктеп, сұхбаттасушының есіне салған жөн. Сонда өткен мен бүгінгі шақты Тұлға өзі сабақтастырмақ.

Жалпы автор фильмнің бейнеқатарын қайта-қайта қараған сайын әу дегеннен көрерменнің көңілін мықтап аударатын эпизод іздейді. Оның кілтін дөп бассаң фильм тақырыбын бірден игеріп, ондағы оқиғалардың дамуы үрдісін қалай қарай бағыттауды басқара аласың. Бұл деректі фильмдердің барлығы дерлік телевизиядан көрсетілу үшін түсірілетіндіктен авторға да, көрермен көңілін өзіне аударып, бәсекелестікте басқа бағдарламалардан үстем болуы үшін де қажет.

Егер тарихи тұлға, не қызықты адам немесе депутаттыққа кандидат, үміткерлер жөнінде деректі фильм түсірмек болсаңыз, кейіпкеріңізді көрерменмен әуел бастан-ақ таныстырып, алдағы оқиғалардың шиеленістерінен хабардар етіп қойғаныңыз жөн. Сөйтіп, көрерменді оқиғаның әрбір өріс алар сәтінен, сюжет ауысымынан тосын жағдайларды күтуіне мәжбүр етесіз.

Жарнамалық фильмді бастаудың тағы бір дәстүрлі тәсілі оған қатысушылардың, Бас кейіпкер образына   қарсыластарының қасақана қарсы айтылған уәжі, тұжырымы. Бұл комментарий ашулы, тіпті қаһарлы да естілуі мүмкін. Мұндай жағдайда Бас кейіпкерге ынтазарлық күшейіп, фильмге қатысушылар ол туралы өз пікірлерін жасырмай ашып тастайды. Көрермен болса Сіздің қиыннан қиыстырған тәсіліңізге көңілі құлап, сізбен бірге фильмнің Бас кейіпкерінің мейлі алдағы сайлауға арналған бағдарламасы төңірегінде, оның отбасы тірлігіне, қолы жеткен баянды бақытына, әлеуметке еңбек етпек құлшынысына қосылып, бірге тебіренеді. Мұндай фильмде ұстанар стиль – қысқа да нұсқа, кейіпкерлер сөзі анық, ақиқатын тікелей айтатын ерекшелігімен екшеленеді.

Сонымен фильмнің сәтті басталуы көрерменнің оған бірден ден қоюына жол ашып, оқиғаның одан әрі өрістеуін күткізеді. Осы ықыласты кем дегенде 20-30 минут ұстап тұру қажет. Фильмнің нақты жүйелілігі бұл мақсаттың орындалуына былайша жол ашады.



  • ырғақ,

  • екпін,

  • шарықтау шегі.

Бұл элементтерге тек кино бейнедокументалистер ғана емес, жазушы-ақындар, драматург-сценарийстер де айрықша зейін салады. Әдетте фильмнің 5-6 минутында-ақ, әрмен қарай көрмесең де болады, бәрі де түсінікті деп көрерменнің теледидарды басқа арнаға ауыстырып жіберетініне куә болып жатсаңыз, әлгі үш принциптің сақталмағаны.

Шұбалаңқылық пен самарқау баяндауға байланысты реніштер, әдетте, деректі фильмдерге қатысты айтылатын сын-пікірлерде жиірек естіліп қалатыны бар. Әсіресе, Бас кейіпкер туралы жан-жақты, оқиғалардың бірін қалтырмай тізбелеп баяндауға талпыныс - осындай жайларға соқтырары сөзсіз. Өкініштісі мұндай жәйттер ең жақсы деген деректі фильмдерде де жиі кездесіп қалады.

Сонымен, ырғақ пен екпін дегеніміз не?

Бұл алдымен – логикалық және эмоциялық тәсіл, оқиғалар мен көріністердің жеткілікті деңгейі, көрермендер зейінін тұрақты ұстап тұру, фильмнің нанымды басталып, кәдімгі өмірдегідей ақталуы.

Бір өкініштісі, жалпылама жағдайға салып, фильм үшін белгілі бір шешімді ұсынудан гөрі, ондағы проблемаларды, кемшіліктерді тауып, санап беру әлде-қайда оңайырақ. Фильмдерде жиі кездесетін қателіктер:


  1. Көріністердің (эпизодтардың) шамадан тыс созылып кетуі;

  2. Жекелеген көріністердің арасында байланыстың болмауы;

  3. Көрермен көріністердің алуан түрлілігін қалап отырғанда, эпизодтардың егіз қозыдай ұқсастығының көбірек етек алуы;

  4. Қимыл-әрекеттерге қатысты көріністердің көптігі. Оның есесіне бейнелі тұстардың аздығы;

  5. Көріністердің (эпизодтардың) қисынды (логикалық) және көңіл-күйлік (эмоциялық) әсерінің жетіспеуі;

Бұл әйгілі режиссер Алан Розентальдың тұжырымдамасы.

Әрине, “біткен іске сыншы көп” дегендей тамаша шығармашылық туындының шаңын шығарып, түкке алғысыз ететіндер де бар. Дегенмен осы жер қисынсыздау, сыншылар соқса аямай сілікпемді шығарады дейтіндей күмәнді жәйттерді фильмнің түпнұсқасына салмаған жөн-ақ.


Фильмнің бюджеті
Болашақ фильмнің сметасын жасау экономист маманның міндеті. Сметаны (қаржыны) сценарийге қарап белгілеу керек пе, болмаса, сметаның мүмкіндігіне қарап сценарий жазу дұрыс па? Жұмыс ахуалы әр кезде әртүрлі болатындықтан бұл сауалға да нақты “былай істеу керек” деген жауап жоқ. Ең бастысы – фильмнің бюджеті нақты әрі толық болуы қажет. Бұл – тапжылтпас қағида. Егер Сіз бюджетті құрастыру кезінде қателіктер жіберіп, жұмсалуы тиіс қаржыны кем етіп көрсетсеңіз, фильміңізді банкротқа ұшыраттым дей беріңіз. Асылы, фильмнің бюджетінде оның өндірісіне керекті қаржыны артығымен, молынан көрсеткен жөн. Жақсы бюджет - көңіліңіздің алаң болмауының, сеніммен жұмыс істеуіңіздің кепілі. Фильмнің жақсы жасалуына бұл шарттар керек-ақ.

Сонымен қатар, демеушімен келіссөз кезінде фильмді шығармашылық топ жасайды деген сауалды бірінші кезекке шығарған да жөн. Егер есімі елге белгілі режиссерді фильм қоюға шақырсаңыз, оның бюджеті бірнеше есеге артып кетері анық. Танымал режиссер ортақол туынды түсіруді өзіне ар санайды. Демек, ол өзгелерден көбірек қаламақы талап ететін тәжірибелі шығармашылық топпен ғана жұмыс істеймін деген талапты бірінші кезекке қояды. Мұндайда Продюсер жақсы фильм түсіруді тапсырушымен, не демеушімен келіссе құба-құп. Онда ешбір қорықпастан мықты команданы әріптестікке шақырыңыз. Егер бюджетіңіз шамалы болса, амал қайсы, қаражаттан қысылып отырған, әзірге қолы бос режиссермен жұмыс істеуге тура келеді.

Дегенмен, түңілуге ешбір себеп жоқ. Тәжірибеде кездесіп жүргендей, режиссерлік мамандыққа алғаш қадам басқандар өзінен тәжірибесі мол, жоғары сатыда тұрғандармен тайталасып, жасаған дүниесінен ешбір күмән тумайтындай, тәуір жетістікке де қол жеткізіп жатады.

Енді фильмнің бюджеті неден құралып қалыптасатынына назар аударып көрейік.

А. Зерттеу.

Іссапар мен қонақ үйлерге, кездесулерге жұмсалатын қаржы;

Сценарий жазу шығыны. Мұрағат материалдарын қарау. Өндірістік қажеттілікке жұмсалатын ақша.

Ә. Түсіру кезеңі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет