ДӘРІС 4. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, ИНФЛЯЦИЯ. Дәрістің мақсаты:Экономикалық ауытқу себептерімен, жұмыссыздық, инфляция ұғымдарымен, олардың түрлері мен зардаптарымен таныстыру. Дәріс жоспары: 1. Экономикалық цикл және макроэкономикалық динамика.
2. Жұмыссыздық пен оның формалары.
3. Инфляция және оның себептері.
1. Экономикалық цикл және макроэкономикалық динамика. Жұмысбастылық, өндіріс және инфляция деңгейлерінің белгілі бір уақыт сайын ауытқып тұруы экономикалық цикл деп аталады. Циклділіктің себептеріне автономдық инвестициялардың белгілі бір уақыт сайын бәсеңдеуі, мультипликаторлық әсердің әлсіреуі, ақша массасы көлемінің ауытқуы т.с.с. жатқызуға болады. Экономикалық циклдің барысында теңдестік бұзылып, экономикалық динамиканың орташа көрсеткіштері ауытқиды. Тұрақсыздықтың неғұрлым анық белгілерінің қатарына инфляция мен жұмыссыздықты жатқызуға болады.Ресурстардың жүз пайыздық жұмыспен қамтылуы мүмкін емес. Сондықтан да экономикалық теорияда өндірістік қуатылықтардың жалпы көлемінің 10-20 %-ының ғана жұмыспен жүктелмеуін ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы (толық жұмысбастылық) деп аталады. Ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы тұсында өндірілген өндіріс көлемі потенциалды жалпы ішкі өнім (немесе экономикалық әлеует) деп аталады.
Нақты өндіріс көлемінің потенциалды деңгейден ауытқуы төмендегі көрсеткіш арқылы анықталады: ЖІӨауыт = ,мұндағы У- нақты өндіріс көлемі, У*- потенциалды өндіріс көлемі.
Экономикалық циклдің сатыларына төмендегілер жатады:
экспансия немесе өсу сатысы; құлдырау немесе дағдарыс сатысы; депрессия сатысы; өрлеу сатысы.
1-сурет
Қазіргі нарық жағдайындағы циклге әсер ететін негізгі факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:
а) нарықтың монополиялық құрылымы;
ә) экономиканы мемлекеттік реттеу;
б) ғылыми-техникалық прогресс;
в) өндірісті жаһандандыру (глобализациялау, интернационалдандыру) процесі.