«Маркетинг негіздері» пәні бойынша «5В011500» «Экономика және құқық негіздері» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 2.16 Mb.
бет16/22
Дата09.06.2016
өлшемі2.16 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

1.С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева.Маркетинг негіздері:- Астана : Фолиант, 2007. - 252 б.


2.Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2009.

3.С.Қ. Тойкин. Маркетинг курсы бойынша ойын, тесттер, тапсырмалар. Семей, 2002.54б.


4.Тойкин С. Х., Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. Маркетинг негіздері - Астана: Фолиант, 2008.

5.Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай.Маркетинг негіздері:/- Астана: "Фолиант" баспасы, 2008. 190 б

6.Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы.–Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет
Дәріс №15. Халықаралық маркетинг


  1. Халықаралық маркетинг түсінігі және оны қоршаған орта

  2. Шет ел нарықтарына шығу стратегиялары

  3. Халықаралық маркетингтегі маркетинг – микс стратегиялары

  4. Халықаралық маркетингінің мәдени және эстетикалық мәселелері


Тақырып бойынша басты түсініктер: Халықаралық маркетинг, экспорттық маркетинг, мультиұлттық маркетинг, ғаламдық маркетинг, халықаралық нарықтың сегменті, лицензиялау, роялти, халықаралық фирмалардың стратегиялары, халықаралық маркетингтегі баға белгілеу, халықаралық жарнаманың стратегиялары, іскерлік қатынастар.
1 Халықаралық маркетинг түсінігі және оны қоршаған орта
Халықаральқ маркетинг - шетелдердегі тұтынаушылардың тауарлар мен қызметтерге сүранысын қанағаттандыруға арналған жергілікті компаниялардың маркетинггік іс-әрекеті. Ішкі және халықаралық маркетинг арасында түпкілікті айырмашылықгар жоқ, оларда қолданылатын сол қағидалар, мақсаттар және әдістер біртекті. Алайда, ішкі мар-кетингке қарағанда, халыкаралық маркетинг кең магыналы болып табылады. Сонымен бірге, халықаралық маркетингтің саяси және экономикалық саясат жағдайға, үлттық валюта жүйелеріне, заң жүйесі, тіл, мәдени, діни сияқты және басқа да ерекшеліктерге байланысты маңызды өзгешеліктері бар.

Халықаралық нарыққа шыққан ком­паниялар белгілі бір қиындықтармен қақтығысады. Оған жататындар:



  1. Заңдағы, мәдениет , экологиядағы және басқа са-
    лалардағы өзгешеліктер;

  2. Мемлекеттердің экономикалық және саяси түрақсыздығы;

  3. Үкіметтердің заң шығарудағы, валюта айырбастау бағамьмың түрақсыздығы;

  4. Ақпаратты жинаудағы киындықтар, тәуекелдің жоғары деңгейі;

  5. Үкіметтер жағынан шектеулер. Бразилия, Мексика,Қытай, Индия оз нарығына кіруіне қатаң шарттар қояды,Жапонияда елге келетін тауарлар сапасына қойылатынталаптар қатаң;

  6. Маркетинг-миксті ортаға бейімдеуге кететін шығындардың көптігі. Мысалы, Жапонияға экспортталатын тауарлар сапасына қойылатын таладтары, осы елдегі өткізудіңкүрделілігі, көп деңгейлілігі олардың нарығына шетел компанияларының енуіне айтарлықтай кедергі келтіреді;

  7. Соғыс, терроризм, жемқорлық;

  8. Шетелдік түтынушылардың қажеттілігін дүрыстүсінбеу;

  9. Шетелдегі бизнесті реттеу ережелерін және жүргізу
    мәдениетін білмеу, осыған байланысты ескерілмеген шығын-
    Дар.

Осы мәселелер үлкен материалдық шығындарды .талап етіп, халықаралык маркетинга басқаруды қиындатады. Сон-дықтан компания шетелдік нарыққа шыгуға байланысты тәуекелді, сондай-ақ қиындықтарды ескере отырыл, өз

Халықаралық маркетинг жоспарын жасау мынадай кезеңдерден түрады:



Бірінші кезең - халыкаралык маркетингтік органы тал-дау! Бүл сыртқы нарыкка шығу жағдайларын және қалай шығу керектігін бағалауға мүмкіндік береді.

Екінші кезең - сыртқы нарыққа шығу мақсаттарын қа-лыптастыру, ол үшін өз нарық үлесі, сату көлемі және пайда-сына қатысты мақсаттарды анықтау.

Үшінші кезвң - шетелдік нарықтарға шығу үтымды-лығын анықтау. Бүл кезеңде халықаралық нарыққа шығу мүмкіндікгері бола қалса, олардьщ қайсысы ыңғайлы жағ-дайда екенін бағалау қажет.

Төртінші кезең - халыкаралық нарыққа шығу әдістерін (стратегияларын) анықтау.

Бгсінші кезвң - компания шетел нарығында стандарт-талған нёмесе бейімделген стратегияны қолдану керектігін, басқаьід айтқанда - халықаралық өсу стратегиясын белгілеу.

Алтынншы кезең - шетелдік нарыққа арналған маркетинг-микс стратегиясын үйымдастыру.

Жетінші кезең - маркетинг жоспарының орындалуын бағалау жӘне бақылау. Талдау мен бақылау негізінде марке­тинг стратегиясына және шығындарға түзетулер енгізіледі.

Халықаралық маркетингтің мынадай түрлерін айқындалған:



  1. Экспортық маркетинг - тауарларды шетел нарығына
    экспортқа шығаратын компаниялардьщ маркетингтік қызметі;

  2. Мультиұлгпық маркетинг - мультиүлттық компаниялар көптеген елдерге тауарларды экспортқа шығарады жәнесол жерлерде жүмыс істейді. Көпүлтгық компаниялардыңбірнеше елдерде еншілес фирмалары болады. Олар үшінкомпания белгілі бір нарықта жүмыс істеу үшін бейімделгенмаркетинг кешенш әзірлейді.

3. Ғаламдық маркетинг - мүнда бір өнім бүкіл әлемге арналып өндіріледі. Алғаш бүл терминді 80-жылдардың бас кезінде американдық экономист Теодор Левшт енгізді. Оньщ пайда болуына нарыктың интернационалдануы, халықаралык сауда үшін кедергілердің жойылуы ықпал етті. Қазіргі за-манғы байланыс қүралдарының, көліктің, туризмнің дамуы-ның нәтижесінде түтынушылар бірыдғай нарық болып шык-ты. Олардың қажеттілігіндегі үқсастық көптеген елдерде «ға-ламды (глобальді)» тауарлар нар/^ы^ъщ дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ғаламданудың арқасында әлем біркелкі бо­лып, үлттық нарықтар арасындағы айырмашылықтар уақыт өте келе байқалмай, ал кейбір тауарларға қатысты айырма-шылыктар мүлдем жойылуы мүмкін.

2 Шет ел нарықтарына шығу стратегиялары

Халыкаралық нарықтың сегменті ретінде нақты елді таң-ау төмендегі факторларға байланысты:


  • Мемлекеттің жақын орналасуы және елдің тілін білу;

  • Нарыктың тартымдылық дәрежесі;

  • Бәсекелестік деңгейі;

  • Тәуекелді төмендету мүмкіндігі;

  • Салынған инвестицйялардьщ болашақта қайту мүмкіндіктері.

Накты нарықты таңдап алғаннан кейін фирма осы на-рыққа кіруаің тиімді әдісін табуы қажет.

Шетел нарыгана шығудың мынадай стратегиялары бола­ды. Әрбір стратегияда міндеттер, тәуекел және басқару мен табысқа қатысу деңгейі жоғарылайды.

1. Шетел нарығына шығудың ең көп тараған түрі - экс­порт - өз елінде өндірілген тауарлар мен қызметтерді шетел-ге сату. 2002 ж. ҚР экспорг көлемі 9139,5 млн. доллар құрап, 120 елі шығарылады.

Экспортты қолдану факторлары:



  1. басқа елдер нарығына ену кедергілерінің болымсыз-
    дығы;

  2. шығатын нарықтардың жақын манда орналасуы, көп
    шығынды қажет етпеуі және әлсіз болуы.

I. Экспорттың артықшылықтары:

1) шетелге шығудағы басқа тәсілдермен салыстырғанда инвестицияларды көп керек етпейді;

) фирманың қызмет бағдарламасына енгізілетін өзгеріс-тердің аз болуы. П. Кемшіліктері:


  1. оны қолданғанда кейбір кедергілер туады;

  2. бұл стратегия маркетинг қызметін елеулі түрде қиын-
    датады. . •

Экспортты ұйымдастыру әдістері:

Жанама экспорт - тәуелсіз делдалдар (сыртқы сауда фирмалары) арқылы тауарды экст реттеу. Оны жұзеге асырудыңәдістері:



  • отандық делдал-экспорттаушы өнімді өндірушіден сатып алып, оны шетелге сатады.

  • . отандық агент сатып алушыларды шетелден іздеп,тауарды жеткізу туралы мәмілеседі.

  • кооперативті ұйым бірнеше өндірупіілер атынан,олардың ішінара бақыдауымен экспортты жузеге асыруы.

Тікелей экспорт-- тауарлар мен қызметтерді дербес сату. Оны жүзеге асырудьщ әдістері:

  • компанияның шетелдегі немесе өз еліндегі экспортшқ
    бөлімі;

  • шетелдік еншілес фирма немесе сату женіндегі бөлім;

  • сауда өкілдері (өзінің) ;

  • шетелдік дистрибьюторлар немесе агенттер арқылы,
    оларға өндіруші атынан қызмет ётуге Кұқық бере отырып, келісім шарттар жасау.

/ .2. Лицензиялау - шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау, тауар белгісін, патентін қоддануға беретін қүқық.

Лицензиялауды қолдану факторлары.

  1. дәлелденген бизнестің және тәжірибесінің болуы;

  2. тауарды басқа елге экспорттауға кедергілердің болуы.

Артыкшылықтарьг.

  1. ішкі нарыққа енуді тездетеді;

  2. тәуекелді төмендетеді;

  3. шығындар аз, ал табыс елеулі болады.
    Кемшіліктері:.

1) шетелдегі өндірісті бақьшау мүмкіндігінің шекгеулілігі;

2) келісім-шарт мерзімі аяқталу кезінде жаңа бәсекелес


пайда болады;

3) лицензияны сатып алушымен болатын қайшылықтар.


Лицензиялаудың түрлері:

а) Келісім-шарт бойынша басқару. Фирма тауарды емес,


басқарушылық қызметтерді экспорттайды. Капиталы бар,
бірақ ноу-хау және білікті жұмысшылары жоқ дамушы ел-
дерде кең қолданылады. «

2 Келісім-шарт бойынша өңдіру. Өнім шетелдік фирма-ларда овдіріледі. Қолдаввылу фактерлары: 1) өндірістік қуаты жетіспегенде; 2) басқа елдёрдегі ©ндіріс шмғындары төме» және .'о мыс күші арзан болғанда.

ә) „Ноу-Хау„- заң жүзінде қорғалмаған өндірістің конст-рукциялнқ және техникалық құпиялары, коммерциялық және ба<эі?аруіш>ілык сипатгагы қүпия мәліметгер^ білім мен тәжірибе. Келісім-шарт бойынша басқару қонақүй кешен-дерінің қызмет көрсету жүйесінде кең тараған. Мысалы, Ал-матыдағы «Рахат-Палас» қонақ үйінің қызметі «Hayat» отелінін келісім-шарты бойынша атқарылады.

Роялти - лицензиантгын (лицензия алушының) лицензи-арға (лицензия берушіге) есепті кезең аяқталған соң лицен-зиялық келісімнің мерзімі ішіндегі төлейтін төлемі.

б) Франчайзинг (анықтамасын «Өткізу және тарату» тақырыбынан қараңыз). Франшизаны сатып алатындарға қойылатын талаптар: фирма атауын, тауарлық белгісін және т.б. пайдаланғаны үшін төленетін алғашқы жарнаны, оның айналымынан %-дық түрде алынатын түрақты жарнаны төлеу, франчайзингті өткізудің жүмыс фор»*.алары мен әдістерін қатаң сақтау.

Франчайзингті өткізудің мынандай 2 әдісі бар:


  1. «өнім және сауда маркасы» - тауарлық марканы (ТМ)
    қолдана отырып, белгілі бір территорияда тауарды франчай-
    зингті келісімі бойынша сату қүқыгы. Мысалы, автомобиль
    бен алкогольсіз ішімдіктерді сату;

  2. «Бизнес - формат» - тауарлық марканы пайдаланумен
    қатар франшизг үсынушы фирма оны сатып алушының ша-
    руашылық қызметіне толық қосылацы (қызмет корсету сала-
    сында көп кездеседі. Мысалы, McDonald's", "Holidays"
    компанияларында).

  3. Біріккен кәсіпорындар (БК). Компания шетел субъ-
    ектілерімен бірге меншікті бөліседі және өндірісті бакылай-
    ды. Бүл стратегия мына жағдайларда қолданылады:

а) мемлекеттік саясаттың түрақтылығы;
ә) жеңіл салық режимі;

б) саяси түрақтылық.

Біріккен кәсіпорындар бай шикізат ресурстары бар, бірақ оларды қайта өңдейтін қазіргі заманш технологиялары жоқ дамушы елдерге өзекті болып табылады.

Бүл стратегияның артықшылықтары:

а) жабық нарықтарға ену мүмкіндігі;

ә) өндіріске және логистикаға кеткен шығындарды тө-мендету есебінен пайда алуы.



Кемшіліктерг.

а) саяси тәуекелмен сабақталу мүмкіндігі;

ә) инвестиция, маркетинг және пайда қатынасында қа-рама-қайшылықтар туындауы.

Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың көп бөлігі жеңіл өнеркәсіпте, инженирингте, қызмет көрсету салаларында шоғырланып, машина жасауда, электроника және баска да жоғары технологиялық салаларда жетіспеуде.



3. Стратегиялық одақтар (альянс) - шығындарды азайту және шетел нарыктарына енуді жеңілдету үшін жасалған ерекше жобаларды бірігіп жүзеге асыру туралы компаниялар арасындағы келісім. Қолдануға себеп болатын факторлар:
3 Халықаралық маркетингтегі маркетинг – микс стратегиялары

Әлемдік нарыкга бәсекелестік белең алғандықтан, ха-лыкаралық маркетингте бэсекеге төтеп беретін тауарлардың болуы маңызды. Сонымен қатар, ішкі сүранысқа бағытталыи өндірілген тауар әр уақытта шетелдік сатып алушының қа-жеттілігіне сәйкес келе бермейді.

Тауар өндірісін жоспарлай отырып, халықаралык фирма-лар мынаДай стратегияларды қолдана алады:

1. Тікелей экстенсивті немесе тікелей кеңею стратегиясы - бірдей тауарды ішкі, сондай-ақ шетел нарығына да

ндірумен сипатталады. Бұл үшін өнім бәріне танымал және әйгілі болуы қажет, өйткені оның сауда маркасы да, буып-түю, орауы да, дизайны да езгермейді. Бүл стратегияны «Coca-Cola», «Pepsi» және т.б. компаниялар ендірісті жос-парлауда кенінен қолданады.

2. Бейімделу стратегиясы. Шетел нарықтарындағы түтынушылардың қалауы м ен талғамының әр түрлілігін ескереотырып, тауар өндіру. Бүл жағдайда тауарлардың негізіөзгермейді, тек түтынушы талаптарьгаа сай, аннотациясына,дәміне, сапасына, техникалық параметрлеріне, буып-түю,


орауына және т.б. кейбір өзгертулер енгізіледі. Мысалы,«General Foods» компаниясы әр елге әр қилы қоспа қосылғанкофе шығарады, мәселен, ағылшындыкгарға - сүтпен, француздарға - еш қоспасыз, латынамерикандыктарға - цикоримен шығарады.

БеГ мделу стратегиясын Қазақстан нарығында «Райым-бек» фярмасынын тапсырысы бойынша казакша-орысша-ағылпынша әріптері бар баспа машиналарын итальяндык «Олиі е ти» компаниясы жүзеге асырды. Сондай-ақ IBM компанйчсы өзінің әйгілі өнім серияларын әлемнің көптеген еліне беі^мдеуде.

Жанондьщ компаниялар өз өнімдерін оң жақ жол бағыты бар елдерге, рульді оң жақган сол жаққа ауыстыру арқылы бейімдейді. Көптеген осы заманғы электр-түрмыстық қүрал-дар (прибор) өр елдер электр желімдерінің ерекшеліктеріне орай қолдануға жарайтын арнайы кернеумен жабдықталған. (Қазақстанда 220 вольт, Жапонияда 250 вольт, АҚШ-қа 110 вольт).

3. Экономикасы дамыған елдер нашар дамыған елдергеескірген немесе аса күрделі емес, сапасы төмен тауарлардысатып өткізу үшін прогрессивті емес стратегиясын қолданады. Мысалы, Қазадстан нарығына италъяндық аяқ-киімдітомен бағамен сату. Автомобильдердің ескірген маркасы,электрленбеген тігін машиналары, киімнің және аяқ-киімніңескірген үлгілері осы әдісті қолданатын фирмалар арқылы


сатылады.

  1. Прогрессивті немесе «жаңа тауар шығару» стратегия­
    сы
    кезінде шетел нарыктарына арнайы жаңа тауарлар жаса-
    лынады. Басқа әдістермен салыстырғанда, прогрессивті стра­
    тегия аса тәуекелді және көп уақыт пен қүралдарға кететін
    шығындарды талап етеді, бірақ үлкен табысқа жетуге септігін
    тигізеді.

  2. Екі жақты бейімделу стратегиясы - эр елдер
    нарығындағы түтынушылардың тіл. і мен қажеттіліктерін
    қанағаттандыру мақсатында тауар мен жарнама жасау.

Егер таңдап алынған үлестіру арналары тауарды түты-нушының күткеніндей етіп үсына алмаса, ең жақсы тауардың өзі коммерциялық жағынан жүзеге аспайды. Келісім-шартта көрсетілген серіктестер арасындағы өзара карым-қаты-настарға, өткізу жүйесінің үзақтығына, қолайлы делдалдар-дың болуына, нарық инфрақүрылымындағы айырмашылык-тарға және т.б. назар аудару қажет. Тарату арнасының тип-тері туралы біз 9-тарауда айтып кеткенбіз. Енді эр елдерде тарату арналарын қүрудың өзіндік ерекшелігі бар екенін атап кету қажет. Жапониядағы өткізу жүйесі және тарату өте күрделі. Әр елдің бөлшек сауда айырмашылықтары бар. Мы­салы, АҚШ-та ірі бөлшек сауда желілері үстемдік етеді, кей-бір елдерде бөлшек сауда көптеген үсақ тәуелсіз сатувдылар арқылы атқарьшады. Үндістанда миллиондаған бөлшек сау-дагерлер тауарларды кішкене дүкендерде немесе ашық ба-зарларда сатады.

Өткізу арнасын таңдау кезінде фирманьщ мақсаты мен беделі, өткізу шығындары, мақсатты нарықгьщ ерекше си-паттары және т.б. маңызды болып табылады.



Халыкаралык маркетиштегі бага белгілеу. Халықаралық саудада тауар бағасы кең аукымды қамтитын факторлардың әсеріне байланысты, олар: бәсекелестік, делдалдар, конъюнк­тура, валютаның айырбас бағамы, салық салу және т.б. Өндіріс шығындары, бәсекелес-экспорттаушылардың, жер-гілікті (локальді) бәсекелес-фирмалардың бағалары; сүраныс деңгейі, көлік шығындары, делдалдардьщ үстеме бағалары

Ынталандыру стратегиялары. Халықаралық маркетингте ынталандырудың стандартталған, стандартталмаған және араласқан жолдары бар.

Ынталандырудың стащартталған стратегиясы нарықтық сипаттамалары үқсас елдерге тән.

Ынталандырудың стандартталмаған стратегиясы эр ел гүтынушылары дәстүрлерінің, тілдерінің айырмашылығы мен әр түрлі түстердің, символд^рл* ц маңыздылығымен байланысты болады. Араласқан немесе қисындасқан тәсілді қолдану өткізу нарықтарын едәуір кеңейтеді.

Тауарды ынталандыру әдістерін жергілікті (локальді) жағдайларға бейімдеу керек. Мысалы, Грецияда купондарға, ал Францияда лотереяға тыйым салынады.

Халықаралық жарнаманың стратегияларын жасауда мәдени, саяси және экономикалык факторлар ескерілуі қа-жет. Жарнама түтынушыға сол елдердің мәдени ерекшелігін ескере отырып, жеткізілуі тиіс. Мәтін қүрылымы әр елде әр түрлі болуы керек. Мысалы, Қытайда велосипед көңіл көтеру немесе бала ойыны үшін емес, сенімді көлік қүралы ретінде жарнамалануы керек.

Көптеген елдердің заң жүйесі жарнамада түтынушы дұрыс түсінбей қалатын жеке сөздер мен сөйлемдердің қол-данылуына, оның мазмүнына, іріктеп жинақталуына, тауар сапасына, бағаға қатысты жолдан жарнамалык жолдауларды, белплі бір тауарлардың жарнамасын жүргізуге (темекі, дәрі-дәрмек және т.б.) тыйым салады.

Ғаламдық маркетингте барлық елдерде тек тіл және мәдени ерекшеліктеріне ғана түзету енгізіп стандартгалған жарнамалық науқан жүргізіледі. Әр елдің салтына сәйкес ке-летін жарнама нүсқаларына аса бай «Coca-Cola» компаниясы әлемдік нарықта стандартталған бірегейлендірген жарнама өткізеді.
4 Халықаралық маркетингінің мәдени және эстетикалық мәселелері
Халықаральқ маркетинг ортанын мәдени аспектілері салт-дәстүр, тыйым салулар мен талғам-қалауларды жоғары дәрежеде саралаумен (дифференциациялану) ерекшеленеді. Сонымен қатар, бүл ортаның көрсеткіштері шетел компания-ларын тіл, білім жүйесі, әлеуметтік нормалар мен ережелер, діни наным-сенімдер және т.б. сияқты аспектілерді зерттеуге мәжбүрлейді. Халықаралық маркетингтік қызметті жүзеге асыру барысында маркетологтар мәдени органы бірінші орынға қояды.

Мәдениет - қоғамда кабылдаған әлеуметтік нормалар, қүндылықтар, дәстүр мен діни Ниным-сенімдер. Әр елде мәдениеттің әр түрлі стандарттары бар. Ортаның мәдени ас-пектілерін жарнама қабыддаудағы ерекшеліктерді, үнататын түстер мен талғамды, тамақтанудағы дәстүрлерді жатқызуға болады. Дамугаы елдерде иерархиялық сатьшардың үзын-дығы, маскулшшзмнің жоғары денгейі және индивидуализм-нің маңызды болмауы мен экономика жағдайларының екі үштылығы анықталған (52). Мысалы, өз өнімін Скандинавия еліне сатқан кезде, біз орталықтанбаған үйыммен кездесеміз.

Іскерлік қатынастар. Халықаралық маркетинг келіссөз-дерден басталады, ал оған қатысушыларының тәртібі көбіне әр елдердегі мәдени ерекшеліктермен аныкталады. Егер сіз сауда жасайтын еддің мәдениеті мен дәстүрін білмесеңіз, көп мүмкіндікті жоғалтасыз. Мысалы, американдыктар уақытты кадірлейтіндіктен, келіссөздер жүргізгенде негізгі мәселеге көшеді. Алайда көптеген азиялық елдердің бизнесмендері серіктеспен жеке қатынастарды қүруға көп уақыт бөледі, сондықтан уақыттың негізгі бөлігін олар іскерлікке қатысы жоқ еркін тақырыптарға жүмсайды. Немістердің келіссөз-деріне уақтылы келу керек болса, ағылшындықтармен бола-тын келіссөзге 10 минут кешігу қалыптасқан. Тәжірибе көр-сеткендей, жапондықтармен келіссөздер жүргізу қиын. Олар келіссөз кезінде әркашан жақсы көңіл-күйді білдіріп, күліп отырса да не «иә», не «жоқ» деген сөзді атап айтпайды. Бол-гарлар қарсы жауапқа басын изейді, ал келіскенді білдіру үшін басын шайқайды. Осындай әр елдегі кездесудің ерек-шеліктері келіссөз жүргізуде қиындық туғызады.

ды, сондықтан қарныңыз ашса, карсы болмаңыз, өйткені екшші pea олар шақырмайды. Американдықтар әрқашан да сөйлесіп отырған адамның көзіне жымиып қарайды

Жапондық компаниялар әдетте өзінің менеджерлерін басқа елдің мәдениеті мен іскерлік тәжирибесімен танысу үшін шетелге жібереді.

Халықаралық маркетинггің этикалық аспектілері кейбір индустриалды елдердің тұтынушыға зиян келтіретін тауар-ларды дамушы мемлекеттерге және нашар дамыған елдерге сатуымен байланысты. 70-жылдың соңында "Nestle" компа-ниясының сапасы темен балалар тағамын пайдалану нашар дамыған елдердегі сәбилер өліміне әкелді. Осыдан кейін компанияға бүкіләлемдік бойкот жарияланды.

Азия елдеріндегі тұтынушылар қозғалысынын бел-сендшер' темекі маркетингінің әдісін сынға алады. Олар аме-рикандь, а комианияларға бала санасын арбап, шылым шегуді американдык өмір салты ретінде керсетіп, бала киялын өз мүдде: е л үшін пайдаланады деп кінә тағады.

АҚШ-та темекі шығаратын компаниялары өз елінде шылым тутыну азаюына байланысты, шетелде сатуға мәжбүр болды. Осыған орай зиянды өнімді шылым шекпейтіндерге, әсіресе, аштық жайлаған елдерге темекі және де тағы адам өміріне залал келтіретін тауарларды үсыну этика, адамгершілік жағынан дүрыс па? Халықаралық компания өз ісі жақсы жүруі үшін серіктес-сатып алушыларға сыйакы беруге тиісті ме? Осы және жоғарыда айтылғандар халықаралық маркетингтің этикалық мәселелері болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Халықаралық маркетинг түсінігі және оны қоршаған орта

  2. Шет ел нарықтарына шығу стратегиялары

  3. Халықаралық маркетингтегі маркетинг – микс стратегиялары

  4. Халықаралық маркетингінің мәдени және эстетикалық мәселелері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет