Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер


ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨ дефляторы деп атайды



бет15/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨ дефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемлекеттің сатып алатын тауарларының бағаларынан және әлемдік нарықта сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан құралады. ЖІӨ дефляторы ақшалай нысандағы, яғни атаулы ЖІӨді бағалардың өзгеруіне байланысты түзетуші көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі жылдар арасындағы өндіріс көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз. Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі де әсер етеді. Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:
1. Атаулы ЖІӨ – ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
2. Нақты ЖІӨ – бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.
Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде есептей алады. ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады. ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды. Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да, ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз жөн.


2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет