Пәннің академиялық сипаттамасы
Психолог мамандығының ерекшелігі адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін оның мінез-құлқын, сана-сезімін зерттейтін пән. Оның пән ретіндегі маңызы. Адам баласының санасы. Адамзат тарихы мен ережелері. Мемлекеттер. Мамандық түрлері. Бір-бірімен ұқсастығы, айырмашылығы, ерекшелігі.
Психолог. Ол кім? Нені білуі тиіс? Тілдік қатысымда өзін қалай ұстауы керек? Психолог психологпен сөйлескенде проблемалық жағдаяттар мәселелерін шешудің жолдарын меңгеруі қажет.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты
Қарым-қатынас санаттары мен оның негізгі құрылымдарының мәнін ашу; Көп жоспарлы, көп функциялы мінез және қарым-қатынастың қажеттілігін көрсету; Коммуникативті құзіреттіліктің мазмұнын талдау; Қарым-қатынастың түрлері, деңгейлері, модельдері мен стильдерін қарастыру; Оқырманның тәжірибелік икемділігін, өзін-өзі талдау және өзінөзі диагностикалау дағдыларын дамыту.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері
Қарым-қатынас ұғымының мәнін ашып көрсету. Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын талдау; Психология ғылымындағы қарым-қатынас проблемасының зерттелуі, зерттеу түрлерін анықтау. Адам аралық қарым-қатынас түрлерін талдап көрсету.
1.3 Пререквизиттер: Философия, Психологиялық кеңес беру негіздері, Этнопсихология, Девиантты мінез-құлық психологиясы, Психология
1.4 Постреквизиттер: Педагогикалық шеберлік, Әлеуметтік педагогика, Этнопедагогика, Эксперименталды психология
Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері
Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі құзыреттерді қалыптастырады және көрсетеді:
- Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін оның мінез-құлқын, сана-сезімін;
- Пән ретіндегі маңызы. Адам баласының санасы. Адамзат тарихы мен ережелері. Мемлекеттер. Мамандық түрлері. Бір-бірімен ұқсастығы, айырмашылығы, ерекшелігі.
- Студенттерге психология ғылымының теориялық білімдері туралы білім беру және психикасының ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамының психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін пән екендігі туралы түсінік беру;
- Жеке бастық даралық ерекшеліктері тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекетті бағдар теориясын және студенттерді оқыта отырып жан-жақты тәрбиелеу.
- Адам өмірінің әртүрлі салаларындағы қарым-қатынас туралы түсінік және оның мән-жайын, қарым-қатынаста мақсат-мүддені жүзеге асыру жолдарын меңгеруі керек, болашақ мамандарға адам өз іс-әрекеті мен дамуының субъектісі екендігін меңгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |