Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет19/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Жиынтық сұраныс қисығы – бұл бағаның берілген əрбір деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын қисық.
Жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі AD қисығының бойындағы өзгеріске байланысты сипатталады. Ақшаның сандық теориясына сəйкес: MV = PY. Осыдан: YD = MV/P, мұндағы Р – экономикадағы баға деңгейі; YD – ЖҰӨ-нің немесе ұлттық табыстың нақты деңгейі; М – экономикадағы ақша мөлшері; V – ақша айналымының жылдамдығы. Төмендегі суретте Р мен Y-дің (ақша ұсынысының тұрақтылығы кезінде) əртүрлі үйлесімділіктері көрсетілген.
3.1-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы
Абсцисса осінде – нақты ЖҰӨ немесе өндірістің нақты көлемі, ордината осінде – бағалар деңгейі немесе дефлятор, яғни абсолюттік емес, салыстырмалы көрсеткіш.
AD қисығы төмен қарай бағытталған, өйткені бағалардың өсуі (Р↑) қолдағы ақшаның нақты көлемін (М/Р) қысқарта- ды. Сəйкесінше, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс (Y↓) қысқарады. Осы арқылы AD-ның көлемі мен бағалар деңгейі (ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығын тұрақты деп алғанда) арасында кері тəуелділіктің бар екені түсіндіріледі.
AD қисығының теріс көлбеулі болуы, мына үш əсер (эффект) арқылы түсіндіріледі:
1. Кейнс əсері (пайыз мөлшерлемесінің əсері);
2. Пигу əсері (нақты кассалық қалдықтар əсері немесе байлық əсері);
3. импорттық сатып алымдар əсері.
Кейнс əсері (пайыз мөлшерлемесінің əсері) былай түсін- діріледі, яғни бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз мөлшерлемесінің деңгейі артады. Пайыз мөлшерлеме- сінің өсуінен экономикаға салынатын инвестиция көлемі қыс- қарады, олай болса, AD көлемі де қысқарады:
Р↑, → М/Р↓, → і↑, → І↓, →AD↓.
Пигу əсері (нақты кассалық қалдықтар əсері, немесе байлық əсері), бұл жағдайда бағалар деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі төмендейді, олай болса, тұтыну көлемі қысқарады, сəй- кесінше, AD көлемі де қысқарады:
Р↑, → М/Р↓, → С↓, → AD↓.
Импорттық сатып алымдар əсері, бұл жағдайда импорт- тық бағалардың өзгермеуі кезінде ел ішіндегі бағалардың өсуі экспорттың қысқаруына алып келеді, сəйкесінше, ұлттық эконо- микада жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады:
Р↑, → Е↓, → Xn↓, → AD↓.
Осы аталған бағалық факторлардан басқа AD-ға бағалық емес факторлар да əсер етеді. Бұл факторлардың өзгеруі AD қисығын оңға немесе солға жылжытады. Оны төмендегі суреттен көруге боладады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет