Қозғалтқыштың негізгі параметрлері. Қозғалтқыштың не- гізгі параметрлеріне мыналар жатады:
өлі нүктелер — қозғалтқыш цилиндріндегі піспектің шет- кі қалпы, бұл қалыпта піспек өз қозғалысы бағытын өзгертеді. Жоғарғы өлі нүкте (ЖӨН) мен төменгі өлі нүкте (ТӨН) болады;
піспек жүрісі — піспектің бір өлі нүктеден екіншіге дейін жүріп өткен жолы;
қозғалтқыштың жұмыс кезеңі — жылу энергиясы механика- лық энергияға түрленетін үдерістердің жиынтығы;
такт — піспектің бір жүрісі ішінде болатын жұмыс кезеңінің бөлігі;
жану камерасының көлемі немесе сығылу көлемі — піспектің жоғарғы өлі нүктеде болғандағы піспектің үстіндегі кеңістік;
цилиндрдік жұмыс көлемі — піспектің жоғарғы өлі нүктеден төменгіге қозғалу кезінде босап қалатын кеңісітік;
цилиндрдің толық көлемі — жану камерасының көлемі мен цилиндрдің жұмыс көлемінің қосындысы;
қозғалтқыштың жұмыс көлемі — литр түрінде көрсетілген барлық цилиндрлердің жұмыс көлемдерінің қосындысы;
сығылу деңгейі — цилиндрдің толық көлемінің жану камера- сының көлеміне қатынасы. Сығылу деңгейі қозғалтқыш цилин- дрінде жұмыс қоспасы қанша рет сығылатынын көрсетеді;
жылу энергиясы механикалық жұмысқа түрленетін такт саны. Қозғалтқыштар төрт тактілі және екі тактілі болады. Төрт тактілі деп жұмыс үдерісі піспектің төрт жүрісі (немесе иінді біліктің екі айналымы) ішінде болатын қозғалтқышты айтамыз. Екі тактілі деп жұмыс үдерісі піспектің екі жүрісі (немесе иінді біліктің бір айналымы) ішінде болатын қозғалтқышты айтамыз.
ТРАНСМИССИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
Трансмиссия деп, қозғалтқышты жетекші дөңгелектермен байланыстыратын күш берілгісін атайды. Трансмиссия бұраушы кезеңді қозғалтқыштың иінді білігінен жетекші дөңгелектерге беріліс үшін арналған. Сондай-ақ, трансмиссия автокөліктің артқа жүру қозғалысын қамтамасыз етеді.
Трансмиссия құрылғысы басқару көпірлерінің сандарына және олардың орналасуына байланысты. Трансмиссияда болуы мүм кін:
Трансмиссия құрылымы автокөліктің түріне, оның қолданылуы мен қозғалтқыштың өзара орналасуына және жетекші дөңгелектерге байланысты. Беріліс бұраушы кезеңнің өзгеру сипаты трансмиссияның әр түрінде әр түрлі. Трансмиссия және оның техникалық жай-күйі автокөліктің эксплуатациондық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, трансмиссия механизмдерінің техникалық жай-күйі нашарланғанда және іліністе, басты берілісте жүйеліліктің бұзылуы және дифферанциялда ав- токөліктің қозғалысқа кедергісі жоғарылайды және ауыр-тездік сапалары, өткіштігі, автокөліктің экологиялығы нашарланады. Бензинді үнемдеу төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |