Май қЫШҚылдарының ТҮзілу әдістемесі/Әдістемелік қҰрал 2024


Май гидролизі өнімдерін сіңіру



бет10/14
Дата06.06.2024
өлшемі173 Kb.
#502384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ажмұратов А ХИМИЯ

Май гидролизі өнімдерін сіңіру
Таңбалап триглицеридтерді зерттеу мынаны көрсетеді: азық құрамындағы триглицеридтердің шамамен 40% глицеринге және май қышқылына гидролизденеді, 3 = 10% шамасындайы триглицеридтер түрінде сіңеді, басқа бөлігі негізінен 2- ші моноглицеридтерге дейін гидролизденеді.
Молекуласында 10 атомға дейін көміртегі бар май қышқылдары және глицерин ішекте портальдық қан айналу жүйесі арқылы сорылады және одан әрі қарай бауырға барады. Көміртегі атомдарының тізбегі ұзын май қышқылдары моноглицеридтер, триглицеридтер өт қышқылдарының көмегі арқылы диаметрі 4-5нм мицеллаларға айналып бірігеді. Эмульсияның бір түрінде 106 шамасына дейін мицелла болады. Бұл мицеллалар, сірә клеткаға диффузия долымен енетін болуы керек. Сілемейлі қабаттың клетка ішіне енген мицеллелар ажырап липидтерге, өт қышқылдарына бөлініп жіктеледі. Ол заттар ішек вена тамырлары арқылы портальдық қан ағысына қосылады. Одан бауыр өт қышқылдарын бөліп алады және өтпен бірге қайтадан 12 елі ішекке енеді.
Ішектің клегей қабатының клеткалары ішіндегі май қышқылдары тиісіті ферменттердің, АТФ, Мg2+ және А коферментті қатысында қышқылдардың активті түрі А ацилкоферментер түзеді. Моноглицеридтер фосфатиттік қышқылдарға одан кейін триглицеридтерге айналды. Триглицеридтер май тамышылары түрінде эндопалазмалық ретикулумде пайда болады. Фосфолипидтер, белоктар, холестерол- үшеуі бірімен бірі әрекеттеседі де, β- липопротеидтер түзеді. Β - Липопротеитдтер майға әсер етіп, оны қалыптастырады. Осылайшы пйда болған түйіршіктер хиломикрондар деп аталады, олардың орташа диаметрі 1мкм. Холимикрондар қанға қосылады, негізінен төс ойық венаға және лимфалық тамырларға барады. Сүтқоректі жануарлар ішегінің клегей қабатының клеткалары бөліп шығаратын липидтер қанмен, лимфалық жүйе арқылы басқа тканьдерге тек қана хиломикрондар түрінде тасымалданады. Ал төмен молекулалы май қышқылдары альбуминмен байланысқан түрінде жеткізіледі.
Фосфолипидтердің және холестерол эфирлерінің қорытылуы.
Ұйқы безі солінің құрамында А1 фосфолипаза және А2 фосфолипаза ферменттері болады. Ол екеуі тиісінше 1 және 2 жағдайындағы май қышқылдарын ыдыратады. Осы ферменттер А1 профосфолипаза және А2 профосфолипаза сияқты алғы заттар түрінде синтезделеді. Одан кейін ішекте оларда трипсин ферменті активтендіреді де, активті А1 фосфолипаза және А2 фосфолипаза ферменттері түзіледі. Бұл ферменттердің әсері етуі үшін өт қышқылдарының тұздары және Са2+ иондары қажет. Осы екі фосфолипазаның әсері нәтижесінде фосфолипидтер лизофосфатидилхолинге айналады. Лизофосфатидилхолиннің беттік активтілігі өте жоғары болады да, қоректік липидтердің эмульсиялануына әсер етеді.

СН2 - ОН С17Н35С-


НСl + Nа HCO3 → NаCl + H2 CO3 < CO2
Майларға липмза әсер ету үшін, олар алдымен өте ұсақ бөлшектерге яғни эмульсияға айналуға қажет. Ол үшін, бірінші фактор жоғарыда көрсетілген реакциялардың нәтижесінде бөлінген СО2. Эмульция түзуге қатысатын ең күшті фактор өт қышқылдарының тұздары, әсіресе натрий тұздары. Өт қышқылдарының өттің құрамында болады. Олар майлардың ұсақ бөлшектеріне адсорбциялаланып, олардың бір-бірінің ірі бөлшектері түзуіне кедергі жасайды. Өт қышқылдарының май мен судың арасындағы тартылыс күшін азайтып ірі бөлшектердің майда бөлшектерге айналуына мүмкіндік береді. Липаның майлармен бөлшектерге жанасу беткейі өседі.
Фосфолипидке фосфолиапза А2 әсерінен түзілетін заттар лизофосфатидтер деп аталады, олар өте улы, яғни гемолиттік қабілеті бар, сондықтан эритролипазаның ұшырауы мүмкін. Мұндай жағдайда лизофолипазаның көмегі өте зор. Жыланның, қара құрттың уынан, кейбір өсімдіктерде фосфолипазаның гидролизінің нәтижесінде түзілетін лизолециндер мен лизокефалиндердің әсерінен эритроциттер гемолизге ұшырайды.
Фосфолипаза С және Д фосфолипидтердің гидролизін анықтайды. Сонымен фосфолипидтердің гидролизінің түзілетін заттары глицерин, май қышқылдары, фосфор қышқылы, аминоспирттер / холин этаноамин, инозит, серин- болып табылады. Майлар гидролизінің түзілген заттар ішектің қабырғаларында болады,олар сіңіріле бастайды. Глицерин суда жақсы ериді және ішектің кілегейлі қабатында оңай сіңеді.
Жоғары май қышқылдары: С15Н31 СООН- пальмитин; С17Н35СООН – стеарин; С17Н33СООН олеин тек өт қышқылы болғанда ғана жақсы сіңіріледі; өт қышқылы ма йқышқылдары мен холин деп аталатын суда еритін ішек түтіктерінен оңай сіңірілетін комплекстер түзеді. СН3 СООН холеин қышқылы.
Өт қышқылын организм өте ұтымды жұмсайды. Тәулігіне 50 г май ыдырағанда 150 г өт қышқылы жұмасалады, ал оның 15 г ғана синтезделеді. Май қышқылдарынан және өт қышқылдарынан тұратын комплекс ішек түтіктерінің эпителей клеткаларында қайтадан бастапқы қалпына келеді, яғни өт қышқылына және май қышқылдарына ыдырайды. Өт қышқылы вена тамырлары арқылы бауырға, одан өтке өтіп, жұмсалған өт қышқылының орнын толықтырып отырады. Ішектің қабырғаларында глицйерин және май қышқылдары ғана өзгерістерег ғана ұшырайды. Эпителий клеткаларында триглицеридтердің жеке- жеке компоненттерінен ресинтезі жүреді. Глицерин АТФ- тың қатысуымен фосфорилденеді, бұл фосфорилденуді глицерокиназа ферменті катализ деп аталады.

СН2 ОН +АТФ СН2ОН О= СН- СНОН- СН2ОФЗФГА


СНОН → СНОН НОСН2 – С- СН2ОФЗФДОЛ
СН2 ОН СН2О ФЛ О

Көрсетілген реакция нәтижесінде түзілген глицеролфосфаттың біразы триглицеридтердің қайтадан синтездеуіне /ресинтезіне/ жұмсалады, ал қалған мөлшері тотығып фосфодиоксиацетон, фосфоглицерин альдегидтінің алмасуына айтып өткендей фосфоглицерин қышқылының түзілуіне және оның әрі қарай тотығуына жұмсалады. Ішек эпителий клекаларындағы триглицеридтердің ресинтезі бірден моноациглицеридтерден фосфатид қышқылының түзілуінсіз жүруі мүмкін. Бұл реакция трансацилаза ферменттінің қатысуымен жүреді.


+Ацил+Кол
Моноцилглицерин → Диацилглицерин
↓+ Ацил – КоА НSКол
Экзогендік холиннің фосфорлипидтердің түзілу реакциясына қатысуы оның АТФ пен және ЦТФ активтелуінен кейін ғана мүмкін. Ішек қабырғаларында ресинтезделген триглицеридтер, фосфорлипидтер белокпен комплекс түзеді, түзілген комплекстің 70% жуығы лимфа жүйелеріне, 30% жуығы қақпаты венаға келіп түседі. Майлардың өте аз ғана мөлшері моно- және диглицерид күйінде ішек қабырғасы арқылы қанға сіңірілуі мүмкін деген деректер бар. Ондай болған жағдайда олар эмульция болуы керек және бөлшектерінің диаметрі 0,15 пен 0,3 микроннан үлкен болмауы қажет. Сонда ғана олар лимфа ағынымен қан капиллярына өте алады. Кеудедегі лимфа ағынымен сіңірілген триглицеридтер, фосфаридтер, басқа да липоидтер венаға өтіп, хиломикрон деген атпен белгілі ұсақ бөлшек түрінде қан айналысына түседі. Хиломикронның құрамы- 0,2-1,0% дейін белоктан және 99% липидтерден /оның ішінде 88% трицилглицерид, 8% фосфолипид, 4%- холестерин/ тұрады. Холимикрондардың организмде бірінші өтетін органы өкпе. Егерде хиломикрондардың мөлшері қалпты жағдайдан артық болса, біршама бөлімі өкпеде ұсталып қалады. Сондықтан өкпе артерия қанына түсетін майды реттеуші буфер болып табылады.
Өкпеде липаза ферменті болғандықтан майлар гидролизге ұшырауы мүмкін, сонымен қатар май қышқылының және кетондық денелердің тотығуына да мүмкіндік береді. Майлар өепенің мезенхималық элементтерінде ұсталып қала алады. Сондықтан, егер мезенхималық элементтер нашар дамыған болса, өкпенің тыныс алуы күшейіп, қан ағысы жылдамдаған / мысалы, әншілерде/ артерия қанына майдың артық мөлшері түсіп, май тканьдерінде артық қор ретінде жиналуы мүмкін. Қақпақты венаға түскен нейральды майлар бауырға және шеткейде орналасқан тканьдерге май қорлары бар жерлерге жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет