«Маралдың емдік қасиеті» Ғылыми жоба тақырыбы: ( медицина «бағыты) Орындаған: №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 3 «А»



бет10/11
Дата14.10.2023
өлшемі7.37 Mb.
#480724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ғылым жоба Казина 3 А

Қорытынды: Мәртөк ауданы, Қазанка селосында орналаскан бұғы шаруашылығы және «Зәру» панта шипажайы бұл — бірегей жоба. Кәсіпкер өзіне пайда табумен қатар, бірінші кезекте аймақтағы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға айрықша басымдық беріп отыр. Марал өнімімен емделудің тиімділігін әлем елдері біледі. Енді Ақтөбеліктерге Корея мен Қытайға барып, ақша шығарып емделудің қажеті жоқ. Барлық емге қажетті процедураны осы жерден қабылдауға болады.
Отанымыздын өркендеуі, дамуы, келешегі - адамнын еңбекке белсендi болуы, әрі ұзақ өмiр сүруi дені сау адамнын еншiсiнде. "Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасына катысу, мемлекеттiк қолдауға ие болу аркылы, елiмiздiң батыс өңiрi бойынша бұрын-сонды болмаган марал өсіру iсi Ақтобе облысы Мәртөк ауданында бiрiншi болып қолга алынды. Қазiргi танда әрбiр когам, әрбiр мемлекет алдында адам денсаулыгын сактау, өмір суру жасын ұзарту үлкен мәселе болып отыр. Жеке адамның да, мемлекет пен қоғамның да басты байлығы денсаулык.
Осы зерттеу жұмысында ел игiлiгi үшiн кiрiс алып келетiн және де халқымыздың денсаулығын нығайтатын сала барынша зерттеліп, мүмкіншіліктер қарастырылған. Материалды жинактау, салыстыру, зерттеу, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау аркылы мəселенің өзектiлiгi ашылып, келесi мақсаттар мен мiндеттер айкындалды.


Ұсыныс:
Кез-келген бала, соның iшiнде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегiне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Туа бітті, ауыр дертке шалдыққан балаларға құлан-таза айығып кетпесе де, оларды ортаға бейімдеуге осы шипажай аркылы мемлекеттiк колдау және көмек көрсету.
Аутизм, церебралды сал ауруы секiлдi психоневрологиялык патологиялары бар балаларды оңалтуға арналган осы шипажайдың жанында бұғы мүйiзiмен осы коррекциялык орталык құрылса, балаларды емдейтiн, сауықтыру, аясында медицина қызметкерлерiмен катар дефектолог, психиатр, логопед т.б мамандары тартылса мүмкiндiгi шектеулі балаларға сәл де болса көмегiмiз тиер еді.
Бұғы мүйiзiнен алынатын дәрі - дәрмектің барлык түрiн қамту, мысалы: бұғы мүйiзiн кайнатып, оның сұйыктығынан капсула түрiндегi дәрiнi шығару, және де бұғы мүйiзiн жақсы обработкадан өткiзiп куырып, ұнтактап порошок дәрi ретiнде шығару. Тағыда баска көптеген тәсiлдердi пайдаланып дәрі- дәрмек түрiнiң ауқымын кеңейту. Дәріханаларда қол жетімді бағамен сатылса нұр үстіне нұр болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет