Май қЫШҚылдарының ТҮзілу әдістемесі/Әдістемелік қҰрал 2024



бет11/14
Дата06.06.2024
өлшемі173 Kb.
#502384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ажмұратов А ХИМИЯ

Қан құрамындағы майлар
Аш қарында адам қанындағы майдың жалпы мөлшері 600-800мг% - 1% - тен артық болмауы керек. Егерде 1процент артық болса, онда қалыпты жағдайдан артық болады.
Жалпы майдың құрамында: фосфолипидтер – 150-200 мг% бос холестерин және оның эфирлері -150-250 %; бос май қышқылдары – 40 мг%. Тамақтанғаннан соң 3 - сағаттан кейін алиментарлы /тағамдық/ гиперлипемия пайда болады, мұның ұзақтығы 5-6 сағат мөлшерінде 0,3-0,15 микронға тең. Бұл тамырлар триглицеридтердің белокпен, фосфоатидтермен, холестериннің эфирімен тұрақтанған эмульсия жылдамдататын және тромбопластикалық активтілікті арттыратын қабілеті бар. Егерде қанның сары суында хиломикртондар көп болса, онда оның түсі сүттің түсі сияқты болады. Бірақ тамақтанғаннан кейін, 8-9 сағаттан соң қанның сары суы біртіндеп мөлдірленеді. Гиперлипемияның ұзақтығы тамақтың құрамында организмге түскен майдың табиғатына тәуелді болады. Өсімдік май, жануар майына қарағанда тезірек сіңіріледі. Қанның сары суының мөлдірлігін липопротеиндік липаза ферменттінің жұмысына тәуелді. Липопротеиндік липаза ферментті жүрек эндотелиінде, май тканьдерінде, өкпеде тағы басқа органдарда табылған.
Соңғы кезде ғалымдар «мөлдірлену эффектісі» деген ұғымға көп көңіл бөлуде. «Мөлдірліну эффектісін» гепариннің липопортеиндлипаза ферментін активтендіру әсерімен түсіндіріледі. Егер де қанға гепаринді жіберсе, қан сары суы, 8-9 сағат ішінде емес, бірнеше минут ішінде мөлдірленеді де, майдың қандағы жалпы мөлшері осы күйінде қалады, ал дисперсиялануы күшейіп, тканьдерге сіңіруі жеңілдейді. Эндотелий деңгейінде май қышқылдары альбуминен ыдырайды және бұлшықеттеріндегі май қышқылдарының тотығуымен қамтамасыз етіледі.


Қанның липопротеидтері
Қанның құрамында хиломикрондардан басқа α – және β- липопротеидтер болады. Липопротеидтердің синтезі бауырда, яғни бауырдағы триглицеридтердің, фосфатидтердің, холестериннің және беолктың қатысуымен жүреді. Қазіргі кезде бауырда тек қана β- липопротеидтер синтезделеді деген ұғым бар, сонан соң барып қанда β- липопротеидтердің синтезі жүреді. Екінші жағынан α- липопротеидтердің синтезі α- глобулендерден, β- липопротеидтердің синтезі β- глобулиндермен байланысты деген өз көзқарастар бар. Α- липопротеидтердің молекулалық салмағы 200000-300000 дейін, яғни бұл липопротеидтердің жеңіл фракциясы. α липопротеидтердің 50% жуығы белоктардан тұрады. Холинтерин мен оның эфирлері аз кездеседі. β липопротеидтер құрамында белоктар мен фосфатидтердің гидрофилді молекуласы болғандықтан оңай еритін фракция жатады. Олардың молекулалық салмағы 3200000,25% белоктан, 75% майдан, оның ішінде бөлігін холестерин және оның эфирлері алады. β – липопротеидтерде 700 моль холестерин 1800 моль холестериннің эфирі, 900 моль фл, 400 моль ТГ болады. Дегенмен белоктың молекулалары шеткейде орналасқандықтан β – липопротеидтер тканьдерде энергия көзі мен ппластикалық материал үшін қолданылады. Кейбір науқастарда, мысалы, атеросклероэ, ревматизм ауруларында қандағы β- липопротеидтердің мөлшері шамадағыдан артық болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет