Орындаған студент: ________________________________________________ топ: ____________ мамандығы______________________________________
Жетекші:
оқытушы ________Габдуллина Л.Б.
Күні: __________________
Бағасы: __________________
Семей қаласы 2009 ж.
4.2. Курстық жұмыстардың тақырыптары:
-
Макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың Қазақстан Республикасы бойынша динамикасы
-
Еңбек нарығы және оның ҚР-ғы ерекшеліктері.
-
AD-AS модель және ҚР-ғы тұрақтандыру саясаты
-
Инвестиция және ҚР-ғы инвестициялық саясат.
-
Тұтыну және қор жинау, олардың ҚР-ғы көрінісінің ерекшеліктері.
-
ҚР-ғы еңбекақы жүйесі,нақты табыстар мен орташа жалақының динамикасы.
-
Жұмыссыздық: макроэкономикалық теориясы және ҚР-ғы мәселелері мен жою жолдары.
-
Инфляция: макроэкономикалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат.
-
ҚР-ғы инфляция мәселелері және оны реттеу.
-
ҚР-ғы монетарлық саясат.
-
Ақшаның қазіргі заманғы және сандық теориясы.
-
ҚР-ғы фискальді саясат.
-
ҚР-ның ақша агрегаттары мен ақша базасын талдау.
-
ҚР-ғы ақша нарығы.
-
IS модельі, фискальді саясаттың ықпалы, мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
-
Салық жүйесі мен салық мультипликаторы.
-
LM модельі; монетарлық саясаттың ықпалы, ақша мультипликаторы.
-
Игіліктер нарығы: макроэкономикалық теориясы, ҚР-ғы ұтыну нарығының ерекшеліктері.
-
IS –LM модельін талдау, оған экономикалық саясаттың әсері.
-
Қор нарығы, оның ҚР-ғы даму ерекшеліктері.
-
Экономикалық өсудің факторлық модельі және қазіргі заманғы теориялары.
-
Экономикалық өсуге технологиялық прогресстің ықпалы.
-
Дамыған елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
-
Қр-ғы экономикалық өсу.
-
Дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшеліктері.
-
Төлем балансы және ҚР-ның өлем балансының сипаттамасы.
-
Ашық экономика үшін AD-AS модель. Сауда балансы.
-
Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасу мен даму кезеңдері
-
Валюта курсының қазіргі заманғы режимдері.
-
Ұлттық қорлану (қор жинау)- инвестицияның қайнар көзі.
-
Ұлттық валютаның айырбас бағамының1998-2008 жж динамкасын талдау.
-
Ұлттық резервтер, олардың тұрақтандырушы рольі.
-
ҚР-ның БСҰ ену мәселелері мен тиімділігі.
-
ҚР-ғы мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы.
-
Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері.
-
Ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі және жаһандану мәселесі.
-
Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лареаттарының макроэкономикалық зерттеулері
-
АҚШ пен ЕО: макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.
-
Макроэкономикалық тұрақсыздық.
-
ҚР-ның Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын талдау.
-
Кедейшілік және онымен күресу жолдары
-
ҚР-ның валюта нарығы.
-
Қазіргі кезеңдегі ҚР-ның экономикалық дамуының ерекшеліктері.
44. Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы .
45. ҚР-ғы сыртқы сауда саясатының ерекшелігі
4.3. Макроэкономика пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Тақырып – бақылау жұмыстының жай ғана атауы емес. Тақырып – нақты ғылыми міндетті шешуден туған құбылыс. Сондықтан алдымен, шешпек болып отырған мәселені анықтап алу керек. Мәселе – дегеніміз белгілі бір ғылым саласындағы неғайбыл жағдай, яғни мәселенің ықтимал және нақты күйі арасындағы айырмашылық. Курстық жұмыс үшін мәселе осы неғайбылдықты барынша айқын дәлелдейтін объективтік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен сипатталған болуы керек. Зерттеудің объектісі мен пәнін анықтаңыз. Объект – қандай бір мәселенің әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Пән – дегеніміз объектінің тиісті саласы.
Бақылау жұмысы студенттің кафедраның белгілі бір пәні бойынша өзі таңдап алған тақырыпты тереңдетіп оқу мүмкіндігін тексеруге бағытталған. Ол қажетті кесте, сызба, диаграммалар, әдебиеттер тізімін қосқанда он екі беттік дәптер көлемінде орындауы қажет. Тақырыбы кафедра бекіткен бақылау жұмыстарының тақырыптарына сәйкес келуі керек. Жұмыс жоспары қажет. Жұмыс мазмұны мен қолданылған әдебиеттер тізімі жасалған жоспарға сәйкес болуы қажет.
Студент бақылау жұмысын орындау сұрақтары бойынша берілген пәнді жүргізетін оқытушыдан кеңес алуға құқығы бар, бірақ жоспарын, мазмұнын және барлық сұрақтарға жауап беруді талап ете алмайды. Барлық тақырыптар берілген пәннің типтік және жұмыс бағдарламасының құрылымын көрсетеді.
Әдебиеттер ретінде оқулықтар, экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар ғана емес, сондай-ақ мезгілді әдебиеттерден журнал мақалалары да пайдаланылады. Мысалы: «Қаржы-қаражат», «Саясат», «Аль Пари», «Транзитная экономика», «Ақиқат» және т.б.
Әдебиет таңдағанда студентке «Макроэкономика» «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Әлемдік экономика» пәндерінің жұмыс бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі көмектеседі. Сондай ақ, кафедрада оқу процессін кітаппен қамтамасыз ету журналы бар.
Әдебиетпен жұмыс істеп отырып мыналарға назар аударыңыз:
-
сіздің зерттеу салаңыздың жалпы сипаттамасына, маңыздылығына және міндеттердің көкейкестілігіне;
-
бұл саладағы негізгі зерттеу бағыттарының жіктелуіне, тәжірибеде қолданылатын нәтижелерге, мәселені шешудегі түрлі көзқарастарға;
-
зерттеудің әр бөлімі бойынша қажетті ғылыми нәтижелерге;
Бақылау жұмысын бағалағанда студенттің өз бетінше экономикалық талдау мен қортындылар жасауға экономикалық концепцияларды нақты мысалдармен негіздеуге, сонымен қатар жұмыс мәтінің, сызба, кесте және т.б.ұқыпты орындауға тырысуы есепке алынады.
Басты назарды тақырыптың теориялық негіздеріне аудару керек; бұл уақытта теориялық ережелерді мүмкіндігінше кесте, сызба, графикпен белінелеу қажет. Мысалы, графиктер мынадай теориялық бағыттарға қажет: экономиканы мемлекеттік реттеуге көзқарастардың дамуы , еңбек нарығы (еңбекке сұраным мен оның ұсынымының қисығы), ақша нарығы, салық және салық саясаты (Лаффер қисығы), мемлекеттік әлеуметтік реттеу (Лоренц қисығы), жалақы мен жұмыссыздық (Филлипс қисығы)
Макроэкономика пәнінің тақырыптарының бақылау жұмысының мазмұнын нақты практикалық мысалдармен бекіту керек және көбінесе Қазақстан Республикасы бойынша материалдарды белсенді қолдану ұсынылады. Мысалы: республиканың бюджеттік, салықтық, әлеуметтік, инфляцияға қарсы және сыртқы экономикалық саясатындағы қазіргі заманғы жетістіктері мен кемшіліктері. Жұмысты орындау кезінде негізгі теориялық тапсырмалар мен аналитикалық қорытындыны ауылшаруашылық тәжірибесі және экономикалық саясатқа негіздеу керек. Экономиканың ұлттық моделімен салыстыру, халықаралық тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу, салыстыра талдау бақылау жұмысының маңыздылығын арттырудың тиімді әдісі болып табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың әртүрлі салаларын мемлекеттік реттеуге дамыған және дамушы елдер бойынша салыстырмалы талдау жасаған дұрыс.
Бақылау жұмысын тақырыптың маңыздылығын және іс жүзіндегі мәнін бейнелетін кішігірім кіріспеден бастаған жөн. Қортынды бөлімінде негізгі қортындыларды шығарып және (автор тілегі бойынша) қойылған проблемалардың шешімін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға болады.
Егер студент белгілі бір даулы мәселе немесе сұрақ бойынша өз көзқарасын білдіргісі келсе, мүмкіндігінше статистикалық және шынайы мәліметтер келтіріп дәлелдеу қажет. Студент «Макроэкономика» пәні бойынша берілген 1 кестеге сәйкес фамилиясының басапқы әрпі мен сынақ кіапшасының соңғы саны бойынша 10 варианттан 1вариантты таңдап алады. Таңдалынған вариантқа сәйкес 1 теориялық сұраққа жауап береді,1 есеп шығарады және тест сұрағын шешеді.Кестелер араб цифрымен белгіленеді, «Кесте» сөзі кестенің атауынан жоғары тұрады.
5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1. Студенттің білімін бақылау үшін тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. Макроэкономика пәнi анықтамасының қайсысы дұрыс болып табылады:
A. бұл тұтынушылық талдау теориясы және фирма теориясын бiрiктiрушi ғылым.
B. бұл экономиканы бiр тұтас ретiнде қарастыратын ғылым
C. бұл экономикалық өсу мен төлем балансының тепе-теңдiгiн, инфляция деңгейiн мейлiнше төмендету, ресурстардың қамтылу жағдайын қамтамасыз ету сұрақтарын қарастыратын ғылым
D. В және С жауаптары дұрыс
E. барлық жауаптар дұрыс емес.
2. Макроэкономикада агрегатталған шамалар көрсетедi:
A. жеке фирманың өнiм шығаруы
B. инфляция көлемi
C. жұмыссыздық көлемi
D. алма нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
E. В және С жауаптары дұрыс.
3. Макроэкономикада позитивтi бағыт бiлдiредi:
A. салық заңнамасы базасында экономикалық саясатты
B. әрекеттегi салық заңнамасына сынды
C. «Экономика қалай болу керек» деген сұраққа жауап берудi
D. экономиканың нормативтiк актiлерiн сақтауды
E. үкiметтiң таңдап алған бағытына сәйкес экономикалық саясатты.
4. Тұрғындардың жан басына ЖІӨ есептелiнедi:
A. номиналды ЖIӨ / тұрғындар саны
B. нақты ЖIӨ / тұрғындар саны
C. нақты ЖIӨ / еңбекке қабiлеттi тұрғындар саны
D. номиналды ЖIӨ / нақты ЖIӨ
E. нақты ЖIӨ / экономикалық белсендi тұрғын саны.
5. Таза экспорттың жалпы формуласы:
A. C+G+I+Xn
B. M+Xn
C. X- M
D. G+(X-M)
E. G-(V-X).
6. Қазақстан Республикасында ЖIӨ нақты өсуi байқалды:
A. 2000 ж.
B. 2001 ж.
C. 1992 ж.
D. 1997 ж.
E. 2003 ж.
7. Көрсетiлгендердiң қайсысы ЖIӨ мен ЖҰӨ есептеулерiне кiрмейдi:
A. көлеңке экономикадағы жасырын келiсiмдер
B. жаңа импорттық автокөлiктерiн сату-сатып алу
C. пәтердi жөндеу бойынша ресми емес келiсiмдер
D. таза қаржылық келiсiмдер
E. А, С, D жауаптары дұрыс.
8. Жинақтауға орташа бейiмдiлiк формуласы:
A. APS= Yd / S
B. MPC= 1- S
C. APS= S / Yd
D. MPS= C - Y
E. MPS= 1 – MPC.
9. Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:
A. пайыздың нақты ставкасы
B. пайыздың номиналды ставкасы
C. салық салу деңгейi
D. таза пайданың күтiлетiн нормасы
E. өндiрiс технологиясындағы өзгерiс.
10. Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:
A. экономикалық күтулер
B. жиынтық табыс динамикасы
C. қолдағы негiзгi капитал
D. еңбек ресурстары саны
E. барлық факторлар инвестиция динамикасын анықтайды.
11. Автономды инвестициялар сипаттайды:
A. қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi инвестициялық шығындарды
B. жылдық қолдағы табыс деңгейiне тәуелдi емес инвестициялық шығындарды
C. жиынтық жинақтарға тең инвестициялық шығындарды
D. жылдық табыстың кез келген деңгейiнде инвесторлар жүзеге асыратын жоспарлы инвестициялар
E. А, D жауаптары дұрыс.
12. Егер осы елде қолдағы табыс көлемi көбейсе, онда:
A. тұтыну және жинаәтауға орташа бейiмдiлiк кемидi
B. тұтынуға орташа бейiмдiлiк артады, ал жинақтауға кемидi
C. тұтынуға орташа бейiмдiлiк кемидi, ал жинақтауға артады
D. тұтынуға шектi бейiмдiлiк артады, ал жинақтауға кемидi
E. тұтынуға шектi бейiмдiлiк кемидi, ал жинақтауға артады.
13. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. жеке табыстарға салықтың өсуi тұтынушылық шығынды, с.қ. жинақтарды төмендетедi
B. кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес, тұтыну және жинақтау деңгейлерi алдымен қолдағы табыс көлемi өзгерiсiне тәуелдi
C. тұтынуға шектi бейiмдiлiк әрқашан жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең
D. А, В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
14. Жиынтық сұраныс қисығының терiс көлбеуi түсiндiрiледi:
A. нақты кассалық қалдық, пайыздық ставка, импорттық сатып алу эффектiлерiмен
B. салық , пайыздық ставкалардағы өзгерiстермен
C. ресурстарға баға өзгерiсi , еңбек өнiмдiлiгiмен
D. өспелi қажеттiлiктер және шектеулi ресурстармен
E. тұтынушылардың қарызы және күтулерiмен.
15. Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң классикалық теориясы қарастырады:
-
экономикада көп қолданылмаған ресурстардың бар болуын
-
баға, жалақы, пайыздық ставкалар икемдi болмайтынын
C. экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшiн мемлекеттiң араласуы қажеттiгiн
D. экономикада ресурстар барынша толық пайдаланылады, ұсыныс сұранысты табады
E. осындай тепе-теңдiктi қамтамасыз етудiң басты құралы болып ақша массасын және ақша айналымын мемлекеттiк реттеу табылатынын.
16. Макроэкономикалық тепе-теңдiктiң кейнсиандық теориясы қарастырады:
A. экономикада ресурстар барынша толық пайдаланылады, ұсыныс сұранысты табады
B. баға, жалақы, пайыздық ставкалар икемдi болмайтынын
C. нарықтық экономика өздiгiмен реттеледi және өздiгiмен тепе-теңдiкке жетедi
D. график бойынша жиынтық сұраныс тiк түрде болады
E. экономикаға мемлекеттiң араласпауы, табиғи нарықтық процестер.
17. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына жатады:
A. тұтынушылық шығындардағы өзгерiстер
B. инвестициялық шығындардағы өзгерiстер
C. мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер
D. экспорттың таза көлемiне шығындардағы өзгерiстер
E. барлық жауап дұрыс.
18. Мемлекетпен бiр уақытта бюджеттiк саланың барлық жұмыскерлерi жалақысын жоғарлатуы әкеледi:
A. күтiлетiн инфляцияға
B. сұраныс инфляциясына
C. ұсыныс инфляциясына
D. сұраныс және ұсыныс инфляциясына
E. жалпы баға деңгейi тұрақтылығына.
19. Елдегi барлық тұрғындардың әл-ауқаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым:
A. өндiрiлген ЖIӨ көлемi жоғары
B. инфляция деңгейi жоғары
C. жиынтық сұраныс жоғары
D. жиынтық ұсыныс жоғары
E. дұрыс жауап жоқ.
20. Әдетте инфляциядан зардап шегедi:
A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер
B. тұрақты пайызға қарыз алушылар
C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар
D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi
E. А, С, D жауаптары дұрыс.
ІІ-нұсқа
1. Жалпы iшкi өнiмнiң жалпы ұлттық өнiмнен айырмашылығы мынада, онда ескерiледi…
A. бiр жылдағы өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызмет көрсетулердiң нарықтық құны
B. осы ел резидентiнiң шет елдегi кiрiсi
C. осы елде жұмыс iстейтiн шетел резиденттерiнiң кiрiсi
D. осы елдiң шетелде өндiрiлген түпкiлiктi тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң нарықтық құны
E. осы елдiң iшкi табиғи және өндiрiс ресурстары.
2. Жалпы ұлттық өнiмнiң неғұрлым анықтамасы:
A. шетел мемлекеттерiнiң иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана отырып, берiлген ел iшiнде, осы ел сондай-ақ шетел өндiрушiлерi жасайтын өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi
B. берiлген ел иелiгiнде болатын өндiрiс факторларын пайдалана отырып, сол елде не шетелде жасалынатын өндiрiлген түпкiлiктi өнiмнiң нарықтық құнының ақшалай көрiнiсi
C. бiр жылда өндiрiлген түпкiлiктi тауар және қызмет көрсетулердiң нарықтық құны
D. мемлекеттегi өндiрiс құралдары, материалдық игiлiктер, құндылықтар, табиғи ресурстарының жиынтығы
-
В және D вариантары дұрыс.
3. ЖIӨ есептеледi:
A. материалдар не өнiмдердiң сату бағасымен
B. сұраныс пен ұсыныс көрсеткiштерiмен
C. қосымша құнмен
D. қайта есеп принципiн қолданумен
E. берiлген ел резиденттерiнiң шетелде алған табыстары көрсеткiштерiмен.
4. Баға индексiн есептеу бойынша қай әдiс жетiлген деп саналады:
A. Ласпейрес индексi
B. Доу-Джонс индексi
C. Пааше индексi
D. Фишер индексi
E. Лаффер индексi.
5. Эндогендi (iшкi) экономикалық айнымалылардың динамикасының мысалы болып келесiдегi
өзгерiс табылады:
A. мемлекеттiк шығындар саясатындағы
B. орталық банктiң ақша-несие саясатындағы
C. салық полициясындағы
D. инфляция деңгейiндегi
E. инвестицицияляқ саясаттағы.
6. ЖӨҰ дефляторы есептелiнедi:
A. номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
B. нақты ЖҰӨ / номиналды ЖҰӨ
C. номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ * 100%
D. номиналды ЖҰӨ / баға индексi
E. нақты ЖҰӨ / баға индексi.
7. Инвестиция мультипликаторын келесi формуламен есептейдi:
A. 1 / (1- MPC)
B. 1 / (1- MPS)
C. S= 1- C
D. S= Y- C
E. MPC + MPS.
8. Ақшаға сұраныс анықталады:
A. активтер жағынан ақшаға сұраныспен
B. келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен
C. ақша ұсынысы жағынан
D. M= (P*Q) / V
E. А, В, D жауабы дұрыс.
9. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. келiсiм үшiн ақшаға сұраныс пайыздық ставкаға тәуелдi
B. ақша ұсынысы ақшаға сұраныстан сәл артуы қажет
C. пайыздық ставка неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ақшаға сұраныс көлемi кем
D. ақшаға сұраныс ақшаға ұсыныстан әрқашан артуы керек
E. ақша массасы айналымдағы тек қолма-қол ақша мөлшерiмен сипатталады.
10. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. табыстардың өсуi инвестициялық белсендiлiктi ынталандырады
B. егер тұтыну функциясы белгiлi болса, әрқашан жинақтау функциясының қисығын құруға болады
C. жинақтау қолдағы табыстан тұтыну шығындарын шегергенге тең
D. А, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
11. Егер бастапқы инвестиция 7 млн.тг. және MPC= 0,75 болса, инвестиция мультипликаторы эффектiсiн есептеңiз:
A. 2 млрд. тенге
B. 28 млн. тенге
C. 260 млн. тенге
D. 4 млн. тенге
E. 40 млн. тенге.
12. Y= C+I, C= 50+0,8Y, I= 30. Табыс және тұтынудың тепе-теңдiк деңгейiн есептеңiз:
A. Y0=750 C0= 550
B. Y0=500 C0= 360
C. Y0=370 C0= 200
D. Y0=480 C0= 320
E. Y0=400 C0= 370
13. АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары тұрғындардың саны 188 млн. адам, жұмыспен қамтылғандар саны 117 млн. адамға тең. Жұмысбастылық деңгейiн есептеңiз:
A. 73,8%
B. 89,2%
C. 62,2%
D. 75,0%
E. 82,2%
14. Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторларына жатады:
A. инвестициялық шығындардағы өзгерiстер
B. мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер
C. тұтынушылардың күтулерi
D. еңбек өнiмдiлiгiндегi өзгерiстер
E. тұтынушылардың жеке салықтары.
15. Жиынтық сұраныс қисығы келесi қатынасты бiлдiредi:
A. экономика ауқымында барлық тұтынушылардың және барлық сатушылардың баға деңгейлерi арасындағы
B. нақты мәндегi тұтынылған және өндiрiлген ЖIӨ көлемдерi арасындағы
C. баға деңгейi мен нақты мәндегi өндiрiлген ЖIӨ арасындағы
D. баға деңгейi мен тауар және қызмет көрсетулердi сатып алуға жиынтық шығындар арасындағы
E. баға деңгейi мен номиналды мәндегi өндiрiлген ЖIӨ арасындағы.
16. Жиынтық ұсыныс қисығындағы кейнсиандық кесiндi:
A. терiс көлбеуде болады
B. оң көлбеуде болады
C. көлденең сызықпен берiлген
D. тiк сызықпен берiледi
E. баға деңгейi және нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы тура тәуелдiлiктердi көрсетедi.
17. Жиынтық ұсыныс қисығындағы классикалық кесiндi:
A. терiс көлбеуде болады
B. оң көлбеуде болады
C. көлденең сызықпен берiлген
D. тiк сызықпен берiледi
E. баға деңгейi мен нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы тура тәуелдiлiктi көрсетедi.
18. Инфляциядан пайда көредi:
A. тұрақты пайызбен несиеге ақша берушiлер
B. тұрақты пайызға қарыз алушылар
C. мемлекеттен трансферттi төлемдер алатын адамдар
D. бюджеттiк саланың көптеген жұмыскерлерi
E. қарызы барлар.
19. Елдiң төлемдiк балансы – бұл:
A. отандық және шетелдiк сатушы-сатып алушылар арасындағы, құны бар барлық келiсiмдердiң жазбасы
B. елдiң бизнес-фирмалары арасындағы барлық келiсiмдерiнiң жазбасы
C. ел ауқымында үй шаруашылығы, кәсiпорын және үкiмет арасындағы барлық келiсiмдердiң жазбасы
D. экономика салалары арасындағы төлемдiк баланстар
E. берiлген және қайтарылған жиынтық несие сомалары арасындағы қатынас.
20. Елдiң төлемдiк балансы екi негiзгi бөлiмнен тұрады:
A. ағымдық шоттар баланс және саудалық баланстан
B. несие және депозит сомалары арасындағы баланстар
C. ағымдық шоттар және капитал қозғалысы баланстары
D. тауар, қызмет көрсету ұсынысы және тұрғындардың төлем қабiлеттiлiгi арасындағы баланстар
E. екi мемлекет арасындағы өзара есеп баланстары.
ІІІ-нұсқа
1. ЖIӨ-дi өлшеудiң шығындар бойынша әдiсiне жатады:
A. пайыздар
B. фирмалардың инвестициялық шығындары
C. шетел тұлғаларының шығындары
D. ренталық табыс
E. В және С жауаптары дұрыс.
2. ЖIӨ-дi өлшеудiң табыстар бойынша әдiсiне жатады:
A. пайдалар
B. жалақы
C. тауарларды мемлекеттiк сатып алулар
D. үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары
E. А және В жауаптары дұрыс.
3. Нақты ЖIӨ формуласы:
A. номиналды ЖIӨ / баға индексi
B. баға индексi / номиналды ЖIӨ
C. (номиналды ЖIӨ / баға индексi) *100%
D. (баға индексi / номиналды ЖIӨ) *100%
E. номиналды ЖIӨ - нақты ЖIӨ.
4. 2002 ж. 20 пакет сүт, 50 дәптер, 70 қорап сiрiңке сатып алынды (сатылды), сәйкесiнше олардың әрбiр данасы 60 тг, 10 тг, 2 тг. сатып алынды (сатылды). Ал 2003 ж. жоғарыда айтылған заттар 65 тг, 8 тг, 5 тг. сатып алынды (сатылды). Егер бұл тұтынушы корзинасын құраса, онда 2003 ж. тұтынушылық баға индексi қандай болады:
A. 112,2
B. 106,8
C. 100
D. 111,4
E. 103,4
5. Номиналды ЖIӨ 1500 долл. құрады, 2003 ж. баға индексi-107%. 2003 ж. нақты ЖIӨ анықтаңыз:
A. 1612
B. 1401,9
C. 1356,2
D. 1428,8
E. 1715,5
6. Түпкiлiктi өнiм - үстелдiң құнын қосылған құн әдiсi бойынша есептеңiз, егер үстел өндiрiсi кезеңi бойынша сату бағасы келесi түрде өзгерсе:
ағашты даярлау – 200 тенге
ағашты өңдеу – 250 тенге
үстел өндiру – 500 тенге
үстелдi көтерме сату – 800 тенге
үстелдi бөлшектеп сату – 1200 тенге.
A. 1000 тенге
B. 800 тенге
C. 1200 тенге
D. 2950 тенге
E. 2750 тенге
7. IS қисығы көрсетедi:
A. жоспарланатын шығын табысқа тең кездегi инвестиция және жинақтың теңдiгi
B. активтер және тауарлар нарығының өзара байланысы
C. нақты балансқа сұраныс пен нақты баланстар ұсынысы теңдiгi
D. инвестиция жинаққа тең кездегi пайыздық ставка мен табыс деңгейiнiң барлық мәндерi
E. А, D жауабы дұрыс.
8. Тұрғындардың жұмысбастылық деңгейiн есептеуге кiредi:
A. жұмыспен қамтылғандар саны
B. жұмыссыздар саны
C. арнайы институттардағы азаматтар саны
D. 16 жас және одан жоғары азаматтар саны
E. А, В, D жауаптары дұрыс
9. АҚШ-та 1990 ж. 16 жас және одан жоғары жұмысшы күшi саны 124 млн. адам, жұмыссыздар саны 7 млн. адамға тең. Жұмыссыздық деңгейiн есептеңiз:
A. 7,8%
B. 5,6%
C. 2,3%
D. 4,8%
E. 25,0%
10. LM қисығы бойынша қозғалыс түрiнде ақша нарығында тепе-теңдiк жағдайының өзгеруi келесi себеп бойынша жүредi:
A. мемлекеттiк саясаттағы қате
B. ақшаға сұраныс өзгеруi
C. ақша ұсынысы өзгеруi
D. пайыздық ставкадағы өзгерiс
E. салық саясатындағы өзгерiс.
11. Тұрғындардың табысы өскен кезде MPC және MPS не болады:
A. MPC>0, MPS <1
B. MPS кемидi, ал MPC артады
C. MPC кемидi, ал MPS артады
D. MPC және MPS артады
E. MPC және MPS кемидi.
12. Салықтарды төмендету график бойынша жылжытады:
A. LM қисығын оңға төмен
B. IS қисығын оңға жоғары
C. LM қисығын солға төмен
D. IS қисығын солға төмен
E. LM қисығын солға жоғары.
13. Пайыздық ставканың өсуi:
A. инвестициялық шығындарды төмендетедi
B. инвестициялық шығындарды арттырады
C. ақша ұсынысын кемiтедi
D. активтер жағынан ақшаға сұранысты арттырады
E. келiсiм үшiн ақшаға сұранысты арттырады.
14. Жиынтық ұсыныс қисығындағы аралық кесiндi:
A. терiс көлбеуде болады
B. оң көлбеуде болады
C. көлденең сызықпен берiлген
D. тiк сызықпен берiледi
E. баға деңгейi мен нақты ЖIӨ өндiрiсi өзгерiстерi арасындағы керi тәуелдiлiктi көрсетедi.
15. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. экономикалық циклдар нарықтық заңдарға негiзделген және ұзақ мерзiмдi экономикалық өсуге әкеледi
B. экономикалық цикл төрт фазадан тұрады
C. экономикалық дағдарыс экономиканы модернизациялау және жаңарту қажеттiлiгiне нұсқайды
D. А, В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
16. Экономикалық құлдырау кезеңiнде :
A. жұмыссыздық деңгейi жоғарлайды
B. жұмыссыздық деңгейi төмендейдi
C. баға деңгейiнiң жоғарлау тенденциясы бар
D. экономикада ресурстарды қолдану максималды
E. нақты ұлттық өндiрiс көлемi көбейедi.
17. Экономикалық циклдағы құлдырау фазасын жиi сипаттайды:
A. циклдағы ең жоғарғы инфляция деңгейi
B. цикл позициясынан минималды жұмыссыздық
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң циклдағы максималды азаюы
D. жұмыссыздық деңгейiнiң жоғарлауы
E. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
18. Экономикалық циклда өрлеу(жандану) фазасын жиi сипаттайды:
A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
B. инфляцияның құлдырауы
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi
D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы
E. экономикада қолданылмаған ресурстардың көбеюi.
19. Мемлекеттiң фискалды саясаты – бұл:
А. мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат
В. тек салық салу облысындағы саясат
С. ақша массасы және ақша айналымын реттеу бойынша саясат
D. халықаралық конфликтердi реттеу бойынша саясат
E. ұлттық валюта бағамын реттеу бойынша саясат.
20. Девальвация – бұл:
A. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын төмендету немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi
B. қатты валюталарға қатынасы бойынша елдiң валюта бағамын жоғарлату немесе ұлттық ақша бiрлiгiнiң нақты алтын мәнiнiң төмендеуi
C. елде инфляцияның төмендеуi бойынша мемлекеттiк шаралар
D. елде импортты ырықтандыру бойынша мемлекеттiк шаралар
E. қатты валюталарға қатынасы бойынша валюта бағамын тұрақтандыру.
ІҮ-нұсқа
1. ЖҰӨ-нен қайсысын ала отырып, таза ұлттық өнiмдi есептеуге болады:
A. бизнеске тiкелей және жанама салықтарды
B. тек бизнеске жанама салықтарды
C. тек бизнеске тiкелей салықтарды
D. амортизациялық бөлулердi
E. трансферттi төлемдердi.
2. Ұлттық есеп жүйесiнде ұлттық табыс:
A. қолда бар табыстан аз
B. таза ұлттық өнiмнен көп
C. жалпы ұлттық өнiмнен көп
D. таза ұлттық өнiмнен көп
E. жалпы iшкi өнiмге тең.
3. Қолда бар табыс:
A. үй шаруашылықтарымен пайдаланылады
B. инвесторлармен пайдаланылады
C. табыс салығына кiредi
D. тұтыну және жинаәтауға қолданылады
E. А және D вариантары дұрыс.
4. ЖҰӨ, ЖIӨ, ТҰӨ және ҰТ есептеңiз, егер:
Тұтынушылық шығындар 115 долл.
Инвестицициялық шығын 55 долл.
Мемлекеттiк шығындар 70 долл.
Таза экспорт -10 долл.
Басқа әлемнен факторлар табысынан таза түсiмдер 15 долл.
Амортизация 30 долл.
Жанама салықтар 25 долл. болса
A. ЖIӨ=240, ЖҰӨ=255, ТҰӨ=195, ҰТ=170
B. ЖIӨ=250, ЖҰӨ=265, ТҰӨ=235, ҰТ=210
C. ЖIӨ=230, ЖҰӨ=245, ТҰӨ=215, ҰТ=190
D. ЖIӨ=255, ЖҰӨ=285, ТҰӨ=255, ҰТ=230
E. ЖIӨ=170, ЖҰӨ=240, ТҰӨ=265, ҰТ=205.
5. Жеке табыс (ЖТ) және қолда бар жеке табысты (ІЖТ) есептеңiз, егер:
ұлттық табыс – 100 долл.
жанама салық - 25 долл.
әлеуметтiк сақтандыруға жарна – 5 долл.
Корпорацияның таратылмаған пайдасы- 15 долл.
Жеке табыс салығы – 10 долл. болса:
A. ЖТ=105, ІЖТ=95
B. ЖТ=30, ІЖТ=20
С. ЖТ=80, ІЖТ=70
D. ЖТ=90, ІЖТ=80
E. ЖТ=45, ІЖТ=55.
6. Игiлiктер нарығы қалыптасады:
A. тек мемлекеттiк шығындар ықпалымен
B. тек үй шаруашылығымен
C. тек кәсiпорын және инвесторлармен
D. үй шаруашылығы, мемлекет, бизнес-фирма, шетелмен
E. тек шетелмен.
7. Қолда бар жеке табыстар арналған:
A. тек тұтыну үшiн
B. тек жинақтау үшiн
C. тұтыну және жинақтау үшiн
D. жеке қажеттiлiктердi ғана қанағаттандыру үшiн
E. С және D жауаптары дұрыс.
8. Кейнстiң психологиялық заңына сәйкес:
A. тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең
B. табыс өсуiмен тұтыну да артады, алайда табыс өскен шамада емес
C. табыс өсуiмен сол шамада тұтыну да артады
D. табыс өсуiмен жинақтау көлемi көбейедi
E. тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiктен артық.
9. Жинақтауға шектi бейiмдiлiк формуласы:
A. MPS= S / Yd
B. MPC= Yd /C
C. MPC= 1-S
D. APS= S / Yd
E. APS= Yd / S.
10. Тұтынуға орташа бейiмдiлiк формуласы:
A. APC= C / Yd
B. MPC= 1-S
C. APS= Yd / S
D. APS= S / Yd
E. MPS= S / Yd.
11. Жұмысшы күшi құрамынан шыққандар қатарына жатады:
A. 16 жасқа дейiнгi адамдар
B. жұмысты белсендi түрде iздеп жүрген еңбекке қабiлеттi жұмыссыздар
C. жұмысқа орналасудан күдерiн үзген жұмыссыздар
D. жұмыспен қамтылғандар
E. дұрыс жауап жоқ.
12. Олардың жұмысында автомат-роботтарды енгiзуден 50 жұмысшының жұмыстан босатылуы құрайды:
A. циклдық жұмыссыздықты
B. фрикциондық жұмыссыздықты
C. құрылымдық жұмыссыздықты
D. жасырын жұмыссыздықты
E. еркiн жұмыссыздықты.
13. Тұтыну функциясы сипатталады:
A. көлемi қолдағы табысқа байланыссыз жиынтық шығындар бөлiгiмен
B. көлемi мен динамикасы қолдағы табысқа байланыссыз тұтынушылық шығындар бөлiгiмен
C. тұтынуға бағытталған жылдық қолдағы табыстың әрбiр қосымша бiрлiгiнiң үлесiмен
D. жиынтық тұтынушылық шығын және қолдағы табыстың әртүрлi шамасы арасындағы тәуелдiлiкпен
E. қолдағы табыстың өзгеруiне байланысты емес жиынтық тұтынушылық шығындармен.
14. Қазақстанда қазiргi жұмыспен қамтылу мына салада үстем:
A. сауда және қызмет көрсету
B. көлiк және байланыс
C. ауыл шаруащылығы
D. өңдеушi және игерушi өнеркәсiп
E. бiлiм және денсаулық сақтау.
15. Банктiк жүйеде пайда анықталады:
A. несиеге пайыздық ставка мөлшерiмен
B. артық ақша резервтерiмен
C. орталық банктiң резервтiк нормасы
D. қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы мен салымшыларға төленетiн пайыз сомасы арасындағы айырма
E. салымшыларға төленетiн пайыз сомасы мен қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы арасындағы айырма.
16. Жиынтық сұраныс:
A. бұл экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұраныс
B. ол тұтынушылар, кәсiпорын және үкiмет әрбiр баға деңгейi кезiнде сатып алуға даяр ұлттық өндiрiстiң нақты көлемiн көрсетедi
C. бұл үй шаруашылығы, бизнес-фирма, мемлекет, шетел жағынан сұраныс
D. адамдардың тек тұтынушылық шығындарымен шектелмейдi
E. барлық жауаптар дұрыс.
17. Жиынтық ұсыныс:
A. бұл экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы ұсыныс
B. ол әрбiр баға деңгейi кезiнде нақты ЖIӨ не барлық өндiрiлген өнiмнiң әртүрлi көлемiн көрсетедi
C. бизнес-фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi
D. мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсыну жатады
E. барлық жауаптар дұрыс.
18. Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. жиынтық сұраныс қисығы терiс көлбеуде болады
B. жиынтық сұраныс қисығы оң көлбеуде болады
C. жиынтық ұсыныс қисығы көлденең, аралық және тiк кесiндiден тұратын оң көлбеуде болады
D. А, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
19. Экономикалық циклда өрлеу шыңы фазасын жиi сипаттайды:
A. ресурстарды неғұрлым толық қолдану.
B. инфляцияның құлдырауы
C. ұлттық өндiрiс көлемiнiң төмендеуi
D. жұмыссыздық деңгейi жоғарлауы
E. экономикада бар ресурстарды максималды қолдану.
20. Көрсетiлген ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:
A. инфляция барлығына зиян
B. инфляция – бұл бағалардың ұзақ мерзiмдi өсуi
C. инфляция – бұл ақшаның құнсыздану процесi
D. В, С жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
Ү-нұсқа
1. Шығындар бойынша есептелiнетiн ЖҰӨ келесi соманы көрсетедi:
A. S+V+M
B. C+I+G+Xn
C. C+I+G
D. W+R+L
E. N+P+G.
2. Қосылған құн – бұл:
A. қосымша материалдарды және шикiзатты сатып алуға фирмалардың шығындары
B. әр түрлi фирмалардың арасындағы айырбас процесiнде олардың өнiм құндары арасындағы айырма
C. фирманың өнiмi құны және осы фирманың қажеттi шикiзаттар, материалдар, аралық өнiмдi алуға жұмсалған сомасы арасындағы айырма
D. түпкiлiктi өнiмдердi құрайтын барлық аралық өнiмдер құнының сомасы
E. қосымша өнiм өндiрiсiне кеткен шығындар.
3. Түпкiлiктi тауарлар мен қызмет көрсетулер:
A. ЖҰӨ және ЖІӨ анықтамасының маңызды бөлiгi болып табылмайды
B. аралық тұтыну мақсатында қолданылады
C. соңғы тұтыну үшiн қолданылады
D. ЖҰӨ мен ЖIӨ шығындар әдiсi бойынша ғана қолданылады
E. ЖҰӨ мен ЖІӨ кiрiстер әдiсi бойынша ғана қолданылады
4. Макроэкономикалық айналым келесiнi болжайды:
A. бизнес-фирмаларды ресурстармен үй шаруашылығы қамтамасыз ететiнiн
B. үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен бизнес-фирмалар қамтамасыз ететiнiн
C. мемлекет ресурстар нарығында ақша шығындайтынын
D. мемлекет үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететiнiн
E. барлық жауаптар дұрыс.
5. Көрсетiлгендердiң қайсысын макроэкономикалық айналым қарастырмайды:
A. мемлекет ресурстар нарығында ақша шығындайтынын
B. мемлекет үй шаруашылықтарын тауар және қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететiнiн
C. бизнес-фирмалар мемлекетке салық төлейтiнiн
D. үй шаруашылықтары мемлекетке салық төлейтiнiн
E. үй шаруашылықтары бизнес-фирмаларға салық төлейтiнiн.
6. Ұлттық есеп жүйесi мәлiметтерi негiзiнде:
A. елдiң ұлттық табысы есептеледi
B. нақты уақытта ұлттық экономика ауқымында өндiрiс көлемi өлшенедi
C. ұлттық байлықты» толық көлемi өлшенедi
D. А және В жауаптары дұрыс
E. А, В, С жауаптары дұрыс.
7. Табыспен байланысты емес тұтыну және жинақтау факторлары жөнiнде қайсысында айтылады:
A. байлық неғұрлым көп болса, соғұрлым тұтыну көп және жинақтау аз болады
B. егер бағаның өсуi мен тауар тапшылығы күтiлсе, онда адамдар ақшаны көп жұмсайды және оларды аз жинақтайды
C. қарыз артқан кезде оны жабу үшiн тұтынуды қысқартады
D. жеке салықтардың артуы әдетте тұтыну және жинақтау деңгейлерiнiң төмендеуiне әкеледi
E. барлық жауаптар дұрыс.
8. Тұтынуға шектi бейiмдiлiк – бұл:
A. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi тұтынушылық тауар және қызмет көрсетулерге шығынның өсiмшесi үлесi
B. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың өсiмшесi үлесi
C. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi тұтынудың ең жоғарғы деңгейi
D. үй шаруашылықтары тұтынушылық тауар және қызмет көрсетулерге жұмсайтын қолдағы табыс үлесi
E. үй шаруашылықтары жинақтайтын қолдағы табыс үлесi.
9. Жинақтауға шектi бейiмдiлiк – бұл:
A. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың өсiмшесi үлесi
B. үй шаруашылықтары жинақтайтын қолдағы табыс үлесi
C. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiндегi жинақтаудың ең жоғарғы деңгейi
D. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiнде жинақтаудың тұтынудан артуы
E. қолдағы табыстың кез келген өзгерiсiнде тұтыну мен жинақтаудың тең
болуы.
10. Iс жүзiнде инвестициялар:
A. бұл жоспарланған инвестициялар
B. бұл жоспарланбаған инвестициялар
C. бұл жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар қосындысы
D. қорланған ақша жинақтарына тең
E. Бұл жоспарланбаған инвестицияларды шегергеннен кейiнгi жоспарланған инвестициялар.
11. Инвестициялардың тауарлы-материалды запасқа күтпеген өзгеруi қарастырады:
A. жоспарланған инвестицияларды
B. жоспарланбаған инвестицияларды
C. жоспарланатын шығындарды
D. инвестиция мультипликаторын
E. өткiзiлмеген инвестицияларды.
12. Еңбекке жиынтық сұраныс келесi қажеттiлiктерге негiзделген:
A. нақты жалақыныœ әртүрлi деңгейi кезiнде жұмыс iстеуге дайын еңбек ресурстарына
B. үй шаруашылығы, мемлекет, кәсiпорын, шетел субъектiлерiнiң жалдамалы жұмысшы күшiне
C. тек кәсiпорын мен мемлекеттiң жалдамалы жұмысшы күшiне
D. еңбекке қабiлеттi адамдардың жалақы алуға
E. барлық жауап дұрыс.
13. Еңбектiң жиынтық ұсынысы сипаттайды:
A. жұмыс берушi ретiнде үй шаруашылығы, мемлекет, кәсiпорын, шетел субъектiлерiн
B. еңбек жасындағы тұрғындар санын
C. экономикалық белсендi тұрғындар санын
D. нақты жалақының әртүрлi деңгейi кезiнде жұмыс iстеуге дайын еңбек ресурстарының жалпы санын
E. елде берiлген жұмыс орындарының жалпы санын.
14. Еңбек нарығы ұзақ мерзiмде тепе-теңдiкте болады,егер:
A. еңбекке сұраныс шамасы еңбек ұсынысы шамасына тең болса
B. барлық жұмыс iстегiсi келетiндер жұмысқа орналасса
C. жұмыскерлер мен жұмысқа алушылар iс жүзiндегi баға деңгейi және жалақыға бейiмделсе
D. жұмысқа алушылар жұмыс орнын беруде толық қанағаттанса
E. А және С жауабы дұрыс.
15. IS-LM үлгiсi келесiлер арасындағы өзара қатынасты бiлдiредi:
A. жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
B. тауарлар нарығы және активтер нарығы
C. ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы
D. тауарларға сұраныс және тауарлар ұсынысы
E. жиынтық шығындар мен табыстар.
16. Фискалды саясат тiкелей байланысты:
A. тауарлар нарығымен
B. ақша активтерi нарығымен
C. инвестициялық шығындар өзгерiсiмен
D. тауарлар нарығы, сонымен қатар ақша активтерi нарығымен
E. А жºне С жауабы дұрыс.
17. Активтер нарығы сипатталады:
A. қолма-қол ақшамен
B. ақша массасымен
C. ақшалар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлiкпен
D. жоғарғы сұранысқа ие тауар және қызмет көрсетулермен
E. инвестициялық шығындармен.
18. Тауарлар және активтер нарығы арасындағы тепе-теңдiк бiлдiредi:
A. жоспарланатын шығындар ұлттық экономика ауқымындағы өнiм шығаруға тең
B. тұрғындар толықтай ақша запасын иемденедi
C. тауарлар нарығы ақша активтерi нарығына сәйкес
D. тауарлар және активтер нарығын қанағаттандыратын берiк пайыздық ставка бекiтiледi
E. барлық жауаптар дұрыс.
19. Тұтыну функциясы қандай түрде болады:
A. C=C+MPC*Y
B. C=C-MPC*Y
C. C=C/MPC-Y
D. C=C*MPC*Y
E. C=C+MPC/Y.
20. Тұтынуға шектi бейiмдiлiк формуласы:
A. MPS= C / Yd
B. MPS= Yd /C
C. MPC= C /Yd
D. MPC= Yd / C
E. MPC= 1-S.
Тест жауаптары
Сұрақ реті | І-нұсқа |
ІІ-нұсқа
|
ІІІ-нұсқа
|
ІҮ-нұсқа
|
Ү-нұсқа
| -
|
D
|
C
|
E
|
D
|
B
| -
|
E
|
B
|
E
|
D
|
C
| -
|
B
|
C
|
A
|
E
|
C
| -
|
B
|
D
|
D
|
C
|
E
| -
|
C
|
D
|
B
|
A
|
E
| -
|
A
|
A
|
C
|
D
|
D
| -
|
E
|
A
|
E
|
E
|
E
| -
|
C
|
E
|
E
|
B
|
A
| -
|
B
|
C
|
B
|
A
|
A
| -
|
D
|
E
|
D
|
A
|
C
| -
|
B
|
B
|
C
|
C
|
B
| -
|
C
|
E
|
B
|
C
|
B
| -
|
D
|
C
|
A
|
D
|
D
| -
|
A
|
D
|
B
|
A
|
E
| -
|
D
|
D
|
E
|
D
|
B
| -
|
B
|
C
|
A
|
E
|
E
| -
|
E
|
D
|
C
|
E
|
C
| -
|
C
|
B
|
A
|
D
|
E
| -
|
C
|
A
|
A
|
E
|
A
| -
|
E
|
C
|
A
|
D
|
C
|
5.2. Пән бойынша рефераттар тақырыптары:
1. Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның ЖҰӨ динамикасын талдау
2. ҚР айырбас бағам мен есептік мөлшерлемені реттеу
3. Айырбас бағам, халықаралық капитал ағымы және сауда балансы
4. ҚР мемлекеттік қарыздар мәселесі
5. ҚР ақша — несие саясатының ерекшеліктері
6. ҚР сыртқы сауда байланысының сипаттамалық белгілері
7. ҚР фискалдық саясаты
8. ҚР шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсімдегі ролі
9. Экономиканың нақты саласына инвестиция салу, жаңа технологиялар мен рестуктуризацияны меңгеру
10. ҚР еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем қабілетсізділік
11. Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге әсері
12. Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
13. ҚР халық табысы мен шығындар динамикасы және құрылымы
14. ҚР қаржы нарықтарын талдау
15. ҚР төлем қабілетсізділік мәселелері
16. Соңғы бес жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық агрегаттар динамикасын талдау (жинақ, тұтыну, инвестиция)
17. ҚР салық салу жүйесін реформалау
18. ҚР сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері
19. ҚР Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру: мөселелері мен болашағы
20. ҚР зейнетақы жүйесін реформалау
21. ҚР индустриалды-инновациялық саясаты
22. ҚР экономикалық өсім: факторлар, кезеңдер жәнс ерекшеліктері
23. ҚР антимонопольдық реттеу және оның мемлекет экономикасының тұрақты дамыуындағы ролі
24. ҚР экономикасының аймақаралық ерекшеліктері
25. Монетарлық саясаттың экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі ролі
26. ҚР-ғы банктік жүйенің дамуы
27. ҚР депозиттерді сақтандыру және халық жинақтарының динамикасы
28. ҚР ның дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясаты
29. ҚР ның төлем теңгеріміне экономикалық саясаттың әсері
30. ҚР ғы инвестициялық саясаттың ерекшелігі
31. ҚР ның экономикасындағы шетелдік инвестициялардың рольі
32. ҚР халықтың тұтынуы мен қор жинау динамикасы
33. Дж.М.Кейнс ілімінің экономика ғылымының дамуындағы рольі мен маңызы
34. Классикалық экономика мектебінің экономикалық көзқарастары.
35. ҚР ғы тауарлар нарығының даму ерекшеліктері мен мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |