Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


«Әңгімелеу мәтінінің стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі»



бет12/20
Дата20.05.2022
өлшемі283.5 Kb.
#458291
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

2.4 «Әңгімелеу мәтінінің стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі» деп аталатын бөлімше көркем шығармалардағы әңгімелеу мәтінінің стилистикасына, оның жанрлық сипатын анықтауға арналды. Композициялық-сөйлеу формаларының әрқайсысы тұтас шығарманың көркемдігін жасауға қатысатыны анық, алайда осылардың қайсысы қаншалықты және қалай автордың көркемдік дара стилін жасауға үлес қосатындығы зерттеуді әлі де қажет ететін үлкен маңызды мәселе болып табылады.
Әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының өзгешелігі әр автордың баяндау стиліне өзінше реңк береді. Ертегі, мысал жанрындағы шығармаларда әңгімелеу мәтіндері басым болып жатады. Жас оқырмандарға арналған бұл шағын жанр шығармаларында оқиғаның, ойдың бірізділігі қатаң сақталады да, оқушыны өзіне оңай ілестіріп отырады: «1) Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. 2) Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. 3) Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен арқалап кетіпті. 4) Келе жатса бір өнерші байдікіне келеді. 5) Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты» (Ы. Алтынсарин. «Тазша бала» ертегісінен). Мұндағы етістік сөздердің -ып/-іп/-п көсемшелі тұлғасы тек қана оқиғаның өткен шақта болғанын білдіріп қана тұрған жоқ, оқиғаның логикалық байланысын, бірінен кейін бірі болғанын білдіріп тұрған ертегі жанрына тән ерекше стильдік элемент. Бір сөйлем мен екінші сөйлемді мағыналық және құрылымдық жағынан байланыстырушы мұндағы тәсілдер жалпы әңгімелеу мәтінінде ерекше белсенділікпен қолданылады. Осындай тәсілдердің арқасында әңгімелеу мәтіндері ауызша әңгімелеу стиліне жақын тартып тұрады. Сөздердің сөйлем басында қайталанып, сабақтасып келуі оның фоникасына, архитектоникасына ерекше әсер етеді. Ертегідегі әңгімелеу мәтіндерінде автор бейнесінің ІІІ жағы айрықша стильдік қызметте келеді. ІІІ жақ әрдайым бақылаушы, соның арқасында тыңдаушы (оқушы) да сырт бақылаушы рөлінде көрінеді.
Кез келген мәтіннің өзіне тән баяндалу ырғағы мен интонациясы болады және көркем мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік ұйымдасуына ықпал етеді. Олардың көркем мәтінде түрліше қолданысы оның жанрлық ерекшелігіне де байланысты болады. Әңгімелеу мәтіндерінде суреттеуге қарағанда эпикалық баяндау тәсілі, ал суреттеу мәтіндерінде драмалық және лирикалық баяндау тәсілі басымырақ болып келеді. Осының барлығы мәтіннің стилистикалық тонына айрықша ықпал етеді. Шығарманың стилистикалық тоны дегенде туындының жалпы эмоционалды ауаны, шығарманың көңіл-күйі айтылады. Адамның көңіл-күйі сияқты шығарманың да адамға сыйлайтын көңіл-күйі болатыны белгілі. Шығарманың стилистикалық тоны оның интонациясынан, сол арқылы танылатын ырғақтан анық көрінеді. Ғылымда көркем прозаға тән ырғақ туралы түрлі көзқарастар бар. Ырғақ – бұл объективті құбылыс, сондықтан дүниедегі құбылыстардың өзіне тән өмір сүру ырғағы бар. Көркем прозаға тән ырғақ өлеңге ұқсамайды, бірақ ол да мәтіннің көркемдік тұтастығын жасауға, эмоционалды-экспрессивті бояуын жеткізуге үлес қосады. Суреттеуде ырғақ кеңістікті бейнелесе, әңгімелеу уақыт ырғағын, ал ойталқы логикалық құрылымдардың ырғағын бейнелейді. Ырғақ мәтіннің мазмұнына, ондағы автордың ойына қарай тез немесе баяу, орташа қарқынды болады. Сол сияқты көркем мәтін мазмұны оның эмоционалдық-экспрессивтік сипатына қарай «салтанатты», «байсалды», «риторикалық көтеріңкі», «метафоралық бояулы», «қатаң», «көтеріңкі» т.б. ырғақты, интонациялы болып келеді.
Көркем шығармадағы әңгімелеу мәтіндерінің ұйымдасу ерекшелігі туралы мынадай тұжырымдар жасауға болады: әңгімелеу мәтіндері бірыңғай құрылым, композиция бойынша жасалғанмен, көркем шығармада ол стилистикалық жағынан әртүрлі болып ұйымдасады да көркем шығарманы құраушы әрі тілдік, әрі стилистикалық мүше ретінде қызмет атқарады; әңгімелеу мәтіндерінің ұйымдасу ерекшелігі тұтас шығарманың стилистикалық композициясына әсер етеді, шығарманың өзіне тән «мінезін», «көңіл-күйін», интонациясы мен ырғағын қалыптастыруға қатысады; -көркем шығармадағы әңгімелеу мәтіндері кейіпкердің бейнесін сомдауға, ішкі сезім-күйлерін суреттеудің тәсілі ретінде де жұмсалады; осылардың барлығы жиналып келіп, әңгімелеу мәтінінің эмоционалды-экспрессивтік ерекшелігін жасайды. КСФ-ның ұйымдасуында автор стилінің логикалық құрылымы мынадай сатылардан көрінеді: объективтік-психологиялық құрылым; субъективтік-психологиялық құрылым; тілдік құрылым. Осы құрылымдардың нақты шығармадағы сипатына қарай жазушының типі және осыған байланысты шығармаға тән автордың дара стилі анықталады. Сол себепті сөйлеудің типтік түрлерін қарастырғанда оның мазмұндық қыры басты назарда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет