Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер


AD-ның бағалық емес факторлары дегеніміз



бет20/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

AD-ның бағалық емес факторлары дегеніміз – сол AD- ның негізгі құрауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, ин- вестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға жəне таза экспортқа əсер ететін барлық факторлар.
1) Тұтыну шығындарына тұтынушылардың табысы, əл- ауқаттылығы, олардың болашақты күтуі, жеке табыс салық- тарындағы өзгерістер сияқты факторлар əсер етеді. Мысалы, тұтынушылардың ақшалай табыстары өскен кезде AD ұлғаяды жəне қисық оңға жылжиды, керісінше, табыстың азаюы AD қисығын солға жылжытады.
2) Инвестициялық шығындарға пайыз мөлшерлемелері, субсидиялар, бизнес салықтары, жеңілдетілген несиелер сияқты факторлар əсер етеді. Мəселен, бизнеске деген салықтың өсуі ин- вестицияны қысқартады, олай болса, жоғарыдағы суретке сəйкес, AD қисығы солға AD1-ге қарай жылжиды. Керісінше, салықтың азаюы AD қисығын оңға AD2-ге жылжытады.
3) Мемлекеттік шығындарға мемлекеттік саясат əсер етеді. Мемлекеттік шығындардың өсуі AD-ны көбейтіп, қисықты оңға жылжытады, ал керісінше, олардың қысқаруы қисықтың солға жылжуына алып келеді.
4) Таза экспортқа валюта бағамдарының өзгеруі, сыртқы нарықтағы жағдайлар сияқты факторлар əсер етеді. Ұлттық валюта бағамының өсуі импортты көбейтіп экспортты қысқартады, нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарып, AD қисығы солға жыл- жиды. Ал егер ұлттық валюта бағамы төмендейтін болса, онда AD қисығы оңға жылжиды.
Сондай-ақ, AD-ның бағалық емес факторларына ақшаның сандық теориясына сəйкес, ақша ұсынысы жəне ақша айналы- мының жылдамдығы деген факторлар да жатады.
Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл экономикада бағалардың əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (не- месе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты ЖІӨ деп те атайды. Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы – бұл ұсыныс көлемінің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін графикалық көрініс.
AS қисығының сипатына бағалық жəне бағалық емес факторлар əсер етеді. Біріншісі жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді (AS қисығының бойымен жылжу), ал екіншісі (технологиядағы, ресурстар бағаларындағы, қолданылатын ресурстар көлеміндегі, фирмаларға салық салудағы, нарықтар құрылымындағы өзгерістер жəне т.б.) AS қисығын оңға немесе солға өзгертеді. AS қисығы статикалық жəне динамикалық тұрғыдан қарастырылады. Алайда статикалыққа қарағанда AS-ң динамикалық қисығы ұлттық өндіріс көлемінің өзгерісіне инфляция қарқынын бағалау үшін қолданылады.
AS қисығы классикалық жəне кейнстік мектептер тұрғысынан əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, қандай да бір фактордың өзгеруінен жиынтық ұсыныс шамасының өзгерісі бірдей болмайды, себебі бұл жағдай уақыт факторына тəуелді, яғни жиынтық ұсыныстың уақыттың қай мерзімінде (қысқа жəне ұзақ мерзімдерде) қарастырылып отырғандығы маңызды болып табылады.
Классикалық үлгі экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады. Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбастылықтың орын алуын қолдай отырып, тауар бағаларының өзгерісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын кезең. Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға негізделіп құрылады:

    • өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қол- дағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне тəуелді емес;

    • өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзгеріс- тер өте баяу жүзеге асырылады;

    • экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді, жəне сəйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенци- алды көлеміне тең болады;

    • бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде болады. Ол өндіріс көлемінің табиғи (потенциалды) деңгейін сипаттайды (3.3-сурет), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылатын жағдай- да қарастырылады. Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар деңгейін өзгертеді (3.4-сурет). Мысалы, ақша ұсынысының төмендеуі кезінде AD1 қисығы солға (төмен) AD2 жағдайына ығысады. Экономикалық тепе-теңдік E1 нүктесінен E2 нүктесіне ауысады, бірақ өндірілген өнім көлемі ASұзақ мер. өзінің бұрынғы деңгейінде сақталып қалады.
Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын алуы мүмкін.





5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет